Экономикалық теория
41
- «мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар)
жекешелендіру».
Жекешелендірудің 3 кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын
қамтиды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы
2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан
Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру
мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру
процесін
аяқтау
жолымен
Қазақстан
Республикасының
экономикасында жекеменшік секторлардың басымдылығына
қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай
қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды
өткізуді көздейді:
- мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
- жекешелендірілуі
тұйық
технологиялық
циклді
бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік
және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
- кәсіпорын мүлігін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған
жағдайда, тек аукционда ғана;
- шаруашылық серіктестердің жарғылық қорларындағы
мемлекеттің акциялары мен үлестерін.
Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін
сенімдік басқаруға беруді:
- электрэнергетикалық кешендегі;
- мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
- металлургиялық және тау-кен кешеніндегі;
- көлік-коммуникация кешеніндегі;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі;
- әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.
4 кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымындағы
№ 683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған
жекешелендіру
және
мемлекеттік
мүлікті
басқарудың
тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
4 кезең Бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру
мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін
Н. А. Маженова
42
жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін
жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және
транспаранттық негізінде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.
Бағдарламаға сәйкес:
- мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану
құқықтары салалық министрліктер мен ведомстволарға өткізіп
берілді;
- «көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекеттік
оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды;
- Мемлекеттік мүлікті Республикалық және коммуналдық
деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджет табыстарын
жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып,
жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.
1999-2000 жылдары Мемлекеттік мүлік комитетімен оның
облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік
объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың
объектіні купондарға және ресей рубльдеріне жекешелендірді;
28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта
енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.
Алғашқы кезеңде жекешелендіруде 4144 млн.рубль
алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруде
215,4 млрд.теңге, соның ішінде акционерлік қоғамдық
акцияларын сатудан – ол 90%- дан астам түсті.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Меншік қатынастарының экономикалық жүйеде алатын
орны қандай?
2. Меншіктің құқықтық және экономикалық мазмұнның
айырмашылық белгісі неде болады? Меншік деген не: зат па
немесе қоғамдық қатынас па?
3. ҚР меншіктің қандай түрлері бар және олардың бір-
бірінен негізгі айырмашылығы неде?
4. Сіз қалай түсінесіз: «Жекеменшік жекеленген, ал
қоғамдық иесізденген».
5. Кәсіпкерлік қызметте ұйымдардың қандай түрлерін
білесіз?
Экономикалық теория
43
6. Бағалы қағаз дегеніміз не, оның негізгі қызметі қандай?
7.
Эмитент,
инвестор,
инвестициялық
институттың
нарықтық экономикада қандай функционалдық рөлдері бар?
8. Нарықтағы алғашқы және екінші бағалы қағаздар
арасында қандай айырмашылықтар бар?
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Меншік қатынастары
Иемдену-жатсыну
Оқшауландыру-қоғамдастыру
Тікелей және үзілісті
Меншік субъектісі
Меншік объектісі
Меншік құқығы «құқықтар шоғыры» немесе «ойын
ережесі» ретінде
Иемдену
Пайдалану
Басқару
Жекеменшік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығы
Жекешелендіру
Мемлекетсіздендіру
Приватизация
Акция, облигация
Дивиденд
Акцияның бақылау пакеті
Тест сұрақтары
1) Меншік дегеніміз – бұл:
A) пайдалану құқығындағы адамдардың қатынастары;
B) фирма иесінің салған капиталы;
C) затқа байланысты адамдардың қатынастары;
D) мүліктің бір бөлігінің иесі;
E) мүлікті иелену құқығының саны.
Н. А. Маженова
44
2) Нарықты экономиканың іргелі негізі болады:
A) ұлттық валютаны кіргізу;
B) монополияға қарсы заң;
C) жекеменшік;
D) шетел капиталын тарту;
E) бағаның еркін болуы.
3) ҚР Конституция бойынша меншіктің келесі үлгілері бар:
А) жеке және мемлекеттік;
В) мемлекеттік, ұжымдық, жеке-дара;
С) мемлекеттік, жеке, аралас;
D) мемлекеттік, аралас, бірлескен;
Е) мемлекеттік, кооперативтік, жеке.
4) Қазіргі дамыған елдерде меншіктің түрлері қандай?
A) жеке;
B) мемлекеттік;
C) көп түрлі;
D) акционерлік,
E) коллективтік.
5) "Иемдену" қатынасын қалай сипаттауға болады?
А) сыйға тарту құқығы;
В) белгілі бір қатынастар объектісінің жеке тұлға үшін
оның өмір сүруіне айналуы мүмкін еместігі;
С) өндіріс құралдарының қоғамдастырылуы;
D) пайдалану құқығы;
Е) белгілі бір қатынастар объектісінің жеке тұлға үшін
оның өмір сүруіне айналуы.
6) "Меншіктен айыру" деген, ол:
А) бұл адамның өмір сүру игіліктері мен ресурстарды
өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы;
В) бұл адамды табиғат өнімдерінен айыру;
С) бизнес мәселесімен өзі шұғылданғысы келмейді;
D) кәсіпорынды басқара алмау;
Е) қарызды төлеу мақсатында меншігінен айыру.
Достарыңызбен бөлісу: |