Н. А. Маженова
38
шектеу қою – оларға деген құқыққа мамандандыруды білдіреді.
Мамандандырудың мәні мен мақсаты – ресурстарды жоғары
бағалайтын, олардан көбірек пайда табуға қабілетті адамдармен
ресурстарға меншік құқығын қалыптастыру үшін шарттар жасау.
3.4. Меншік формаларының сипаттамасы
Шаруашылық тәжірибеде меншіктің әртүрлі формаларын
кездестіруге болады. Олар меншіктің екі типіне қарай жіктеледі:
жеке және қоғамдық.
Жекеменшік екі негізгі форманы қамтиды: азаматтардың
өздерінің меншігі және заңды тұлғалармен құрылған меншік
(кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер). Мемлекеттік меншік:
а) республикалық мемлекеттік меншік, б) муниципалды меншік
– қалалық, ауылдық және басқа да муниципалдық құрылуы
меншігі.
Бизнесте неғұрлым тиімдісі жекеменшік болып табылады.
Жекеменшік әрбір адамның өмірлік негізі қызметін атқарады –
оның табыс алу көзі мен еркіндік және тәуелсіздік кепілі.
Жекеменшіктің ерекшелігі бұл иемдену, билік ету, басқару,
пайдалану және иелік ету құқықтарын жүзеге асырады. Өзінің
қорқынышы мен тәуекеліне қарай жасайды. Нарықта қатаң
бәсеке мен заңдар орын алады. Нарықтағы табыс меншік иесінің
еңбегі болып табылады. Бірақ та нарық та, апат пен анархия да
орын алады. Сондықтан, меншік иесі жеңілуі де мүмкін. Бұл
өзінің кінәсі. Сондықтан, жекеменшік иесі оқиды, іздейді,
біледі, ойлап табады, сатып алады, ғылыми зерттеулерді
қаржыландырады. Қоғамның өндірістік күштері дами бастайды.
Жекеменшіктің прогрессивті мәні мынада – ол адам
мүмкіндіктерін, инициативасын, тәжірибесін, мамандығын,
білімін максималды түрде шыңдай түседі.
Мемлекеттік меншік жекеменшіктің баламасы ретінде
пайда болады.
Қоғамдық меншік бірлесіп ие болуды, билік етуді көздейді.
Егер жекеменшік жеке тұлғаға негізделген, әрбір субъект нақты,
жауапкершілігі де нақты болса, қоғамдық меншік жалпыға
негізделген. Ол «ешкімдікі емес» деген мағынаны білдіреді,
Экономикалық теория
39
яғни қолдану тиімділігі аз. Барлық қоғам мүшелері ортақ
пайдаланады, жеке ешкім қолданбайды. Қоғамдық меншік
өндіріс құралдарын қолдануда барлық иелік етушілерді
қоғамның барлық мүшелері ретінде теңестіреді.
Олардың бәрі меншік иелері. Бірақ, біреу оны басқару,
өндіріске билік жүргізу, өндіріс пропорциясын анықтау тиіс.
Сондықтан, «басқару аппараты» құрылады, халық атынан ие
болу, билік жүргізу таратылады.
Мемлекеттік меншік ретінде декларацияланған меншік
басқару
аппаратының
меншігіне
айналады,
ол
оның
бюрократиялануына әкеп соғады. Бұл оның тарихи немесе
әлеуметтік жауапкершілігін көрсетпейді. Әкімшілік жүйесінің
басқару механизмінің басты құралы барлық экономикалық
кеңістікті икемсіз ететін, әрі тура адрестік реттеуге апарып
соғатын тотальдық жоспарлау болып табылады.
Сонымен қатар қоғамдық меншік әскери-өнеркәсіптік,
космостық, энергетикалық кешендерде, ғылымда, білімде,
денсаулық сақтау салаларында және басқа да облыстарда өте
қажет болып саналады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынас-
тарының құрылуына заңдылық қажеттілік болып табылды. Ол
мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге
асырылды.
3.5. ҚР мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік меншіктің ұжымдық
немесе жекеменшік формасына ауысуы.
Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды
меншіктің жекеменшікке берілуі.
Жекешелендіру келесі мақсаттарды көздеді:
- бәсекелік ортаны құру;
- кәсіпорын тиімділігін көтеру;
- экономиканы демонополизацияландыруға қатысу;
- шетел инвесторларын тарту.
1991
жылдан
бастап
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы алғаш рет жекеменшік құқығын анықтады,
Н. А. Маженова
40
содан бері жекешелендіру мен мемлекетсіздендірудің алғашқы
қадамдары қолданыла бастады. Жекешелендірудің заңдылық
базасы «Меншік туралы» және «Мемлекетсіздендіру мен
жекешелендіру туралы» заңдарымен көрсетілген.
1 кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі
жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталық-
танған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту
үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалар болды.
Ол кәсіпорындарды, олардың еңбек ұжымдарының, ұжымдық
немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру
және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде
тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізіледі.
2 кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан
Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-
1995
жылдардағы
мемлекет
қарамағынан
алу
мен
жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге
асырылады. Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты
– мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс
объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және
материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру
жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының
дербестену негізінде орталықтанған-жоспарлы экономикадан
нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.
Жекешелендірудің
екінші
кезеңінің
бағдарламасы
институционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап
берді:
- «шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорын-
дарының,
коммуналдық
шаруашылықтардың,
тұрмыстық
қызмет көрсетудің байқаулары мен аукциондар арқылы жүзеге
асырылады;
- жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін
орташа
кәсіпорындарды,
оның
ішінде
инвестициялық
жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;
- ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны
5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша
жекешелендіру;
Достарыңызбен бөлісу: |