Ағымдағы жұмыс парағы
Жұмыс парақтарының жарлықтары
Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын таңдау арқылы көріп, өзгертуге болады.
Формулалар құру. Excel программасының кестесінде есептеулер формула көмегімен жүзеге асады. Формула сандық константадан , ұяшыққа сілтемесінен және математикалық операциялардың таңбаларымен біріккен Excel функцияларынан құралады. Егер ұяшық формулалардан тұратын болса, онда жұмыс парағында есептеудің нәтижесі ғана көрініп тұрады.Формуланың өзін көру үшін ұяшықты екпінді етіп, формулалар қатарында көрініп тұрған жазбаны көре аламыз.
Excel – де барлық формулалар тең белгісінен басталады. Басқа символдан басталатын болса, онда Excel мәтін деп түсінеді.
Қорытынды есептерді қалып қатарында көрсету.Егерде бірнеше ұяшықтар ерекшеленіп тұрса және олардың ең болмағанда біреуінде мәліметтер бар болса, онда Excel – дің қалып қатарында қорытынды нәтижелерін көруге болады. 2- сурет. Бұл – автоматты түрде қорытындылау немесе автоқорытынды (автоитоги)деп аталады. Көбінесе бұл ұяшықтардағы мәліметтердің қосындысын табуға негізделген. Егер сіз тышқанның көрсеткішін автоқорытынды облысын көрсетіп, жанама мәзірін шақырғанда орта мәнін табу, мәндердің санын, сандардың максимумын, минимумын есептеуге болатынына көз жеткізесіз.Осы жанама мәзірдегі бұл режимді Жоқ (Нет) командасы арқылы алып тастауға болады.
2- сурет. Авто қорытынды көрінісі.
Автотоллтыру. Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай аттарын, сандарды т.б. автоматты түрде енгізуге болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң, кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру әрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттарын енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарды белгілі бір заңдылықпен реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін, міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel сандар енгізілген мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан мәндерін есептеп енгізеді.Ұяшықтарға сандарды, белгілі бір қадаммен кему немесе көбею реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген ұяшықты бірге белгілеп алып, толтыру әрекетін орындау қажет.
Ұяшықтарды автоматты түрде толтыруға болатын мәліметтер тізімін Сервис - Параметрлер командасын орындағанда ашылған сұхбат терезедегі Тізімдер (Списки) ішкі бетінде оқи аламыз. Осы сұхбат терезедегі тізімге өзіміз көп қолданатын сөздерді тізім ретінде енгізуге де болады.
Сервис – Параметрлер командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Тізімдер (Списки) астарлы беті тізімге жаңа мәліметтер енгізу үшін, Тізімдер (Списки) ішкі бетінде Жаңа тізім (Новый список) қатарын таңдаймыз да, Тізімдер элементтері өрісінде мәліметтерді үтір арқылы терген соң ОК батырмасын шертеміз.
Мысал. Кестелік процессордың көмегімен фирма қызметкерлерінің айлық жалақысын есептеу есебін қарастырайық: 8% табыс салығы, 2% зейнетақы қорын есептегендегі қолына тиетін ақша көлемін анықтау.
Орындалу барысы:
Excel программасын іске қосамыз (Іске қосу – Программалар – Microsoft Excel).
Жаңа жұмыс кітабын дайындаймыз (Файл - Құру).
Ф2:Е2 ұяшықтарын белгілеп, біріктіру және орналастыру командасын береміз. Ашылған орынға қызметкерлер тізімі тақырыбын енгіземіз.
А4 ұяшығына 1 саны, А5 ұяшығына 2 санын жазып, ұяшықтарды белгілеп, тышқан курсорын осы ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне орналастырып, толтыру әрекетін төмен қарай орындаймыз.
В3:19 блогының ұяшықтарына келтірілген берілгендерді көшіріп шығамыз.
Бөлімі Лауазымы Фамил. аты Таб.ғ Айлы Табыс сал. Пенс Қол.
Жабдықтау Бөлім бастығы Азимов Асқар 25 56000
Жабдықтау Менеджер Көмеков Асхат 23 45000
Бақылау Аудитор Дастанова Рәбиға 69 43000
Бақылау Секретарь Тастанова Кәмила 41 23000
Шару. Бөлім Еден жуушы Қыдырова Ардақ 52 16200
Шару. Бөлім Күзетші Кәримов Азим 89 17300
G4 ұяшығына =F4 * 0,08 формуласын жазамыз. Қалған төменгі ұяшықтарды автоматты толтыру әдісімен толтырамыз. G5:G9 ұяшықтарын толтырамыз.
Н4 ұяшығына = F4*0,02 формуласын жазып, жоғарыдағыдай (6) әрекетті орындағаннан кейін Н5:Н9 ұяшықтардағы нәтижелерді көреміз.
Қызметкерлердің қолына тиетін айлық жалақысының көлемін I4 ұяшығына = F4-G4-H4 формуласын енгізу және автотолтыру арқылы енгізе аламыз.
Соңында жұмыс кітабын Персонал. хls атымен сақтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |