Ли Куан Ю: СИНГАПУР ТАРИХЫ
Ли Куан Ю – Сингапурлық саясаткер. Сингапур Республикасының ең алғашқы премьер-
министрі. Бұл адамның есімімен қала-мемлекет – Сингапурдың тарихи қалыптасуы,
құрылуы, дамуы тікелей байланысты.
Сингапур Республикасы 40 жылдың ішінде халықаралық саясат, экономикасының
қарқынды дамуымен бүкіл әлем мойындаған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алып шаһарға
айналды. Бұл кітап саяси қызметкердің ғұмырнамасы ғана емес.
Жетістікке қалай жету?
Бүкіл халықты қалай мойындату?
деген сияқты көкейкесті ойларға толық жауап беретін
ақыл-кеңеске толы даналықты насихаттайтын кітап. Үй салуды, кітап жазуды үйрететін
кітаптар бар екенін білемін, дейді автор, бірақ маған әр түрлі, әр елден келген халықтың,
соның ішінде Қытай, Британдық Үндіден, Нидерландық ост-Үндіден келген
иммигранттардан бір ұлт жасау немесе сауда жөнінде бүкіл экономикалық рөлден
айырылған кездегі қала халқының тіршілік етуін қамтамасыз етуді үйрететін оқулық
көрмеппін.
Біз 1963 жылы қыркүйекте Малайзия Федерациясына қосылғанбыз. Сингапур мен
Федерация арасында басында-ақ саяси келіспеушіліктер болған, сөйтіп бұл жағдайлар
1965 жылы 9 тамызда федералды үкімет Федерация құрамынан шығуымызды талап етуіне
әкелді. Бұл бізді тәуелсіз мемлекет етіп, таныс емес жолмен жүруді мәжбүр қылды.
Көптеген ауыр қиыншылықтарды бастан кешіріп, адам төзгісіз жағдайда өмір сүрдік.
Сингапур жасанды құрылыс үлгісі еді. Ағылшындықтардың сауда негізінде салған,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
біртіндеп бүкіләлемдік теңіз саудасына шығатын пункті болатын
.
Ол құлағаннан кейін, біз
материксіз аралды, денесіз жүректі мирасқа алдық. Тәуелсіздікті алған күні-ақ баспасөз
қызметкерлері бір ауыздан бізді тірі өлікке балады. Менің қынжылған көңілімді, одан
бетер түсірумен болды. Бір автор бізді Рим империясының құлауымен де теңестірді.
Олардың қауіп-қатерін түсінумен болдым, алайда менің қызметім, дейді автор, халқыма
тірек болып, жүректеріне сенім ұялату еді. Менің бірнеше тығыз шаруаларым болатын:
Біріншіден,
Сингапурдың тәуелсіздігін, БҰҰ-на мүше екендігін бүкіл әлемге
мойындату. Ол үшін сыртқы істер министрі ретінде, өте қабілетті, ақылды Синатамби
Раджаратаманы қойдым.
Екіншіден,
мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру. Бізде мүлдем әскер жоқ еді.
Екі батальонымыз малайлық бригадалық генерал қармағында еді. Аз уақыт аралығында
қандай болмасын қарулы күштерді қалай ұйымдастыруға болады?
Куала-Лумпурдағы
малайлық экстремистердің кез-келген бүлігін тойтара алатын жағдайда болу керек едік.
Сингапурдағы малайлықтарды бізге айдап салу арқылы бізді және біздің тәуелсіздігімізді
жоқ қылып жіберетін қауіп төніп тұрды. Малайзия Сингапурды қол астынан мүлде
шығарғысы келмеді. Осы мәселені шешу барысында тағы бір тығыз шаруа тұрды –
ол қоғамдық тәртіпті сақтау. Егер біздегі малайлық тұрғындар бүлік шығарса, онда
малайлықтардан тұратын полицияның ниеттері басқа арнаға бұрылып кетпесіне ешкім
кепіл бола алмайды, сонымен қатар, екі батальонымыз да малайлықтардан құралған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |