Мотивациялық кітаптар жиынтығы


  жылы  екі  комитет  құрдық:  біріншісі



жүктеу 1,27 Mb.
Pdf просмотр
бет62/106
Дата26.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#34898
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

 

1980 


жылы  екі  комитет  құрдық:  біріншісі

 

–  оларды  жұмыспен  қамтамасыз  етті, екіншісі



  –

олардың әлеуметтік мәселелерін шешті. 

1959 жылы өкімет мемлекеттік тіл – малай тілі болады деп шешті. Біраз уақыттан 

кейін  жұмысшылар  тілі  және  халықаралық  қатынастар  тілі   -  ағылшын  тілі  болу  керек 

екенін  түсіндік.  Халықаралық  қоғамдастықтың  орталығы  бола  тұра,  Сингапур  –  малай, 

қытай, тамиль тілдері арқылы өмір сүре алмайтынын біліп, ағылшын тілін де мемлекеттік 

тілдер қатарына қостық.  

Көптеген  жылдар  бойы заңсыз  далба  дүкен  сатушылардың  және  қарақшы 

таксилердің  көзін  құртқанмен  де  қаланы  тазалай  алмадық.

 

Тек  1971  жылы жұмыс 

орындары  көптеп  аша  бастаған  кезімізде  заң  қабылдауға  және  көшелерді  тазартуға 

мүмкіндігіміз  пайда  болды.  Тамақ  дайындайтын  заңды  далба  дүкен  сатушыларын,  жол 

жағалауынан  тротуардан  канализациялық  коллекторы  мусор  өткізгіші  және  ағынды  суы 

бар жабдықталған орталыққа ауыстырдық. 80-ші жылдың аяғында біз барлық далба дүкен 




Мотивациялық кітаптар жиынтығы 

 

www.zhanaoi.kz 



сатушыларын  осындай  орталықтарға  ауыстырдық.  Олардың  кейбіреуі  керемет  аспаз 

болғандарының  арқасында  біздің  еліміздегі  туристтердің  назарын  аударатын  болды.  Ал 

біреулері  жұмысқа «Мерседеспен» келіп,  қызметкерлерді  жалдайтын  миллионерлерге 

айналды.  Осындай  адамдардың  іскерлігі,   қайраттылығы,  дарыны  Сингапурды  жасап 

шығарды.  Қарақшы  таксилердің  көзін  құрту,  альтернативті  жұмыс  орындарын  және 

автобус қатынастарын қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды. 

Қаланың  қаншалықты  ластанғанын  анықтау  үшін жасыл  ағаштарға  назар  салу 

жеткілікті.  Автокөліктерден,  автобустардан,  дизельді  жүк  машиналарынан  шығатын  көп 

мөлшердегі  газ, өсімдіктерді  күйемен орап, соңы олардың қурауына әкеледі. Содан мен, 

қоршаған  ортаны  ластанудан  қорғау  бөлімшесін  құрдым.  Қызу  автожолдарда,  автокөлік 

шығаратын күкірттің құрамын, түтіннің тығыздығын, шаңның концентрациясын өлшейтін 

бақылау жабдықтарын орнаттық.   

1984  жылы  үкімет  қызметкерлеріне  жалақыны  төлемнің  электрондық  жүйесі 

арқылы беру туралы шешім қабылдадым. Бұл полицияның бақылауы арқылы бір айда екі 

рет  қолма-қол  ақшаның  тасымалдауын  керексіз  етті.   Кейін  біз  электронды  төлемдерді 

салық  және  жиындарды  төлеу  кезінде  де  қолдана  бастадық.  Әлемдік  рейтингтік 

агенттіктер  Сингапурдың  заң  жүйесін  жоғары  дәрежеде  бағалады.  1997-1998  жылы 

Сингапур  АҚШ,  Ұлыбритания,  Жапония  және  басқа  да  мемлекеттерді  басып  озып, 

әлемнің мықты елдерінің ондығына кірді. 1995 жылдан бастап

 

саяси және экономикалық 

тәуекелдікті  бағалайтын  Гонконгта  орналасқан  ұйым  Азия  елдерінің  заң  жүйесіне  баға 

берген кезінде Сингапурға Азиядағы жоғарғы рейтингті тағайындайтын. 

1987 жылы Сингапурға келіп кеткен Лондондық университеттің профессоры Х. Д. 

Ейсенк  жеке  бас  қасиетін,  мінез-құлықты,  интеллектуалды  даму  коэффициентін  тексеру 

үшін психологиялық тесттің керектігі дұрыс екендігін айтты. Мысал ретінде, америкалық 

мұнай  компаниясында  40000  жұмысшыны  психологиялық  бақылаудан  өткізген  40 

психологтың  жұмыс  істейтінін  негізге  алды.  Бізде  маңызды  қызметтерге  арналған 

кандидаттарды  психологиялық  тесттен  өткізетін  психологтар  жоқтың  қасы  еді.  Сол 

кісімен әңгімелескеннен соң, Сингапурдың Ұлттық Университетінен керек қасиеттерге ие, 

әр  түрлі  қызметтерге  тағайындалатын  адамдардың  мінез-құлқын  зерттей  алатын 

психологтарды көптеп дайындап шығару керектігін айттым.  

Билікке  келген  кезден-ақ  сабақ  ала  бастадық.  Әрқашан  оқумен  болдық,  өйткені, 

жағдай  өзгеріп  отырды,  ал  біз  саясатты  жағдайға  бейімдеу  керек  едік.  Менің  бақытыма 

орай,  үкімет  қатарында  бірнеше  асқан  дарын  иелері  бар  болды.  Олардың  ойлары  әркез 

жаңа  идеяға  толы  еді.  Кен  Сви,  Раджа,  Суй  Сен  біз  оқыған  кітаптарды  өзара 

айырбастайтын.  Біз  билікке  келген  кезде,  саясаттан  түк  хабарымыз  жоқ  болған,  бірақ 

әркез абайлап, аңдап басып, кез-келген идеяны ептілікпен енгіздік. 

Сингапурды  коммунистік  немесе  нәсілге  бөлінген  қала  ретінде  емес,  тіршілікке 

бейімделген  қоғам  ретінде  қалыптастырдық. Мен  қабілетті  адамдарды  іздеп,  оларды 

министр  және  басқа  лауазымды  шенеуіктер  ретінде  қойып,  халыққа  шынайы  жанашыр 

бола  алады  деген  сенім  болды.  Жұмысшыларды  өз  жағымызда  ұстап,  сонымен  бірге 

капиталмен, біліммен, басқару дағдыларымен бөлісетін және сыртқы саудаға шығаратын, 

яғни  тіршілік  етуімізді  қамтамасыз  ететін  инвесторлардың  жағдайын  жақсылап  жасау 

керек  еді.  Халық  үмітін  артқан  бір  топ  ұйымшыл  және  биік  мақсатты  көздеген 

көшбасшылар  қолдан  келгеннің  бәрін  істеді.  1965  жылы  ЖІӨ  3  миллиард  сингапур 

доллары  болған  Сингапур  1997  жылы  көрсеткіші  15  есеге  өсіп,  46  миллиардқа  жетіп, 




Мотивациялық кітаптар жиынтығы 

 

www.zhanaoi.kz 



Әлемдік банктің есебі бойынша бүкіл әлемде ЖІӨ-ң көрсеткіші бойынша сегізінші орынға 

шыға алатынына кім сенген? 

Шет  елдіктермен  қарым-қатынас  жасау  – сингапурлықтарды  көп  нәрсеге  үйретті. 

Біз дарынды студенттерімізді дамыған елдерге жібердік, басында сол мемлекет тарапынан 

шәкіртақы  бөлінген,  кейін  шәкіртақыны  өзіміз  бөлетін  болдық.  Көптеген  шет  елдегі 

көшбасшылардан сабақ алумен болдым. 

Қазіргі  таңда

 

Сингапур  қарулы  күштері  Оңтүстік-Шығыс  Азия  мемлекеттерінің 

арасындағы  ең  озығы.  Оған  Армия,  Теңіз  флоты,  Әуе  күштері  кіреді.  Ішкі  өнімнің  4.9% 

пайызы  әскерге  жұмсалады.  Әу  баста  Сингапур  қарулы  күштері  Англия  және  Израил 

мемлекеттерінің  көмегі  арқылы  құрылады.  Израил  қорғаныс  күштері  Сингапур  қарулы 

күштерін  жоқ  жерден  жаттықтырып,  қаржыландырып,  көмегін  аямай  аймақтағы  ең 

дамыған әскери күштерінің біріне айналдырып жібереді.  

Біз  оқу  керекпіз,  білім  арқылы  құралған  әлемнің  бір  бөлігіне  айналу  керекпіз. 

Жеңіліске тап болмау үшін бізді жетістікке апарған мына қағидаттарды ұстану керек: ол 


жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау