Морф сессия (НС)



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет71/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

10-БИЛЕТ


3 буда(жіпше)(ақ): 
Артқы 
Бүйір 
Алдыңғы-бұл  жерлерде  өткізгіш  жолдар  жатыр,егер  бұл  жұлыннан  басталса-
аферентті,жұлынға жеткізетінтболса-эфферентті. 
3 мүйіз (сұр): 
Артқы(3 ядро)-сезімтал ядро бар 
 Ядросы: 
1)меншікті 
2)кеуделі 
3)сілікпе тәрізді дене 
Бүйір(2 ядро)-вегатативті ядро 
Ядросы: 
1)латериалды мүйізді 
2)вегетативтік 
Алдыңғы(5 ядро)-қозғалтқыш ядро 
Ядросы: 
1)алд.латериалды 
2)арт.латериалды 
3)алдынғы латериалды 
4)арт.медиалды 
5)орталық 
Жұлын рефлекторлы доға арқылы өтеді,оның 2 түрі бар: 
1)жай реф.доға 
2)күрделі реф.доға 
Жұлын нервтары-нерв спиналис деп аталады.3 жұп нерв:аралас,сезімтал,қозғалтқыш. 
3қабаттан тұрады: 
1)қатты-dorametr spinalis 
2)торлы-arehmedia spinalis 
3)жұмсақ-piomatr spinalis 
  
2-физиология
 
Ми бағанының тонустық рефлекстері 
Ми  бағаны,  әсіресе  артқы  және  ортаңғы  ми  түрлі  жағдайларда  бастың,  дененің 
кеңістікте алған орнына (қалпына) байланысты ет-тердің тонусын өзгертіп, дене тепе-
теңдігін  сақтайды.  Бұл  тонустық  рефлекстер.  Бұлар  қабылдағышдың  орналасқан 
орнына  қарай  мойын,кіреберіс,  лабиринт  рефлекстері  деп  бөлінеді.  Мойын 
рефлекстерінің қабылдағыштары мойын ет сіңірлерінде орналасқан - проприорецеп- 
торлар,  ал  кіреберіс  рефлекстерінің  қабылдағыштары  -  отолит  аппараты,  лабиринт  - 
жарты иірімді арналардың кеңейген ұшында орна- 
ласқан  түкті  жасушалардан  құралған  шашақ  тәрізді  қабылдағыштар.Аталған 
қабылдағыштардың  бәрі  де  басты  қисайтқанда,  бұрғанда  тітіркенеді  де  жануардың 
сирақтарын  жазатың,  бүгетін  еттерінің  және  көзді  қимылдататын  еттердің  тонусын 
өзгертеді. 


P. Магнус (Голандия физиологы) мысықтың ми бағанын мишық тұсынан кесіп тастаған 
соң  басын  артқа  қарай  шалқайтса,  еттер  қатайып,  алдыңғы  сирақтар  жазылатынын 
және артқы аяғын бүгетін 
еттердің  тонусы  күшейіп  сирақ  бүгілетінін,  ал  басын  төмен  қарай  исе  алдыңғы 
сирақтары  бүгіліп,  артқылары  жазылатынын  байқады.  Жануардың  басын  оңға,  не 
солға  бұрса,  бас  бүрылған  жақтағы  сирақтары  жазылады,  яғни  жазатын  еттердің 
тонусы күшейеді, ал көздің алмасы бастың бүрылған жағынан кері қарай бұрылады. 
Мойын  рефлекстеріне  көбінесе  артқы  ми  қатысады,  көз  қимылдарын  ортаңғы  ми 
басқарады. Қалыпты жағдайда бұл рефлекстерге тек артқы немесе 
ортаңғы ми ғана қатысып қоймайды, екеуі де қатысады және бұларға алдыңғы ми да 
қосылады.  Кіреберіс  және  лабиринт  рефлекстері  мойын  рефлекстерімен  тығыз 
байланысты.  Өйткені  бұлардың  ақырғы  мақсаты  кеңістікте  дене  тепе-теңдігін  сақтау. 
Сондықтан  қалыпты  жағдайда  бұл  құрылымдар  бірінің  жүмысын  бірі  қостап 
толықтыра түседі. 
Тонустық  рефлекстер  статикалык  (қозғалыссыз)  және  статокинетикалық  (қозғалыс-
қимылдық) деп екіге бөлінеді. 
Статикалық  рефлекстерге  кеңістікте  дене  кейпін  сақтайтын  және  түрлі  жағдайға 
байланысты  дене  кейпін  өзгертсе,  оны  қайта  орнына  келтіретін  рефлекстер 
жатады.Қалыпты  жағдайда  қай  жануардың  болса  да  төбесі  жоғары,тұмсығы  төмен 
қарайды,  ал  мойны  мен  жотасы  басына  жалғасып  олда  жоғары  бағытталады.  Бұл 
жағдай  көптеген  қаңқа  еттері  тонусының  өзгеруімен  сақталады.  Егер  жануарды 
зорлап  бір  жарғына  жатқызса,  ол  алдымен  басын  түзеуге  тырысады,  сонан  соң 
жотасын жоғары қаратады. Мысықты сирақтарынан ұстап, басымен жотасын 
төмен қаратып жоғарыдан төмен қарай тастап жіберсе, ол жерге жеткенше алдымен 
басын,  содан  кейін  жотасын  түзеп  жоғары  қаратады  да,  сирақтарын  жазып  жерге 
түскенде  төрт  сирағымен  тіреледі.  Сөйтіп  дене  қалпын  түзейді.  Вестибулярлық 
аппарат бүзылса,бұл рефлекстер жойылады. Бірақ қызметі жойылған қабылдағыш- 
тардың  орнын  көру  қабылдағыштары  басып  тонустық  рефлекстерді  сақтауы  мүмкін. 
Сондықтан  вестибулярлық  қабылдағыштары  бұзылған  адамдар  көзін  жұмса, 
кеңістікте тепе-теңдігін сақтай алмайды.Бұл тәжірибе тонустық рефлекстердің тууына, 
көру  қабылдағыштарының  да  катысы  барын  көрсетеді.  Статокинетикалық 
рефлекстерге  дененің  ілгері-алға  қарай  немесе  тіке  жоғарыдан  төмен  не  төменнен 
жоғары карай не шыр айналу қимылдары барысында және қимыл шапшаңдығының 
өзгеруінен  пайда  болатын,  сөйтіп  кеңістікте  дене  қалпын  және  тепе-теңдікті 
сақтайтын тонустық рефлекстер жатады. 
Статокинетикалық рефлекстер шыр айналу және лифт рефлексі деп екіге бөлінеді. 
Шыр  айналу  рефлексі  адамды  әдейі  жасалған  кресло-орындықта,не  центрифугада 
айналдырғанда пайда болады. Адамның басы 
біртіндеп  қимыл  бағытына  қарама-қарсы  жаққа  қарай  бүрылып  тез  қайта  орнына 
келеді, ал көз алмасы бастың бұрылған жағынан кейін 
қарай  қозғалып,  ол  да  тез  қалыпты  орнына  келеді.  Бұл  қимылды  нистагм  -  ырғақты 
қимыл дейді. 
Лифт  рефлексі  -  дененің  тез  жоғары  көтерілуінен  не  төмен  түсуінен  пайда  болады. 
Жануарды  тез  жоғары  көтерсе  оның  сирақтары  тізе  буындарынан  бүгіледі,  басын 
ішіне тартады, ал тез төмен түсірсе, 


сирақтары буындарынан жазылады, мойны созылып ұзарады. 
Аралық ми 
Аралық  миға  көру  төмпешігі  (таламус),  төмпешікасты  (гипоталамус),  төмпешікүсті 
(эпиталамус) құрылымдары жатады. Аталған 
құрылымдар  III  ми  қарыншасын  жан-жағынан  қоршап,  оның  қабырғасын  құрады. 
Сондықтан бұл құрылымдардың қызметіне, әсіресе 
гипоталамусқа  қарыншаны  толтырған  сүйықтық,  қанда  еріген  заттар,  гормондар 
тікелей әсер ете алады. Эпиталамус күмбез денесінің 
(аркус) сүйелді денеасты жасушалар мен ішкі сөлініс безі - эпифизден тұрады. 
Таламус  көп  ядролы  көлемі  және  қызметі  жағынан  ең  көрнектісі.Ол  арқылы  ми 
қыртысына әртүрлі сезім серпіністерін өткізетін жүйке талшықтары өтеді. 
Гипоталамус  ішкі  ағзалар  қызметін  жүйке  және  қан  арқылы  реттейтін  көп  ядролы 
құрылым. 
Таламус. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар қызметінің маңызына қарай арнамалы, 
бейарнамалы, ұластырушы (ассоциативтік), қоз- 
ғалтқыш деп бөлінеді. 
Арнамалы  ядроларына  жүлынның  өрлеуіш  жүйке  талшықтары  арқылы  дене 
қабылдағыштарынан  келетін  түрлі  сезімдік  ақпараттармен  бірге  көзден,  құлақтан 
шығатын  сезім  серпіністері  жиылып,  одан  әрі  ядролардың  талшықтары  арқылы  ми 
қыртысына  жеткізіледі.  Бұл  ядролар  бұзылса,  шеттен  келетін  әсерлер  сезілмейді. 
Арнамалы  ядролар  нейрондарының  тері,  етсіңір  және  ішкі  ағзалар 
қабылдағыштарымен байланысына қарай ядролардағы орыны, қызметі әртүрлі. Осы 
түрлі 
әрекеттік  нейрондар  ми  қыртысының  сезімтал  аймақтарындағы  қызметі  сәйкес 
нейрондармен  байланысады.  Таламустың  арнамалы  нейрондары  сезімдік 
хабарларды  ми  қыртысына  тек  өткізіп  қана  қоймай,оларды  талдап  құрамыстайды. 
Сондықтан кейбір сезім серпіністерінен 
таламуста жабайы түйсік пайда болады. Нақтылы түйсік ол ми қыртысының қызметі. 
Ауруды  сезу  түйсігі  таламусы  сақталған  (жарты  шарлар  алынып  тасталған) 
жануарларда  пайда  болатыны  байқалған.Латералды  (қапталдас)  иімді  дене  көру 
сезімі  жүйесінің,  ал  медиалды  (ішкерленіс)  иімді  дене  дыбыс  есту  жүйесінің 
арнамалы ядролары. 
Ассоциативтік  (үластырушы)  ядроларға  түрлі  серпіністер  таламустың  арнамалы 
жолдарынан келіп түседі. Бұл ядролар қызметі ми қыртысындағы осындай аймақтар 
қызметімен  тығыз  байланысты.  Бұлар  жоғары  анализдік,  синтездік  үрдістеріне,  ми 
қыртысының бірлестіруші (интегративтік) қызметіне қатысады. 
Бейарнамалы  ядролар  ми  қыртысына  тұтас  активті  әсер  етеді,  оның  қозғыштық 
қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл 
ядролардан  ми  қыртысына  барған  серпіністер  қыртыс  қозғыштығын  жоғарылатып, 
арнамалы  жолдарынан  келген  әсерлерге  қыртыс  жауабын  күшейтеді.Бейарнамалы 
ядролар ми бағанынан торлы құрылымның жорары қарай бағытталған активті әсерін 
ми  қыртысына  жеткізеді  деген  пікір  бар.  Ми  бағанының  торлы  құрлымы  тәрізді  ми 
қыртысының  белсенділігін  тұтас  күшейтеді.  Мүнымен  қатар  таламустың  ми 
қыртысымен  байланысы  екі  жақты.  Ми  қыртысы  да  таламус  қызметіне  әсер 
стеді.Қозғалтқыш  ядроларға  мишықтан  және  қыртысасты  базальдық  ядролардан 


серпіністер  келіп  түседі  және  ми  қыртысының  қозғалтқыш  зонасына  проекциялық 
серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар 
қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді. 
Ми  қыртысы  таламустың  арнамалы  және  бейарнамалы  ядролар  қызметін  тежеуші 
және жеңілдетуші әсер ете алады. Мұндай екі жақты 
байланыстар  ми  қыртысының  интегративтік  қызметін  іске  асыруда  және 
физиологиялық әртүрлі жағдайларды реттеуде маңызды орын 
алады. 
Гипоталамус  көру  төмпешігі  астында  орналасқан  көп  ядролы  (32  жұп)  құрылым.  Бұл 
ядролар  жатқан  орнына  қарай  преоптикалық,  алдыңғы,  ортаңғы,  бүйірдегі  және 
артқы деп 5 топқа бөлінеді. 
Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық жүйе, торлы құрылыммен, сопақша 
мидың парасимпатикалық және симпатикалық 
ядроларымен,  жұлынның  бүйір  ашасындағы  вегетативтік  ядролары  мен  қатар 
таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Мұнымен 
бірге  оған  түпкі  ядролардан,  мишықтан  афференттік  жүйкелер,  ішкі  ағзалардан 
кезеген  жүйке  арқылы  хабарлар  келіп  түрады.  Гипоталамусқа  ішкі  ортадан  да 
көптеген  ақпараттар  келеді.  Оның  әрбір  нейроны  2-3  капиллярмен  түйіскен 
(капиллярлар  өте  қалың).  Капиллярлардың  қабырғасы  үлкен  молекулалы  заттарга 
өтімді.  Сондықтан  гормондар  мен  басқа  да  химиялық  белсенді  заттар  қаннан 
гипоталамусқа  қарай  өтіп,  оған  тікелей  әсер  етеді.  Гипоталамустың  кейбір  ядролары 
мидың  үшінші  қарыншасының  қабырғасын  құрады.  Мұндағы  сұйықтықтан  да  заттар 
гипоталамусқа  өте  алады.  Гипоталамус  орталық  жүйке  жүйесінің  құрылымдары  мен 
бірге  шеттегі  ағзалар,  тіндермен  екі  жақты  (афференттік  және  эфференттік) 
байланысының арқасында организмнің көптеген әрекеттерін реттей алады. 
Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік 
бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр, ішкі 
сөлініс  бездер,  ас  қорыту,  бүйректер  қызметін,  зат  алмасуын,  несепті  шығаруын 
реттейді.  Мұнымен  қатар  ішкі  орталық  және  дене  қызу  тұрақтылығын  сақтайды. 
Гипоталамус дене қимылдарының вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді. 
Гипоталамус  қыртыс  және  қыртысасты  құрылымдармен  бірге  организмнің  сыртқы 
орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеуге де 
қатысады.  Оның  осы  аталған  қызметтері  жануарларға  жасалған  тәжірибелерде 
дәлелденді. 
Гипоталамус ядроларын тітіркендіру не оның әр жерін кесіп алып тастау арқылы бүл 
ағзаның  жүрек-тамыр  жүйесіне,  ас  қорыту  ағзаларына,  зат  алмасуына,  жылуды 
реттеуге,  несеп  бөлінуіне,  ішкі  сөлініс  бездер  қызметіне  әсер  ететіні  анықталды. 
Гипоталамус  осы  шеткі  ағзалар  үрдісіне,  вегетативтік  ядролары  -  симпатикалық 
(артқы) және парасимпатикалық (алдыңғы) бөлімдері, торлы құрылым арқылы және 
гипофиздің гормон шығару қабілетін өзгерте отырып әсер етеді. 
Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністерге ғана емес, физико-химиялық әсерлерге 
де  сезімтал  келеді.  Оның  құрамында  көптеген  осмостық-қабылдағыш  жасушалар 
және  қысым  қабылдағыштары,  қан  қызуын  қабылдамайтын  терморецепторлар  бар. 
Бұлар ішкі ортадан 


қанның  химиялық  құрамындағы  өзгерістерді  қабылдайды.  Демек,  ішкі  ағзалардың 
тіршілігі,  мұндағы  өзгерістер  гипоталамуска  әсер  ете  алады.  Осының  арқасында  ол 
ішкі  ортаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді.  Гипоталамустың  артқы  ядроларында 
симпатикалық  жүйке  жүйесінің  жоғарғы  бөлімі,  ал  алдыңғы  ядроларында 
парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  орталығы,  ал  ортаңғы  ядроларда  зат  алмасуын 
реттейтін орталығы орналасқан. Гипоталамуста көптеген мотивация (яғни мақсатты іс 
әрекет  -  месел)  тудыратын  орталықтар  бар.  Мәселен,  ортаңғы  бүйір  ядроларда 
"тойыну"  орталығы  орналасқан.  Оны  тітіркендірсе  жануар  алдындағы  азыққа 
қарамай,  алдына  қойылған  асты  ішпей,  жүдей  бастайды.  Осы  орталықты  алып 
тастаса,  жануар  тамақты  қанша  ішсе  де  тоймайтын  болады.  Тамақты  көп  жеу 
(гиперорагия) - салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда 
"аштық"  орталығы  орналасқан.  Оны  тітіркендірсе  жануар  алдындағы  азықты  қанша 
болса да 
жей  береді  (тоймайды).  Ал  бұл  орталықты  алып  тастаса,  аш  болса  да  ол  азыққа 
қарамайды  (гипофагия),  жүдейді.  Паравентрикулярлық  ядрода,  супраоптикалық 
ядролардан  жоғарырақ  жерде  "шөлдеу"  орталығы  орналасқан.  Осы  орталықты 
тітіркендірсе адам (жануар) 
шөлдейді,  қайта-қайта  су  іше  береді  (полидепсия)  шөлі  қанбайды.  Осы  аталған 
о р т а л ы қ т а р  м а қс а т т ы  ж ә н е  б а ғ ы т т а л г а н  ә р е ке т те рд і  ( м от и в а ц и я н ы ) 
меңгереді.Гипоталамустың  супраоптикалық  және  паравентрикулярлық(қарынша 
маңы)  ядроларында  (алдыңғы)  нейросекрециялық  жасушалар  бар.  Бұлардың 
гормондары  нейрондар  ұштары  құратын  тамыр  мен  жүйке  түйіспесі  арқылы  қанға 
өтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінің 
бағыттаушы  (троптық)  гормондарының  бөлінуін  күшейтеді  (либериндер)  не 
төмендетеді (статиндер). Гипофиздің артқы бөлігінің гормон- 
дары  гипоталамустың  көбінесе  супраоптикалық  ядроларында  түзіледіде,  олардың 
аксондарының бойымен ағып гипофиздің артқы бөлігінде 
жиналып  қанға  өтеді.Гипоталамус  гипофиз  арқылы  шеткі  сөлініс  бездерінің  гормон 
шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген әрекеттерін реттейді. 
Сөйтіп  гипоталамус  гипофизбен  біріккен  әрекеттік  гипоталамустық-гипофиздік  жүйе 
қүрады.  Гипоталамустың  кейбір  жерлерін  тітіркендірсе,  денеге  жағымды  (ұнамды) 
сезімдер  туады.  Егеуқұйрықтың  осы  ядроларына  микроэлектрод  бекітіп,  оны  токпен 
байланыстыратын тұтқа қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда оны 
басып қалып жаңағы ядроларды тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен тұтқаны баса 
береді. 
Бүйір  ядроларды  тітіркендіргенде  мысықта  жалған  ашулану  белгілері  пайда  болады. 
Мұның бәрі гипоталамустың мотивация мен эмоцияны қалыптастыруға қатысатынын 
көрсетеді. Оның бүл қызметі бүкіл лимбиялық жүйенің қатысуымен іске асырылады. 
Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді. Қысқасы, ішкі ортаның тұрақтылығын, 
вегетативтік, эндокриндік денелік әрекеттерді біріктіретін күрделі құрылым. 
Тізе  рефлексі:  Бір  оқушы  орындыққа  аяғын  бірінің  үстіне  бірін  қойып,  яғни  аяғын 
айқастырып  отырады.  Екінші  оқушы  резеңке  балғамен  немесе  алақанның  қырымен 
тізенің  төменгі  бөлігін  жайлап  ұрады.  Осы  кезде  сіңір  жалғамасында  пайда  болған 
қозу  санның  алдыңғы  қабырғасының  бұлшық  етіне  беріледі  де,  аяқ  тізе  буынынан 


бүгіліп,  алға  жоғары  қарай  тебіледі.  Бүгілу  сезімтал  және  қозғалтқыш  нейрондар 
есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады. 
  
  
  
3.

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау