Сезімтал жасушалары ашық түсті, базальді бөлігіндегі ядросы маңында
митохондриялар мен органеллалары, біріншілік және екіншілік
лизосомалар орын алған. Дәм сезу жасушаларының апикальді бөлігіндегі
мембранасында "букет" тәрізді болып орналасқан көптеген микробүрлері болады.
Дәм сезу шұңқырларындағы микробүрлер арасында электронды тығыз, белсенділігі
жоғары фосфатаза мен белок, гликопротеидтер, тілдің бетіне түскен дәм шығаратын
заттарға адсорбенттік қызмет атқарады.Бұл сезімтал жасушалардың
цитолеммасының базальді бөлігіне сезімтал
нейрондардың дендриттері келіп синапс түзеді. Сезімтал жасушалардың тітіркенуінен
пайда болған нерв импульсін дендриттер дәм сезу
орталығына береді. Тілдің алдыңғы бөлігіндегі дәм сезу бүртіктерінде -тәттіні, ал
артқы бөлігінде - ащыны сезетін рецепторлық белоктар болады.
Дәмді заттар микробүрлердің мембранасында орналасқан арнайы рецепторлы
белоктар арқылы сорылады.Әрбір дәм сезу түйініне 50-ге жуық афферентті нерв
талшықтар келіп тармақталып өтеді. Дәм сезу бүртіктерінен нерв импульсі (t°,
ауру, тактильді сезіну) түрінде альдымен нерв үштарына, одан нерв жолдары арқылы
дәмдік заттардың қасиеті жөнінде түсінікті қалыптастыратын, дәмдік анализатордың
орталық бөлігіне беріледі.
Тіректік эпителиоциттер ядросының ірілігімен, көптеген митохондрияларымен
эндоплазмалық жүйенің болуымен ерекшеленеді. Көбінесе бұл жасушалар дәм сезу
жасушаларын, нерв талшықтарын қоршап орналасады. Апикальды бөлігінде
микробүрлері болады.
Базальді эпителиоциттер - базальді мембранаға бекінген,жасушалардың апикальды
беткейі эпителий қабатының бетіне жетпейтін
қысқа цитоплазмасында митоз фигурасы жақсы білінетін жасушалар.Шеткі -
перигеммальді эпителиоциттер- пішіні таға тәрізді, аздаған
органеллалары бар жасушалар. Ерекшелігі - кұрамында көптеген микротүтікшелері
мен нерв үштары болады. Адамның жасы ұлғайған
сайын дәм сезу бүртіктері азаяды да, дәм сезу қасиетінің барлық дәмдік заттарға,
оның ішінде әсіресе тәтті заттарға ұлғаятыны байқалады.
Регенерациясы. Дәм сезу түйінінің кұрамындағы сенсо-сезімтал және тіректік
жасушалары үнемі жаңарып отырады. Бұл жасушалардың
тіршілігінің мөлшері 10 тәулікке жуық. Сезімтал эпителиоциттер тіршілігін жойғанда
олардағы синапстары үзіледі, бірақ жаңа жасушалар
өсіп шығып қалпына қайта келіп отырады.
(+ Дәм сезу пиязшығы құрылымдарындағы
рецепторлық потенциал туындайды:
Дәм сезу жасушасында)
Достарыңызбен бөлісу: