жинақы қозу деп аталады. Жинақы қозу бір ізді не кезекті кеңістіктік не бір мезгілді
болып екіге бөлінеді. Рецептивтік өрістің белгілі бір жеріндегі қабылдағыштарды
тітіркендірсе, оларда пайда болған серпіністер бірінен соң бірі сезгіш нейрондардың
жүйке талшықтары арқылы аралық, одан кейін қозғалтқыш нейрондардың белгілі
түйіспелеріне ғана жеткізетін болса, серпіністер жиналып ондағы қозуды күшейтеді.
Осылайша белгілі бір жолмен таралған қозудың жинақталып күшеюі бір ізді қозу боп
саналады. Серпіністер бірінен соң бірі бір жолмен нейронға келген сәтте түйіспеде
бөлінетін медиаторлар саны көбейеді, ол постсинапстық коздыру потенциалын
күшейтеді де постсинанстық нейронды қатты қоздырады. Сол себепті рефлекстік
жауап үдейді. Бір ізді жинақы қозуды тәжірибе жүзінде байқау үшін жұлыны
сақталған бақа сирағын электростимулятордың жүп электродымен (табалдырық
деңгейіне жетпеген күшпен) бір рет тітіркендіреді де рефлекстік жауап болмайтынына
көз жеткен соң сол күшпен (10-15гц) бірнеше рет тітіркендіреді. Сол кезде бақа
сирағы бүгіліп қозудың орталықта жи- нақталғанын көрсетеді. Кеңістіктік жинақы
қозуды байқау үшін табалдырық деңгейінен төмен күшпен бірден екі не одан да көп
жүп электродпен бақа сирағын тітіркендіреді. Тәжірибе нәтижесі - бір пар электрод
әсер етпейді, ал бірнеше пар электрод әсерінен рефлекстік жауап ретінде бақа сирағы
жиырыла бастайды.
IX. Орталықта қозу жинақталуымен қатар окклюзия (бітелу) құбылысы да жүріп
жатады. Оның мәні мынада: козудың кеңістіктік жи- нақталуы рефлекстік жауапты
күшейтеді, бірақ оның нәтижесі арифметикалық жиынтықтан төмен болады.
Мәселен, екі жүйке талшығын (А, В) тітіркендірсе серпіністер жинақталады. Жүйке
талшығын жеке-жеке тітіркендірсе, орталықта әрбір қозған талшыққа 4 козған
нейроннан келеді. Екі талшықтың екеуін де бір мезгілде тітіркендірсе 8 нейронның
орнына б-ақ нейрон қозады, өйткені шеткі екі ней- рон екі талшыққа ортақ болуы
мүмкін. Сондықтан козу жиынтығы арифметикалық жиынтықтан төмен болғандықтан
рефлекстік жауап әрине болжам жауаптан томен болмақ.
X. Жүйке орталығы үздіксіз тонуста болады. Тонус деген сөздің екі түрлі мағынасы бар.
Орталық жүйке жүйесінде тонус "үзбей қозу" дегенге келеді. Оралықтың тонусы
күшейсе, бұл қозудың үдегенін көрсетеді, ал тонус төмендесе козудың бәсеңдегені.
Мәселен, кезеген жүйке тонусы күшейсе, орталықтың қозуы күшейіп, жүрек соғуы
сирейді.
XI. Әрбір жүйке орталығы кейбір фармакологиялық заттарға (эфир, хлороформ,
барбитураттар, апоморфин, лобелин т.б.) өте сезімтал келеді. Мәселен, ми қыртысы
хлороформ мен эфирге өте сезімтал. Барбитураттар (аминазин) торлы құрылымға
(ретикулярлық формация) ғана әсер етеді. Апоморфин орталығын қоздырады, ал
лобелин тыныс орталығы тонусын күшейтеді.
XII. Орталық жүйке жүйесі оттегінің тапшылығына (гипоксия) өте сезімтал. Гипоксияға
әсіресе кыртысының нейрондары шыдамсыз, ол тіпті 5 минутке шыдамайды:
нейрондар закымданады, жойылады. Сопакша ми нейрондары 25 минуттік
гипоксиядан зақымданады.
Достарыңызбен бөлісу: