1. Бүйір қарыншалардың құрылысы. Қан тамырлық өрімдер. Цереброспиналды
сұйықтықтың өту жолдары
Мидың бүйір, латералді қарыншалары, ventriculi lateralis cerebri, үлкен ми
сыңарларының ішінде жатып, соңғы мидың, telencephalon, калдық қуысы болып
саналады. Сәйкес ми сыңарында орналасқандыктан, сол латералді қарыншаны,
ventriculus lateralis sinister, және оң латералді карыншаны, ventriculus lateralis dexter,
ажыратады, оларды шартты түрде сол қарыншаны бірінші, оңды-екінші қарынша деп
санайды. Олар горизонталді жазықтықта орналаскан жіңішке саңылау түрінде. Әрбір
бүйір карыншаның келесі бөліктерін:
1) алдыңғы мүйіз, cornu anterius,
2) орталық бөлігі, pars centralis,
3) арткы мүйіз, cornu posterius,
4) төменгі мүйіз, cornu inferius, ажыратады
Қарыншалардың әрбір көрсетілген бөліктері үлкен ми сыңарларының үлестеріне
сәйкес келеді: алдыңғы мүйізі маңдайлық үлесте орналасып, бүйір карыншаның
маңдайлык бөлігі; орталық бөлігі төбелік үлеске сәйкес, бүйір қарыншаның төбелік
бөлігі; арткы мүйізі шүйделік үлесте орналасып, латералді қарыншаның шүйделік
бөлігі; төменгі мүйізі самайлык үлесте орналасып, қарыншаның самайлық бөлігі
болып саналады.
Әрбір алдыңғы мүйіздің медиалді қабырғасын оң және сол мөлдір қалқаның жіңішке
табакшасы, lamina seph pellucidi, құрайды. Мөлдір табақша артынан - күмбез
бағанасының, columnae fornicis, алдыңғы бетімен және күмбез денесімен, corpus
fornicis, жоғарыдан - сүйелді дене сабауының алдыңғы бөлімдерінің төменгі бетімен,
алдынан және төменнен - сүйелді дене тізесі мен құстұмсығының ішкі бетімен,
құстұмсықтык табакшамен шектелген кеңістікте орналасады.
Оң және сол мөлдір табақшалар мөлдір қалканы, septum pellucidum, түзеді, ал
табақшалар арасында жіңішке саңылау пішінді мөлдір қалқа қуысы, cavum seph
pellucidi, орналасады, ол сүйелді денені алып тастағанда жақсы көрінеді. Әрбір
табакшаның кабырғасында мөлдір калка венасы, v. seph pellucidi, өтеді, ол сүйелді
дененің алдыңғы бөлімдерінен, мөлдір қалқадан және кұйрыктык ядро басынан
қанды жинап, мидың ішкі венасына, v. cerebri interna, ашылады.
Алдыңғы мүйіздің медиалді қабырғасынын артқы бөлімдерінің тереңінде көз төмпесі,
thalamus, мен күмбез бағанасы, columna fornicis, арасында сопақша пішінді
карыншааралық тесік, foramen interventricuІаге, жатады. Ол аркылы бүйір
карыншалар куысы үшінші карынша, ventriculus terhus, куысымен байланысады.
Алдыңғы мүйіз артынан бүйір карыншанын
Достарыңызбен бөлісу: |