Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Сапалық деректерді жинау барысындағы әдеп мәселесі



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет126/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

8.4 Сапалық деректерді жинау барысындағы әдеп мәселесі 
Бақылау дерек жинаудың бейтарап әрі көзге көрінбейтін түрі 
ретінде қарастырылғанымен, ол бірқатар әдеп мәселесімен байла-
нысты қаралады. Дерек жинаудың өзге де нысандары сияқты бақы-
лау жүргізуде де қатысушылардың келісімі, мектеп пен ата-ананың 
рұқсаты талап етіледі. Егер зерттеуші қатысушыларға жақыннан 
мұқият бақылау жасауға тиіс болса, мысалы, бақылаушы қаты-
сушылардың жеке кеңістігіне өтіп кетіп, белгілі бір қауіп сезімін 
тудыруы мүмкін болса, жоғарыда аталғандардың мәні арта түседі. 
Ақпаратты келісімде бақылаудың мәдени жағы да ескеріліп оты-
руы тиіс, мәселен кіммен байланыс жасау керек, байланысты қа-
лай жасау керек, мәдени жағынан дұрыс деп табылатын рұқсатты 
қалай алу керек және т.б. мәселелер (Cohen et al., 2011).
Сұхбат әдеп жағынан өлшемді болады; ол тұлғааралық қа-
рым-қатынасқа қатысты болып келеді және адамның жағдайы 
туралы ақпарат береді. Әдеп мәселесінің ақпаратты келісім, құпи-
ялылық және сұхбат салдары секілді үш саласы бар.
Сапалық деректерді жинаудың басқа түрлері сияқты визу-
алды деректерді алу да әдеп мәселелері мен талаптарына байла-
нысты. Атап айтқанда, егер зерттеу тарихи оқиғаларды, жалпы 
жұртшылықтың болмысын немесе жасырын зерттеулерді қарасты-
ратын болса, ақпаратты келісімді алу қиынға соғуы мүмкін. Мәсе-
лен, балаларды олардың немесе мұғалімінің, мектебінің, ата-ана-
сының, қамқоршысының келісімінсіз фотоға не видеоға түсіруге 
болмайды. Ал түсіруге берілетін рұқсат тек сурет түсіретін орынға 
ғана емес, оны көрсетуге де қатысты болады. Мәселен, рұқсат жеке 
тұлғалардың немесе мекемелердің келісімімен суретті пайдалану 
және қажет болған жағдайда өзгерту шарттарын көрсете отырып 
беріледі. Егер сурет қоғамдық орында түсірілсе, сол жерге жауап-
ты органдардан немесе тараптардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан 
(мысалы, көшедегі немесе ғимараттағы адамдардың ақпаратты 
келісімі) рұқсат талап етілуі мүмкін (Cohen et al., 2011).
Бұл тарауда сапалық деректерді жинау үдерісінің бірқатар 
құрамдас бөлігін қарастырдық. Біріншіден, зерттеуші зерттеудің 


200
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
түріне қарамастан (сапалық немесе сандық) деректер жинап, оны 
одан әрі өңдеп жариялау үшін ұйымның институционалдық зерт-
теу әдебі жөніндегі комитетінің рұқсатын алуы керек.
Екіншіден, зерттеуші зерттеу орны мен зерттеуге қатысатын 
адамдарды іздеп, олармен байланыс орнату жолдарын іздеуі ке-
рек. Үшіншіден, зерттеуші аталмыш тарауда талданған бір не бір-
неше тәсілді пайдалану арқылы мақсатты түрде зерттеуге қаты-
сушыларды іріктеуі қажет. Одан әрі сапалық мәліметтерді жинау 
үшін белгілі бір артықшылық/кемшіліктерімен сипатталатын сұх-
бат, бақылау, құжаттарды және аудиовизуалды құралдарды пай-
далана алады. Белгілі бір әдісті таңдау зерттеу сұрақтарына және/
немесе зерттеу әдісіне байланысты. Әдеп нормаларын сақтау де-
ректерді кез келген әдістің көмегімен жинаудың ажырамас бөлігі 
болып табылады.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау