193
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Іріктеу стратегия-
сының атауы
Іріктеу стратегиясы түрлерінің сипаттамасы
Кездейсоқ
мақсатты
кейс
(random purposeful)
Қатысушылар зерттеу орнындағы әрбір адамның зерттеуге
таңдалып алынуы бірдей болатындай және белгілі бір қаты-
сушының іріктеліп алынуы басқа
бір қатысушының ірікте-
луіне әсер етпейтіндей етіп таңдалады. Мысалы, зерттеуші
бейберекет аймақта орналасқан мектептегі қорқыту, кемсіту
мәселесін зерттеу үшін сұхбат
алуға білім алушыларды аяқ
астынан таңдайды. Бұл репрезентативті іріктеу емес, бірақ
қатысушылар мектеп әкімшілігінің
ұсынысы бойынша таңдал-
майды, себебі әкімшілік мектепті жақсы жағынан көрсететін
оқушылар тобын таңдауы мүмкін (Mertens, 2010).
Стратификация-
ланған мақсатты кейс
(stratified purposeful)
Зерттеудің әлеуетті қатысушылары әр шағын топтың мүше-
лері бір-бірімен салыстырмалы түрде
бір немесе бірнеше
сипаты бойынша ұқсас болған жағдайда және өзге шағын
топтармен салыстырғанда осы сипаттарына қарай ұқсамай-
тындай болған жағдайда шағын топтарға жіктеледі. Мәсе-
лен, мектеп оқушыларының пәндік
олимпиадаларға қатысу
тәжірибесі зерттелуде делік. Ол үшін оқушылар өте үздік
мектептерден, орташа нәтиже көрсеткен мектептерден және
ең төмен нәтиже көрсеткен мектептерден таңдалады.
Өлшемдік
(criterion)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды
алдын ала анықталған өлшемдер негізінде таңдау. Мысалы,
зерттеуші тұрмысы нашар отбасы балаларының оқу үл-
герімінің нашар болу себебін зерттеу үшін
тұрмысы нашар
отбасының оқу үлгерімі нашар балаларын таңдайды.
Құрама немесе аралас
кейс (combination or
mixed)
Бірнеше стратегияны таңдау және екі іріктеуден алынған
нәтижелерді салыстыру. Мысалы, сыни кейс табылғанша, қар-
лы кесек стратегиясын пайдалануға болады.
Удобный кейс
(convenience)
Қолжетімді және зерттеуге
қатысуға дайын орындарды,
топтарды және/немесе жеке тұлғаларды таңдау. Мысалы,
зерттеуші студенттер арасындағы академиялық жазылым
тәжірибесін зерттеу үшін өзі оқытатын студенттерді таңдайды.
Бұл – сапалық зерттеудегі стратегияның ең аз таңдалатын түрі,
себебі зерттеуге тек оң тәжірибесі бар адамдар ғана қатыса
алуы мүмкін деген күдік бар (Mertens, 2010).
Достарыңызбен бөлісу: