Мұнай-газ, МҰнай өҢдеу және мұнай-химиясы саласының ҰйымдарындағЫ



жүктеу 287,83 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі287,83 Kb.
#595

2017-2019 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасының мұнай-газ,

мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы

салалық келісімге

2016 жыл «___»__________________

2 қосымшасы



«МҰНАЙ-ГАЗ, МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙ-ХИМИЯСЫ САЛАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ» ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАР
1. Құжаттың мақсаты мен жалпы ережесі

1.1. «Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласының ұйымдарындағы Жұмыскерлер және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау туралы» осы үлгілік қағидалар (стандарт) (бұдан әрі – Қағидалар) Ұйым жұмыскерлерін және олардың отбасы мүшелерін Әлеуметтік қолдаудың және материалдық көмекті, әлеуметтік жәрдемақыны және өтемақыны, әлеуметтік кепілдіктерді (бұдан әрі – Әлеуметтік пакет) айқындау мен бөлу кезінде қағидаттар мен ұстанымдардың ашықтығын қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін белгілеу мақсатында әзірленді.

1.2. Осы Қағидалар Әлеуметтік пакетті қалыптастырудың және Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне Әлеуметтік қолдау шараларын, олардың түрлерін, мазмұнын, мөлшерлері мен талаптарын көрсетудің тәртібін айқындайды.

1.3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) және Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына және бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауаптылығының халықаралық тәжірибесіне сәйкес әзірленді.

1.4. Әлеуметтік қолдау Жұмыскерлерді қосымша материалдық ынталандыру, Жұмыскерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы және тартымды жағдайлар жасау, жоғары білікті мамандарды ұстау және тарту, сондай-ақ тиімді әлеуметтік-еңбек қатынастарын жолға қою мақсатында көрсетіледі.

1.5. Әлеуметтік пакет (түрлері мен мөлшерлері) осы Қағидаларға сәйкес Кәсіподақ немесе өзге де уәкілетті өкіл атынан Жұмыс беруші мен Жұмыскерлер арасында жасалған Ұжымдық шартпен айқындалады. Кәсіподақ болмаған жағдайда Әлеуметтік пакетті (түрлері мен мөлшерлері) Жұмыс беруші Жұмыскердің уәкілетті өкілдерінің келісімімен бекітеді.

1.6. Әлеуметтік қолдау Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне мыналарды:

1) материалдық көмекті;

2) әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақыны;

3) әлеуметтік кепілдікті қамтитын Әлеуметтік пакет беру түрінде көрсетіледі.

1.7. Әлеуметтік пакетке кіретін материалдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақының, әлеуметтік кепілдіктің түрлері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен;

2) салалық келісімдермен;

3) осы Қағидалармен;

4) Ұжымдық шартпен айқындалады.

1.8. Әлеуметтік пакеттің түрлері.

1.8.1. Әлеуметтік пакет мынадай түрлерден тұрады:

1) Кепілдік берілген әлеуметтік пакет;

2) Қосымша әлеуметтік пакет.

1.8.2. Кепілдік берілген әлеуметтік пакетке ҚР заңнамасымен белгіленген материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы, әлеуметтік кепілдіктер кіреді.

1.8.3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдік берілген Әлеуметтік пакет.

1) Әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы:

- еңбек жұмысына байланысты жазатайым оқиға, кәсіби ауру, мүгедектік белгілеу нәтижесінде еңбек қабілетін жоғалтқан жұмыскермен еңбек шартын белгіленген тәртіппен бұзу кезіндегі төлем;

- Жұмыскердің Жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысу жағдайына байланысты өтемақы төлемдері;

- жұмысты жоғалтуға байланысты өтемақы төлемдері (Жұмыскердің санын немесе штатты қысқарту және Жұмыс беруші-заңды тұлғаны тарату кезінде);

- еңбек қабілетін уақытша жоғалтуы бойынша АЕК-нің 15 еселенген шамасы шегінде әлеуметтік жәрдемақы.

- Жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелген өндіріс ауқымы, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ауқымы төмендеген жағдайда жұмыстан айырылуына байланысты өтемақы төлемдері.

2) Әлеуметтік кепілдіктер:

Жұмыскерлерді оқыту, дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру;

1.8.4. Жұмыс беруші міндетті түрдеұсынатын әлеуметтік пакет.

1) Материалдық көмек:

- ақы төленетін жылдық ембек демалысын беру кезінде сауықтыру үшін;

- бала тууына /асырап алуына/ байланысты;

- Жұмыскердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты.

2) Әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы:

- жүктілігі мен тууы бойынша әлеуметтік төлемдер (мемлекеттің қамтамасыз етуін шегергенде);

- 1,5 жасқа жеткенге дейінгі баланы күту бойынша демалыста жүрген Жұмыскерлерге ай сайынғы төлем;

- жалпы еңбек қабілетін жоғалтуға, мүгедектік белгіленуіне байланысты басқа жұмысқа ауысуға мүмкіндік болмаған жағдайдағы еңбек шартын бұзу кезіндегі өтемақы;

- Жұмыскердің қайтыс болуына байланысты жерлеуді ұйымдастыруға біржолғы төлем;

- өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қаза тапқан Жұмыскердің отбасына біржолғы төлем;

3) Әлеуметтік кепілдіктер:

- Жұмыскерлерді және олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыру;

- Қазақстан шегіндегі сауықтыру лагерлерінде Жұмыскерлердің 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларының демалысын ұйымдастыру.

1.8.5. Әлеуметтік қолдаудың ұйым кепілдік берген түрлері Ұжымдық шартқа және осы Қағидаларға сәйкес беріледі.

1.8.6. Қосымша әлеуметтік пакет Ұжымдық шартпен айқындалған ұйымның әлеуметтік қолдауының түрлеріне қосымша материалдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақының, әлеуметтік кепілдіктің өзге де түрлерін қамтиды.
2. Қолдану саласы.

2.1. Осы Қағида ұйымның жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен талаптарын регламенттейді.

2.2. Ұжымдық шартпен ұйымның Жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерін Әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары көзделуі мүмкін.
3. Негізгі ұғымдар.

3.1. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:



Ұйым

- мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы кәсіпорындары мен ұйымдары;

Жұмыскер

- еңбек шарты бойынша жұмыстарды орындайтын, жұмыс берушімен еңбек қатынастары жасалған жеке тұлға;

Жұмыс беруші

- Жұмыскерлермен еңбек қатынастары жасалған жеке немесе заңды тұлға;

Әлеуметтік қолдау

- материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы, әлеуметтік кепілдік түріндегі әлеуметтік пакет;

Ұжымдық шарт

- Жұмыскерлердің атынан оның өкілі және жұмыс беруші арасында жасалатын, ұйымның әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт;

Жұмыскерлердің отбасы мүшелері

- Жұмыскердің жұбайының ата-анасын есепке алмағанда, Жұмыскердің жұбайы (ері/әйелі), балалары (оның ішінде, асырап алған балалары), ата-анасы ;

Кепілдік берілген

әлеуметтік пакет

- әлеуметтік пакеттің Жұмыс беруші міндетті түрде беруге тиіс түрі;

Қосымша

әлеуметтік пакет

- Жұмыс беруші беруді ұйымның қаржы мүмкіндігіне қарай жүзеге асыратын әлеуметтік пакет түрі;

Материалдық көмек

- әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақыны және әлеуметтік кепілдікті қоспағанда, Жұмыс берушінің Жұмыскерге қайтарымсыз біржолғы ақшалай төлемі;

Әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы

- Жұмыс берушінің Жұмыскерге немесе оның отбасы мүшелеріне кірісті жоғалту қатерінің туындауына байланысты қайтарымсыз ақшалай төлемі;

Әлеуметтік кепілдіктер

- аса маңызды әлеуметтік-экономикалық құқықтарды іске асыру үшін Жұмыс беруші тарапынан Жұмыскер мен оның отбасы мүшелері қамтамасыз етілетін игіліктер жиынтығы;

Тарифтік мөлшерлеме

- бірлік уақыты ішінде белгілі бір күрделі (білікті) еңбек нормасын (еңбек міндеттемелерін) орындағаны үшін Жұмыскердің тіркелген еңбекақы мөлшері;

Айлық есептік көрсеткіш

- тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін Қазақстан Республикасында қолданылатын көрсеткіш.

3.2. Қолданылатын, бірақ осы Қағидаларда айқындалмаған терминдер, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұйымның ішкі құжаттарында пайдаланылатын мағынада қолданылады.


4. Жауаптылық.

4.1. Ұйым:

1) Жұмыскерлерді және олардың отбасы мүшелерін Әлеуметтік қолдаудың бірыңғай саясатын қалыптастыруға;

2) Кепілдік берілген әлеуметтік пакетке кіретін материалдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақының, әлеуметтік кепілдіктің түрлерін айқындауға жауап береді.

4.2. Жұмыскерлердің өкілдері (кәсіподақтар):

- осы Қағидаларға сәйкес Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау жөніндегі ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге белгіленген тәртіппен бастама жасауға жауап береді.


5. Процесті сипаттау.

5.1. Кепілдік берілген әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету талаптары.

5.1.1. Жұмыс беруші Кепілдік берілген әлеуметтік пакетке кіретін материалдық көмекті, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақыны, әлеуметтік кепілдіктерді Ұжымдық шартта белгіленген, осы Қағидаларда ұсынылатын деңгейден төмен емес мөлшерде қамтамасыз етеді.

5.1.2. Ұйымның қаржылық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, Кепілдік берілген әлеуметтік пакетке кіретін материалдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақының, әлеуметтік кепілдіктердің мөлшерлері Жұмыскердің өкілімен (кәсіподақпен) келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.

5.2. Қосымша әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету талаптары.

5.2.1. Ұйым Қосымша әлеуметтік пакетті қалыптастыруды Кепілдік берілген әлеуметтік пакетті қамтамасыз етуге қаражаты жеткілікті кезде ғана қарастыруға құқылы.

5.2.2. Қосымша әлеуметтік пакетке кіретін материалдық көмектің, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақының, әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен мөлшерлерінің тізбесі Ұжымдық шартпен немесе Жұмыскерлер өкілдерінің (кәсіподақтың) келісімімен айқындалады.

5.2.3. Қосымша әлеуметтік пакетпен жұмыс істемейтін зейнеткерлерді Әлеуметтік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.

5.3. Әлеуметтік қолдау мен қаржыландыруды алушылар туралы шешім қабылдау.

5.3.1. Материалдық көмекті, әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақыны, әлеуметтік кепілдіктерді тиісінше алушыларды айқындауды және оларға төлем жасауды Жұмыс беруші жүзеге асырады.

5.3.2. Жұмыс берушінің шешіміне не Ұжымдық шартқа сәйкес Кәсіподаққа:

1) әлеуметтік кепілдік алушының кандидатурасын ұсыну (келісу);

- Қазақстан шегіндегі сауықтыру лагерлерінде Жұмыскерлердің 7-ден 16 жасқа дейінгі балаларының демалысын ұйымдастыру;

- Жұмыскерлердің санаториялық-курорттық емделуін ұйымдастыру;

- тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу құқығы беріледі.

2) әлеуметтік кепілдіктер мен қаржыландыруды тиісінше алушыларды айқындау:

- санаториялық-курорттық емдеу;

- Қазақстан шегіндегі сауықтыру лагерлерінде Жұмыскерлердің 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларының демалысын ұйымдастыру;

- жұмыс істемейтін зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау.

- мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;

- спорттық іс-шараларды ұйымдастыру құқығы беріледі.

5.3.3. Кәсіподаққа 5.З.2-тармақпен айқындалған құқық берілген жағдайда Жұмыс беруші қажетті қаражатты Кәсіподақтың есеп айырысу шотына Ұжымдық шартта белгіленген мерзімде аударады.

5.4. Ұйымның Әлеуметтік пакетке арналған шығыстарын айқындау тәртібі.

5.4.1. Ұйымның Әлеуметтік пакетке арналған шығыстары оны әзірлеу, келісу, бекіту, түзету және мониторинг жасау Қағидаларына сәйкес әзірленген тиісті кезеңдегі бизнес-жоспарда жоспарланады..

5.5. Жұмыс берушінің (ұйымның) құқығы.

Жұмыс беруші (ұйым):

- осы Қағидаларға сәйкес, Кепілдік берілген әлеуметтік пакет ұсынудың тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттарды белгіленген тәртіппен бекітуге;

- Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне Кепілдік берілген және Қосымша әлеуметтік пакеттер бойынша Әлеуметтік қолдау көрсету үшін бюджетте қаражат жоспарлауға;

- ұйым жұмысының қаржылық нәтижелерін өзгерту кезінде шығыстардың тиісті баптары бойынша бюджетті түзетуге;

- оқиға болған (Жұмыскерден өтініш алған) кезде бекітілген бюджет шеңберінде, оның ішінде Кәсіподақтың шешімі негізінде Әлеуметтік қолдаудың тиісті түрін көрсету туралы шешім қабылдауға;

- Өзінің жарғылық жұмысын іске асыратын Кәсіподаққа Әлеуметтік қолдау мақсатында демеушілік және/немесе қайырымдылық көмекті белгіленген тәртіппен көрсетуге құқылы.
6. Процестің нәтижелілік өлшемдері.

Жұмыс берушінің (ұйымның) Әлеуметтік пакет (материалдық көмек, әлеуметтік жеңілдіктер мен өтемақылар, әлеуметтік кепілдіктер) ұсынудың тәртібі мен талаптарын осы Қағидаларға сәйкес сақтауы.


7. Құқықтық база және нормативтік құжаттарға сілтемелер.

2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 – V ҚРЗ

ҚР Еңбек Кодексі;

2014 жылғы 27 мусымдағы № 211 - V ҚРЗ

«Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы;

2015 жылғы 29 қазандағы №375- V ҚРЗ

2015 жылғы 16 қарашадағы № 405- V ҚРЗ



ҚР Кәсіпкерлік кодексі

Әлеуметтік жауаптылық.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы;


Конвенциялар

Жұмыс берушінің мыналар бойынша актілері:



ХЕҰ, ЭЫДҰ

- бизнес-жоспарлау;

- материалдық көмек және сауықтыру;

- бала тууына /асырап алуына/ байланысты материалдық көмек;

- Жұмыскердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты материалдық көмек;

- жүктілігі мен тууы бойынша әлеуметтік төлем (мемлекеттің қамтамасыз ететінін шегергенде);

- 1,5 жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы Жұмыскерлерге ай сайынғы төлемдер;

- еңбек қабілетін жалпы жоғалтуына, мүгедектік алуына байланысты басқа жұмысқа ауысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда еңбек шартын бұзу кезіндегі өтемақы;

- Жұмыскердің қайтыс болуына байланысты жерлеуді ұйымдастыруға арналған біржолғы төлем;

- еңбек жұмысына байланысты қаза тапқан жұмыскердің отбасына біржолғы төлем;

- Жұмыскерлердің және олардың отбасы мүшелерінің ауруы жағдайында міндетті және ерікті медициналық сақтандыру;

- Қазақстан шегіндегі сауықтыру лагерлерінде Жұмыскерлердің 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларының демалысын ұйымдастыру.




8. «Сауықтыруға арналған материалдық көмекті» ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- материалдық көмек.

Материалдық көмек беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Материалдық көмектің ең төменгі нормасы:

- материалдық көмектің сомасын жұмыс беруші белгілейді.

Материалдық көмек көрсетуге қойылатын талап:

- материалдық көмек көрсету туралы өтініш;

- жұмыскерге ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде;

- қаржы жылында бір рет;

- ұйымда бір жыл жұмыс істегеннен кейін.

Материалдық көмек көрсету жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- өтінішті Бірінші басшының атына беру;

- материалдық көмек төлей отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығару;

- жұмыскерге материалдық көмекті аудару.

Материалдық көмек көрсететін тұлға:

- жұмыс беруші.

Материалдық көмек алушы:

- жұмыскер.

Материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздері:

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Материалдық көмек көрсетуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.
9. «Бала тууына /асырап алуына/ байланысты материалдық көмекті» ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- материалдық көмек.

Материалдық көмек беру мақсаты:

- жұмыскер мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау.

Материалдық көмектің ең төменгі нормасы:

- материалдық көмектің сомасын жұмыс беруші белгілейді. (бала туған/асырап алған датада).

Материалдық көмек көрсетуге қойылатын талап:

- баланың туу туралы куәлігінің/бала асырап алғанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса берілген қызметкердің материалдық көмек көрсету туралы өтініші;

- егер ата-ананың екеуі де компанияның жұмыскері болса, көмек олардың біреуіне ғана көрсетіледі;

- жұмыскердің баланы туған /асырап алған/ күннен бастап алты ай ішінде матераилдық көмек көрсету туралы өтініш беруі.

Материалдық көмек көрсету жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- бірінші басшының атына өтініш;

- талап етілетін құжаттардың көшірмесін беру;

- материалдық көмек төлеу туралы бұйрық;

- жұмыскерге материалдық көмекті аудару.

Материалдық көмек көрсететін тұлға:

- жұмыс беруші.

Материалдық көмек алушы:

- жұмыскер.

Материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздері:

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Материалдық көмек көрсетуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.
10. «Жұмыскердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты материалдық көмекті » ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- материалдық көмек.

Материалдық көмек беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Материалдық көмектің ең төменгі нормасы:

- материалдық көмектің сомасын жұмыс беруші белгілейді. (қайтыс болу датасына).

Материалдық көмек көрсетуге қойылатын талап:

- Жұмыскердің материалдық көмек төлеу туралы өтініші;

- Жұмыскердің жұбайының ата-анасын есепке алмағанда, Жұмыскердің жұбайы (ері/әйелі), балалары (оның ішінде, асырап алған балалары), ата-анасы отбасы мүшелері деп есептеледі;

- отбасы мүшелерінің қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі;

- егер отбасы мүшелері компанияның екі немесе бірнеше жұмыскерінің жақын туыстары болса, көмек олардың біреуіне ғана;

Материалдық көмек көрсету жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- бірінші басшының атына өтініш беру;

- талап етілетін құжаттардың көшірмесін беру;

- материалдық көмек төлеу туралы бұйрық;

- Жұмыскерге материалдық көмекті аудару.

Материалдық көмек көрсететін тұлға:

- жұмыс беруші.

Материалдық көмек алушы:

- жұмыскер.

Материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздері:

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Материалдық көмек көрсетуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.


11. «Жүктілігі мен тууына, жаңа туған нәрестені (жаңа туған сәбиді) асырап алуына байланысты біржолғы төлемді» ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы.

Әлеуметтік жәрдемақы беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Материалдық көмек нормасы:

Мемлекет төлейтін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, орташа жалақысын сақтай отырып, демалыс ақысын төлеу.

Біржолғы төлемді ресімдеуге қойылатын талаптар:

- жұмыскердің біржолғы төлемді төлеу туралы өтініші;

- Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жүктілігі мен тууына, жаңа туған нәрестені (жаңа туған сәбиді) асырап алуына байланысты кірісті жоғалтқан жағдайда тиісті уәкілетті органның әлеуметтік төлем есептеуді растайтын құжаты;

- жүктілігі мен тууына, жаңа туған нәрестені (жаңа туған сәбиді) асырап алуына байланысты еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтқанын растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген еңбекке қабілетсіздік парағының (парақтарының) көшірмесі;

Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- бірінші басшының атына өтініш беру;

- талап етілетін құжаттарды ұсыну;

- біржолғы төлемді төлеу туралы бұйрық шығару;

- жұмыскерге әлеуметтік жәрдемақыны төлеу.

Әлеуметтік жәрдемақы төлейтін тұлға:

- жұмыс беруші.

Әлеуметтік жәрдемақы алушы:

- жұмыскер.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеудің құқықтық негіздері:

- ҚР Еңбек кодексі;

- «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңы;

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.
12. «1,5 жасқа толғанға дейінгі баланы күту бойынша демалыста жүрген жұмыскерлерге ай сайынғы төлемді» ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік жәрдемақы.

Әлеуметтік жәрдемақы беру мақсаты:

- жұмыскерді және отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау.

Әлеуметтік жәрдемақының ең төменгі нормасы:

- әлеуметтік жәрдемақы сомасын жұмыс беруші белгілейді.

Әлеуметтік жәрдемақы көрсетуге қойылатын талаптар:

- жұмыскердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс ресміделген күннен бастап әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы өтініші;

- бала туу туралы куәліктің көшірмесі;

- бала 1,5 жасқа толғанға дейін;

- ай сайын.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- бірінші басшының атына өтініш беру;

- бала 1,5 жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан жұмыскерге ай сайын әлеуметтік жәрдемақыны аудару;

Екі және одан көп бала туылған жағдайда төлем әр балаға төленеді.

Әлеуметтік жәрдемақы беретін тұлға:

- жұмыс беруші.

Әлеуметтік жәрдемақы алушы:

- жұмыскер.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеудің құқықтық негіздері:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.


13. «Жалпы еңбек қабілетін жоғалтуға, мүгедектік белгіленуіне байланысты басқа жұмысқа ауысуға мүмкіндік болмаған жағдайдағы еңбек шартын бұзу кезіндегі өтемақыны» ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы.

Әлеуметтік пакет беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Өтемақының ең төменгі нормасы:

- өтемақы сомасын жұмыс беруші белгілейді

Өтемақы төлеуге қойылатын талаптар:

- өтемақы төлеу туралы өтініш;

- еңбекке қабілетін жоғалтуының медициналық-әлеуметтік сараптамасының (медициналық қорытынды) көшірмесі;

- мүгедектік белгілеу туралы анықтаманың көшірмесі;

- еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың көшірмесі.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- бірінші басшының атына өтініш беру;

- талап етілетін құжаттардың көшірмесін ұсыну;

- жәрдемақы төлеу туралы бұйрық шығару;

- жұмыскерге әлеуметтік жәрдемақыны аудару;

Өтемақы төлейтін тұлға:

- жұмыс беруші.

Өтемақы алушы:

- жұмыскер.

Өтемақы төлеудің құқықтық негіздері:

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Өтемақы төлеуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.


14. «Жұмыскердің қайтыс болуына байланысты отбасының бір мүшесіне жерлеуді ұйымдастыруға немесе ондай болмаған жағдайда жерлеуді ұйымдастыруды өз мойнына алған адамға төленетін біржолғы төлемді» ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы.

Әлеуметтік пакет беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Әлеуметтік жәрдемақының ең төменгі нормасы:

- әлеуметтік жәрдемақы сомасын жұмыс беруші белгілейді.

Әлеуметтік жәрдемақы көрсетуге қойылатын талаптар:

- отбасы мүшесінің әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы өтініші;

- жұбайы/зайыбы, балалары, ата-аналары немесе ондай болмаған жағдайда, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған адам;

- өлім туралы куәліктің көшірмесі;

- отбасы мүшесінің немесе ондай адам болмаса, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

- отбасы мүшесінің немесе ондай адам болмаса, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған тұлғаның ЖСН, карточка шоты көрсетілген банктік карточкасының көшірмесі. Банктік карточкасы болмаған жағдайда, біржолғы төлем ұйымның кассасынан төленеді.

Біржолғы төлемді ресімдеу және аудару бойынша негізгі іс-қимылдар:

- бірінші басшының атына өтініш беру;

- талап етілетін құжаттардың көшірмесін ұсыну;

- жұмыскерге әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы бұйрық шығару;

- біржолғы төлемді отбасы мүшесінің немесе ондай адам болмаса, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған тұлғаның банктік картасына аудару немесе ұйымның кассасы арқылы беру.

Өтемақы төлейтін тұлға:

- жұмыс беруші.

Өтемақы алушы:

- отбасы мүшесі немесе ондай адам болмаса, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған тұлға.

Өтемақы төлеудің құқықтық негіздері:

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Өтемақы төлеуден бас тарту негізі:

- құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.
15. «Еңбек міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жұмыскердің отбасына біржолғы төлем» жасауға қойылатын талаптар».

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы.

Әлеуметтік пакет беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Біржолғы төлемнің ең төменгі нормасы:

- әлеуметтік жәрдемақы сомасын жұмыс беруші белгілейді (қайтыс болу датасында).

Әлеуметтік жәрдемақы көрсетуге қойылатын талаптар:

- отбасы мүшесінің біржолғы төлемді төлеу туралы өтініші;

- жұбайы/зайыбы, балалары, ата-аналары отбасы мүшесі болып табылады;

- өлім туралы куәліктің көшірмесі;

- отбасы мүшесінің жеке куәлігінің көшірмесі;

- отбасы мүшесінің банктік шотының немесе карточкасының көшірмесі. Банктік карточкасы немесе банктік шоты болмаған жағдайда, біржолғы төлем ұйымның кассасынан төленеді.

Өтемақы төлеу жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- бірінші басшының атына өтініш беру;

- талап етілетін құжаттардың көшірмесін ұсыну;

- біржолғы төлемді төлеу туралы бұйрық шығару;

- жұмыскерге әлеуметтік жәрдемақы төлеу.

Өтемақы төлейтін тұлға:

- жұмыс беруші.

Өтемақы алушы:



  • отбасы мүшесі.

Өтемақы төлеудің құқықтық негіздері:

  • Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

  • Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі.

Өтемақы төлеуден бас тарту негізі:

  • құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

  • аталған талаптардың бірінің болмауы.


16. «Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыру» деген әлеуметтік кепілдікті ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакет түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік кепілдік.

Әлеуметтік кепілдік беру мақсаты:

- жұмыскерді және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау.

Әлеуметтік кепілдікке қойылатын талаптар:

- жұмыскердің отбасы мүшелерін куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

- еңбек шарты қолданылатын кезеңде, бір қаржылық жыл ішінде;

- жұмыскермен еңбек шартын бұзғанға дейін;

- Қосымшаға сәйкес осы талаптардың нормаларын сақтау.

Әлеуметтік кепілдік беру жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- отбасы мүшелерін растайтын құжаттар;

- жұмыс көрсетуді сатып алу жөніндегі рәсімдер;

- жұмыс көрсету туралы шарт жасасу;

- сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйақысын аудару;

- жұмыскер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған сақтандыру карточкалары.

Әлеуметтік кепілдік беретін тұлға:

- жұмыс беруші.

Өтемақы алушы:

- жұмыскер;

- жұмыскердің отбасы мүшелері.

Әлеуметтік кепілдік берудің құқықтық негіздері:


  • Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

  • Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидасы;

  • Сақтандыру шарты.

Әлеуметтік кепілдік беруден бас тарту негізі:

  • құжаттардың уақытында ұсынылмауы;

  • аталған талаптардың бірінің болмауы.


17. «Жұмыскерлердің балаларының ҚР шеңберіндегі балаларды сауықтыру лагерлеріндегі демалысы» деген әлеуметтік кепілдікті ұсынуға қойылатын талаптар.

Әлеуметтік пакеттің түрлері:

- кепілдік берілген;

- әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы.

Әлеуметтік пакетті беру мақсаты:

- жұмыскерді әлеуметтік қолдау.

Әлеуметтік жәрдемақының ең төменгі нормасы:

-бір балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақы төлемінің сомасын жұмыс беруші белгілейді. .

Әлеуметтік кепілдік беруге қойылатын талаптар:

- балалардың жасы 7-ден 16-ға дейін (қоса алғанда);

- баланың ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

- жұмыскердің балаларының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

- медициналық анықтама;

- қаржы жылында бір рет;

- кәсіподақтың ұсынымы.

Қызметкердің балаларының демалысына берілетін жолдама санын Жұмыс беруші кәсіпорынның қаржылық жағдайына қарай белгілейді.

Әлеуметтік кепілдік беру жөніндегі негізгі іс-қимыл:

- аталған құжаттардың көшірмесін ұсыну;

- жұмыс көрсетулерді сатып алу жөніндегі рәсімдер;

- жұмыс көрсету туралы шарт жасасу;

- балаларды лагерге жіберу.

Өтемақы төлеуді ұсынатын тұлға:

- жұмыс беруші.

Өтемақы алушы:

- жұмыскердің балалары.

Өтемақы төлеудің құқықтық негіздері:

- Ұжымдық шарт (болған жағдайда);

- Жұмыс берушінің «Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы» деген актісі».

- Жұмыс көрсету туралы шарт.

Өтемақы төлеуден бас тарту негізі:

- талап етілген құжаттарды уақтылы ұсынбау;

- аталған талаптардың бірінің болмауы.




жүктеу 287,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау