Министр по инвестициям и развитию республики казахстан



жүктеу 2,76 Mb.
бет1/5
Дата14.11.2018
өлшемі2,76 Mb.
#19820
  1   2   3   4   5




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ

МИНИСТРІ



МИНИСТР

ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

___________________________ №_______________________

Астана қаласы город Астана


Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 90-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) мерзімді геологиялық есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы түпкілікті есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 мамырда І 11028 болып тіркелген. Жарияланған ақпарат көзі: «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 431 күші жойылған бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9099 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 ақпанда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

______________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы «__» ______________

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандары
1. Мерзімді геологиялық есеп өткен жылғы геологиялық зерттеулер нәтижелері туралы жинақталған ақпаратты қамтиды. Мерзімді геологиялық есеп ақпараттық жазба және ақпараттық жазбаны суреттейтін графикалық қосымшалар түрінде ұсынылады. Мерзімді геологиялық есепті ақпаратпен толықтыру келісімшарттық аумақты зерттеу сатысына байланысты.

2. Жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы түпкілікті есеп жер қойнауын пайдалану объектілері жойылған және/немесе консервацияланған соң барлық келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін ұсынылады.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2018 жылғы ___ мамырдағы № ___ бұйрығымен

бекітілген

1-қосымша




  1. Мерзімді геологиялық есеп нысаны






Жұмыстардың атауы

Толық сипаттамасы

1

2

3

1.

Пайдалы қазбаларды өңірлік геологиялық зерттеулер және геологиялық түсірілім жұмыстары – мынадай ақпарат ұсынылады:

  1. әкімшілік орны;

  1. келісімшарттық аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы;

  1. өңірлік зерттеулер әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі;

  1. жұмыстардың негізгі нәтижелері: жер қойнауын пайдаланушы анықтаған кен көріністерінің, анықталған перспективалы құрылымдардың және минералдану нүктелерінің сипаттамасы: географиялық координаттары, геометриялық параметрлері - жоспардағы өлшемдері;

  1. анықталған перспективалы құрылымдардың және минералдану нүктелерінің, жерүсті және ұңғымалық мұнай-газ көріністерінің, табиғи резервуарлардың, деңгейжиектердің геологиялық сипаттамасы: жатқан тереңдігі, олардың стратиграфиялық байланысы; пайдалы қазбалардың ресурстарын болжамды бағалау, анықталған кенденудің сипаттамасы (пайдалы және ілеспе құрамбөліктер, олардың құрамы, одан әрі зерттеу перспективасы);

6) Өңірлік зерттеулер жөніндегі жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық қосымшалар қоса беріледі: келісімшарттық аумақтың өңірлік масштабтағы геологиялық картасы; карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетілген, перспективалы құрылымдар, учаскелер, кен көріністері бойынша нақты масштабтағы геологиялық қиынды карталар; негізгі реперлік беттер бойынша құрылымдық карталар; анықталған перспективалы құрылымдар бойынша қималар; сипатқа тән қиылыстар бойынша уақытша және тереңдегі қималар.

2

Пайдалы қазбаларды іздеу – мынадай ақпарат ұсынылады:

  1. анықталған кенденудің топографиялық және минералогиялық сипаттамасы;

  1. іздейтін зерттеулердің әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі;

  1. жұмыстардың негізгі нәтижелері: кен денесінің параметрлері, оның өлшемдері;

перспективалы құрылымның тереңдегі құрылысының ерекшеліктері;

  1. көмірсутек кенжатынының параметрлері;

  1. іздеу немесе параметрлік ұңғымалардағы ағынды сынамалау нәтижелерінің деректері;

  1. пайдалы қазбаның болжамды ресурстарының бағасы, пайдалы қазбаның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды.

  1. іздеу жұмыстары кезінде жылдық есептің мәтінінде мыналар беріледі: жер қойнауын пайдаланушы анықтаған кен көріністерінің және минералдану нүктелерінің сипаттамасы:

географиялық координаттар, жоспардағы өлшемдері, геологиялық сипаттамасы, анықталған кенденудің сипаттамасы (пайдалы құрамбөліктер және олардың құрамы, одан әрі зерттеу перспективасы); пайдалы қазбаның болжамды ресурстарының бағасы,

қосымшалар: келісімшарттық аумақтың өңірлік масштабтағы геологиялық картасы; карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетілген, перспективалы құрылымдар, учаскелер, кен көріністері бойынша нақты масштабтағы геологиялық қиынды карталар; құрылымдық карталар, геологиялық қималар.



3.

Пайдалы қазбаларды бағалау – мынадай ақпарат ұсынылады:


  1. перспективалы учаскенің, кен көрінісінің, құрылымның географиялық-экономикалық жағдайы;

  1. бағалайтын зерттеулердің әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі;

  1. жұмыстардың негізгі нәтижелері: анықталған кен объектісінің геологиялық құрылысының сипаттамасы, кенденудің заттық құрамы;

  1. кен денелерінің параметрлері, пайдалы құрамбөліктердің мөлшері, өнеркәсіптік қорлар және болжамды ресурстар, кен орнын игерудің рентабельдігі туралы мәліметтер; болжамды ресурстарды бағалау, олардың геологиялық-экономикалық сипаттамасы;

  1. мұнай мен газдың болуына арналған жұмыстар кезінде мыналар көрсетіледі: анықталған және терең бұрғылауға дайындалған өнімді құрылымдардың, белгіленген мұнай-газ көріністерінің және битум мен кирлерді қоса алғанда, көмірсутек белгілерінің атауы;

  1. көрінген негізгі қабаттар бойынша құрылымдық карталар, коллекторлардың қасиеттері бойынша деректер, іздеу және параметрлік ұңғымаларды ағынға сынамалау және бұрғылау нәтижелері, олардың көлемі, С 2 санаттары бойынша қорларды есептеу;

  1. іздеу және параметрлік ұңғымаларды ағынға сынамалау нәтижелері, ұңғымамен ашылған литологиялық-стратиграфиялық қима, ұңғыманың құрылысы, коллектордағы мұнайдың, газдың, судың мөлшері, ұңғыманың қысқаша өткізгіші, кедергілер және келісімшартта ескерілген басқа да мәліметтер.







  1. жылдық есептің мәтінінде мыналар беріледі: жер қойнауын пайдаланушы анықтаған кен көріністерінің және минералдану нүктелерінің сипаттамасы:

географиялық координаттар, жоспардағы өлшемдері және тереңде таралуы, геологиялық сипаттамасы, анықталған кенденудің сипаттамасы (пайдалы құрамбөліктер және олардың құрамы, одан әрі зерттеу перспективасы); С 2 санаттары бойынша қорларды есептеу және пайдалы қазбаның болжамды ресурстарының бағасы; қосымшаларға мыналар енеді: келісімшарттық аумақтың өңірлік масштабтағы геологиялық картасы; карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетілген, перспективалы құрылымдар, учаскелер, кен көріністері бойынша нақты масштабтағы геологиялық қиынды карталар; құрылымдық карталар, геологиялық қималар.

жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау