Кәсіпорын құқылы:
Жұмыс орындарында тиімді еңбек жағдайын жасау және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде пайдалы ұсыныстар бергені үшін жұмыскерлерді марапаттауға.
Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі талаптарды бұзған жұмыскерлерді Еңбек кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстан босатуға және тәртіпке шақыруға.
Жұмыскерлер құқығына кепілдік.
Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайы мемлекеттік стандарттардың талаптарына, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау ережелеріне сай болуы тиіс.
Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтатылған уақытта жұмыскердің жұмыс орны (қызметі) және орта мөлшердегі жалақысы сақталады.
Өз өмірі мен денсаулығына немесе айналасындағы адамдарға тікелей қауіп төнген жағдайда жұмыскер жұмыс істеуден бас тартса, оны тәртіпке шақыруға және/немесе материалды жауапкершілікке тартуға жол берілмейді.
Кәсіпорын тарапынан жұмыс жағдайына қойылатын нормативтік талаптар дөрекі түрде бұзылғанда, еңбек пен демалыстың белгіленген режимі, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары бұзылғанда, жұмыскердің тиісті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеуі салдарынан оның жұмысқа қабілеттілігіне (денсаулығына) шынайы қатер туындаған жағдайда, соңғысы анықталған бұзылыстарды жою жөнінде шара қолданылғанға дейін жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. Ал Кәсіпорын жұмыскердің орта есептік жалақысы мөлшерінде осыған байланысты туындаған зиянды өтеуге міндетті.
Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына жұмыс барысында зиян келтірілсе, ол шеккен өндірістік залалдың өтемі Қазақстан Республикасы еңбек және азаматтық заңнамаларында қарастырылған тәртіптер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптар Кәсіподақтың еңбек жағдайының еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі жөніндегі кез- келген мемлекеттік сараптауға қатынасуға құқылы екендігін мойындайды. Сонымен қоса, ол жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігіне (денсаулығына) еңбек жағдайының әсерін анықтау мақсатында өзінің тәуелсіз сараптамасын жүргізе алады. Бұл үшін оның мамандандырылған ұйымдар мен қажетті мамандарды сырттан шақыруға құқы бар. Кәсіподақ өзі жүргізген тәуелсіз сараптама қорытындысын өз ұсыныстары көрсетілген қаулымен бірге Кәсіпорын әкімшілігіне өткізеді.
Әйелдер мен бала тәрбиелеуші басқа да тұлғалардың еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау.
Кәсіпорын жүкті әйелдер мен 3 (үш) жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді жұмыс уақыты жинақталып есептелетін, жұмыс ауысымының ұзақтығы 8 (сегіз) сағаттан асатын режимдегі жұмыстарға тартпауға міндетті.
Жүкті әйелдердің жұмыстан тыс уақытта медициналық тексеруден өтуі мүмкін болмаған жағдайда, Кәсіпорын олардың еңбекақысын сақтай отырып, осы мақсатта жұмыстан босатуға міндетті.
Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және/немесе қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда әйел еңбегін қолдануға тыйым салынады. Әйел еңбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр жүкті көтеруі мен жеткізуінің шектеулі нормаларын денсаулық сақтау саласындағы өкілетті мемлекеттік ұйымдармен келісе отырып, еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік ұйымдар анықтайды.
Кәсіпорын жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс, мереке күндеріндегі жұмысқа, жүктемеден тыс жұмысқа тартуға, іссапарға жөнелтуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыртып алуға құқылы емес.
Кәсіпорын
жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеуші басқа да тұлғаларды;
медициналық қорытынды негізінде мүгедек балалары немесе ауру отбасы мүшесі ұдайы күтімді қажетсінетін жағдайда, ауру отбасы мүшесін немесе мүгедек балаларын күтуші жұмыскерді жазбаша келісімсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, жүктемеден тыс жұмысқа, сондай-ақ вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға іссапармен жөнелтуге құқылы емес.
Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеуші әкелерге (асырап алушыларға) демалыс пен тамақтануға бөлінген үзілістер мен ауысымішілік және арнайы үзілістерден тыс баланы (балаларды) тамақтандыру үшін сиректігі әрбір үш сағат сайын төмендегідей ұзақтықтағы қосымша үзілістер беріледі:
бір балалыға - әрбір үзіліс отыз минуттан кем емес;
екі немесе одан көп балалыларға - әрбір үзіліс бір сағаттан кем емес.
Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыскер өтініші бойынша демалыс пен тамақтануға берілген үзіліске қосылады немесе үзіліс уақыттарының қосындысы жұмыс күнінің (ауысымның) басында не соңында өткізіледі.
Баланы (балаларды) тамақтандыруға жұмсалған үзілістер жұмыс уақытына кіреді. Үзіліс уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталады.
Кәсіпорын жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар әйелдің, үш жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеуші әкенің, асырап алушының, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес ауру отбасы мүшесін күтуші жұмыскердің жазбаша арызы бойынша оларға толық емес жұмыс күні режимін ұсынады.
Кәсіпорын әкімшілігі медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлардың залалы болмайтын басқа жұмысқа орташа жалақысын сақтай отырып ауыстыруға міндетті.
Әйелдерді еңбек пен ана болуды үйлестіруге мүмкіндік жасайтын жағдаймен қамтамасыз ету үшін Кәсіпорын:
14 жасқа дейінгі балалары (16 жасқа дейінгі мүгедек балалары) бар әйелдерді олардың жазбаша өтініші бойынша түнгі ауысым кезекшілігінен босатуды;
8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің жазбаша өтініші бойынша оларға жалақының сақталуынсыз айына 3 (үш) күнге дейін қосымша демалыс беруді
өз міндеттемесіне алады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру Кәсіпорын қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады
Кәсіпорын жұмыскерлерді шаруашылық жабдықтарымен, жуғыш заттармен және жеке қорғаныс құралдарымен дер кезінде қамтамасыз етеді. Жұмыскерлер бұл мақсатта шығын шекпейді.
Кәсіпорын Келісім-шарттың №2 және №4 Қосымшаларына сәйкес еңбек кепілдігі мен қорғанысын қамсыздандыру бойынша іс-шараларды өткізу үшін қалыптасқан тәртіп бойынша қаражат бөлінісін ұйымдастыруға міндетті.
ТАРАПТАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Осы Келісім-шарт орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталмағаны үшін Кәсіпорын, Кәсіподақ пен Кәсіпорын жұмыскерлері осы Келісімге және Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Еңбек келісімінің бір тарабын шығынға (зиян) ұшыратқан жағдайда екінші тарабы оны Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес сот шешімі негізінде, өз еркімен өтейді.
Кәсіпорынның материалдық жауапкершілігі.
Кәсіпорын жұмыскердің алдында төмендегілерге материалдық тұрғыдан жауапты:
жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы зиян келтіргені үшін.
Жұмыскердің басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы, жұмыскерді жұмыс орнына өткізбеу, еңбек келісімінің біржақты өзгертілуі, жұмыстан шығару, еңбек келісімін негізсіз бұзу жағдайларында Кәсіпорын жұмыскерге тиісті еңбекақысын және өзге де тиесілі төлемдерін өтеуге міндетті;
жұмыскер мүлкіне зиян келтіргені үшін.
Кәсіпорын жұмыскер мүлкіне зиян келтірген жағдайда жұмыскер арыз жазған мерзімнен бастап 30 (отыз) күннің ішінде шығынды толығымен өтеуге міндетті. Келтірілген шығынның көлемі мен оның өтелу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасына сәйкес сот жүзінде тараптардың келісімге келуі арқылы анықталады;
жұмыскердің өмірі мен/немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін.
Жұмыскер өмірі мен/немесе денсаулығына жұмыс барысында тигізілген залал үшін Кәсіпорын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мөлшерде шығынды өтеуге міндетті. Осы тармақта көрсетілген залал жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемі бар болған жағдайда Кәсіпорын сақтандыру сомасы мен шығынның нақты мөлшері арасындағы айырымды өтеуге міндетті. Жұмыскердің өмірі мен/немесе денсаулығына келтірілген зиян шығынын өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.
Тараптар жұмыскер денсаулығына жұмыс барысында зиян келтірілген жағдайда Кәсіпорынның заңдық күші бар заңнамаға сәйкес зардап шегушіге шығынын өтеуімен қоса, айлық есеп көрсеткішінің 20 (жиырма) өлшемі көлемінде бір реттік жәрдемақы төлейтіндігі туралы келісімге келді. Айлық есеп көрсеткішінің өлшемі тиісті қаржылық жылдың республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген. Еңбек жарақаты салдарынан бұрынғы жұмысын орындай алмайтын жағдайда Кәсіпорын зардап шегушінің келісімімен оны МСЭК қорытындысына сәйкес жаңа мамандыққа оқыту міндетін өз мойнына алады. Оқу мерзімінде зардап шегушіге оның еңбек жарақаты салдарынан алатын зейнетақысына қарамастан, бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақы төленеді. Оқу ақылы болған жағдайда, шығынды Кәсіпорын өтейді.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің материалдық жауапкершілігі.
Кәсіпорынның әрбір жұмыскері өзінің еңбек міндеттері мен Кәсіпорын алдындағы міндеттемелерінің орындалуы үшін дербес жауапкершілікке ие. Соның ішінде: өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын, Кәсіпорынның қызметтік, коммерциялық құпиялары мен өзге аса құпия ақпараттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша және басқа міндеттемелердің орындалуына жауапты.
Жұмыскер Кәсіпорын алдында төмендегілерге материалдық тұрғыдан жауапты:
кәсіпорын мүлкін шығынға ұшыратқаны немесе нұқсан келтіргені үшін;
жұмыскердің іс-әрекеті (бейқарекеті) нәтижесінде орын алған шығын үшін.
Жұмыскер Кәсіпорынға тигізген тікелей нақты зиянын өтеуге міндетті. Тікелей нақты зиян ретінде Кәсіпорынның ақшалай мүлкінің шынайы азаюы немесе көрсетілген мүлік жағдайының нашарлауы (соның ішінде, Кәсіпорын жауапкершілігіндегі үшінші тараптардың мүліктері), сонымен қоса Кәсіпорын үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару немесе мөлшерден артық қаражат жұмсау айтылады.
Жұмыскер Кәсіпорынға келтірген шығыны үшін тек зиян түсініксіз жағдайда орын алғанда немесе өте үлкен қажеттілік туындағанда ғана, сонымен қоса Кәсіпорын жұмыскерге тапсырылған мүліктің сақталуына тиісті жағдай жасамағанда ғана жауапкершіліктен босатылады.
Еңбек кодексі, еңбек келісімі мен осы Келісім-шарт бойынша басқа шара қарастырылмаған жағдайда, жұмыскер өзі келтірген зиян үшін орта есептегі еңбекақысы шеңберінде материалдық жауапқа тартылады.
Кәсіпорынға келтірген зияны үшін жұмыскер келесі жағдайларда толық көлемдегі материалдық жауапкершілікке тартылады:
жұмыскердің толық материалдық жауапкершілікті өзіне қабылдауы туралы жазбаша келісімі негізінде оған тапсырылған мүліктер мен басқа құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмегенде;
бір реттік құжат бойынша есепке берілген мүліктер мен басқа құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмегенде;
алкогольдік, нашақорлық немесе токсикоманиялық (олардың аналогтарымен) масаю жағдайында зиян келтіргенде;
өндірудегі материалдар, жартылай дайын өнімдер, бұйымдар (өнімдер), сонымен қоса Кәсіпорынның жұмыскерге қолданысқа берген құралдары, өлшеуіш құрылғылары, арнайы киім мен өзге заттары жетіспегенде, қасақана жойылғанда немесе қасақана бұзылғанда;
жұмыскердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан зиян келтірілгені Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен расталған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған өзге де жағдайларда.
Жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту зиянның себептері тексерілген соң, жұмыскер жазған жазбаша түсініктемені ескере отырып жүзеге асырылады.
Кәсіпорынға келтірілген зиян мөлшері материалдық құндылықтардың сатып алынған мерзіміне байланысты бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде, инфляция еселеуіштерін қолдана отырып анықталатын баланстық құн бойынша немесе олардың нарықтық құны бойынша айқындалады. Шығынды өтеу жұмыскердің Кәсіпорын алдындағы зиянды әрекеті (бейқарекеті) үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамастан жүзеге асырылады.
Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім Кәсіпорынның он сегіз жасқа толған әрбір жұмыскерімен арада бекітіледі.
Кәсіпорын мен Кәсіпорын жұмыскерлері осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасында белгіленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауапкершілікке ие.
ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР
Кәсіпорын тарапынан Кәсіпорын жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасының сәйкес міндетті саналатын өтемақылық, әлеуметтік сипаттағы барлық төлемдер жүзеге асырылады.
Кәсіпорын Еңбек кодексінде қарастырылған еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты және басқа әлеуметтік жәрдемақыларды жұмыскерлерге өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.
Келісімнің № 2 Қосымшасына сәйкес Кәсіпорынның зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлеріне үстемақы, қысқартылған жұмыс күні және қосымша еңбек демалысы тағайындалады.
Кәсіпорынның педагогикалық жұмыскерлеріне негізгі жұмыс орны бойынша тиісті дипломы болған жағдайда үстеме төлем белгіленеді:
философия докторы, (PhD) және сала бойынша доктор дәрежесіне ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде;
ғылым кандидаты дәрежесіне ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде және ғылым докторы дәрежесіне ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде. <Білім туралы заңның 52 бабы>
Кәсіпорын тарапынан Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде қарастырылған тәртіп бойынша, сонымен қоса келесі жағдайларда жұмыскерлерге материалдық көмек көрсетіледі:
1 бала туылғанда – 10 АЕК* мөлшерде; 2 бала туылғанда – 20 АЕК мөлшерде; 3 бала туылғанда – 30-дан 30 АЕК мөлшерде.
Ата-ананың екеуі де Кәсіпорын жұмыскері болған жағдайда материалдық көмек белгіленген мөлшерде олардың біреуіне көрсетіледі.
Некеге отыратын екі адам да Кәсіпорын жұмыскері болған жағдайда материалдық көмек белгіленген мөлшерде олардың біреуіне көрсетіледі.
жұмыскер немесе оның жақын туыстары сырқаты ұзақ уақытқа созылған жағдайда Кәсіпорын жұмыскерге дәрі-дәрмек сатып алу, денсаулығын түзеу үшін матералдық көмек көрсете алады. Материалдық көмек көлемі Унивесритеттің Тарификациялық кеңестің шешімімен белгіленеді.
зейнеткер жасына толғанда:
жұмыскер зейнеткер жасына толғанда Кәсіпорын бір айлық қызметтік төлемақы мөлшерінде, ал келісілген төлемақы белгіленген жұмысшыларға 60 АЕК мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төлеуге құқылы (жұмыскер Кәсіпорында жұмысын жалғастырмаған жағдайда).
мерейтойда (50 жас, 60 жас, 70 жас, 75 жас, 80 жас, 85 жас):
мерейтойда Кәсіпорын жұмыскердің бір айлық қызметтік төлемақы мөлшерінде, ал келісілген төлемақы белгіленген жұмысшыларға 30 АЕК мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төлеуге құқылы.
отбасы мүшелері қаза болғанда (зайыбы, балалары, ата-анасы):
Отбасының бірнеше мүшесі Кәсіпорында жұмыс істеген жағдайда материалдық көмек белгіленген мөлшерде олардың біреуіне көрсетіледі.
*АЕК – тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңмен белгіленетін айлық есепайырым көрсеткіші.
Материалдық көмек көрсету және оның нақты көлемі туралы шешімді Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жұмыскердің жазбаша өтініші мен оған қосымша берілген растама құжаттар негізінде қабылдайды.
Мерейтой және зейнеткерлік жасқа толу жағдайларында бір реттік жәрдемақы бөлу және оның көлемі туралы шешім жұмыскердің Кәсіпорында жұмыс істеу ұзақтығын, жұмыскердің жұмыс көрсеткіштерін және Кәсіпорынның қаржылық мүмкіншіліктерін ескере отырып қабылданады.
Кәсіпорын жұмыскерінің қаза болуына байланысты оның туыстарына көрсетілетін материалдық көмек туыстарының бірі жазған өтінішін негізге ала отырып, екі айлық қызметтік төлемақы мөлшерінде, ал келісілген төлемақы белгіленген жұмысшыларға 50 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
Қаржылық жағдайға байланысты Кәсіпорын жұмыскерлерге оқу ақысын төмендету тәртібімен жеңілдік ұсына алады:
Кәсіпорында оқитын Кәсіпорын жұмыскерлеріне;
Кәсіпорында оқитын Кәсіпорын жұмыскерлерінің балаларына.
Оқу ақысын төлеу бойынша жұмыскерге льгота беру туралы шешімді Кәсіпорын басшысы жұмыскердің материалдық жағдайын, отбасының жағдайын және басқа да мәнді факторларды ескере отырып қабылдайды.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асырады.
ҚОСЫЛУ ТӘРТІБІ
Кәсіподақ мүшесі Кәсіподақтың Жарғысын мойындайтын және мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін Кәсіпорынның кез келген жұмысшысы бола алады.
Кәсіподақ құрамына кіру және шығу алғашқы кәсіподақ мекемесіне жеке өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіподақ мүшесіне қабылдау жиналыста немесе кәсіподақ комитетінің шешімі шығарылғаннан күннен бастап тұлға Кәсподақ мүшесіне қабылданды деп есептеледі.
Кәсіподаққа кіргендер Кәсподақ комитеті алғашқы кәсподақ ұйымдарында Кісіподақ мүшелерін тіркеуге алады.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Жалпы ережелер.
Тараптар өздерінің осы Келісім-шартта көрініс тапқан мақсат-мүдделері осы Келісім бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда іске асырылады деген ортақ келісімге келді.
Тараптар осы Келісім-шартта өз күшінде болған кезеңде Кәсіпорын өз ережелерін орындаған жағдайда жұмыскерлер еңбек пен әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жаңа талаптарын алға тартпайды және Кәсіпорынға қысым көрсету құралы ретінде жұмысты тоқтатпайды (наразылық жарияламайды) деп өзара келісімге келді. Бұл міндеттеме бұзылған жағдайда Кәсіпорын оған қатысушыларға еңбек тәртібін бұзушыларға арналған шараларды қолдануға құқылы.
Тараптар осы Келісім-шарттың мәтіні оған қол қойылған күннен бастап 10 (он) күннің ішінде Кәсіпорын әкімшілігі арқылы Кәсіпорын жұмыскерлерінің назарына жеткізілуі тиіс деген келісімге келді.
Кәсіподақ Кәсіпорын жұмыскерлеріне осы Келісім ережелерін түсіндіру, олардың осы Келісімде негізделген құқықтарын ісе асыру міндетін өз мойнына алады.
Келісім-шартқа өзгерістер енгізу тәртібі.
Тараптар өз күшіндегі мерзімде осы Келісім-шартты өзгерту және толықтыру тараптардың өзара келісімі бойынша ғана оны бекітудің заңмен белгіленген тәртібімен жасалады деген келісімге келді.
Аталған Келісім-шарттың міндеттемелері өзгертілген жағдайда жұмыскерлердің еңбекақысын төлеп және еңбегін қорғау шарттары негізсіз төмендетілмейді.
Келісім-шарттың орындалуын бақылау.
Осы Келісім-шарттың орындалуын бақылауды сарапшылардың қатысуымен (экономист, заңгер және т.б.) Кәсіпорынның үш өкілінен (Кәсіподақ шешімімен тағайындалады) паритеттің негізде құрылған екіжақты комиссия жүзеге асырады.
Кәсіпорын мен Кәсіподақ жылына бір рет осы Келісімде қарастырылған міндеттемелердің орындалуы жөнінде бірлескен мәжіліс өткізеді.
Осы Келісім-шарттың орындалуын бақылау барысында комиссия талабы бойынша Тараптар үш күндік мерзім ішінде барлық қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
Келісім шарттарының бұзылғаны үшін жауапкершілік.
Осы Келісімде қарастырылған өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Осы Келісім-шарттың шарттарын бұзған Тарап бұзу туралы мәлімдеме алынған күннен бастап бір айдың ішінде жіберілген қателік бойынша жұмыс істеуі қажет.
Осы Келісім-шарттың заңдық күші бірдей екі данада дайындалған. Бір дана Кәсіпорын әкімшілігінде, екіншісі Кәсіподақта сақталады.
МЕКЕН-ЖАЙЫ, РЕКВИЗИТТЕР МЕН ТАРАПТАР ҚОЛЫ
Кәсіпорын:
|
|
Кәсіподақ:
|
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК
|
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі
|
БСН 990240007246
|
БСН 951240001996
|
Мекен-жайы: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Төле би, 88
|
Мекен-жайы: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Төле би, 88
|
Банк реквизиті:
ЖСК KZ 848560000000063180
«БанкЦентрКредит» АҚ,
БСК KCJBKZKX
|
Банк реквизиті:
ЖСК KZ 368560000000462520,
«Банк Центр Кредит» АҚ,
БСК KCJBKZKX
|
Тараптардың қолдары
Кәсіпорын жағынан:
|
|
|
Қәсіподақ жағынан:
|
Ректор А.Ақанов
|
|
|
Төраға У. Датхаев
|
|
|
|
|
«__»____________ 2013 ж.
|
|
|
«__»____________ 2013 ж.
|
МО МО
ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлтық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК
|
Достарыңызбен бөлісу: |