§ 13. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫНЫҢ БӨЛШЕКТЕРІН ДАЙЫНДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр вакуум аспаптарының ішкі арматурасының күрделілігі әр түрлі тораптарын жасау. Қатаң шақтамалы күрделі бөлшектерді арнайы жабдықта өздігінен баптай отырып және сору мен температуралық режимді ескергендегі қажетті өңдеу өлшемдерін белгілей отырып, толық өңдеу. Көп есе ұлғайтатын микроскоптарды тұрақты түрде қолданған кезде әр түрлі өлшеу және бақылау аппаратурасын қолдану.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін арнайы жабдықтың құрылысы, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; шығарылатын өнімге қойылатын технологиялық талаптар, олардың электр вакуум аспаптарындағы мақсаты; шақтамалар мен қондыру жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.
Жұмыс үлгілері
1. ТҚШ бөлшектер, газ сіңіргіш - дәнекерлеу.
2. Шамішілік арматураның дәлме-дәл арматуралары (торлар, қаңқалар, рамалар) – құрылғыларда, штамптарда, станоктарда, механикаландырылған желілерде өлшеу құралымен бақылай отырып жасау.
3. Катодтар – қол нығыздауышта қалыптау; микроскоппен бақылау; өлшемдерін микрометрмен және сағат проекторда өлшеу.
4. Катодтардың керндері – бөлшектерді кесу жартылай автоматтарында жасау; пукель пішіні; керн пішіндері.
5. Өзекті және рамалы құрылымды қабылдап-күшейткіш шамдардың қыздырғыш катодтарының керндері – шықпаларды катодқа микроскоппен қарай отырып дәнекерлеу; дәнекерлеу сапасын бақылау.
6. Өте шағын қабылдап-күшейткіш шамдар – ұсақ слюда оқшаулауыштарды, көлемі 3 мм кіші металл экрандарды пистондау; әр түрлі тораптарды көлемі 5 мм кіші металл бөлшектермен дәнекерлеу.
7. Өзекті және рамалы құрылымды өте шағын қабылдап-күшейткіш шамдар слюда пластиналары - штамптарда микроскоппен қарай отырып арматуралау және пистондау; микроскоппен және сағат проектормен бақылау.
8. Күміс, молибден плющенка - сымнан өлшемі бойынша жасалған илем.
9. Қатаң шақтамалы монофиляр, бифиляр және "Улитка" типті қыздырғыштар - түзету, кесу, қалыптау, қыздырғыштың ұштарын алундтан тазалау.
10. Металл слюда аспаптар - слюда терезелерді корпусқа дәнекерлеу.
11. Бағалы металдармен қапталған траверсті торлар және өте шағын радиошамдарға арналған торлар, рамалы торлар, ЭВП торлар – толық жасау және түзету.
12. ТҚШ торлар - өңдеу, керу.
13. Орау материалының диаметрі 0,05 мм және одан кіші немесе қадамы 0,2 мм және одан кіші торлар – оралған жолақтардан толық жасау.
14. Электронды-есептеуіш машиналарға (микрокалькуляторларға) арналған торлар - гальваникалық тәсілмен бекіту.
15. Слюдадан, фотоситалдан және әр түрлі металл бөлшектерден құрастырылып жасалған тораптар - пистондау.
16. Фотоситалл пластиналар – нығыздауышта жеке баптай отырып пистондау.
§ 14. ЦОКОЛЬ ҚҰЮШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Цокольге шыны массасын әр түрлі құрылымды арнайы жабдықта құю. Шыны массаны әперуге арналған қажетті мөлшерді белгілеу. Жабдықты өздігінен баптау. Бөлшектерді жабдықтың жұмыс позициясына жіберілуін реттеу.
Білуге тиіс: электр вакуум аспаптарға арналған металл цокольдерге шыны массасын құюға арналған қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; балқытылған шыны массасымен жұмыс істеу ережесі; бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу шарттары; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері және дайын цокольдердің мақсаты.
§ 15. ТҮРЛІ-ТҮСТІ КИНЕСКОПТАРДЫҢ МАСКАЛАРЫ
ӨНДІРІСІНДЕГІ ДӘЛМЕ-ДӘЛ КАЛИБРЛЕУШІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Масканың диаметрі 0,15-0,24 мм саңылауларын бұрғылау және 4-6 квалитеттер және бетінің кедір-бұдырлығы 2,5-0,63 мкм бойынша арнайы құрылғылардың көмегімен қолмен жазу әдісі арқылы калибрлеу. Саңылауларды микроскоптың көмегімен 40 есе ұлғайта отырып өлшеу. Орталықтар арасындағы қашықтық пен перпендикулярлықты дәл сақтай отырып маска саңылаулары осьтерінің параллельдігін қатаң қамтамасыз ету. Микробұрғыны қайрау және орнату. микроскопты баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және дәлдігін тексеру тәсілдері; құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы және баптау ережесі; шақтамалар мен қондырғылар жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; микробұрғыны қайрау геометриясы мен ережесі.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 16. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН МОНТАЖДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аз бөлшектен тұратын электр вакуум аспаптарының қарапайым тораптарын жинақтау және электр дәнекерлеу. Көп позициялы түйіспе электр дәнекерлеу машиналарында металл қабылдап күшейткіш шамдардың арматурасын дәнекерлеу. Қарапайым құрылғыларда немесе орындау дәлдігі мен дәнекерлеу мықтылығын қамтамасыз ететін жабдықтарда қолмен жұмыс істеу.
Білуге тиіс: қарапайым тораптарды жинақтау ережесі мен жүйелілігі; дәлдеп дәнекерлеу тәсілдері; дәнекерлеу жартылай автоматтарының жұмыс қағидасы; маңызды бөлшектердің атауы мен мақсаты; бақылау-өлшеу құралдарының (калибрлердің, штангенциркульдердің, сызғыштардың, шаблондардың) мақсаты; бөлшектер мен тораптардың түрлері мен мақсаты; дәнекерлеу режимдері (кернеу, қысым, бұру үстелі мен электродтардың салқындау дәрежесі); монтаждауға қойылатын негізгі талаптар; орындалатын жұмыс ауқымындағы электр техника және электр дәнекерлеу негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Жақпасы бар баллон - электрондық-оптикалық жүйені монтаждау (орнату).
2. Тығындар – екі тығынды жинақтау; дәлдеп дәнекерлеумен кесекке дәнекерлеу.
3. Катод шықпасы – екі бөлшекті жинақтау, дәлдеп дәнекерлеу.
4. Газ разрядтауыш индикаторлық панельдер – қарапайым тораптарды жасау; панельдерді штенгельдеу; сынап мөлшерлеуіштерді жинақтау; шликер жағу.
5. Ион бейнелегіш диафрагмасы - жинақтау.
6. Оқшаулауыш – қадалығы бар қыш тығынды дәнекерлеуге арналған жылтыратпаны қолдана отырып, жинақтау.
7. Катодтар – жинақталған арматурада қолмен және құрылғыда қопсыту.
8. Телевизиялық кинескоптар, жылдамдатқыш электродтар, бұрышы бар экрандар, модуляторлар – жинақтау және дәнекерлеу.
9. Дәнекер сақинасы, никель таспалар – сызбаға сәйкес өлшемі бойынша жасау.
10. Қыздыру шамы - "қыздыру затын" дәнекерлеу немесе нығыздау.
11. Люминесцентті шамдар – аяқтарын монтаждау; монтаждау-оксидтеу автоматтарына спиральдер мен экрандарды дәнекерлеу.
12. Қарқынды шамдар - газ сіңдіргішті дәнекерлей отырып, катод аяқтарын жинақтау.
13. Шағын және өте шағын шамдар - аяқтарын колбаға салу.
14. Неон доға шам – аяқтарын монтаждау; спиральді қолмен оксидтеу.
15. Сынап-кварц шам – ұстағышты шамға монтаждау.
16. 6П9 типті шам – таблеткалы газ сіңдіргіші бар баптауышты дәнекерлеу.
17. Генератор шамдар: бугельдер, конденсаторлар, сәуле қалыптастырушы пластиналар - жинақтау; анодтың жартысы - бугель траверстеріне дәнекерлеу; қыздырғыш катодтардың керндері - жасау; қыздыру шықпасы – сақиналарды дәнекерлеу және тазалау; экран – икемді шықпаны жинақтау және дәнекерлеу; газ шілтердегі аяқтардың штоктарды орталықтау.
18. Қабылдап күшейткіш шамдар: экрандар, анодтар - дәнекерлеу; экран – тегіс аяққа дәнекерлеу.
19. Газ разрядтауыш шамдар – ұстағыштар мен шықпаларды монтаждау.
20. КИ шамдары - спиральдерді монтаждау.
21. Магнетрондар: аяқтарын жинақтау; катод керні бар кіргізу түтігін жинақтау; қышы бар кіргізу траверсін жинақтау.
22. Металл қыш, анод және катод аяқтар – қалыпта жинақтау.
23. Электронды-оптикалық түрлендіргіш - цоколь мен диафрагмаға дәнекерлей отырып, шықпаны жинақтау. .
24. Газ разрядтауыш аспаптар (тұрақтандырғыштар) – амортизаторларды жинақтау; анодтар мен катодтарды дәнекерлеу.
25. ЛБВ аспаптары: коллекторды жинақтау; анодтарды жинақтау; қыш шайбаны жинақтау.
26. Металл қыш аспаптар – әр түрлі тораптарды жинақтау.
27. Қарқынды шамдарды жағу электроды – сыртын монтаждау.
28. Фото көбейткіш – сақиналарды пластиналарға дәнекерлеу
§ 17. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН МОНТАЖДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі әр түрлі тораптарды жинақтау, электр дәнекерлеу және дәнекерлеуге дайындау. Металл аспаптардың тораптарын қуатты электр дәнекерлеу машиналарында контактілі (бедерлі) дәнекермен дәнекерлеу. Машинаға дәнекерленетін бөлшектер мен тораптарды салу және дәнекерлеу сапасын бақылау. Түрі оңай бұзылатын бөлшектер мен қапталған бөлшектерді жинақтау. Жинақтау кезінде өлшемдерді шамалап келтіре отырып қолмен немесе баптау құрылғысында жұмыс істеу.
Білуге тиіс: монтаждау жабдықтарының, қуатты электр дәнекерлеу машиналарының, құралдары мен құрылғыларының құрылысы, мақсаты және пайдалану ережесі; дәнекерлеу және жинақтау процессін бақылау аспаптарының (манометр, микрометр, осциллограф, проектор және т.б.) құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; дәнекерлеу және басқа да жабдықтардың режимдерін реттеу әдістері; бөлшектердің біріктірілу беріктігіне қойылатын талаптар; торапқа кіретін бөлшектердің мақсаты; жинақтау жүйелілігі мен ережесі; монтаждалған торапқа кіретін бөлшектер материалдарының негізгі қасиеттері; электр техниканың негізгі заңдары.
Жұмыс үлгілері
1. Анодтар, катод тораптар мен цилиндр құрылымды генератор шамдардың торлары - жинақтау.
2. Газ сіңдіргіш қабаты бар қарқынды шамдардың цилиндр, модуляторлы анодтары - жинақтау.
3. Шам ішілік арматура - пистондарды қышқа нығыздау; түрі аз бұзылатын катодтарды қопсыту.
4. Арнайы жоғары жиілікті аспап катодының блогы - желілік өлшемдерді дайындау, дәнекерлеу және бақылау.
5. Тығын - тығыны бар қыш дискіні жинақтау; өлшемдерін (жазықтықтың параллельдігі индикатормен тексеріледі) тексеру.
6. Әр түрлі құрылымды газ сіңдіргіштер - жинақтау, электр вакуум аспаптардың арматурасына дәнекерлеу.
7. Газ разрядтауыш индикатор панельдер – тораптарды жасау; электродтардың сым жүйесін орау; қарапайым герметикалаушы сыналарды қалыптастыру.
8. Геркондар – бөлшектерді құндақтарға монтаждау.
9. Температура тетігі - жинақтау және калибрлеу (жұмыс желім қолданылып орындалады).
10. Катод ұстағыш – қалыпта катод ұстағышы бар қыздырғышты жинақтау; надфильдің көмегімен өлшемдерді келтіру.
11. Бөлшектер мен тораптар - эпоксидті шайыр негізді желімді құю; желімді қолмен зімпарамен қыру.
12. Тұтас металдан жасалған игнитрондар - дәнекерлеу.
13. Оқшаулауыштар, шықпалар, траверстер - жинақтау.
14. ЦБК-1 типті кенотрондар – қалпақшасын жанши отырып аяқтарын монтаждау.
15. Түрлі-түсті және ақ-қара бейнелі әр түрлі ЭЛТ арналған катодты-қыздырғыш тораптар - жинақтау.
16. МГЛ катодтары - электронды сәулелі құрылғыда дәнекерлеуден бұрын арнайы паста жағу.
17. Катодтар - никель таспаға дәнекерлеу.
18. Телевизиялық кинескоптар: электрондық-оптикалық жүйені жинақтау; электрондық-оптикалық жүйені аяғына орнату.
19. Қалпақша - кварц пластиналарды іріктеу; тораптарды жинақтау.
20. Конденсаторлар - дәнекерлеу; вакуум конденсаторлар – тораптарды жинақтау.
21. Корпус – қақпағымен жинақтау; вакуумдық дәнекерлеуден кейін ПТИ-7 ағын өтетін жолды анықтағышпен ағынды тексеру.
22. Манометрлік шамдарға арналған коллектор – ұстағыштарды жасау және коллекторды дәнекерлеу.
23. Қорғаныш қалпақшалары - жабыстыру.
24. МҚШ, ТҚШ аспаптарына арналған корпустар - жинақтау.
25. Люминесцентті шамдар - спиральдар мен экрандарды дәнекерлеу.
26. З00 Вт және одан жоғары көп секциялы "қыздырғыш заты" бар прожекторлық қыздыру шамдары - монтаждау.
27. Биплан типті, үш спиральді және өте шағын арнайы шамдар - монтаждау.
28. Ультракүлгін сәулеленуге арналған сынап шамдар - аяқтарын монтаждау және спиральдарын оксидтеу.
29. Өте шағын шамдар – анодты дәнекерлеу.
30. Генераторлық шамдар: катод - жинақтау; діріл төзімді шамдарға арналған төменгі слюда пластина - жинақтау; баяу балқитын металдардан жасалған қаңқалар - жинақтау; газ сіңдіргіші бар аяқтарды жинақтау; анод бугелін молибденнен жасау.
31. Қабылдап күшейткіш шамдар - пакеттерді ішінара жинақтау.
32. КИ шамдары - спиральді монтаждау.
33. НСМ шамдары - "қыздыру затын" дәнекерлеу.
34. ДРЛ және ПРК шамдары – катодтарды қолмен қалыптау және монтаждау; шілтерді жинақтау.
35. Металмен қапталған шамдар - саңылауы, тостағаны және мыс шайбасы бар баллонды дәнекерлеу; аяқ шассиін тығынмен дәнекерлеу.
36. Доғал және қарқынды шамдар - фольга шықпасы бар электродтарды жинақтау.
37. Магнетрондар: шамішілік тораптарды дәнекерлеу; аяқтарды цилиндрге жинақтау; катод аяғы бар қыздырғышты жинақтау; ұстағышы бар дроссельді жинақтау; баяу балқитын металдардан жасалған манжеттері мен экраны бар цилиндрді жинақтау; кіргізу траверсі бар алунд қыздырғыштарды жинақтау және оны катодқа дәнекерлеу.
38. Механотрондар – өзекшесі бар мембрананы роликпен дәнекерлеу.
39. Монодисплейлер - жинақтау.
40. АЖЖ модульдері - жинақтау және дәнекерлеу.
41. Модулятор аспаптарға арналған концентрациялық дәнекерлері бар аяқтар - жинақтау және қондырмалардың жинақтауға жарамдылығын айқындау.
42. Металл қыш және титан қыш аяқтар - металл бөлшектерді қиыстырып келтіре отырып және арнайы бекіте отырып жинақтау.
43. Титан сорғылардың аяқтары - жинақтау.
44. НЭМС сорғылары - жинақтау.
45. Қуатты енгізу және шығару ілмегі - конденсаторды орнату (орнату және дәнекерлеу).
46. ЛБВ аспаптары: спиральді жинақтау; жерлендіру желісін жинақтау; катодты жинақтау; қыздырғышты жинақтау.
47. Газ разрядтауыш аспаптар, индикаторлар – пакетті жинақтау.
48. Металл аспаптар - арматурасы бар колбаларды дәнекерлеу.
49. Металл қыш аспаптар – корпусымен жинақталған фланецті жинақтау; монтаждау.
50. Неон, газ разрядтауыш аспаптар – аяқтарын жинақтау.
51.ГУ-91 типті аспаптар – табақшасы бар серіппені жинақтау және серіппеге қатысты ілмекті орталықтау.
52. Есептеуіштер: анод жіп - жинақтау және колбаға орнату; цилиндр - жинақтау және колбаға орнату; катод шықпасы - колба корпусына дәнекерлеу.
53. Фото көбейткіштерге арналған фото электрондық жүйе – монтаждау.
54. Жоғары вольтті қарқынды строботрон - катод аяқтарын жинақтау.
55. Қарқынды сутегі тиратронының басқарушы жүйесі - жинақтау.
56. Траверстер – екі тығыны бар траверстерді жинақтау (тығынның біреуі никель таспамен қысылады және дәлдеп дәнекерлеумен дәнекерленеді).
57. Электрондық-сәулелі түтіктер - арматура тораптарын жинақтау; катодты жинақтау; катодты электронды-оптикалық жүйеге нығыздау; калибрлеу.
58. Жіберу түтіктері - дискіні колбаға индий арқылы байланыстыру.
59. Рентген түтіктер – анод торабын жинақтау; қосымша бөлшектерді катодтың аяғына дәнекерлеу.
60. Тиратрондарға арналған тораптар (тор, жағушы электрод, анод, диск) – түйіспелі дәнекерлеу станогында қалыптар мен шаблондарды қолдана отырып жинақтау.
61. Баптау тораптары - жинақтау және дәнекерлеу.
62. 8 бөлшекке дейінгі модуль тораптар – жинақтау және дәнекерлеу.
63. Фотоэлементтер - монтаждау.
64. МҚШ цокольдері - жинақтау.
65. Штенгель экрандары - дәнекерлеу.
§ 18. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН МОНТАЖДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аргонды доға, диффузиондық және атомды-сутекті дәнекерлеу аппараттарында электр вакуумдық аспаптардың бөлшектері мен тораптарын вакуумда немесе сутегіде дәнекерлеу. Бөлшектерінің саны көп, электродтарының арасы жақын күрделі тораптар мен аспаптарды, қажет болған жағдайда құрылғыларды, өлшеу құралдары мен микроскопты қолдана отырып, орталықтап және қиыстырып жинақтау және электр дәнекерлеу. Баяу дәнекерленетін материалдардан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу. Аргонды доға, диффузиондық және атомды-сутекті дәнекерлеу аппараттарына қызмет көрсету. Дәнекерлеу контурын копирі және басқа да құрылғылары бойынша баптау. Дәнекерлеу режимін реттеу. Арматуралау және бөлшектер мен тораптарды сызбасы мен бақылау картасы бойынша тексеру. Аспаптың күрделі тораптарын дәнекерлеуге және күйдіруге жинақтау. Аспап тораптарын арнайы желіммен бекіту. Аспаптың бөлшектері мен тораптарын регенерациялау кезінде монтаждау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бөлшектер мен тораптарды біріктірудің әр түрлі тәсілдері, күрделі тораптарды (аспаптарды) жинақтаудың жүйелілігі мен ережесі; аргонды доға, диффузиондық және атомды-сутекті дәнекерлеу әдістерінің мәні; дәнекерлеу режимі; жинақталған тораптардың жақын ара қашықтығын бақылаудың арнайы әдістері; бақылауға арналған аспаптардың құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; белгіленген электродаралық қашықтықты алу үшін бөлшектерді іріктеу (секциялық жинақтау) әдістері; ұсақ бөлшектерді орталықтау тәсілдері; монтаждалатын аспаптардың жұмысы туралы негізгі мәліметтер, жинақтау сапасының аспаптардың өлшемдеріне әсері; материалдардың қасиеттері және жинақтаушы бөлшектерге қойылатын талаптар; номинал өлшемдер және жасалатын тораптардың шақтамасы; аспаптарды регенерациялаудың ТУ-сы және регенерациялаудың технологиялық процессі; орындалатын жұмыс ауқымындағы электротехника негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Баяу балқитын материалдардан жасалған камералық анодтар, анодтар мен басқа да МГЛ тораптары - жинақтау.
2. Жоғары жиілікті блоктар, электродпен біріктіргіштер, штенгельдері бар корпустар, белгілеуіші бар пластиналар - жинақтау.
3. МКЛ катодының блоктары - электродтарды типтері мен арақашықтығын таңдау бойынша орталықтай отырып жинақтау.
4. В1-0,1/30, В1-0,1/40, В1-0,2/20 типті жоғары вольтті түзеткіштер – катод және анод аяқтарды жинақтау.
5. Икемді, төмен жиілікті шықпалар - арматуралау және дәнекерлеу.
6. Шықпалар - МСТ-31 маркалы арнайы станокта үйкелеу арқылы дәнекерлеу.
7. Вакуумды ауыстырып қосқыштар - жинақтау және тораптарды дәнекерлеу.
8. Баяу дәнекерленетін материалдардан жасалған газ сіңіргіштер - дәнекерлеу.
9. Декатрондар - жинақтау және аяқтарын монтаждау.
10. МПУЛ бөлшектері – азот ортада контактілі бедерлі дәнекерлеу.
11. Металл бөлшектер - шынымен дәнекерлеу.
12. Бериллий тотығынан жасалған қыш бөлшектер - жинақтау.
13. Катод ұстағыш – сызба бойынша шақтаманы сақтай отырып, бес бөлшектен тұратын дайын торапты (траверсті) жинақтау.
14. Игнитрондар - аргонды доғал дәнекерлеу.
15. Клистрондар – стаканы бар коллекторды дәнекерлеу.
16. Телевизиялық кинескоптар - оптиканы аяқ электродтарымен біріктіру; кинескоптарды регенерациялау кезінде тораптарды, бөлшектерді монтаждау.
17. Коллекторлар, аяқтар - жинақтау.
18. Магнитпен басқарылатын контактілер – пісіру алдында монтаждау.
19. Қуаты аз және орташа генераторлық шамдар - тораптарды монтаждау.
20. Саусақшалы қабылдап күшейткіш шамдар шамдар, металл қыш, шыны, металл аспаптар – бөлшектерді дәнекерлей отырып, пакеттерді аяғына орнату; толық жинақтау.
21. Қарқынды шамдар – электрод ара қашықтығы аз пакеттерді қолмен жинақтау.
22. Қуатты генераторлық шамдар - қабат саны көп штабельді құрылымды тораптарды дәнекерлеу алдында жинақтау.
23. беріктігі жоғары және арнайы қыздыру шамдары (өте шағын, көп секциялы, қолмен қиыстырып келтіруді талап ететін тез майысатын бөлшектері (кемінде бес) бар шамдар) - монтаждау.
24. Магнетрондар: қалпақшасы бар анодты жинақтау; келтеқұбыры мен қабырғалары бар анодты жинақтау; полюсті басұшты жинақтау; экраны бар аяқтарды жинақтау.
25. Тұрақты магниттер – магниттендіру және аспаптарға орнату.
26. Қайта құру тетігі – құрылғыдағы үш жинақталған торапты (сильфонды шток, корпус, поршень); сызбаға сәйкес саңылаулардың мөлшерін тексеру.
27. Механотрондар - анод торабын микроскоппен жинақтау; аяқты микроскоппен қарап орнату; арматура тораптарын жинақтау.
28. АЖЖ модулі – жинақтау және көп бөлшектермен дәнекерлеу; баяу дәнекерленетін материалдардан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу; күрделі тораптарды жинақтау және құрылғылар мен өлшеу құралдарының көмегімен дәнекерлеу, орталықтау.
29. Монодисплейлер - жинақтау.
30. Катод аяқтар – ұстағышы мен қыздырғышы бар кернді жинақтау; құю.
31. Металл қыш аяқтар - жинақтау.
32. Потенциалоскоптар – катодты жинақтау; арматураны жинақтау; катодтық-модуляторлық ара қашықтықты микроскоппен орнату.
33. Полюс – сызба бойынша шақтаманы сақтай отырып тораптарды жинақтау (0,01мм аспайтын кесекті және радиалды соғыс, 0,01мм аспайтын осьсіздік).
34. Поршень – торапты жинақтау.
35. Вакуумдық түрлендіргіштер - монтаждау.
36. Электронды оптикалық түрлендіргіш: 0,1 мм дейінгі өлшемге сәйкес келтіре отырып, анод және өту торабын жинақтау; күміс, хром, сүрменің буландырғыштарын жинақтау; қалпағы бар цилиндрді колбаға орнату; экрандарды нығыздау, аралық экрандарды аралықтарға жабыстыру.
37. Газ разрядтауыш аспаптар, газотрондар - катод аяқтарды монтаждау; торлы және оқшаулауышы бар экранды жинақтау.
38. Газ разрядтауыш аспаптар - пакетті жинақтау; анод торапты жинақтау; дәнекерлеу.
39. Генераторлық модуляторлы қарқынды аспаптарға арналған алундталмаған қыздырғыштар - жинақтау.
40. Орташа қуатты генератор аспаптар - электродтарды типтері бойынша орталықтау және аралықтарды белгілеу.
41. Генератор аспаптар – оңай бұзылатын шөлке типті сым катодты аяқтарды жинақтау.
42. ЛБВ типті аспаптар: аяқтарын жинақтау; зеңбіректі жинақтау; аспапты жалпы жинақтау; экраны бар электродты жинақтау; аспап блогы бар қақпақты дәнекерлеу; төмен жиілікті шықпаларды арматуралау.
43. АЖЖ аспаптары - электродты микроскопты қолдана отырып жинақтау.
44. Металл қыш аспаптар - аспапқа "электр жақпа" орнату.
45. Разрядтауыштар - катод торабын жинақтау.
46. Өзекшелі тор – жинақтау және дәнекерлеу.
47. Қарқынды строботрондар және доғал шамдар - жинақтау.
48. Термисторлар: жартылай өткізгіш құрамнан микроскоппен қарап жұмыс денелерін жасау; тораптарды толық жинақтау және оларды арматурада немесе аяқта микроскопты қолдана отырып монтаждау.
49. Тиратрондар - арматура мен катод аяқтарын жинақтау; сутекті генераторды жинақтау.
50. Арнайы электронды сәулелі түтіктер және түрлі-түсті кинескоп: арматураны шыны оқшаулауышта газ шілтердің жалынында жинақтау; электронды оптикалық жүйені жинақтау; электронды оптикалық жүйені аяққа орнату; электронды оптикалық жүйені аяқ электродтарымен біріктіру; электронды оптикалық жүйені газ сіңіргішті дәнекерлей отырып және орталықтап, колбаға орнату; корпустарды аргонды доғал дәнекерлеу; анодты нысананы диффузиондық дәнекерлеу.
51. Электронды сәулелік түрлі-түсті түтіктер (локация және кинескопқа арналған) – экрандық торапты жинақтау.
52. ОКГ түтіктері - анод және катод тораптарын монтаждау.
53. Рентген түтіктер - диагностикаға арналған айналып тұратын аноды бар түтіктердің анод тораптарын жинақтау; аяғы бар катод торабын жинақтау.
54. Күрделі модульді тораптар - жинақтау және орталықтай отырып және сегізден астам бөлшектерді үйлестіре отырып электрлік дәнекерлеу.
55. Кіру және шығу тораптары, анодтар, катодтар - монтаждау.
56. Өте шағын тік арналы радио шамдардың тораптары - микроскоппен қарап жинақтау.
57. Ерекше сериялы, беріктігі жоғары ЭВП арналған тораптар - жинақтау.
58. Тетродтың катод торабы (МҚШ) – катод корпусын жинақтау.
59. Металл аспаптардың тораптары – азот ортада түйіспелі бедерлі дәнекерлеу.
60. Фото көбейткіш - фокустеуші экранды жинақтау.
61. Сильфонды шток – сызба бойынша шақтама шегінде құрылғыда жинақтау.
§ 19. ЭЛЕКТР ВАКУУМ АСПАПТАРЫН МОНТАЖДАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі тораптар мен аспаптарды жинақтау және дәнекерлеу. Вакуум аспаптардың бөлшектері мен тораптарын вакуумда феррит концентраттарын қолдана отырып жоғары жиілікті құрылғыда және электронды сәулелік диффузионды және микроплазмалық дәнекерлеу құрылғыларында дәнекерлеу; ыстыққа төзімді болаттан жасалған күрделі пішінді бөлшектер мен тораптарды аргонды доғал дәнекерлеу құрылғысында лантанданған және қапталған вольфрамнан жасалған электродтарды қолдана отырып, қолмен вакуум-тығыздап дәнекерлеу. Көп электродты өте шағын аспаптарды, ионды-пленкалы көп сәулелі ЭЛТ, баяулатушы жүйелерді, катодты-қыздырушы тораптар мен магнетрондардың күрделі типтерін жинақтау. Бірнеше электронды зеңбіректен тұратын аспаптардың электронды-оптикалық жүйесінің тораптарын жинақтау. Электронды сәулелі зеңбіректі өздігінен баптау және дәнекерлеудің тиімді режимін таңдау. СВЧ модуляторлары мен тораптарын толық жинақтау, магнит өрісін өлшей отырып, магнит жүйесін жинақтау. Жинақтау сапасын және жинақталатын аспаптардың өлшемдерін бақылау-өлшеу құралдарымен тексеру. Дәнекерлеу процессін көзбен шолып бақылау. Айнымалы және тұрақты тоқ аппараттарына және құрылғылардың вакуумдық жүйесіне қызмет көрсету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс қағидасы; күрделі сынақ және өте шағын аспаптарды жинақтаудың, сынақ үлгілерді жинақтаудың және дәнекерлеудің тиімді режимін таңдаудың жүйелілігі мен тәсілдері; аргонды доға, атомды сутекті және электронды сәулелік дәнекерлеу әдістерінің мәні және қолданылуы; жинақталған аспаптардағы жекелеген бөлшектер мен тораптардың мақсаты; жабдықты дәл реттеу және сынақ режимдерін таңдау тәсілдері; бақылауға арналған аспаптарды баптау және реттеу ережесі; аспаптардың бөлшектері мен тораптарының өлшемдері, шақтамасы; монтаждау кезінде бөлшектерді, тораптарды дәлдеп орталықтау тәсілдері; дәнекерленетін бөлшектер мен тораптардың материалдарының негізгі қасиеттері; қолданылатын техникалық құжаттама.
Жұмыс үлгілері
1. Анодты-катодты блок: үш жиналған торапты жинақтау (газ сіңбіргіш, толқынжол, анодты-катодты блок); өлшемдерін микроскоппен тексере отырып, құрылғыдағы аспаптың аноды бар екі жиналған торапты жинақтау (қайта құру тетігі, корпус).
2. Катод блок – өлшемдерін индикатормен тексере отырып, арнайы қалыптардың көмегімен катоды және екі экраны бар екі жиналған торапты жинақтау (катод аяқ, полюс).
3. Газ сіңдіргіштер - регенерациялау кезінде пісіру.
4. Ионды-пленкалы индикаторлар – аяқтарын жинақтау.
5. Катодтар – электронды сәулелі құрылғыда дәнекерлеу.
6. Түрлі-түсті кинескоптар: электронды оптикалық жүйені аяқпен біріктіру; электродтарды аяқ шықпаларымен біріктіру.
7. Қабылдап күшейткіш өте шағын шамдар - толық жинақтау.
8. Қуатты генераторлы шамдар – ішкі арматураны жинақтау.
9. Металл қыш және титан қыш шамдар – торлы анод торапты жинақтау.
10. Шыны металл шамдар – шыны және металл бөлшектерден тұратын аяқтарын электронды сәулемен дәнекерлеу.
11. Спектральді көп электродты шамдар - электронды оптикалық жүйенің бірнеше катод тораптарын орналастырып және түзете отырып монтаждау.
12. Жылдам қайта құрылдатын магнетрондар - жинақтау.
13. Магнетрондар: бағдарлаушы тетікті жинақтау; шайбалы тетікті жинақтау; байланыс сақинасы бар анодты жинақтау; анод блокты жинақтау; полюстік ұштамасы (күрделі орталықтанатын) бар катодты жинақтау.
14. Қайта құру тетігі - коронкасын дәнекерлеу; сильфонды дәнекерлеу.
15. Күрделі, сынақ үлгілер – әр түрлі пішінді бөлшектер мен тораптарды, металл қыш тораптарды, катод шықпаларын, қыздырғышты, штуцер корпусын т.б. аргон доғал дәнекерлеу.
16. Потенциалоскоптар – катод туындататын блокты жинақтау; жазушы зеңбіректерді жинақтау; арматураны, раманы жинақтау; баллонға толтыра отырып аяқтарын жинақтау; катодты-модуляторлық қашықтықты микроскоп астында орнату.
17. Электронды-оптикалық түрлендіргіш - жинақталған қаптамасы, корпусы мен блогы бар катод және экран тораптарын микроплазмалық дәнекерлеу.
18. Металл қыш аспаптар - сутегімен дәнекерлей отырып толық жинақтау.
19. Генераторлы модуляторлық қарқынды аспаптар – ішкі арматураны жинақтау.
20. Маяк сериялы аспаптар – дәнекерлеу.
21. ЛБВ аспаптар: жоғары жиілікті блоктарды жинақтау; әр түрлі аспаптарды жинақтау; электроды бар қосқышты жинақтау; штенгелі мен шықпасы бар корпусты жинақтау; белгілегіші бар пластинаны жинақтау; шықпаны тегістеу; спиральді созу; қыздырғышы бар катодты жинақтау.
22. Резонаторлар – төрт жинақталған торапты қалыпта жинақтау (кварц түтік, АЖЖ кірмесі, толқынжол).
23. Көп торлы, өте шағын тиратрондар - толық жинақтау.
24. Триодтар – арматура блогын жинақтау.
25. Рентген түтіктер: айналмалы анод торабын теңгерімдеу; катод торабы спиралінің орналасуы мен орналасу тереңдігін тексеру; металл қыш аяқтарды, жұқа дәнекерлеуші жиектері бар тораптарды және шықпа терезелерін дәнекерлеу; аяқтары бар катод тораптарын жинақтау, катод торабының бөлшектерін орталықтау.
26. Электронды сәулелік, көп сәулелі, проекциондық түтіктер: электронды оптикалық жүйені жинақтау; электронды оптикалық жүйені аяққа орналастыру; электродтарды аяқтарың шықпаларына біріктіру.
27. Арнайы электронды сәулелік түтіктер - газ сіңдіргішті ЭОС-ке лазерлік сәулемен «КВАНТ- -10» типті құрылғысында дәнекерлеу.
28. Әр түрлі құрылымды және пішінді СВЧ тораптары мен модульдері – дәнекерлеу.
29. Күрделі пішінді тораптар - шықпаларын, құрсауларын, штуцерлерін дәнекерлеу.
30. Телевизиялық жіберуші түтіктерді тораптар - нысананы орнату; буландырғышты нысана жүйесіне орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |