Жұмыс үлгілері
1. Икемді шықпалар – ұштарын қалайылау.
2. ТРН-200 бұйымының ұстағыштары – дәнекерлер мен сымдардың қалдықтарынан дәнекерлеуішпен тазалау.
3. Конденсаторлар – шықпаларын қалайылау.
4. Желпуіш сына, оқшаулауыштар, платалар, адыр және басқа да бөлшектер – қалайылау.
5. Шам панельдер – тойтарманы дәнекерлеу.
§ 10. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторлар, резисторлардың, микроплаталардың, қондырма қыштың, әр түрлі трансформаторлар мен дроссельдердің бөлшектерін қарапайым электр дәнекерлермен және электрмен қыздырылатын ваннадағы және автоматтағы арнайы құрылымды электр дәнекерімен дәнекерлеу және қалайылау. Конвейерлік электр пештердің конденсаторларының бөлшектерін дәнекерлеу. Конденсаторлардың, шыны резисторлар мен конденсаторларға арналған қыш түтіктердің бөлшектерін арнайы құрылғыда қалайылау. Дірілпинцеттің көмегімен микроплаталардың пазаларын ваннада құрамында күмісі бар дәнекермен қалайылау. Дірілпинцеттің тербеліс амплитудасы мен дәнекер температурасын реттеу. Электр плитаның, электр ваннаның, термостаттың температурасын реттеу. Қалайылау және дәнекерлеу сапасын көзбен шолып және өлшеу құралының көмегімен тексеру. Дәнекердің қышпен механикалық бірігуін тексеру. Бұйымдарды қалайылауға арналған құрылғыны баптау. Электрмен жылытылатын астауда платина шықпаларды орау және қызмет көрсету.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың (конвейерлік пеш) маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; әмбебап және арнайы құрылғылардың, дәнекерлеу және қалайылау процестерін бақылауға және реттеуге арналған күрделілігі орташа аспаптардың (терморегулятор, автотрансформатор, термогальванометр, термометр және т.б.) мақсаты және қолданылу шарттары; бақылау-өлшеу құралдарының (микрометр, шекті тойтармалар, калибрлер және т.б.) мақсаты және қолданылу шарттары; дәнекерлер мен флюстердің атауы мен маркасы және олардың рецептурасы; дәнекерлеу және қалайылау режимдері; діріл пинцетінің тербеліс амплитудасын реттеу әдістемесі.
Жұмыс үлгілері
1. Өткізгіш блоктар – блок негіздеріне 3-6 шықпаны бірден автоматта дәнекерлеу.
2. Түзеткіштердің шықпасы – аралықтары мен шиналарды дәнекерлеу.
3. Платина шықпалар – орау және қалайылау.
4. Контактілі шықпалар және қыш конденсаторлардың негіздері – электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
5. Герметикаланған қағаз конденсаторлардың икемді шықпалары – жапсырмасына дәнекерлеу.
6. Контактілі шықпалар және әр түрлі қыш конденсаторлардың тығындары – электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
7. ЭИМ типті конденсаторларға (ультрадыбыстық) арналған алюминий шықпалар – қалайылау.
8. Сым, қағаз өткізгіш, арнайы конденсаторлардың шықпалары – балқытылған дәнекер құйылған астауға батырып алу арқылы секцияларға дәнекерлеу.
9. Әр түрлі арнайы спираль конденсаторлардың сым шықпалары – секцияға және секция пакеттеріне электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
10. Шыны оқшаулауыштар – корпусқа дәнекерлеу.
11. Қыш оқшаулауыштар – жоғары жиілікті құрылғыларда қақпақтарға дәнекерлеу.
12. Өтпелі және шынымен нығыздалған оқшаулауыштар – артық дәнекерді центрифугаларда алып тастай отырып, төсеніштерде қалайылау.
13. Шыны және қыш оқшаулауыштар – конвейерлік туннельді электр пештерде әр түрлі типті қағаз, металл қағаз және электролит конденсаторлардың қақпақтарына, түбіне және корпустарына дәнекерлеу.
14. Қыш конденсаторлар – дәнекерлеу.
15. ТРН-200 типті бұйымдар – шықпаларын платаға дәнекерлеу.
16. Конденсаторлар – дайындамалар мен бөлшектерді қалайылау.
17. Әр түрлі типті қыш конденсаторлар – дайындамаларды пеште қыздыра отырып және әр түрлі құрылғыларды қолдана отырып, батырып алу әдісімен электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
18. Жоғары вольтті қыш конденсаторлар – конвейерлік пештің құндақтағы шықпаларын дәнекерлеу.
19. Әр түрлі типті қағаз және металл қағаз конденсаторлардың қақпақтары – арнайы қысу құрылғысын қолдана отырып, электр дәнекерлеуішпен корпусына дәнекерлеу.
20. Әр түрлі типті контактілі қағаз және металл қағаз конденсаторлардың табақтары – электр дәнекерлеуішпен оқшаулауыштардың түтіктеріне дәнекерлеу.
21. Оксид конденсаторлардың катод табақтары – электр дәнекерлеуішпен шықпаларына дәнекерлеу.
22. Микроплаталар – сұлбасы бойынша қалайылау және шықпаларды қалайылау.
23. Микрожинақтар – конденсаторларды бөгеттеріне монтаждау (бөгеттерге алдын ала қызмет көрсете отырып, электр дәнекерлеуішпен корпусына дәнекерлеу).
24. Микротрансформаторлар – шықпаларды қадалықтарға дәнекерлеу.
25. Платада жинақталған аяқтарды монтаждау және шықпалардың дәнекерін платада қопару; аяқтардың шықпаларына қолмен қалайымен қызмет көрсету.
26. Шыны эмаль конденсаторлардың қыспақтары – термостатта алдын ала қыздыра отырып, балқытылған дәнекер құйылған астауға батыру арқылы дәнекерлеу.
27. Әр түрлі типті қағаз конденсаторлардың корпустарындағы сіңдіру (құю) саңылаушалары – электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
28. Роторлар мен статорлардың, жанаса салынған ауа конденсаторлардың пакеттері – біркелкі дәнекер құйылған астауда дәнекерлеу.
29. Сақтандырғыштар – ендірмені қалпақшаға балқымамен дәнекерлеу.
30. Шыныланған резисторлар – арнайы құрылғыда қызмет көрсету.
31. Резисторлар – жинақтау кезінде электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
32. Пленкалы резисторлар – жартылай жиынтықтарды бір уақытта жинақтай отырып электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу.
33. Герметикаланған өтпелі қағаз конденсаторлардың секциялары – электр дәнекерлеуішпен өзегіне дәнекерлеу.
34. Күшті трансформаторлар – шықпаларын табақтарына дәнекерлеу.
35. КБГИ, КМГ, СТМ және ОЖО түтіктер – қалайылау.
36. Қондырма қыш –қалайылау.
§ 11. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары жиілікті құрылғыда және арнайы жартылай автоматта дәнекерлеу және қалайылау. Құрылғыны өздігінен баптау. Бұйымның сапасын тексере отырып, индуктордың орналасуын салыстырып және реттей отырып сынама дәнекерлеу. Радиобөлшектерді арнайы автоматта немесе қолмен дәнекерлеу әдісі арқылы, тораптың берік герметикалығын қамтамасыз ете отырып жинақтау. Терморезисторларды микроскоппен қарап микроплаталарға дәнекерлеу. Дәнекерлеу автоматын тазалау және майлау. Герметикаланған түзеткіштер мен конденсаторларды электр дәнекерлеуішпен дәнекерлеу. Дәнекерлеу мен қалайылауға арналған флюстерді дайындау. Дәнекерлеу сапасын көзбен шолып және микроскоппен қарап тексеру; дәнекерлеу торабының беріктігін жару машинасында тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың (дәнекерлеу автоматы, жоғары жиілікті құрылғы) жұмыс қағидасы, құрылысы және баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының, дәнекерлеу және қалайылау процестерін бақылауға және реттеуге арналған аспаптардың құрылысы; микродәнекерлеуіштердің мақсаты және қолданылу шарттары; өңделетін бұйымдардың номенклатурасы мен сипаттамалық ерекшеліктері; герметикаланған бұйымдарды дәнекерлеу тәсілдері мен жолдары; қалайылау және дәнекерлеу сапасын тексеру тәсілдері; қалайыланатын және дәнекерленетін бұйымдар материалдарының қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |