Министерство науки и высшего образования республики казахстан


Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері



жүктеу 0,69 Mb.
бет2/7
Дата27.02.2018
өлшемі0,69 Mb.
#10842
1   2   3   4   5   6   7

2. Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері


Қауіпсіздік саясаты (ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда) есептеу және қатынас қорларын пайдалану тәсілін, сондай-ақ, қауіпсіздік режімін бұзудың алдын ала және мән беру (жауап қайтару) процедураларын дұрыс анықтайды. Қауіпсіздік саясатының қалыптастыру іс-әрекетін келесі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

Ұйымдастыру мәселелерін шешу. бұл кезеңде ақпараттық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) құрылады, ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда пайдаланушылардың санаттары, пайдаланушылардың барлық санаттарының жауаптылық деңгейлері, құқықты және міндеттері аңықталады.

Қатерге талдау жасау. Қатерді талдау үрдісі нені қорғау керек, неден қорғау керек және қалай қорғау (істеу) керек деген сияқты сұрақтардың жауабын анықтайды. Мүмкін болатын қатерлердің бәрін қарастырып шығу керек және оларды келтіретін зиянының ықтимал мөлшеріне байланысты жіктеу қажет. Қорғанышқа жұмсалатын қаржы қорғанылатын объектінің құнынан аспауға тиісті.

Жеңілдектерді анықтау. Қорларды пайдалану құқықтары, қорларды қолдану ережелері, әкімшілік жеңілдіктер, пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жүйелік әкімшілердің құқықтар мен міндеттері, жасырын ақпаратпен жұмыс істеу тәртіптері және т.б. анықталады.

Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау. Қауіпсіздік режімі бұзушыларды табуға және жауапкершілікке тартуға бағытталған әрекеттер, сонымен қатар, ақпаратты бұрынғы қалпына келтіру және бұзулардың зардаптарын жою шаралары анықталады.

Ұйымдастыру -әкімгерлік құжаттарды дайындау. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағытталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылқ шаралардың, бағдарламалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жету тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерінің қолдану, ұйымдастыру-әкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сондай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режімін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді. Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.

Ұйымдастыру мәселері шешілгеннен кейін бағдарламалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді – таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны, атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

Қауіпсіздік саясаты мынадай элементтерден тұрады: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

Қатынас құруды ерікті басқару – жеке субъект немесе құрамына осы субъект кіретін топтың тұлғасын ескеру негізінде жасалған объектілерге қатынас құруды шектеу. Ерікті басқару – белгілі бір тұлға (әдетте, объектінің иесі) өзінің қарауынша басқа субъектілерге өзінің шешімі бойынша объектіге қатынас құру құқығын бере алады (немесе алып тастайды).

Қатынас құрудың ағымдағы жағдайы ерікті басқару кезінде матрица түрінде көрсетілді. Қатарларында – субъектілер, бағандарында – объектілер, ал матрицаның түйіндерінде қатынас құру құқығының құру (оқу, жазу, орындау және т.б.) кодасы көрсетіледі.

Операциялық жүйелердің және дерекқор жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымдағы – икемділігі, ал негізгі кемшіліктері – басқарудың бытыраңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін).

Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі. Бұл элемент құпия ақпаратты кездейсоқ немесе әдейі шығарып алудан сақтайтын қатынас құруды басқаратын құралдардың маңызды қосымшасы болып табылады.Объектілерді қайтадан пайдаланудың мүмкін болатын 3 қаупі мыналар: жедел жадыны қолдану. сыртқы сақтау құрылғыларын қайтадан пайдалану және ақпарат енгізу/шығару құрылғыларын қайтадан пайдалану.

Қорғаныш тәсілдерінің бірі – құпия ақпаратпен жұмыс істегеннен кейін жедел жадыны немесе аралық жадыны тазалау. Жақсы әдіс деп тегерішті (дискіні) нығыздау программаларын қолдануды да санауға болады.

Мәселен, принтердің аралық жадында (арашықта) құжаттың бірнеше беті сақталып қалуы мүмкін. Олар басу үрдісі аяқталған соң да жадыда қалып қояды. Сондықтан оларды арашықтан шығарып тастау үшін арнаулы шаралар қолдану қажет. Әдетте кездейсоқ биттер тізбегін үш дүркін қайталап жазу жеткілікті болады.

“Субъектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі” жайында да қамдану керек. Пайдаланушы ұйымнан кеткен кезде оны жүйеге кіру мүмкіншіліктерінен айыру және барлық объектілерге оның қатынас құруына тиым салу керек.

Қауіпсіздік тамғасы. Қатынас құрудың мәжбүрлі басқаруы кезінде субъектілер және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді.

Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрады: құпиялық деңгейі (дәрежесі) және категориялар (санаттар).

Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялылық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасуыштарына мынадай құпиялық белгілері берілген: “ аса маңызды”, “өте құпия” және “құпия”, ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтерге “құпия” деген құпиялық белгісі беріледі.

Санаттар реттелмеген жиынтық құрайды. Олардың міндеті – деректер жататын аймақтың тақырыбын сипаттау.

Қауіпсіздік таңбалардың тұтастығын қамтамасыз ету оларға байланысты негізгі проблемалардың біреуі болып табылады. Біріншіден, тамғаланбаған субъектілер мен объектілер болмау керек. Әйтпесе тамғалық қауіпсіздікте саңылаулар пайда болады және қаскүнем осы жағдайды пайдаланып қорғанылатын ақпаратқа заңсыз қол жеткізуі мүмкін. Екіншіден, қорғанылатын деректермен қандай да болмасын операция орындалмасын, қаупсіздік тамғалары өзгермей қалуы керек.

Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың біреуі – құрылғыларды көпдеңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көпдеңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бірдеңгейлік құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады.

Қатынас құруды мәжбүрлі басқару. Қатынас құруды мәжбүрлі басқару деп атаудың себебі – қатынас құру мүмкіндігі субъектінің ерігіне тәуелді емес. Мұндай басқару субъектінің және объектінің қауіпсіздік тамғаларын салыстыру негізінде жүргізіледі.

Егер субъектінің құпиялық деңгейі объектінің құпиялық деңгейінен кем болмаса, ал объектінің қауіпсіздік тамғасында көрсетілген барлық санаттар субъектінің тамғасында болса, (яғни, осындай екі шарт орындалған болса), онда субъект объектіден кез келген ақпаратты оқи алады. Мысалы, “өте құпия” субъект “өте құпия” және “құпия” файлдарды оқи алады. Бұл жағдайда “субъектінің қауіпсіздік тамғасы объектінің қауіпсіздік тамғасынан басым” деп айтады.


Тақырып 2. Ақпараттық үрдістерде ақпаратты енгізу, шығару, беру, өңдеу және сақтауды жүзеге асыру кезінде ақпаратты қорғау.

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Қорғау объектілерін жіктеу. Иілгіш магниттік дискілеріндегі, қатты дискі типтес сыртқы есте сақтау құрылғысындағы, дисплейдегі, баспа құрылғысындағы, байланыс арналарындағы қорғау элементтерін жіктеу.

  2. Ақпаратты қорғау есептерін шешуге қажетті қорғау элементтері мен объектілерінің сипаттамаларын анықтау.

Дербес компьютерлердің құрамында магниттік диск тасымалдаушылардың пайда болуы магниттік дискілерді қорғау жөнінде сұрақтың шығуына себеп болды. МД-ны қорғау сұлба түрінде шешілді. Сұлба жазбаның пішімін өзгерту әдісімен көшіру утилиттерінің жұмысын қалыпқа келтірді.

Мұндай қорғау түрін тек қана маман инженер ғана сараптап шеше алады.

МД-ны қорғау әдісі 2 қағидаға сүйенеді :


  • басқа дискіге көшіруге тосқауыл (көшіруден қорғау);

  • ашып көруге тосқауыл (алдын-ала ашып көруден қорғау).

Алғашқы қағида бағдарламаны рұқсатсыз көшіруден сақтайды. Екіншісі рұқсатсыз тексерістен сақтайды. 2 ереже-қағида бір-бірімен байланыссыз. Коммерциялық бағдарлама қорғаудың 2 қағидасын да пайдаланады.


Дискіні пішімдеу


МД – магниттік бетті пішімдеу барысында секторларға және сызықтарға (секторлар 0-7, жолсызықтар 0-39) бөлінген тасымалдаушыдан тұрады. Әрбір сектор адрестік белгі өрісінен тұрады (жолсызық басы, сәйкестендіру таңбасынан, деректер таңбасы мен деректер өрісі ).

Әрбір өріс сөз басынан, деректерден, бақылау сомасынан, эпилогтан тұрады. ДОS дискінің ең сыртқы жолсызығына орналасады. Бір жолсызық файлдық каталог астына резервтеледі. Тұрақты есте сақтау құрылғысында енгізу-шығарудың базалық жүйесі файлдарын санайтын бастапқы жүктеме блогы орналасады. Қазіргі кезде секторлар және жолдар саны берілген дискіні пішімдеуге арналған стандартты бағдарламалар бар. Физикалық магниттік маркер жолсызық және секторлардың (қатаң пішімдеу) жағдайын анықтайды. Иілгіш дискіні пішімдеу барысында әр жолсызық және сектор бағдарламаланады, ол адрестік өрісті санау арқылы жүреді. Секторлардың орналасуы еркімен жүреді. Пішімдеу утилиттері ДОS құрамында немесе компьютер арқылы жүреді.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау