Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ______________ Л.Ж.Елимбетова
Колледж психологы: ____________ Г.М.Абдибаттаева
Топ тәлімгері: _____________ П.Қ.Омарова
«Orda» жоғары колледжі
0516000 –Қаржы мамандығы бойынша
Ф-9-18г оқу тобының студенті
Жұмалі Ақтоты
психологиялық – педагогикалық
МІНЕЗДЕМЕ
Жеке тұлға туралы мәліметтер: Жұмәлі Ақтоты 18.04.2003 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне 2018 жылы 0516000 – «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, Ф-9-18 оқу тобына оқуға қабылданды. Отбасы жағдайы жақсы, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы жақсы. Отбасымен бірге тұрады, денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу іс-әрекеті мен жеке тұлғаның бағыт – бағдары мен арнаулы қабілеттері: Ақтоты ұқыптылығымен және жақсы тәртібімен ерекшеленеді. Тәртіпті, көбіне жағымды мінезі басым, ойын ашық әрі жүйелі түрде айта алады, өз ортасында беделді. Ақтотының үлгірімі өте жақсы, өзін - өзі бірқалыпты ұстайды. Алға қойған мақсатқа жетуде табандылық таныта біледі. Ұжымдық пікірді әрдайым қолдайды. Барлық ережелер мен нұсқауларды толық ескереді және ұстанады. Оқу тобындағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы, ешкіммен шиеленіске келмейді, барлығымен дос, барлық жолдастарымен жақсы қарым-қатынасты сақтайды. Ойлау қабілеті жақсы дамыған. Кез-келген жағдайға төзімді, өзін ұстай алады. Жаңа нәрселерді білуге деген қызығушылығы басым. Айналасына құрметпен қарайды. Сөзі логикалық жүйеде, тез және анық сөйлейді. Жетекші болуға қабілетті. Өз бағытының тиімділігін дәлелдей алады. Еңбекке көзқарасында белсенділік көрініс береді.
Ұжымға және колледжге деген қатынасы: Топтық, ұжымдық жұмыстарда белсенділік көрсете біледі. Теориялық білімді жақсы меңгерген. Бастаған ісін тиянақтылықпен аяқтайды. Үлгірімі өте жақсы. Оқу орнының қойған талаптарына бағынады.
Мінез және темперамент ерекшеліктері: Мінезі ашық, ұстамды. Өмірде ұқыптылық пен тәртіпті ұнатады. Өте сезімтал, өз ісіне тиянақты. Мәліметті тыңдағанда оның мәнісіне толық түсінуге, меңгеруге тырысады. Холерик темпераменті басым. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Дұрыс шешім таба біледі.
Жалпы психологиялық - педагогикалық қорытынды:
Тұлғаның қалыптасқан жеке басының жетістіктерін ескере отырып Жұмәлі Ақтоты болашақта білімді де, білікті маман болатынын сеніммен айта аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |