Міндетті медициналық тексеру жүргізудің кейбір мәселелері



жүктеу 40,47 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі40,47 Kb.
#1049

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ


Аскаров К.А., Аманбаева Б.К., Отумбаева Е.Т., Байконсова Л.О., E-mail: ukfprof@mail.ru

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,

«Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының»

Оңтүстік Қазақстан филиалы,Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Кіріспе. Адам денсаулығына зиянды және қауіпті еңбектегі жағдайындағы жұмысшыларға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастырудың негізі, бұл еңбекке араласпас бұрын жүргізілетін алдын-алу және кезеңдік міндетті медициналық тексеру болып табылады [1].

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі өндіріс орындарында еңбек ететін адамдардың жалпы саны – 279,3 мың жұмысшыны құрайды, оның 167,8-і әйелдер [1, 2]. Соның ішінде адам өміріне зиянды және қауіпті еңбек жағдайымен қатынаста, әрі жыл сайынғы кезеңдік міндетті медициналық тексеруден өтуге тиісті адамдардың саны – 56 572 (20,3%), оның 19 315 (34,1%)-ін әйелдер. Өндіріс ошақтарындағы еңбек адамдарына, әсіресе әйелдерге гигиеналық нормадан әлдеқайда жоғары болатын өндірістік шаң, шу мен діріл және жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қолайсыз жағдайлары өлшеусіз әсер етеді де, адам организмінде өрбитін кәсіби аурулардың дамуына себеп болады [2, 3].



Жұмыс берушілердің аз уақыт ішінде көп пайда табуға деген тоқтаусыз ұмтылысы, кәсіби ауруларды тудыратын тәуекелдікті қолдан келгенше жасыруға, медициналық тұжырымға қарамастан жұмысшымен еңбек шартын бұзуға, заңдармен айқындалған әлеуметтік міндеттерді орындаудан бас тартуға мәжбүрлейді. Өндіріс орындарындағы күнделікті қолданылатын еңбек құралдарының (58-90%-ға дейін) ескіруі, жұмыс орыны, машиналар мен қондырғылардың жөнделу мерзімінің негізсіз қысқаруы, күнделікті еңбек сағатының мәжбүрлі түрде ұзаруы, еңбек қауіпсіздігін қадағалау ісі мен өндіріс орындары әкімшілігінің қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастырына деген жауапкершілігінің төмендеуі - бәрі сайып келгенде еңбек адамдарының жалпы денсаулығына кері әсерін тигізеді. Оның бержағында, жұмыс берушілер кәсіби ауруларды дер кезінде анықтап, әлеуметтік медициналық шараларды өткізуге оң ниет танытудан аулақ, ал жұмысшы – жұмыс орнынан айрылып қалу қаупіне орай, өз денсаулығындағы аурудың алғашқы белгілерін жасыруға әр уақытта дайын. Ал сақтандыру компанияларының белгіленген шаралардың барлығының орындалуына қатысқаны болмаса, көп жағдайда жұмыс берушілердің ырқына көніп, солардың мүддесін қорғауға жақын тұрады.

Зерттеу мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша адам денсаулығына аса зиянды және қауіпті еңбек факторларымен қатынастағы еңбек адамдарына міндетті медициналық тексеру жүргізу сапасын талдау.

Нәтижелері және талқылау. Облыс бойынша, зиянды және қауіпті еңбек факторларымен қатынастағы жүмысшыларға кезеңдік міндетті медициналық тексеру жүргізуге құқылы лицензиясы бар 70-тен аса, яғни 28 қалалық, 42 аудандық медицина мекемелері бар, соның 21-і жеке меншік медициналық мекемелер. Бұл мекемелердің кезеңдік міндетті медициналық тексерулерді жүргізу сапасына талдау жасағанымызда төмендегідей қорытындыларға келдік: кезеңдік міндетті медициналық тексерулермен қамтамасыз етілуі толық емес, 2015 жылы медициналық тексерумен қамтамасыз етілу облыс бойынша - бар болғаны 92,7%, яғни – 52 612 жұмысшыны құрады, 3960 адам медициналық тексеруден өтпей-ақ, жұмысқа жіберіліп, денсаулықтарын жақсарту үшін жүргізілуге тиісті маңызды шаралардан тыс қалған, медициналық мекемелердің қажетті, білікті мамандармен қамтамасыз етілуі төмен, әсіресе дәрігер-профпатологтары және дәрігерлердің кәсіби патологиядан арнайы дайындығы жоқ, облыс бойынша 19 мекемеде дәрігер-профпатологтың қатысуынсыз, кезеңдік медициналық тексерулерулер жүргізіліп - «еңбекке қабілеттік» анықталған, кешенді міндетті медициналық тексеру жүргізуге қажетті материалды-техникалық базасы қажеттікке сай емес, тексерулер барысында анықталған жалпы және кәсіби арулардың алғашқы белгілеріне қарамастан, еңбек адамдарындағы ауыршаңдықты анықтап диагноз қою және оны дәрігерлік байқауда ұстау сияқты кешенді жұмыстар – назардан тыс қалған, адам денсаулығына зиянды және қауіпті еңбек факторларымен қатынасына қарамастан, соңғы төрт-бес жыл көлемінде облыс бойынша бірде бір кәсіби ауру диагнозы қойылмаған.

Қорытынды. Еңбек адамдары бойындағы кәсіби аурулардың алғашқы белгілерін анықтауға байланысты, қауырт мәселелерді дер кезінде шешу үшін: адам денсаулығына зиянды және қауіпті еңбек факторларымен қатынастағы жұмысшыларға жүргізілетін алдын-алу және кезеңдік міндетті медициналық тексерулердің сапасын толыққанды қамтамасыз ету. Ол үшін облыс бойынша міндетті медициналық тексерулерді жүргізетін барлық медициналық мекемелердің материалды-техникалық базасының деңгейін көтеріп, аталмыш медициналық тексеруді жүргізетін дәрігерлерді кәсіби аурулар мамандығы бойынша даярлықтан өткізу және ел байлығын арттырып жатқан өндіріс орындарындағы еңбек адамдарының денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру қажет.
Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» //№1113 Президент Жарлығы 29.11.2010ж.

  2. Бабякина Н.Г. ҚР ДСМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК Оңтүстік Қазақстан филиалына берген мәліметі //ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті. - Шымкент, -2015. С. 3.

  3. Медициналық тексерулердің қорытынды актілері мен олардың қосымшалары //ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде тіркелген актілер. - Шымкент, 2011-2015 жылдар.

жүктеу 40,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау