Микроскоп құрылғысы



жүктеу 88,49 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі88,49 Kb.
#34377
Документ стандарт


Бұранданың негізгі бақыланатын элементтері болып: адымы, орта диаметрі, пішін бұрышының жартысы, сыртқы және ішкі диаметрлері табылады.

Кеңінен тараған бұранданы өлшейтін аспаптарға: бұрандалық микрометрлер, рычагты микрометрмен қатар пайдаланылатын орта диаметр өлшеуге қажет үш сым, проекторлар мен аспапты микроскоптар жатады.

Төмендегі жұмыста сіздер бұранданың барлық элементтерін кіші аспапта микроскопта өлшеу әдістерімен танысыңыздар.

5.2 Микроскоп құрылғысы

Салмақты құйылған (10) микроскоп негізінде (5.1, ә-сурет) – үстел (4), тірек (6), тубус (7) орналасқан. Тубустың төменгі жағында, әр түрлі орналасқан. Тубустың жоғарғы жағында окуляр орнатуға арналған қуыс бар. Тубус (7) пен тіректі (6) байланыстыратын тұмсықта, тірек бағыттағышы бойымен қозғалатын қарлығаш құйрығы тәрізді кертік бар. Негізінің артқы қабырғасында жарықтандырғыш қоятын қуыс (12) бар. Өлшенетін бұйым орнатылған зат үстелі (4), микробұрандылар көмегімен өзара перпендикуляр бағыттарда қозғалады. Қуыс (12) орнатылған лампа өлшенетін бұйымды төменгі жағынан жарықтандырады. Жарықтандырылған өлшеу окулярды штрихті торға қатынасты орнын өзгертеді. Бұл қозғалыс окуляр көмегімен бақыланып, микробұранда көмегімен (2, 3) анықталады. Окуляр (1) әр түрлі болып келеді. Оларды қойылған мақсатқа орай ауыстырып отырады.


 

 

 

 

 



 



 










Бұл жұмыста бұранда элементтерін өлшеу үшін әмбебап окуляр пайдаланамыз. Бұл окулярдың көру өрісі 5.1, а-суретте көрсетілген. Штрихті торы бар диск өз осі бойында 360 градусқа құрыла алады. Айлану осі штрихті тордың пунктирлері қиылысу нүктесінде жатады және ол микроскоптың негізгі осімен өтеді. Дискіні айналдыратын маховикті бұрағанда, градусты шкала да қоса айналады. Бұл аспапты өлшеуге дайын қылған кезде (градустық және минуттық шкала нөл көрсетеді) тордың горизонтальды штрихы ұзын бойы жылжу осіне параллель болады.

Кіші аспапты микроскоптың сипаттамасы

Ұлғайтуы 3 х

Объективтің ұлғайтуы 10 х

Жалпы ұлғайту 30 х

Микробұранданың бөлік шамасы 0,005 мм

Жылжымалы тақтаның ұзын бойы жылжуы 50 мм

Жылжымалы тақтаның көлденең жылжуы 26 мм

Көру өрісі 6 мм

Бұранданы өлшеу

Тексерілетін бұйым алынбалы центрлерде орнатылады. Орнатуды жаңа микроскоптың құрамына кіретін білік көмегімен тексереміз. Бақылау білігі центрлерде орнатылады да, нөлге қойылған штрихті тордың горизонталь сызығы біліктің бір жағына келтіріледі. Сонан соң үстелді қарама-қарсы жаққа қозғап екінші жағының дәл келуін қадағалайды. Егер дәл келмесе тексеру қайталанады. Дұрыс орнатылған соң, центрлерде өлшенетін бұйым орнатылады.

Бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерін тегіс цилиндрлі бұйым өлшегендей қылып өлшейді. Ол үшін бұранда пішінінің ұшы мен түбі негізін пайдаланады. Микроскоптың көру өрісіне контурды микробұранда көмегімен бұранда пішінінің ұшы немесе шұңқыры тордың горизонталь сызығына сәйкес келтіреді. Бұл жағдайда бірінші нәтиже алады (микробұранда барабанынан), сонан соң барабанды бұрай отырып, горизонталь сызықты бұранда пішінінің екінші қарама-қарсы жағына келтіреді де екінші нәтиже алады. Осы екі нәтиженің айырмасы ішкі және сыртқы диаметр өлшемі болып табылады.



Бұрандалы бұйымдары центрлерге орнатқанда қиғаш кету мүмкіндігі пайда болуы мүмкін, ол әсіресе бұранданы ұзын бойы үстелде қозғағанда білінеді. Бұл жағдайда бұранда пішінінің сол және оң жақтарынан алынған өлшеу нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Осы ағаттықты жою үшін орта диаметрді осы екі нәтиженің арифметикалық ортасы ретінде табады.Бұранда адымының жиналған ағаттығын анықтау үшін аттас пішіндер (сол не оң) арасан     адымынан кейін өлшейді. Центрде орнату ағаттығы нәтижесінде сол және оң жақ пішіндерінің адымдары әр түрлі болып табылады, оны жою үшін екі жағын өлшеп арифметикалық ортасын табады.

Бұранда пішіні бұрышының жарты бөлігін өлшеу. Бұранда бұрышын өлшеген кезде сол және оң жақ жарты пішіндерді айырады және   . Бөлшекті центрге орнатқан кездегі ағаттық нәтижесінде тор штрихының горизонталь сызығына перпендикуляр мен бұрышты екіге бөлетін сызық бір-біріне паралель болмайды. Осы ағаттықты жою үшін бұранда пішіні бұрышының жарты бөлігін сол және оң жақтарында ғана өлшеп қоймай, жоғарғы және төменгі жақтарда да өлшейді (5.4 -сурет). Өлшеу алдында бұрыштық шкаланың градусы мен минутын нөлге келтіріп алады. Сонан соң штрихті торды бұрай отырып, тор горизонтал сызығына перпендикуляр пунктирді бұранда тісінің тиісті (сол не оң) жағына келтіреді де бұрыш өлшегіш окулярдан қандай бұрышқа бұралғанын анықтайды. Стандарт бойынша жарты бөлігі 30 градусқа тең. (Ескерте кететін жай: бұрыштық өлшем нәтижесін алған кезде бұранда пішінінің бір жағын өлшегенде есептеу нөлден басталады да, екінші жағын өлшегенде 360 градустан бастап азаяды, бұл жағдайда жарты пішінді 3600-   арқылы табамыз).
жүктеу 88,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау