«Микро-макроэкономикалық талдау» пәні бойынша



жүктеу 1,08 Mb.
бет2/6
Дата05.02.2018
өлшемі1,08 Mb.
#8729
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

  1. Сұраныс дегеніміз не? Сұранысқа микроэкономикалық тәсілдеменің ерекшеліктері немен сипатталады? Сұраныс қажеттіліктен немен ерекшеленеді?

  2. Сұранысты қандай факторлар анықтайды? Бұл факторларды қандай топтарға бөлуге болады? Сұраныс заңының қызметін немен түсіндіруге болады?

  3. Сұраныстың бағалық икемділігі дегеніміз не? Қандай факторлар оны анықтайды?

  4. Сұраныс икемділігінің қандай бағалық емес түрлері бар? Халықтың табысы өскен жағдайда барлық тауарларға сұраныстың өсуін күту керек пе?

  5. Ұсыныс дегеніміз не? Ұсынысқа микроэкономикалық тәсілдеменің ерекшелігі неде? Ұсыныс заңының қызметі немен түсіндіріледі?

  6. Ұсыныс икемділігі немен сипатталады? Ұсыныс икемділігі қандай болуы мүмкін? Ұсыныс икемділігіне уақыт факторы қалай әсер етеді?

  7. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі есебінің практикалық мәнін түсіндір. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі тнориясын кімге білген маңызды?

Дәріс сабағының құрылымы



Тақырып 3. Тұтынушының таңдау теориясын талдау.
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Тұтынушының таңдауы және игілік пайдасы.

  2. Бюджеттік шектеулер және талғамсыз қисығы.

  3. Тұтынушы оптимумы. Ішкі және бұрыштық шешімдер.

  4. Табыс әсері және алмастыру әсері.

  5. «Табыс – тұтыну» сызығы және Энгель қисығы.

  6. «Баға – тұтыну» сызығы. Дара және нарық сұранысының қисығын құру.

Оқулықтың алдыңғы тарауларында сұраныс заңы мен ұсыныс заңы, олардың икемділігі, демек түрлі факторлардың әсерінен ұсыныс пен сұраныстың өзгеру дәрежесі қарастырылды. Бұл дәріс тақырыбында біз сұраныс теориясын тұтынушы (сатып алушы) мінез-құлқы түрінде баяндауды жалғастырамыз. Нарықтағы сұраныс – бұл игілікті сатып алу арқылы қанғаттандыратын біздің қажеттіліктеріміз. Қандай әдіспен біздің қажеттіліктеріміз белгілі сұраныс мөлшеріне айналады? Көптеген игіліктердің ішінен бізді қанағаттандыратынды қалай таңдаймыз? Бұл сұраққа осы тұтынушы мінез-құлқы теориясы жауап береді. Бұл теорияда тұтынушы мінез-құлығының жалпы моделі құрылады.

Тұтынушы мінез-құлқы – бұл бар бағаның есебінде игілікті таңдау жүргізетін тұтынушының нарықтық сұранысын құратын процесс.

Біздің тұтыну үшін тауар және қызметті таңдау, демек тұтынушы сұранысы, алдымен біздің қажеттілігімізге және талғамызға, әдеттерімізге, дәстүрімізге, демек біздің қалауымызға байланысты.

Тұтынушы қалауы - бұл қандай да бір игіліктің басқалардан артықшылығын мойындау, демек бір игілікті басқалармен салыстырғанда жақсырақ деп мойындау.

Тұтынушы қалауы субъективті болып келеді. Таңдалынатын әрбір игіліктің пайдалығының бағасы да субъективті болып келеді. Бірақ тұтынушы таңдауы тек қана оның қалауымен ғана емес, сонымен қатар таңдалынатын өнімнің бағасымен және оның табысымен анықталады. Дара тұтынушының ресурстары экономика масштабтарындағыдай шектелген. Тұтынушы қажеттіліктерінің тәжірибелік шексіздігі және оның ресурсының шектеулігі түрлі комбинациядан игілікті таңдау қажеттілігіне, демек қажетті тұтынушы таңдауына әкеледі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Нарық жүйесінде тұтынушы таңдауын қандай факторлар анықтайды?

  2. Қандай жағдайларда тұтынушының мінез-құлқын рационалды деп есептеу қажет?

  3. Тауарлардың түрлі категориялары үшін табыс әсері мен алмастыру әсері қандай қатынаста болады: жақсы, жаман және Гиффен?

  4. Неге экономистерді берілген тұтынушылардың бюджеттік шектеудің жанама сызығының нүктесі және оның парықсыздық қисығы қызықтырады? Экономикада мұндай жанаманың қандай нұсқалары кездеседі?

  5. Түрлі экономикалық жүйелер типтері үшін тұтынушының бюджеттік шегі айырыла ма?

  6. Тұтынушы табысының өзгеруі оның молшылығы қалай әсер етеді?

Дәріс сабағының құрылымы



Тақырып 4. Өндіріс шығыны және экономикалық пайда
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Шығын және пайда: экономикалық және бухгалтерлік тәсілдеме.

  2. Фирманың қысқа мерзімді шығындар: түрлері, динамикасы, өзара байланысы.

  3. Изокоста.

  4. Ұзақ мерзімді периодтағы шығындар функциясы.

Нарықтық экономиканы қызмет ету шартында кәсіпорындарда өндірістік тауар бағасы екі негізгі бөлімнен тұрады: табыс және өндіріс шығындардың құны.

Баға – қызмет немесе тауар бірлігіне алынатын немесе төлінетін ақша мөлшері.

Кәсіпкерге тұратын тауар капитал шығындарымен өлшенсе, қоғамға тұратын тауар еңбек шығынымен анықталады. Сондықтан тауар өндірісінің шығыны оның бағасынан төмен, демек капитал шығынынан бөлек еңбек шығынын қосатын нақты өндірістік шығындар. Тауар бағасы мен кәсіпкерлік капитал шығындарында көрсетілген айырмашылық кәсіпорын табысын құрайды.

Пайда – табыстың тауар өндіруде, қызмет көрсетуде жұмсалған шығыннан алған сомасы.

Өндірістік шығындары – өнім өндіруге жұмсалған жанды еңбек пен затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы.

Экономист өндіріс шығынын фирманың қаржылық балансы қызықтыратын бухгалтер секілді қарастырмайды. Бухгалтерлер фирманың қаржысына өткенге шолу көз қарасымен бейімделген, себебі оларға өткенде фирманың қызмет тиімділігін бағалауға және активтер мен пассивтерге қадағалау жүргізуге тура келеді.

Экономистер мен басшылықтар, керісінше, фирманың болашағына қызықтырылады. Олар алдағы шығындардың, оларды азайту және рентабельдікті жоғарлатудың қамын ойлайды. Демек, олар айқынсыз шығындармен қызығу қажет. Айқынсыз шығындар – фирма ресурсын жаксырақ қолдану мүмкіндігін жіберумен байланысты шығындар. Айқынсыз шығындарға фирмамен өндірілетін анық шығындар кіреді, бірақ олармен шектелмейді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Максималды табыс алу үшін өнімнің максималды мөлшерін сату қажет. Бұл ой дұрыс па?

  2. Фирма менеджерлері, ереже бойынша, шекті шығындарды білмейді. Бұл жағдайда шекті табыс пен шекті шығынның тепе-теңдігі кезінде өндірістің оптималды заңын айтудың мағынасы жоқ. Бұл солай ма?

Дәріс сабағының құрылымы



Тақырып 5. Өндірістің ресурстық факторлары. Ресурс нарығында баға белгілеу.
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Өндірістік факторлар нарығындағы үйшаруашылығы

  2. «Табыс – демалыс» үдгісіндегі талғамсыз қисығыжәне бюджеттік шектеулер

  3. Еңбек пен демалысқа тәуелді еңбек ұсынысы

Қазіргі экономикалық ғылымда бағаның көтерілуіне байланысты жалдамалы қызметкерлердің еңбекақылары көтеріңкі жағдайларда төленеді. Еңбек шығындарын бағалау әдістерінің тәуелділігіне қарай уақыттылы (сағаттық, күнделікті, жұма сайынғы, ай сайынғы), істелген жұмыс мөлшеріне, аккордты және т.б. ақының түрлерін қолданады.

Еңбекақыны номиналды және нақты деп бөлуге болады. Номиналды еңбекақы деп – жалдамалы қызметкерлерден алынған ақшаның сомасын айтады. Ал нақты еңбекақы деп – тауар мен қызметтің жиынтығын айтады. Көптеген дамыған мемлкеттердің тұрғындары үшін еңбекақы өмір сүрудің негізгі көзі болып келеді, негізінде ол ұлттық табыстың 2/3-3/4 құрайды.

Еңбекақы деңгейіне әсер ететін негізгі фактор еңбек ресурстарын қолдану тиімділігі болып келеді. Ол алдымен «еңбек өнімділігі» тік көрсеткішімен өлшенеді. Өз кезегінде, еңбек өнімділігіне басқа өндірістік ресурстарды қолдану тиімділігі әсер етеді – қор қайтарылуы, материл қайтарылуы.

Мақсатты оңтайландыру үшін өндіріс факторының бағасы олардың сапасын бейнелейді деп есептейік ( бірақ шындығында бұл ылғи да ақиқат бола бермейді). Мысалы, еңбек сапасы физикалық денсаулыққа, жалпы және арнайы білімге, өндірістік тәжірибесіне және т.б. тәуелді. Кейде құнды өлшенуге әрен берілетін факторлар болады (көбінесе коллективтегі әлеуметтік-психологиялық климат, өнегелі құндылық), бірақ олар үлкен роль ойнады.

Жетілген бәсекелес шартында еңбек бағасы кез-келген басқа тауарға сәйкес құрылады. Бұл дегеніміз барлық қызметкерлер бірдей еңбекақы алады, ол олардың қандай фирмада жұмыс істейтініне тәуелсіз болып келеді және бұл фирмамен алдында берілген мөлшер түрінде қабылданады. Сондықтан жеке фирма үшін еңбек ұсыныс абсолютті икемді. Жетілген бәсекелестік шартында еңбекақы деңгейінің өзі максималды - шекті өндіріс теориясына сәйкес жұмысшы толық еңбек өнімін алады: МRC = wc. Сондықтан фирманың еңбекке шекті шығыны еңбекақыға тең. Еңбекақы деңгейі фирманың мінез-құлқына байланысты болмаған жағдайда, кәсіпкерліктен тек қана жалданатын жұмысшылар мөлшері тәуелді болады. Әрбір адам дилемма алдында тұр: көбірек жұмыс істеу немесе көбірек демалу. Құрылған жағдай өзгерген кезде ол өткір бола бастайды. Мысалы, біз 24 сағатта алатын қазіргі уақыттағы максималды табыс В долл. тең. Тәулігіне максималды сағат саны, әрине 24. Бұдан, біздің «табыс-бос уақыт» бюджеттік шегімізді АВ тік сызығымен көрсетуге болады. В нүктесін шешім ретінде қабылдауға болмайды, себебі қысқа мерзімде немесе ұзақ мерзімде болсын тәулігіне 24 сағатты ешкім жұмыс істей алмайды.

Еңбек – өзіндік тауар. Фактілі түрде жалданған қызметші емес, оның жұмыс уақыты сатылады. Оның шектері бар және ол 24 сағаттан кем болу керек, себебі бұл уақыт адамның демалуына қажет. Сондықтан тепе-теңдік Е нүктесінде жетеді. Бұл жағдайда бос уақытты Н құрайды, жұмыс уақыты — (24 - Н0), күндізгі табыс I0=w(24 - Н0).

Бюджеттік шектің көлбеулігі - w – еңбекақы төлемінің ставкасына тең. Бұл дегеніміз қызметші табысқа бос уақытты алмастырудың шекті нормасы еңбекақыға тең болғанда пайданы максималдайды:

MRCIH =w
Бақылау сұрақтары:


  1. Соңғы уақытта қызметшілердің еңбекақысын, пенсияларды және жәрдемақыларды индексациялау талабы жиі естіледі. Ұсынылатын индексациялау жүйесінің негізінде қандай принциптер жатыр? Олардың жағдайы мен мүмкін зардаптарын микро және макроэкономикалық талдау көзқарасы жағынан талқылаңыз.

  2. Еңбекке төлем, жұмысбастылық көлемі, еңбек нарығы құрылымының арасында қандай байланыс бар?

Дәріс сабағының құрылымы



Тақырып 6. Жалпы тепе-теңдікті, экономикалық тиімділікті және қоғамдық игілікті талдау
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Жалпы тепе-теңдікті талдау.

  2. Өндіріс, шығыс және айырбас тиімділігі.

  3. Жеке және қоғамдық игіліктер.

Жалпы тепе-теңдікке жету – бұл бір нарықтағы өзгерістің басқа нарықтарға әсерінің нәтижесі. Бұл өзара байланыста түрлі тауарлардың өзара байланысы бірден көз алдына түседі. Сондықтан қарапайым талдау минимум төрт этапты құру керек: 1) алғашқы өзгерістер; 2) тауарларды өзара алмастырушы нарықтары; 3) тауарларды өзара толтыру нарықтары; 4) кері байланыс әсері.

Шығыс тиімді болады, егер бір уақытта сатып алушылардың пайдасын максималдаса және бар ресурстардың шегінен шығып кетпесе, демек өндірістік мүмкіндіктер шекарасында жатса. Осылайнан, өндірістік мүмкіндіктер шекарасы мен талғамсыз қисығы тек бір үлкен нүктеге ие болады –жанама нүктесін. Бұл нүктеде алмастырудың шекті нормасы трансформацияның шекті нормасына тең болады.

Жалпы тепе-теңдік теориясы кең салада қолданылады. Ол экономиканың тиімділігіне немесе тиімсіздігіне талдау үшін қолданылады, мысалы жетілген бәсекелестен айырылу. Сонымен қатар, ол экономиканың молшылық саласындағы саясаттың ғылыми негізін анықтауда маңызды роль ойнайды.

Таза қоғамдық игілік – бүкіл азаматтармен ұжымдық тұтынылатын игілік. Таза қоғамдық игілік екі қасиетпен сипатталады: тұтынуда ерекшеленбейтін және таңдалмайтын. Бұндай қасиеттермен, мысалы ұлттық қорғаныс ие.
Бақылау сұрақтары:


  1. Екі тауардың айырбас қатысушылары қалайнан Эджуорт үлгісінде Парето тиімді таратуға жетеді?

  2. Нақты экономикада болатын игілікті бөлу және ресурстарды орналастырудың Парето тиімділігіне жету үшін негізгі кедергілерді ата.

  3. Жеке тауарлар нарығын мемлекеттік реттеу ылғи жүре ме?

Дәріс сабағының құрылымы



Тақырып 7. Бәсекелес және бәсекелес емес нарықтар шартында өндіріс көлемін, бағасын және шығынын анықтау

Дәріс сабағының мазмұны:



  1. Таза монополияның нарық үлгісі

  2. Таза монополистің шекті табыс қисығы

  3. Қысқа мерзімдік периодта таза монополиспен пайданы максималдау. Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдік.




  1. Біріншіден, монополияны фирма типі ретінде қарастыруға болады. Ол өздігінен ұлттық шаруашылықтың белгілі бір саласында алдыңғы қатарлы орын алатын ірі корпорацияны білдіреді. Көбінесе монополия әлемге танымал «Дженерал моторе», «Эксон», «Кока-кола» және т.б. компаниялармен қауымдасады.

Бірақ «монополия» ұғымының басқа да түсіндірмесі бар – бұл фирманың экономикалық мінезі. Нарықта сатып алушыларға белгілі түрдегі өнімнің негізгі массасын өндіретін кәсіпкер-монополист қарсы тұру жағдайы болуы мүмкін. Бұл жағдайда монополист кәсіпорын өлшемі бойынша кішкентай болып көрінуі мүмкін. Ірі фирмалар монополист болмауы мүмкін, егер оның берілген нарықтағы үлесі аз болса.

Монополияны нарықтың экономикалық құрылымының түрі десек, біз оны экономикалық қатынастың анықталған типі ретінде қарастырамыз. Ол бұл қатынасқа қатысушылардың біріне нарықта белгілі тауарға өзінің шартын оқуға мүмкіндік береді.

Монополия салада тауар ұсынысының көлемін толығымен қадағалайтын тек бір өндіруші бар деп есептейді. Бұл оған бағаны қоюға мүмкіндік береді, осылай максимум табыс алады. Бағаны қоюда монополиялық өкіметің қолдану деңгейі жанында алмастырушы тауардың болуына байланысты болады. Егер тауар жақсы болса, онда сатып алушы оны белгіленген бағамен сатып алады немесе одан бас тартуға тура келеді. Алмастырушысы жоқ өнімдер саны шектеулі. Таза монополияға коммуналдық қызмет көрсету, кабельдік теледидар компаниясын немесе оқулықтарды жаңарту үшін кітап өндіруші монополия және т.б. жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Неге монополист өзі қалаған тауар мөлшерін өндіріп, кез-келген бағаны қоя алмайды?

  2. Қандай тауарлар нарығында монополистік бәсекелес басым болады? Неге?

  3. Калдор-Хикс критериясы монополиялық бәсекелестік шартында шешімді қабылдаудың тиімділігін бағалау үшін қоланыла ма?

Дәрістік сабақтың құрылымы.



Модуль 2. Макроэкономикалық талдаудың теориялық аспектісі

8 тақырып. Ұлттық есептердің жүйесі.
Дәрістің мазмұны:


  1. Ұлттық есептің жүйесі.

  2. ЖІӨ мен ЖҰӨ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері: өлшеу әдістері, ішкі құрылымы ( ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚБТ).

  3. Тұтыну бағасының индексі, нақты ЖҰӨ, дефлятор.

  4. Потенциалды және фактілі ЖҰӨ. Оукен заңы.



Ұлттық есептің жүйесі- бұл экономиканың әр текті секторларындағы өндіріс, шығындар көздері, бағалар, әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға кеткен шығындар жөнінде деректерді қамтитын ұлттық табыстың құрастырушы көздерінің жиынтығы. Ұлттық есеп жүйесінің ең кең тараған көрсеткіштері жалпы ұлттық өнім ( ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім ( ЖІӨ) болып табылады.

ЖҰӨ елдің барлық азаматтарының табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемін көрсетеді.

ЖҰӨ үш әдіспен өлшенуі мүмкін: бірінші- шығындар бойынша ағын тәсілі. Екінші- табыстар ағынының тәсілі. Үшінші- қосымша баға тәсілі.

ЖҰӨ өндірістік көрсеткіштері оның ішкі құрлымын сипаттайтын ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚБТ болып табылады.

Таза ұлттық өнім ( ТҰӨ)- ол ЖҰӨ- капиталды тұтыну немесе амортизация.

Ұлттық табыс ( ҰТ) - бұл өндірістік факторлар шығындарының есебі; ол өндірісте қолданылатын еңбек және мүліктік ресурстармен алынған табыстар ағынын өлшейді.

Жеке табыс ( ЖТ) – бұл үй шаруашылығы игілігінде және мемлекеттік салық міндеттерін орындағанннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар игілігінде қалатын қажеттіліктер.

Қолда бар табыс ( ҚБТ) – бұл жеке табыс сомасынан мемлекетке төленетін кейбір салық емес төлемдерді алып тастағандағы шығатын табыс көлемі.
Бақылау сұрақтары:


  1. ЖҰӨ және ЖІӨ: айырмашылығы, табыстар, қосымша баға бойынша есептеу әдісі.

  2. ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚБТ есептеріне шартты мысалын келтіріңіз

  3. Тұтыну бағасының индексі, нақты ЖҰӨ, дефлятор есептеріне шартты мысалын келтіріңіз.

Дәрістік сабақтың құрылымы.



9 тақырып. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты талдау.
Дәрістің мазмұны:
1. Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрылымы. Жиынтық

сұраныстың бағалық емес факторлары.

2. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық модельдері.

3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс модельдеріндегі

макроэкономикалық тепе- теңдік. Тұрақтандыру саясатының әсері.

Жиынтық сұраныс ( AD) дегеніміз - сатып алушының сұранысы,өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

AD= C + I + G + NE

Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.

Жиынтық сұраныстың қисығына бірқатар факторлар әсер етеді, оларды екі топқа бөлуге болады: бағалы және бағалы емес факторлар.

Бағалы факторлар жиынтық сұраныстың көлемін өзгертеді, ол AD қисығының бойымен бағытталумен сипатталады.

Бағалы емес факторлар жиынтық ұсыныстың сипатын өзгертеді, ол AD қисығының оңға немесе солға қозғалуымен сипатталады.



Жиынтық ұсыныс ( AS) – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді.

Жиынтық ұсыныстың қисығының сипатына бірнеше факторлар әсер етеді, оларды да бағалы және бағалы емес деп бөледі.

Бағалы факторлар жиынтық ұсыныстың көлемін өзгертеді, ол AS қисығының бойымен бағытталумен сипатталады.

Бағалы емес факторлар жиынтық ұсыныстың сипатын өзгертеді, ол AS қисығынан ауып кетуімен сипатталады.

AS қисығын қисығын құру кезінде үш кеңістікті бөлуге болады: көлденең ( кейнсиандық), тігінен ( классикалық) және аралық.

Классикалық мектеп бағалардың абсолюттік икемділігінің принципін және экономикалық субъектілер әрекетінің рационалдығын сипаттайды. Бұл ресурстарға бағалар ( бағалар икемділігінің әсерінен) тауарлар мен қызмет көрсетулер бағаларына пропорционалды өзгеретінін білдіреді.

Кейнсиандық концепция да бағалар деңгейінің жалпы өзгерісіне қатысты ресурстар бағаларының икемсіздігін қарастырады. Ресурстар бағаларының өсуіне кедергі жасайтын бірқатар факторлар тобы бар. Бұл ұзақ мерзімді келісім- шарттар; уақытша дисбаланс кезінде амортизатор ретінде қолданылатын тауарлық қорлар; экономикалық субъектілер әрекетінің нақты рационалсыздығы. Тепе- теңдікті- экономикалық конъюнктураның берілген параметрлері бойынша ұсыныс пен сұранысқа сәйкестік ретінде анықтауға болады. Тепе- теңдіктің жеке тепе- теңдік, ол белгілі бір нарықта, біріккен тепе- теңдік, игіліктер, бағалар және бағалы қағаздар нарықтарында және жалпы тепе- теңдік барлық нарықтарда бірдей қолданылатын түрлері айырылады. Тепе- теңдік шарты нақты шығару көлемінің жоспарланған шығындар сомасына тең екендігін сипаттайтын негізгі макроэкономикалық тепе- теңдіктен шығады.

у( AS) = C + I + G + NE


Бақылау сұрақтары:


  1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың жеке сұраныс пен жеке ұсыныстан айырмашылығы неде?

  2. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасынағы макроэкономикалық тепе- теңдікке классикалық, кейнсиандық және неоклассикалық ( монетаристтік) тәсілдеме.

  3. Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық саясатының басымдылығы қандай?

Дәрістік сабақтың құрылымы.



10 тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы.
Дәрістің мазмұны:


  1. Өндіріс факторлары. Өндірістік функция.

  2. Нақты еңбекақы мен капиталдың нақты бағасы. Өндіріс факторлары бойынша ұлттық табысты бөлу.

  3. Еңбек нарығы: сұраныс, еңбектің жиынтық ұсынысына классикалық және кейнсиандық әдістемесі, тепе- теңдік

Еңбек нарығында өндірістің негізгі факторы- еңбекті

сатып алушы кәсіпкерлердің жоспарлары сатушы үй шаруашылықтырының жоспарларымен сәйкеседі. Еңбек нарығының бір ерееше қасиеті бар. Бұл экономикалық субъектілердің іс- әрекетінің мотивациясы бір параметрге- жалақы ставкасына тәуелді болып келетін жалғыз нарық болып табылады.

Қызмет етудің неоклассикалық концепциясы классикалық мектептің белгілі постулаттарына: жетілген бәсекелестікке, өндіріс факторларының өзара алмасуына, номиналды жалақы икемділіне және экономикалық субъектілердің рационалды іс- әрекетіне негізделеді. Осыған байланысты субъектілер нақты жалақы ставкасына емес, номиналды жалақы ставкасына жүгінеді.

Еңбек сұранысының неоклассикалық концепциясы толығымен макроэкономикалық негізде құрылған. Кәсіпкерлер берілген шартта максималды пайданы табуға бағытталған өзінің пайдасының формальді критерийлеріне сай еңбекке сұранысты ұсынады.

Нақты жалақы ставкасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым еңбекке

сұраныс төмен болады және керісінше неғұрлым нақты жалақы ставкасы аз болса, соғұрлым еңбекке сұраныс көп болады.

ND = f ( w, -)

Еңбек ұсынысы нақты жалақы ставкасына тікелей тәуелді және ол жалақы ставкасының өзгерісіне абсолютті икемді болып келеді.

ND = f ( w, +)

Қысқа мерзімді еңбекке сұраныс нақты жалақы ставкасының өзгерісі нәтижесінде ғана өзгереді. Ұзақ мерзімді еңбекке сұраныс технологиялық факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін.

Еңбек ұсынысының нақты жалақы ставкасына тәуелді болуына байланысты, бағалар өсімі нақты жалақы төмендеуіне әкеліп соқтырады, демек, еңбек ұсынысы да төмендейді.

Еңбек нарығындағы тепе- теңдік барлық еңбек ұсыныстарының кәсіпкерлердің еңбекке деген сұранысына толығымен теңгерілу шартында орындалады.

ND = f ( w, -) = ND = f ( w, +)

Неоклассикалық концепцияға сәйкес еңбек нарығындағы тепе- теңдік толық жұмыспен қамтамасыз етілу шартында орындалады, оған номиналды жалақы ставкасы өз ықпалын тигізеді.

Кейнсиандық концепция өзге постулаттарға негізделіп құрылады. Біріншіден, өндіріс факторлары қысқа мерзімде өзара байланыссыз болады. Екіншіден, экономика жетілген бәсекелестік экономикасы емес, және еңбек нарығы одан да нашар жетілген. Үшіншіден, номиналды жалақы икемсіз болып табылады.

Еңбекке сұраныс тиімді сұраныстың игілікке бағытталған функциясы болып табылады.

ND = f ( y, +)

Кейнсиандық концепция бойынша еңбек ұсынысы номиналды жалақы ставкасына тікелей тәуелді болады.

NS = f (W, +)

Егер еңбекке ұсыныс бағасы еңбекке сұраныс бағасынан артық болмаса, онда еңбек нарығында тепе- теңдік орнайды:

WD >_ W5



Бақылау сұрақтары:


  1. Еңбек нарығы: еңбек ұсынысы мен еңбек сұранысы. Еңбек нарығындағы тепе- теңдік.

  2. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының құрылу ерекшеліктері.

  3. Жиынтық сұранысқа классикалық және кейнсиандық тәсілдеме.

Дәрістік сабақтың құрылымы.



11 тақырып. Игіліктер нарығы.
Дәрістің мазмұны:


  1. Тұтыну функциясы. Тұтынуға және қор жинауға шекті бейімділік.

  2. Инвестициялық функция. Инвестициялар мультипликаторы.

  3. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторының және салық

мультипликаторының ерекшеліктері.

  1. Игіліктер нарығындағы тепе- теңдік, IS қисығының графигін құру.

салық- бюджет саясатының әсері.
Бүгінгі макроэкономикалық модельдердің орталық буыны игіліктер нарығы болып табылады. Игіліктер нарығында үй шаруашылықтарының сұранысы билік жүргізеді. Қазақстанда оның үлесіне соңғы жиынтық сұраныстың жартысынан көп бөлігі тиеді.

Игіліктер нарығындағы сұранысты анықтайтын факторлар қатарына келесілерді жатқызуға болады: 1) өндірістен түсетін пайда; 2) салықтар мен трансфертті төлемдер; 3) мүлік көлемі; 4) мүліктен түсетін пайда.Қарапайым тұтыну функциясы келесі түрде болады: C = a + b (Y– T)

Тұтынуға шекті бейімділік- қолда бар табыстың кез келген өзгерісіндегі тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер шығындарының өсу үлесі.

Қарапайым қор жинау функциясы келесі түрде болады: S = a + (1-b)(Y-T)

Қор жинауға шекті бейімділік- қолда бар табыстың кез келген өзгерісіндегі қорлардың өсу үлесі.

Автономды инвестициялар қарапайым функциясы: I =e –dR.

Инвестициялауға шекті бейімділік- табыстың кез келген өзгерісіндегі инвестиция шығындарының өсу үлесі.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау