Михеева е. В информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағЫ



жүктеу 9,21 Mb.
Pdf просмотр
бет10/42
Дата23.11.2018
өлшемі9,21 Mb.
#24163
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42

33
 
 
 
5.1
.сур. exp сөзінен басталатын файлдарды іздеу 
 
8. 
Файлдарды атаулары бойынша сұрыптаңыз және explorer атауындағы 
файлдарды  белгілеңіз.  Файлдар  мен  папкаларды  сұрыптау  үшін  Іздеу 
терезесінің кестелік түрін орнатыңыз (Түр/ Кесте
9. 
«Бастаушы»  бағдарламасын  ашыңыз  және  белгіленген  файлдарды 
«Көшіру» папкасына көшіріңіз. 
10. 
Соңғы айда құрылған барлық файлдарды табыңыз (Қосу/Іздеу/Файлдар 
мен папкалар/Мерзім қосымша парағы) (5.2 сурет). Табылған файлдар санын 
жұмыс дәптеріңізге белгілеңіз.  
11. 
Соңғы  бес  күнде  ашылған  барлық  файлдарды  табыңыз  (Қосу
Іздеу/Файлдар  мен  папкалар/Мерзім  қосымша  парағы).  Табылған  файлдар 
санын белгілеңіз.
 
 
 
 
5.2.сур. Соңғы айда құрылған папкалар мен файлдарды іздеу 


34
 
5.2 
тапсырма. Дискетті жұмысқа дайындау. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
3,5 
дюймдегі  (1,44  Мбайт)  дискетті  жұмысқа  дайындау  үшін  дискетті 
пішімдеу қажет. 
1. 
Дискетті  А  дискжетегіне  қойыңыз:  дискетті  пішімдемес  бұрын 
дискетті жазбалардан қорғау терезесінің жабық екендігіне көз жеткізіңіз. 
2. 
Менің компьютерім терезесін ашыңыз. 
3. 
Тінтуірдің оң жақ батырмасымен Диск 3,5 (А) белгісін басыңыз және 
Пішімдеу пәрменін таңдаңыз (5.3 сурет).  
 
 
 
5.3.
сур. Дискетті пішімдеу пәрмені 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5.4
.сур. Дискетті пішімдеу терезесі 
 


35
 
Е с к е р т у .  Объектіні пішімдеу кезінде мұқият болыңыз, себебі пішімдеу 
үрдісі дискіні белгілеп, оның ішіндегі ақпараттың бәрін жояды. 
4. 
Дискетті пішімдеу параметрлерін 5.4 суретте көрсетілгендей белгілеңіз 
және  Бастау  батырмасын  басыңыз.  Пішімдеу  жұмысы  аяқталғаннан  кейін 
экранда пішімдеу нәтижесі туралы есеп шығарылады. Егер дискетте ақаулы 
бөліктер  табылатын  болса,  яғни,  дисктің  жалпы  сыйымдылығы  қолжетімді 
жадқа сәйкес болмаса, онда дискетті пайдаланбаған дұрыс. 
 
5.3 
тапсырма. Файлдар мен папкаларды сақтау. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
Электронды  блокнотты  ашыңыз  (Қосу/Бағдарламалар/Стандарт-
тық/Блокнот). 
2. 
Блокнотқа үлгідегі мәтінді енгізіңіз. 
 
Мәтін үлгісі 
 
«Бастаушы»  бағдарламасы  Windows  файлдық  жүйесін  басқару  үшін 
қолданылады.  «Бастаушы»  папкалардың  ішіндегі  элементтерді  көрсетеді, 
папкалар  мен  файлдарды  ашуға,  ауыстыруға,  көшіруге,  өшіруге,  атауларын 
өзгертуге,  бағдарламаларды  қосуға,  каталогтар  (папкалар)  ағашын  экранға 
шығаруға мүмкіндік  береді;  «Бастаушының» оң  жақ  бөлігі  «Менің  компью-
терім» папкасы терезесінің аналогі болып табылады. 
3. 
Терілген  мәтінді  «Сақтау»  папкасында  «Мәтін  үлгісі»  атауымен 
сақтаңыз:  Файл/Сақтау  (5.5  сурет).  «Папка»  жолында  «Сақтау»  папкасын 
көрсетіңіз,  ал  «Папка  атауы»  жолында  «Мәтін  үлгісі»  атауын  теріңіз,  одан 
кейін  Сақтау  батырмасын  басыңыз.  С  дискінде,  «Сақтау»  файлында  файл-
дар сақталады. 
 
 
 
5.5
.сур. Файлды сақтау терезесі


36
 
4. 
Мәтінді  дискетте  тағы  да  сақтау  үшін  Файл/Сақтау  пәрменін 
орындаңыз.  «Папка»  жолында  «Диск  3,5  (А:)»  көрсетіңіз,  ал  «Файл  атауы» 
жолында  «Мәтін  үлгісі»  атауын  теріңіз,  одан  кейін  Сақтау  батырмасын 
басыңыз. А дискжетегінде, «Сақтау» файлында файлдар сақталады. 
 
5.4 тапсырма. Дискеттегі ақпараттарды вирусқа қарсы тексеру.  
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
5.3 тапсырмасы файлы бар дискетті А дискжетегіне қойыңыз; 
2. 
Өзіңізде бар вирусқа қарсы бағдарламаны іске қосыңыз, мысалы, AVP 
Касперского (AntiViral Toolkit Pro жиынтығы). 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Ресейде  бірнеше  жыл  бойы  вирусқа  қарсы 
бағдарламалармен кәсіби деңгейде айналысып келе жатқан екі үлкен фирма 
бар:  «Диалог  Наука»  (бағдарламалар:  Aidstest, Doctor WEB, ADinf, Sheriff 
кешені)  және  «Лаборатория  Касперского»  (Kami,  AVP  сериясындағы 
бағдарламалар). 
3. 
Тексеру  аймағын  белгілеңіз  –  флоппи-дискілер,  тексеру  режимі  – 
бұзылған файлдарды емдеу және Қосу батырмасын басыңыз (5.6 сурет).  
4. 
Сканерлеу  үрдісінің  индикаторына  назар  аударыңыз.  Егер  вирусқа 
қарсы  бағдарлама  вирустар  табатын  болса  және  файлдарды  емдесе 
(сканерлеу  есебінде  көрсетілгендей),  дискетті  сканерлеу  үрдісін  тағы  да 
қосыңыз және барлық вирустардың жойылғанына көз жеткізіңіз. 
 
 
 
5.4
.сур. Флоппи-дискіні вирусқа қарсы бағдарламамен тексеру 


 
Қосымша тапсырмалар 
 
5.5 тапсырма. Қатқыл дискідегі ақпаратты вирусқа қарсы тексеру. 
 
Өзіңізде бар вирусқа қарсы бағдарламаны іске қосыңыз және С дискіндегі 
вирустарды тексеріңіз. 
 
5.6 тапсырма.  
 
С  дискінен  w  әріпінен  басталатын  барлық  файлдарды  іздеңіз.  (іздеуге 
арналған  маска  –  w*).  Дискеттегі  файлдардан  өлшемі  бойынша  ең  кіші 
файлды көшіріңіз. Жазылған файлы бар дискеттегі вирустарды тексеріңіз. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Дискетке  файлды  көшіру  үшін  Файл/Жіберу 
/Диск 3,5 (А:). пәрменін қолдануға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 9,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау