КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ
МИХЕЕВА Е.В
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУ
САБАҒЫ
«Білім беруді дамытудың едералды
институты» федералдық мемлекеттік мекемесі
орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру мекемелеріне оқу құралы
ретінде ұсынылған.
Пікірдің тіркеу нөмірі №339,
4 қазан 2010 ж. «БДФИ» ФММ
14-
басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы
2016
ӘОЖ004(075.32)
КБЖ 32.81ші723
М695
П і к і р б е р у ш і л е р :
Мәскеу оқу үрдісін ақпараттандыру бойынша кәсіпкерлік және қала құрылысы
колледжі директорының орынбасары, аймақтық компьютерлік орталық
басшысы, Ресей Мемлекетінің құрылысын ақпараттандыру мәселелері бойынша
Сараптамалық кеңес мүшесі, техникалық ғылымдар кандидаты – ТимашовА.Е;
Мәскеу банк институтының «Банк қызметін ақпараттандыру» кафедрасының
меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты – Герасимов А.Н
Михеева Е.В.
М695 Информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағы: орта кәсіби білім
беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық/ Михеева Е.В —
14-
ші стереотиптік басылым. — М.: «Академия» баспа орталығы,
2016. —
192 б.
ISBN 978-5-4468-3261-3
(рус.)
ISBN 978-601-333-041-9 (каз.)
Оқулық орта кәсіби білім берудің Федералды мемлекеттік стандарттарының
талаптарына сәйкес құрастырылған; ЕН «Информатика».
Жаттықтыру сабағы Windows ортасында дербес компьютерде жұмыс істеудің
кәсіби дағдыларын және негізгі MS Office кеңсе бағдарламасын, MS Word мәтіндік
редакторын, MS Excel кесте редаторын, MS Access деректер базасын басқару
жүйесін игеруге арналған. Көрнекілік үшін тапсырмалар егжей-тегжейлі нұсқаулар
және кескіндерден тұрады.
Жаттықтыру сабағы «Информатика» пәнімен қоса оқу-әдістемелік жиынтықтан
тұрады.
Орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріна арналған. Қолданбалы бағдар-
ламалармен квалификациялық жұмыс істегісі келетін адамдар үшін пайдалы болуы
мүмкін.
ӘОЖ 004(075.32)
КБЖ 32.81 ші723
© Михеева Е.В., 2004
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2012
ISBN 978-601-333-041-9 (каз.)
ISBN 978-5-4468-3261-3
(рус.)
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2012
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне
«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес ««ТжКБ жүйесі үшін
шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»
мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды.
Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру
үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.
Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім
беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды бөлімді
(технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет.
Аударманы «Delta Consulting Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы: Астана қ.,
Иманов көш., 19,
«Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл. поштасы: info@dcg.kz
АЛҒЫСӨЗ
Аталған кітап дербес компьютерде ақпараттармен жұмыс істеуде және
Microsoft Office, MS Word, MS Excel, MS Access, MS Power Point, MS Internet
Explorer бағдарламаларын пайдалануда тәжірибелік тапсырмаларды бақылау-
шы және үйренушілердің жинағы болып табылады.
Жаттықтыру сабағы «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері бойынша
тәжірибелік тапсырмалардан тұрады. Алынған дағдыларды тексеру және
бекіту үшін оған қосымша тапсырмалар енгізілген.
Жаттықтыру сабағы практикалық сабақтарды жүргізу үшін (негізгі және
факультативті), сонымен қатар компьютерлік бағдарламалық өнімдермен
жұмыс істеу тәсілдерін жеке оқыту үшін қолданылуы мүмкін.
Автор – ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу бойынша үлкен
практикалық тәжірибесі бар кәсіби оқытушы, ол бағдарламалық өнімдері бар
Windows ортасында практикалық жұмыс істеудегі бастапқы дағдыларды
алуға бағытталған тапсырмалар жүйесін құруға тырысты және жұмыс
дағдыларын алу шараларын күрделендіретін тапсырмалар кешенін таңдады.
Жаттықтыру сабағының маңызды ерекшелігі – әрбір бөлім соңында және
әрбір практикалық жұмыс соңында өзіндік жұмыстарға арналған қосымша
тапсырмалардың болуы.
Теориялық материалды оқи отырып және ұсынылатын жаттықтыру
сабағының практикалық тапсырмаларын орындай отырып, қолданушы
Windows ортасында жұмыс істеуде тұрақты әрі бастапқы дағдыларға ие
болады.
4
1 - Б Ө Л І М
WINDOWS САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС НЕГІЗДЕРІ
1-практикалық сабақ
Тақырып: ДК ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ. ДК
ПЕРНЕТАҚТАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Практикалық сабақтың мақсаты. ДК-де бастапқы жұмыс істеуді
ұйымдастыру тәсілдерін игеру, ДК-ді қосу және сөндіру, ДК пернетақта-
сымен жұмыс істеу тәсілдерін игеру.
1.1 тапсырма. ДК-ді қосу.ДК-де жұмыс істеуді бастау.
Жұмыс тәртібі
1.
ДК-ді желіге қосыңыз, монитордағы қосу батырмасын басыңыз,
жүйелік блоктағы Power батырмасын басыңыз.
Компьютерді қосқан кезде индикаторлар жануы керек, монитор
теледидарды қосқан кездегі шығатын дыбысты шығарады, ал жүйелі блокта
қорек блогының желдеткіші шуылдай бастайды.
2.
Операциялық жүйе жүктелгенше күте тұрыңыз (шамамен 60 с).
Операциялық жүйенің іске қосылуы ДК-ді жүйелі блокта Power батырмасы
арқылы қосқаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады. Алдымен
компьютер өзінің негізгі құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін тексереді,
одан кейін пайдаланушының құпиясөзін немесе желілік құпиясөзді тересіз
(егер компьютер желіге қосылған болса).
Windows ортасын жүктегеннен кейін экранда Жұмыс үстелі Desktop) пайда
болады, оның астыңғы бөлігінде стандартты қондырғыда Тапсырмалар
тақтасы орналасады. Тақтаның сол жағында Қосу (Start) батырмасы
болады.
3. Windows
Басты мәзірінің құрамын анықтаңыз. Қосу батырмасын
басыңыз, одан кейін Windows Басты мәзірі ашылады. Windows Басты
мәзірінің міндетті бөлімінің пәрменін оқып, игеріңіз – Орындау, Анықтама,
Қосу, Баптау, Құжаттар, Таңдамалы, Бағдарламалар. Компьютерді өшіру
Жұмысты аяқтау пәрменімен орындалатынына көңіл бөліңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Бас мәзір сипатына екі бөлім кіреді: міндетті
Достарыңызбен бөлісу: |