14
түрлеріне қатысады, оқу жоспарымен қарастырылған ағымдағы және аралық
бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауды
тапсыруға рұқсат алады.
Оқу жұмыс жоспарындағы пәндер академиялық айырмашылық жазғы
семестр кезінде жойылмаса келешекте академиялық берешек болып саналады.
ЖОО оқудан шығарылған білім алушы ШҚМТУ білім алушыларының
санына оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқу түріне және
кез келген мамандыққа оқуға қайта қабылданады. Білім алушылардың санына
ақылы түрде жүзеге асырылады.
Оқу жұмыс жоспарындағы пәндер академиялық айырмашылығы
белгіленген мерзімде (бір академиялық кезең ағымында) жойылмаған болса, әрі
қарай ол академиялық берешек ретінде есепке алынады.
Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушы, оқудан шыққан мерзіміне
қарамастан, ШҚМТУ студенттері қатарына кез келген оқу түріне және кез
келген мамандыққа қайта қабылдана алады. Білім алушылар қатарына қайта
қабылдау ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады. Қайта қабылдау туралы
өтініш кезектегі академиялық кезеңнің басталуына дейін бес жұмыс күнін
кешіктірмей (күндізгі оқу түрі үшін), және де емтихандық сессияның
басталуына дейін 1 ай қалғанда (сырттай оқу түрлері үшін) қабылданады.
Бекітілген GPA көшу балл санын жинай алмаған білім алушы, қайтадан
оқу жылына қалдырылады.
Қайтадан оқу жылы университеттің басшысының (ОӘЖ проректорының)
бұйрығымен беріледі. Қайтадан оқу жылына қалтырылған білім алушы
ағымдағы оқу жылының 1-қазанына дейін «Жоғары білімді маман даярлауда
білім беру қызметтерін көрсету шартына (қайта оқу жылы)» қол қоймаған
жағдайда академиялық үлгермеушілігі үшін оқудан шығарылады.
Егер жазғы семестрден кейін студент, академиялық берешектері бола
тұрып, белгіленген көшу балл санын (GPA) жинаса, онда ол келесі курсқа
көшіріледі. Бекітілген көшіру балл санын (GPA) жинаған және келесі курсқа
көшірілген білім беру гранты бойынша оқитын студенттің академиялық
берешектері бар болған жағдайда, ол білім беру грантынан айырылмайды.
Академиялық берешектер ақылы негізінде жойылады (студент білім беру
грантының иегері ме, не болмаса шығындарды толық өтеумен шарт
жағдайында оқи ма, соған қарамастан).
Бір мамандықтан басқа мамандыққа, бір оқу түрінен екінші оқу түріне
ауысу тек қана ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады. Білім алушылардың
ШҚМТУ-дан ұлттық жоо ауысуы тек қана ақылы түрде жүзеге асырылады.
Орта кәсіптік білім негізінде оқитындарды бір мамандықтан басқа
мамандыққа
ауыстыру
ҚР
БҒМ-нің
21.06.2010ж.
№316
«Қазақстан
Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
мамандықтары классификаторының және де Техникалық, кәсіби және орта
білім беруден кейінгі кәсіптер мен мамандықтар классификаторының
Сәйкестілік кестесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
15
8 Университеттің ғылыми кітапханасы
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері Университеттің ғылыми
кітапханасының кітап қорын және ақпараттық ресурстарын пайдалану құқығы
бар.
Ғылыми кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелері
Кітапхана – мәдениет мекемесі. Мұнда театрдағыдай барлығы да киім ілу
орнынан басталады. Сыртқы киімді гардеробқа тапсыру керек.
Оқу билеті – ол тек қана рұқсаттама емес, сондай-ақ ол сіз үшін кітапқа
тапсырыс беріп, оны алуға қажетті негізгі құжат. Оны үйде ұмытпаңыз,
жоғалтпаңыз және де басқа адамның қолына бермеңіз. Әрбір оқу
жылының басында оқырмандар оқу билеттерін қайта тіркеу қажет. Қайта
тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапханада қызмет көрсетілмейді.
Абонементтерден әдебиетті «үйге» алу мүмкіндігі бар. Әрбір семестрдің
басында Кітап беру кестесіне сәйкес оқу әдебиетін жаппай беру
өткізіледі, бұл кестеде белгілі бір топқа оқулықтарды беру уақыты мен
орны белгіленіп, кәтапхана сайтында орналастырылады, сондай-ақ
деканаттар мен кітапхананың хабарлама стендтеріне де ілінеді.
Түсінбестік пен жағымсыз жағдайды болдырмас үшін кітапты белгіленген
мерзімде қайтарып, әдебиетті уақытылы тапсыруды ұмытпаңыз.
Оқу залында пайдалану үшін оқу мен ғылыми үдеріске қажетті
әдебиеттер беріледі. Бұл оқулықтар және оқу құралдары, ғылыми және
анықтамалық баспалар, сирек кездесетін кітаптар және мерзімді баспалар,
электронды баспалар.
Кітапхана қорынан алынған баспаларды жоғалтпаңыз. Жоғалған немесе
бүлінген баспалардың орнын дәл соңдай немесе тең бағалы баспамен
кітапханаға толтыруға (кітапхананың қалауына қарай), немесе баспаның
нарықтық құнын өтеуге Сіз міндеттісіз.
Қарым-қатынас
құру
әдептілігін
сақтаңыз!
Беделді
университет
студентінің атына кір келтірмеңіз!
Ғылыми кітапхана бөлімшелерінің жұмыс кестесі
Ғылыми кітапхана жексенбі, мейрам және тазалық күндерден басқа
уақытта, күн сайын жұмыс істейді. Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.
Әмбебап оқу залы – 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін, салалық оқу залдары мен
абонементтер 08.30-ден бастап 17.30-ға дейін жұмыс істейді.
Сенбі күні барлық бөлімдер 08.00-ден бастап 16.00-ге дейін жұмыс
істейді.
Ғылыми кітапхананың құрылымы
Университеттің ғылыми кітапханасы 15 бөлімшеден тұрады.
Оқу залы (425 отыру орны бар 6 зал):
Әмбебап оқу залы – Г-Б-101 дәрісханасы;
Мерзімді баспалардың оқу залы – Г-1-223 дәрісханасы;
Құрылыс әдебиеттерінің оқу залы – университеттің 2-корпусы (Тәуелсіздік
даңғ, 4);