|
Microsoft Word модуль нерв жүйесі толықмодуль 1. нерв жүйесі толықМЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
жоғарғы ұшынан 2-3 тармақталған дендриттер, ал табанынан шыққан аксоны
коллатералды тармақтала отырып, боз қабатына қайта оралып көршілес алмұрт
тəрізді нейрондармен синапс түзеді.
Ал, аксонның ең негізгі тармағы эфференті жолды түзе отырып мишық
ядроларының бірімен синапс түзеді.
Алмұрт пішіндес нейрондар мишықтың ең негізгі нейрондары-қозғалыс-қимыл
қызметтеріне қатысады.
3.Дəнді қабаттың құрамында
үш түрлі нейрондар топтамасы болады. Олар:
•
Ең көп кездесетін дəн тəріздес нейрондар,
•
Ірі дəн тəрізді Гольджи жасушалары,
•
Горизонтальді жіп тəрізді нейрондар.
Аталмыш жасушалардың ең көбі дəн тəрізді қабатта. Жалпы саны мишықта 10
10
. Дендриттернің саны 3-6, тармақтала келіп «құс аяғына» ұқсас нерв ұштарын
түзеді. Ал, аксондары молекулярлы қабатқа өтіп, «Т» əріпі тəрізді тармақталады
да алмұрт тəрізді нейрондардың дендриттерді мен синапс түзеді. Дəн тəріздес
нейрондардың дендриттеріне «мишық шумағын» түзетін афферентті мүк тəрізді
нерв талшықтары келіп түйіседі.
1.Жұлдыз тəріздес
ұзын аксонды Гольджи
жасушалары.
Бұлардың дендриттер үстіңгі молекулярлы қабаттағы дəн тəрізді жасушалардың
аксондарымен синапс түзеді. Аксондары да дəн тəрізді жасушалардың
дендриттерімен синаптикалық байланыстар түзеді. Бұл жасушалар мүк жолымен
келген нерв импульсіне блокада (тежейді) жасайды. Жұлдыз тəрізді ұзын аксонды
Гольджи жасушаларының қызметті мишық қыртысының əр түрлі аймақтарын бір-
бірмен байланыстырады.
3.
Горизонталді Гольджидің
жасушаларының қызметі нерв импульсін тежеу.
Мишықтағы алмұрт тəрізді нейрондарға келген информациялар 3 түрлі нерв
талшықтары арқылы жүзеге асады. Оларға мүк тəрізді жəне адренергикалық
талшықтар жатады. Бұлар мишық нейрондарының қызметін реттейді.
Мишық глиоциттеріне:
Талшықты астроциттер-бұлар көбінесе мишықтың ақ затында, ал сұр
затында протоплазмалық астроциттер болады.
Мантийлі олигодендроглияциттер мен леммоциттер.
Мироглия.
Эпителиальді Гольджи жасушалары-бұлар глиальді шектеушілік мембрана
түзуге қатысатын жасушалар тобына жатады.
|
|
|