Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет9/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66

ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
16
          Сыртымнан тіркеп өштікпен 
          Іспескіге кіргізді. 
Аталасым ағайын 
Туғандығын ұмытып, 
Сары солдатқа ұрқызды. 
Мойынға бұғау салдырып, 
Туған елді шулатып, 
Туған  елді  қалдырды... [7] - деп  жұмысқа  алынатын  тізімге  жұрттың  барлығы  бірдей  ілінбей, 
ауқатты адамдар өз жақындарын алып қалып, алыс кедей ағайынды тізіп жібергенге өкіншін білдіреді. Бұл 
пиғыл өлеңде одан əрі  былай баяндалады: 
...Есебін тапқан ауқатты, 
Бай баласы мырзалар 
Күлгендей болды табалап, 
Момынның жасы –кəрісі 
Тізімге түскен алалап  
...Ар ұятын ұмытып 
Ауылнай, болыс, билердің 
Бұзылған діні қарасы, 
Қыршын жасты қолынан 
Қосақтап ұстап бергенде, 
Кеңейді ме жеріңіз? 
Алды -  артыңа қарашы?.. [8]. 
Осы  мазмұндас  өлеңдер  баршылық.  Барлығында  патша  жарлығын  жүзеге  асыру  қазақ 
ауылдарында  əділетсіз  жүргізіліп,  ағайынның  арасына  кірбің  түсірілгендігі,  малы  бар  ауқатты  кісілер 
баласын,  аға-інісін  пара  беріп  алып  қалып,  ондай  мүмкіндігі  жоқтар  ғана  тізімге  ілініп,  қара  жұмысқа 
айдалғаны баяндалған. 
 Жұмысқа  алынғандардың  елге  жазған  өлең-хаттарында  өз  жағдайларын  тізіп  жазудан  гөрі,  осы 
жұмыстан оларды алып қала алмаған ағайынға деген реніш пен өкпе, өкініш сезімдері басым айтылған. 
Мəселен, «Елге хат» деген өлеңде де осы сезім айқын білінеді: 
Хат жазып сəлем айттым ата-ана! 
Жасымнан тəрбиленген үлкен аға, 
Айтуға бас-басыңа ретім келмей, 
Қарындас, іні менен үлкен апа. 
Сор қаққан болдың жетім өңшең сорлы, 
Кез қылды бақытыма құрған торды. 
Жарлығы патшаның осылайша, 
Көруге арнапты ғой «тек біз сорлы»-деп күйінеді [9]. 
Сонымен қатар, бұл өлең-хаттарда қара жұмыстағы қазақтардың жағдайы туралы аз-кем мəлімет 
беретін үзінділер де  кездеседі. Мəселен,«Елге хат» атты өлеңде :  
Бұл күнде жүрек күпті, көңіл қаяу, 
Үнемі біз жүреміз ылғи жаяу. 
Түтеген көк түтінді көп мылтықтың, 
Ішінде қорғасын оқ,тұрмыз таяу ... делінсе, 
«Тағы да елге хат»деген өлеңде: 
...Пойыздың шапшаң жүрісі. 
Шойыннан құйған от арба, 
Жер жаһандай дыбысы. 
Топ-топ болып артынан 
Барлық жігіт ереміз, 
Екі шақырым шыққан соң, 
Окопқа шұбап келеміз. 
Қатар-қатар тізбектеп 
Күніне екі санайды, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
17
Көгендеген қойына 
Бəрімізді балайды. 
Азғана күн ішінде 
Көрдік азап талайды.-деп [10] баяндалады. 
Қара  жұмысқа  алынған  қазақ  жастарының  жағдайы    «Молдаштың  хаты»  атты  өлеңде  былай 
көрсетілген: 
...Қобалжыр шіркін көңіл əр тарапққа, 
Бостандық күн болар ма біз бейбаққа? 
«Раз –два, три шагай ................деп, 
Қамайды күнде санап тар бараққа. 
         ...Сағындық біз Баянды көзді сүзе, 
         Жігіттер жауыздықтан бойды теже, 
  Иттерше шылапшыннан сорпа жалап, 
  Ішеміз он шақтымыз тары көже. 
Не болар біздің заман бара-бара, 
Өткен күн қайта айналып келмес сірə. 
Елдегі ит тамағын ішіп жүрміз. 
Ішпеске қарның ашса барма шара. 
..Хат жаздым сəлем айтып атамызға, 
Қолыманан келген шамам осы болды, 
Разы бол Молдаш атты ботаңызға...- деп аяқталған [11]. 
Ал, «1916 жылы окопке алынғын жігіттің жырында»: 
            
 
 
 
...Қабақ, Тілеу, Жақайым, 
               
 
 
 
Қара кесек Төртқара, 
               
 
 
 
Жеті болыс елінен, 
              
 
 
 
Окопке жүрген қыршын жас 
           Мыңжарым бармыз кемінде–деп, ру аттары жəне алынғандардың саны көрсетілген [12].            
«Тағы  да  елге  хат»  өлеңінде  одан  əрі  қара  жұмысқа  аттанғандардың  жүріп  өткен  жолдарына 
байланысты мынадай  үзінді бар: 
...Бес күн жаттық топырлап, 
Пенза деген қалада. 
«Рұқсатсыз барма!»деп 
Жібермеді базарға. 
Смоленскі, Волынскі 
Жетіншісі Минскі,  
Көрмейтін жерді көрсетіп 
Тəңірдің дəм тұзы жазар ма! 
Айдамаса тұз бен дəм? 
Келермек окоп қазуға?... 
Тақтай батты жамбасқа, 
Жатқан жерім казарма-деп баяндалады[13]. 
«Каспий  маңы  фронтындағы  күрес»  деген  қолжазбада: «...Көп  уақыт  өткен  жоқ,  генерал  мен 
Қалымбет  болыстың  бұйрығы  ел  арасына  келіп  қалды.  Сол  екі  ортада  Түркістаннан 3 мыңдай  адамды 
фронтқа  айдап  алып  кетті.  Соның  бірі  болып,  мен  де  кеттім.  Оған  дейін  байлар  қолында  жалшылықта 
жүрдім. 
...Бізді Карпат тауының жанындағы полəк қаласына айдап келді. Онда 8 ай окоп қазғызып, ағаш 
кестірді.  Жұмыс  уақытында  бізді  казак  орыстар  күзетіп  тұрды.  Күн-түні  жұмыс  істегенде  қара  нан  мен 
судан басқа түк нəр таттырмады. 
Казак-орыстар  бір  күні  түні  келіп,  барлығымызды  тінтіп  жанымыздағы 5-10 сом  ақшамызды 
сыпырып  алды.  Мылтықпен  ұрып 2-3 адамды  найза  мен  шаншып  өлтіріп  тастады...»-деп  жұмысқа 
алынған қазақтардың мүшкіл халінен хабардар етеді [14]. 
«1916 жылғы уақиғадан менің көргенім» деп аталтын əңгімеде : «...22 күннің ішінде тоқтай-тоқтай 
Петроградқа  келдік.  Онан  шығып  Псков  деген  қалада ...,мұнан  өтіп  Рига  деген    қаланың  жанында 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
18
«саламендір»деген стансада түсірді. Сол жерде... келген 5 жүздей кісіні жүз-жүзден бөліп қара жұмысқа 
салды. ..Таң ата сағат  6-да 8 шақырым жерге апарады. Кешке сағат 9-ға шейн жұмыс қылып қайтып, сағат 
11-12-де  зорға  жатақ  үйге  келеміз.  Қалың  қарағайды  қақ  жарып,  жол  салдырып  жатыр.  Ағашты  кесіп, 
бұтап,  шауып,  жолға  алты  ағашты  ұзынынан  салып,  үстінен  көлденең  қатарлап  ағаш  қиямыз.  Екі  арба 
қатар  өткендей  жол  болады.  Бізбен  бірге  латыш  деген  ел  де  жұмыс  қылды.  Көбінесе  қатын,  қыздары 
істейді  екен.  Жердің  алысы  аса  қиын  болды...» -деп,  осы  оқиғаларға  қатысқан  Мырзахан  ұлының 
естелігінен жазылып алынған қолжазбада баяндалады[15]. 
Осылайша    қазақ  еліне  келген 1916 жылдың  дүрбелең  оқиғалары  ауызша  тарих  айту  дəстүрі 
туындыларында кең көрініс тапқан. Бұл туындылардың көпшілігі, сол оқиғаларға қатысқан куəгерлердің 
ауызынан  жазылып  алынып  бізге  дейін  жеткен.  Олардың  құндылықтары  да    осында.  Əрине  айтылған 
оқиғалардағы  мəліметтерде  кейде  дəлме-дəлдік  болмауы  мүмкін.  Дегенмен  бұл  туындылар  сол 
жылдардың ахуалін шынай түрде жеткізе білген. 
 
1. 
ОҒК, қолжазба қоры, 1019 п.423-б. 
2. 
Бұл да сонда,413-бет. 
3. 
Бұл да сонда,431 –бет. 
4. 
Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2002, 638,639 –беттер. 
5. 
ОҒК, қолжазба қоры, 1019 п., 358 –бет. 
6. 
Бұл да сонда, 359-360 беттер. 
7. 
Бұл да сонда, 356-357 беттер. 
8. 
Бұл да сонда, 382-бет. 
9. 
Бұл да сонда, 383-бет. 
10. 
Бұл да сонда, 363-бет. 
11. 
Бұл да сонда, 386-бет 
12. 
Бұл да сонда, 364 –бет. 
13. 
Бұл да сонда, 363 –бет 
14. 
Бұл да сонда,432-бет. 
15. 
Бұл да сонда,442-бет. 
 
Резюме 
В  статье  описываются  события 1916 г.в  Казахстане,  которые  нашли  свое  отражение  в 
произведениях устной исторической традиции. 
Summary 
 In this article is desctibing events in Kazakstan  in 1916 where find its reflection in his work of oral 
historical tradition. 
 
 
ОРТА ЖҮЗДЕ ҚОС ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ 
 
К.Т.Бекимова–  
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 
 
Қазақстан  тарихындағы  дəстүрлі  хандық  биліктің  дағдарысы  ғылыми  тұрғыдан  əлі  де  толық  өз 
бағасын  алмаған  тақырыптардың  бірі.  Бірнеше  ғасыр  бойы  Орталық  Азиядағы  саяси  жағдайдың 
шиеленістілігіне қарамастан өмір сүріп келген Қазақ хандығының кенеттен дағдарысқа ұшырауы кімді де 
болса толғандырмай қоймайды. Тіпті XVIII ғасырдың өзінде бір жағы Жоңғария, бір жағы Орта Азия хан-
дықтары, бір жағы Ресей тарапынан ылғи да қысымшылыққа ұшырап отырған Қазақ мемлекеті тəуелсіздік 
үшін жан аямай күресті. Осындай ауыр шақта өз тəуелсіздігін сақтап қалған хандық XIX ғасырдың басын-
да  қандай  себептерге  байланысты  дағдарысқа  түсті  жəне  жойылуға  мəжбүр  болды?  Біздің  мақаламызда 
хандық  билік  жүйесінің  дағдарысы  негізінде  пайда  болған  қос  билік  мəселесі  сөз  болады.  Бұл  тақырып 
тарихнамалық тұрғыда əлі де зерттеушісін таппағандығымен қызықты жəне өзекті болып табылады.  
Тарихты  жасаушы – халық  екені  талдауды  қажет  етпейтін  ақиқат.  Сонымен  қатар  жеке 
тұлғалардың  да  қоғам  дамуына  елеулі  ықпал  жасайтыны  да  шындық.  Сондай  қайраткерлердің  қатарына 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау