Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет39/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
77
бағыттарына  арнайы  тоқталады.  Мақалада 1921-1922 ж.ж.  жер  реформасы  келімсектер  мен  көшпелі 
тұрғындар  арасындағы  қайшылықты  жоюға  негізделгені,  ол  келімсек  кулактардың  байырғы  тұрғындар 
жерін өз бетімен басып алушылығын тию арқылы жүзеге асырылғаны, көшпелі тұрғындардың бірыңғай 
жер  игеру  формасы  болмағандығы,  сол  себепті  көптеген  шаруашылық  аралас,  яғни  мал-егін 
шаруашылығы  формасында  көрінетіндігі  айтылады.  Осы  жағдайды  ескере  келіп,  автор  бұл  арада  жерді 
игеру  формасын  таңдауды  тұрғындардың  еркіне  бермей,  жерге  орналастыруды  мемлекет  тарапынан 
жүргізу керектігін, бірінші кезекте отырықшылыққа өткен «бұрынғы көшпелілерді», сондай-ақ жартылай 
көшпелілерді  жерге  отырғызу,  олардың  арасында  жер  қоғамдарын  ұйымдастыру  қажеттігін  көрсетеді. 
«Онсыз – дейді  С.Асфендияров    -  тарыдай  шашылып  жатқан  басқарусыз  бұратана  кедейлер  бай,  манап 
қолтығына тығылып, олардың ықпалынан кете алмайды» [2,35-36бб.]. 
Кеңестік жер саясатының жаңа мазмұндағы отаршылдық бағыт алып бара жатқанын Ə.Бөкейханов 
жақсы  түсінген  еді.  С.П.Швецов  экспедициясының  құрамына  кіруінің  де  басты  мақсаты  қазақ  жеріне 
сырттан қоныстандыру шарасына тосқауыл қою əрекетінен туындаған  деп тұжырымдауға əбден болады. 
С.П.Швецовтың қазақ даласына келімсек орналастырар артық жер жоқтығы жөніндегі қорытынды пікірі 
сол Ə.Бөкейхановтың да пікірі еді. 
Əрине,тəуелсіздікке  дейінгі  жылдары      Ə.Бөкейхановтың    сол  кезеңдегі  кеңестік  жер  мəселесіне 
қатысты  білдірген  пікірлері,сөйлеген  сөздері  жайында  деректер  мардымсыз  болып  келгені  белгілі. 
Халқымыздың  бір  туар  ұлының  жер  саясатына  байланысты  тұжырымдарын  алғаш  т.ғ.д.,профессор 
М.Қ.Қойгелдиев,кейін Т.Жұртбаев ҰҚК мұрағаттарынан алып,ғылыми айналымға түсірді. 
Ə.Бөкейханов 1927 жылы тамыз айында РКФСР ЕХК мəжілісіне қатысып, қазақ жерінен сырттан 
қоныстандыруға  артық  жер  шығару  əрекетін  қорғаушы  профессор  Верещагиннің  патша  үкіметі  тұсында 
Қоныстандыру  Басқармасында  істегенін,1913-1914  жылдары  Мемлекеттік  Дума  төрағасы  Варун-Секрет 
арқылы  Торғай  мен  Қостанай  уездері  аралығындағы  жерлерді  қаратып  алу  туралы  жарлық 
шығартқанын,яғни кезінде оның орыс алпауыттарының мүддесін қорғағанын əшкерлейді. 
Верещагиннің  Тула  губерниясы  мұжықтарының  жерден  қысылып  жатқандығы,есесіне 
Қазақстанда  бос  жер  көп  екендігі  жайындағы  сөзіне  «Егер  Тула  мұжықтарына  жер  керек  болса,онда  біз 
қазақтар,мына  сияқты  профессордың  көмегінсіз-ақ,олардың  өздерімен  тікелей  сөйлесеміз»-дейді [3,181-
182бб.].   Ə.Бөкейханов РКФСР ЕХК жер нормасы Қазақстанда артық жер барлығын дəлдеу үшін əдейі аз 
мөлшерде  белгіленгенін,бұл  кесімнің болашақта  Қазақстанды отарлауға  жол  ашатындығын,бұл  мəселені 
қозғап отырғандардың РКФСР ЕХК маңына топтасқан орыс мамандары екендігін,егер осы норма өмірге 
енгізілетін  болса,онда  бұл  Қазақстанға  қаратыла  отарлау  саясатын  жүргізу болып  табылатындығын  айта 
келіп, «РКФСР  ЕХК  дəл  қазіргі  орыс  мамандары  жетегінде  кеткендігі  өте  қауіпті  саясат,олар  бұрынғы 
отаршылдар болатын,бұл бағыт Қазақстанның сөзсіз отарлануына алып келеді»-дейді [4,182б.].                
Ə.Бөкейханов  өзінің  жер  саясатына  байланысты  көзқарасын  былай  білдіреді: «орыстар 
(қоныстанушылар)  мен  қазақтарға  жерді  тең  мөлшерде  бөліп  беруге  болмайды.Өйтені,орыстар  жерді 
өңдеу  мəдениетін  жақсы  меңгерген.Сондықтан  да  олар  қазақтардан  үнемі  үстем  түсіп  отырады,ақыр 
аяғында,қазақтарды  ысырып  шығарады.Міне,менің  жер  мəселесі  жөніндегі  «ұлтшылдық»  көзқарасым 
осы» [5,189б.].   
Кеңестік  билік  қайшылықтарын  тайсалмай  бетке  айта  білген  халқымыздың  ардақты  ұлдарының 
бірі-С.Сəдуақасов  өз  еңбектерінде  жер  мəселесіне  де  қатысты  ой-пікір,ұстанымдарын  жан-жақты  ашып 
көрсетеді.Мысалы, «Ұлттар жəне ұлт өкілдері туралы» атты еңбегінде Орталықтың жер мəселесінде «ескі 
мұрадан  əлі  арылып  болмағандығын»,кейбір  өкілдері  қоныс  аударушылардың  «мəдени  ролін» 
дəріптейтіндігін,тіпті Рыковтың партияның ХУ съезінде қоныстандыру «еліне симай жатқан» адам санын 
азайту  жолы  ретінде  қарастыруын  айта  келіп,ұлттық  аймақтардағы  жер  саясатының  нақты  міндеттерін 
былай көрсетеді: 
1)  Жергілікті  халықты,соның  ішінде  ертерек  келіп  қоныс  тепкендерді  де  жермен  түбегейлі 
қамтамасыз ету керек; 
2) түгелдей жерлендіру жұмысын жеделдету керек.(бұған өз еркімен келіп қоныс тепкендерге жер 
бөліп  беру  жұмысы  кіреді;  сондай-ақ  халықтың  өсімін  ескере  отырып,белгілі  бір  жерлерді  бос  қалдыра 
тұру қажет); 
Міне,осы жұмыстардың нəтижесінде мүмкін артық жерлер де белгілі боп қалар»[6,162-176бб.].  
«Жер  мəселесі  тез  шешуді  тілейді»  мақаласында  қазақтарды  жерге  отырғызуда  проблемалар  бар 
екендігін,қоныстандыру  жұмысының  басы-қасында  қазақ  тұрмысын  жетік  білетін  мамандардың  жүруі 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
78
керектігі,сонда  ғана  іс  оңға  басатындығы»  айтылса,«Жер  мəселесі»  мақаласында  Қазақстанда  жер 
мəселесінің ең үлкен,ең қиын жері-қоныстандыру жұмыстары»...дей келіп,... «жердің қаншасы егін салуға 
жарайды,қаншасы тау-тас,су,ағаш,батпақ,құм екенін...зерттеп алу керек»-дейді [7,310-314бб.].   
С.Сəдуақасов қазақтардың жерге отыру мəселесіне де назар аударады.Жалпы,ауыл шаруашылығы 
дамуы  барысы  табиғи-тарихи  жағдайға  байлаулы  екендігін  келтіріп,  оның  жүзеге  асуы  мүмкіншілігін 
былай көрсетеді: «...Отырықшылық бір жылда,екі жылда туатын нəрсе емес. Отырықшылық өз алдына бір 
дəуір.Бұл  дəуір  қазір  туып  келеді.  Бірақ  əбден  туып  жеткен  жоқ  həм  жетуге  алыс  та.Енді  он 
жылдарда,жиырма  жылдарда  қазақтың  бірсыпырасы  отырықшылыққа  айналар...»  деп  көрсетеді [8,71-72 
бб.].   
Осы пікірден жерге отырғызуда, оның ішінде қазақтар сияқты көшпелі халықты жерге отырғызуда 
ешқандай асығыстықтың, жеделдетудің, күштеудің болмауы керектігін байқаймыз. 
Халқымыздың  аяулы  ұлдарының  бірі-  М.Шоқайдың  да  Кеңес  үкіметі  мен  большевиктер 
партиясының жер саясаты,оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері жайында  кеңінен жазды. 
«Кеңестер  билігі  астындағы  Түркістан»  еңбегінде  Кеңестік  биліктің  Қазақстанға  деген  шынайы 
бет-бейнесінің  бір  қырын  жерге  қатысты  мəселелерді  талдаумен  ашып  береді.  М.Шоқай  осы  еңбегінде 
кеңестік  жер  саясатының  бұрынғы  патшалық  отарлық  жер  саясатынан  түк  айырмашылығы  жоқтығын 
айтып,Орталықтың 1928 жылы 1924-1925 жж.  шыққан  бірінші  кезекте  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі 
тұрғындарды  жермен  қамтамасыз  етіп  болғанға  шейін  сырттан  келімсектердің  келуіне  тиым  салу 
жөніндегі жарлықтарын бұзып,республикамен есептеспей келімсектерге жол ашып бергендігін көрсетеді 
[9,387 б.].  
М.Шоқай  келесі  бір  мақаласында  кеңестік  қоныстандыру  саясатына  байланысты  Орталық 
басшыларының  ұстанған  саясатын  сынай  отырып,  былай  дейді: «Орыс  мұжықтары  арасында 
мұғажырлыққа  қызмет  ету  пікірін  де  Рыков  өзі  шығарған  жоқ.  Ол  Столыпиннің  өсиеті  болатын. 
Борохидоның  «Жекелеген  өлке  мен  халықтардың  мүддесін  жалпы  Одақ  мүддесіне  құбан  ету»  дегені  де 
Столыпиннің  «қазақтарды  емес,қазақтардың  тың  жатқан  жерлерін  ойлау  керек.  Қазақстан  жерлерін  тек 
қазақтардың  өздеріне  ғана  қалдыру  Ресей  үшін  кешірілмес  күнə  болар  еді»  деген  сөзінің  екінші  бір 
нұсқасынан  басқа  ештеңе  емес  еді.  Митрофановтар  айтып  жүрген  «мəдениет»  мəселесі  де  адамдарды 
алдап-арбауға көп қолданылып əбден сілікпесі шыққан бірдеңе.Мұндай «мəдениеттің» нəтижелері де бізге 
белгілі»[10,121-122бб.].  Сөйтіп,М.Шоқай  кеңестік  қоныстандыру  саясатының  патшалық  кезеңдегі 
отаршыл саясаттың жалғасы болып қала бергені жөніндегі пікірін тағы да бір тиянақтап өтеді. Сондықтан 
да  Одақтық  үкімет  басшысы  Рыковтың  Столыпиндер  атына  жылы  сөздерін  айта  бастағанда 
С.Садуақасовтың «ұлтшыл» боп шығуынан еш сөкеттік таппайды. 
Кеңестік  кезеңдегі  жер  мəселесін  қарастыруда  Т.Шонановтың  «Қазақ  жері  мəселесінің  тарихы» 
/Қызылорда,1926; 2-басылымы  Жер тағдыры-ел тағдыры.А.,1995/ еңбегінің маңызы зор. Еңбек,негізінен 
патшалық  Ресейдің  Қазақстандағы  отаршыл  жер  саясатын  жан-жақты  талдауға  арналса  да,  онда  сол 
зардаптарды жоюдың  есебінде  кеңестік  кезеңде  қазақтарды  жерге  орналастырудың  жолдарын  көрсетеді. 
Автор  «Қазақ  еңбекшілерін  жерге  орналастыру  жұмысы  екі  жікке  бөліну  керек.Əуелгісі  жалпы  жерге 
орналасуға  ұстаған  көп  жылға  арналған  жол,екіншісі  сол  мақсатқа  жеткенше  тұтынатын  уақытша 
жол.Жалпы  жол  дегеніміз-қазақ  елін  бірте-бірте  қоныстандырып  отырықшы  қылу.Ол  кезде  бұлардың 
шаруасы өзгермек.Шаруаның түрін кенеттен өзгертуге келмейді.Онан шаруаға зияннан басқа пайда жоқ»-
дейді [11,197б.].   Шаруаның иə түзеліп,иə бұзылуы жерге орналастырудың дұрыс,бұрыс болып шығуына 
байлаулы екендігін,оның оң шешілуі үшін қазақтар жерге орналасып болғанша сырттан қоныстандыруды 
үзілді,кесілді  жабу,  жер  қорының  мөлшерін  анықтау  мақсатында  Қазақстан  жерін  табиғи-тарихи  жəне 
шаруашылық жағынан жан-жақты зерттеу керектігін айтады [12,200-202 бб.].   
Қазақ жері мəселелері Ж.Сұлтанбекұлының 1925 жылы Қостанай қаласында жарық көрген «Бұрын 
жəне  қазір  де  жер  саясаты»  еңбегінде  қарастырылады.  Кітапшаның  алғашқы  бес  бөлімі  патша  үкіметі 
кезіндегі  жерге  қатысты  заңдардың  мəні,Ресейдегі  жерден  туындаған  қайшылықтар,келімсектер  мен 
қазақтар арасындағы,қазақтардың өз ішіндегі жер мəселелеріне арналған. Бұл тарауларда патша үкіметінің 
қазақ  жерін  алудағы  əдіс-тəсілдері, «артық  жер»  анықтау  жəне  оны  келімсектерге  кесу  əрекеттері 
баяндалады. 
Еңбекте  жер  мəселесін  оң  шешу  əрекеті  қазан  төңкерісінен  кейін  қолға  алынғаны  айтылып,осы 
жерге  қатысты  қабылданған  заңдарға  талдау  беріледі.  Жер  еңбек  сіңіріп  пайдаланушыларға  еңбек 
нормасы мөлшерімен бөлінетіндігі,əйтпесе жер теңсіздігі шығып кетуі мүмкіндігі жəне жерді пайдалану 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау