Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары



жүктеу 151,34 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі151,34 Kb.
#1436


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2017 жылғы «__» ________

№ ___ бұйрығымен бекітілді

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс

орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын

субсидиялау қағидалары мен шарттары

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



  1. мүгедек – мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

  2. мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

  3. мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау (жарақтандыру) – мүгедектерде ағзаның зақымдалған функцияларын және тіршілігін шектеуді толық немесе ішінара алмастыратын (өтейтін) және олардың еңбек функцияларын орындау мүмкіндігін жасайтын негізгі технологиялық құрал-жабдықты, технологиялық жарақтандыруды, құралдарды, қосалқы жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;

  4. жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

  5. халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

  6. халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құрылатын мемлекеттік мекеме;

  7. жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

  8. субсидия – мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру есебінен жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін мемлекет көрсететін қаржылық жәрдемдесу.



2-бөлім. Арнайы жұмыс орындарын құратын

жұмыс берушілерді субсидиялау шарттары
3. Жұмыс берушілерге субсидиялар арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

Жұмыс берушілерге субсидиялар уақытша жұмыс орындарын жарақтандыруға берілмейді.

4. Арнайы жұмыс орындарын құрумен, арнайы жұмыс орнын технологиялық құрал-жабдықпен, еңбек құралымен жарақтандырумен байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды халықты жұмыспен қамту орталықтары бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджеттерімен көзделген сомалар шегінде іске асырады.

5. Жұмыс берушілерге субсидиялар олар мынадай шарттарды сақтаған кезде ұсынылады:

1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен бекітілген Мүгедектің жұмыс орны стандарттарына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13913 болып тіркелді), сондай-ақ «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлейтін ұлттық стандарттарға сәйкес келу;

2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орнын құрған сәттен бастап он екі күнтізбелік айдан кем емес мерзімге сақтау;

3) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша берешек болмау;

4) жұмыс берушіде еңбекақыны төлеу бойынша берешек болмау;

5) жұмыс беруші құрылған арнайы жұмыс орындарында еңбекақыны атқарып отырған лауазымына сәйкес мөлшерде төлеу.

6. Арнайы жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы республикалық бюджет есебінен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын өтеуге субсидия беру арқылы жүзеге асырады.

7. Арнайы жұмыс орындарын құрумен, арнайы жұмыс орнын жарақтандырумен байланысты субсидияны төлеу халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші арасында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған келісім негізінде жұмыс берушінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

8. Еңбек келісімшарты:

1) жұмыс берушінің бастамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедек болып табылатын жұмыскермен бұзылған жағдайда жұмыс беруші мүгедек үшін арнайы жұмыс орнын құруға шығындалған соманы бюджетке қайтарады;

2) мүгедек болып табылатын жұмыскердің бастамасымен бұзылған жағдайда жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы денсаулығы құрылған арнайы жұмыс орнында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін мүгедек болып табылатын басқа жұмыскерді қабылдауға құқығы бар.

9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмысқа орналастырылған мүгедектерде міндетті зейнетақы аударымдарының болуына мониторинг жүргізеді;

2) жұмыс берушілердің міндеттерін орындауға мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды жұмыс берушілерден сұратады.

10. Жұмыс берушілерге төленген және мақсатты пайдаланылымаған субсидиялар, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органнан субсидияны қайтару туралы талапты алғаннан кейін 20 күнтізбелік күн ішінде бюджетке қайтаруға жатады.

11. Субсидиялар көрсетілген мерзімде қайтарылмаған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.

2-бөлім. Арнайы жұмыс орындарын құратын

жұмыс берушілерге субсидия беру тәртібі
12. Субсидия алу үшін жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына мүгедектер үшін жабдықталған (жарақталған) арнайы жұмыс орындарының санын көрсете отырып өтінім және жабдықтауға арналған шығындар сметасын ұсынады.

Өтінімге:

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік көшірмесі;

арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығындар сметасы қоса беріледі.

13. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) арнайы жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге кеңес береді;

2) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша мүгедектерге кеңес береді;

3) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

4) өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге қабылдап, өтінімді қтіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны белгіленген нысанға сәйкестігін қарастырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын, өтінімде және құжаттарда көрсетілген деректердің толықтығын тексереді және:

өтінім белгіленген нысанға сәйкес келген, ұсынылған құжаттар толық, өтінімде және құжаттарда көрсетілген деректер толық болған жағдайда – үміткерге өтінімді қарастыруға қабылдау туралы хабарлама жібереді;

өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар толық және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген деректер толық болмаған жағдайда – үміткерге өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қайтарады;

5) қарастыруға қабылданған өтінімдерді 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақтайды және ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына бекіту үшін жібереді.

14. Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы арнайы жұмыс орындарын құруға өтінім мақұлданған ұйымдардың тізбесін бекітеді, онда құрылатын жұмыс орындарының саны және нақты еңбек жағдайлары, еңбекақы мөлшері және оны қаржыландыру көздері көрсетіледі.

15. Жұмыс берушілер қатарындағы үміткерге субсидия мөлшері мүгедектер үшін жұмыс орындары санына байланысты айқындалады, олар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы келісім жасалғаннан кейін құрылады.

16. Күнтізбелік жыл ішінде жұмыс берушілерден субсидия беру туралы қосымша өтінімдер түскен жағдайда қаржыландыру лимиттеріне сәйкес арнайы жұмыс орындарын құруға қосымша өтінімдерді ағымдағы қаржылық жылға қабылдайды және оларды осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қарастырады.

17. Халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедектерге олардың келісімімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылатын арнайы жұмыс орнына жолдама береді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс

орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын



субсидиялау қағидалары мен шарттарына 1-қосымша

Нысан
_______________ ауданының



(қаласының) Халықты жұмыспен

қамту орталығына

___________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Өтінім

_______________________________________________________________

(жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

Мәселе оң шешiм тапқан жағдайда мүгедектер қатарындағы азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай арнайы жұмыс орындары ұсынылатын болады:


Р/с



Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған

саны


Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Субсидияның жоспарлы мөлшерi, теңге






















































Қосымша:


1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі.

2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға шығындар сметасы.


Басшы _____________ _________

қолы күні
       М.О. (бар болса)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс

орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын

субсидиялау қағидалары мен шарттарына 2-қосымша

Нысан
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру



үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына

______ жолдама


_______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

______________ бастап __________________________ дейін ______ ай мерзімге

____________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

____________________________________________________________________

(кәсіп/мамандық атауы)

мамандығы (кәсібі) бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

____________________________ _____________________________

Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

орталығының директоры
Берілген күні

М.О.


-----------------------------------------------------------------------------------------------

(кесу сызығы)



Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады
______ жолдамаға хабарлама

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)


20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ______________________________________________________________ ретінде

(кәсіп/мамандық атауы)

______________ бастап ____________________дейін ______ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ қабылданды (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Жұмыс берушінің жауапты өкілі

_______________________________ _____________________________

Т.А.Ә., лауазымы қолы

М.О. (бар болса)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс

орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын



субсидиялау қағидалары мен шарттарына 3-қосымша

Нысан
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін



арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс

берушілердің шығындарын субсидиялауға

арналған үлгiлiк шарт

_________________________________ _____________

(қала, облыс, аудан) (күнi)
Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын директоры ___________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

(қала, облыс, аудан)

атынан директор ____________________________________________________

                               (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын ______________________________ ______________________________________________________________ атынан

(жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

____________________________________________________________________

(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

бірге «Тараптар» деп аталатын арасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы _____ тамыздағы № _____ бұйрығымен бекiтiлген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:

1. Шарттың мәнi
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары) құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау Қағидаларға сәйкес іске асырылады.

3. Шарттың сомасы _______________________ теңгені құрайды.

(жазбаша)

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
4. Тараптар әр тараптан шарттың уақтылы және тиісті орындалуын талап етуге құқылы.

5. Тапсырыс беруші:

белгіленген заңнамалық тәртіпте және Қағидаларда көзделген мерзімде аранйы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға;

қаржыландыру лимиттеріне байланысты арнайы жұмыс орындарын құруға ағымдағы қаржылық жылға қосымша өтінімдер қабылдауға міндетті.

6. Орындаушы:

арнайы жұмыс орындарын құруға төленген субсидияларды мақсатты пайдалануға;

құрылған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүгедек болып табылатын адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек келісімшартын жасасуға, оларға еңбек келісімшартында айқындалған түрлер, мерзімдер және шарттар бойынша жұмыс ұсынуға міндетті.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi
7. Тараптар арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

8. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

9. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

10. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.



5. Форс-мажорлық жағдайлар

11. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

12. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

13. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

14. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Шарттың қолданылу мерзiмi
15. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________.

16. Осы шарт екі тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

17. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:


Тапсырыс берушi

_______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

___________________ ________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О.


Орындаушы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________
__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О. (бар болса)



жүктеу 151,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау