Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”).
Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов).
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[1]
Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
Символ - суреткер сомдаған кермек туындының түпнегізін төркіндеттіретін аса мәнді өзектердің бірлігінен, тектестігінен туындайтын деректі бейне
Абай орыс және Еуропа әдебиеттерінің классик. үлгілерін сіңістірді. Оның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Жалау» атты өлеңінде албырт жанның алып ұшқан ынтызарлығын мәңгі бұрқанған дүлей теңіздің тылсым сырымен үндестіреді. Осы әралуан құбылыстың - адам табиғаты мен дүлей табиғаттың өзектестігі дәл сол кек теңіздің бетінде асау толқынмен арпалысқан «жалғыз жалаудың» символдық бейнесі ретінде көрініс тапқан.
«Ойнақтап толқын, жел гулеп, Майысар діңгек сықырлап, Ол жүрген жоқ бақ іздеп, Кашпайды бақтан бойды ұрлап». Осы секілді сәйкестік жүйелерін Абайдың басқа өлендерінен де ұшыратуға болады. «Жартас» атты аударма өлеңінде кәрі жартасты мешеу қарт бейнесінде, оның басына қонып кетіп тұратын ұшпа бұлтты таңсығы басылмаған жас қыз бейнесінде суреттеп, сол табиғат құбылысы мен адам мінезінің құбылмалық сипатын ортақ С-мен белгіледі. Ал өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде: «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық, Естісем үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім каңғырып. - Баяғы жартас - бір жартас, «Қаңқ» етер, түкті байқамас», - деп жартас бейнесін жалаң табиғат көрінісі емес, адам мен табиғатқа ортақ қоғамдалған шындықтың деректі бейнесі ретінде суреттеді. Жалпы Абай өлеңдерінде Символдау тәсілін қүбылыстардың егіздеуіне, ішкі сәйкес тіктер жүйесіне орайластыра қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |