Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет20/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

 
45 
Мәнмәтінге байланысты әрбір міндетке бір жетістік индикаторы (немесе 
одан  көп)  беріледі.  Олар  кеңестік-педагогикалық  топты  жеке  оқу  жоспарын 
енгізуді  бастамай  тұрып  дайындық  кезеңінде  бала  прогресін  өлшеу  үшін 
стратегияны ойластыруға итермелейтінімен пайдалы. Қарқынды оқыту процесі 
басталған  соң,  олар  мұғалімге  өздерінің  негізгі  міндеттерін  назардан  тыс 
қалдырмауға көмектеседі.  
Инклюзивті  материалдар.  Егер  ұсынылған  этаптардан  сатылап  өткен 
болсаңыз,  қазіргі  кезеңге,  болжам  бойынша,  бір  оқушыға  арналған  ұзақ 
мерзімді  мақсаттар  мен  міндеттер  кешенін  дайындап  қойған  болуыңыз  керек. 
Әрі қарай, инклюзивті білім беру қағидаларына сәйкес, әр мақсаттың орындалу 
жолын іздестіру қажет.  
Басқаша  айтқанда,    оқушыны  ұжымнан  бөлмеу,  оған  оқу  әрекетінің 
барысында басқалармен бірдей өзінің ұзақ мерзімді мақсаттарының ауқымында 
қатарластарымен  бірге    жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беру.  Жеке  дамыту 
бағдарламасының  бұл  бөлімінде  оқу  процесінде  жетістікке  жетудің  нақты 
әдістері  анықталған.  Атап  айтқанда,  онда  оқыту  шарттары    жайлы  айтылған, 
топтастыру  тәсілдері  туралы,  оқыту  стилі  және    жалпы  оқу  процесімен 
байланысы көрсетіледі. 
Консультациялық-педагогикалық  топтың  отырысына  дейін,  оның 
мүшелері  әр  бағалау  бойынша  есепті  түсініп,  тиянақты  өңдеуге  жеткілікті 
уақыт  берулері  тиіс.  Бұдан  бөлек,  отырыстан  бұрын,  мұғалім  оның  негізгі 
қатысушыларымен  кездесу  өткізуі  қажет  (оның  ішінде  ата-аналармен)  және 
сабақтағы қалыптастырушы және қорытынды бағалау деректері туралы ақпарат 
береді.  
Бағалау тиімді болу үшін:  

барлық күтілетін нәтиже туралы анық түсінік болуы; 

әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану; 

әдістердің құндылығын ескеру; 

жеткілікті деректер жинау, оқушы үлгерімін әр қырынан тану; 

таңдалған әдістердің әр оқушы үшін әділ болуы; 

жетістіктердің нақты критерийлерін белгілеу; 

оқушыға кері байланыс мүмкіндігін беру; 

жұмыстарының басым бағыттарын атап көрсету және түзетілуі; 

кемшіліктеріне назар аударту; 

бағалаудың кешенді жүйесімен және есеп берумен қатар жүруі тиіс.  
Мұғалімдер  бағалау  нәтижелерін  әртүрлі  мақсатта  қолдану  үшін 
жинайды. Мысалы, оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау оқушылардың 
жетістіктерін  салыстырмалы  түрде  немесе  оқу  бағдарламасының  талаптарына 
сәйкес бағалауға мүмкіндік береді.  
Көп жағдайда қорытынды тестілеу деректері де ата-аналарға есеп беруге 
негіз болады. Оқыту үшін бағалау мұғалімге оқушының оқу әрекетінің сипатын 
түсінуге,  ағымдағы  білімі  мен  біліктілігінің  деңгейін  және  өзінің  білім  беру 
тәсілдерінің тиімділігін анықтауға көмектеседі. 
Оқыту  үшін  бағалау  оқушыны  оқу  процесінің  орталығына  қояды.  Бұл 
мұғалім мен оқушының серіктестік қарым-қатынаста болулары қажеттігін алға 


 
46 
тартатын  идея  және  оқушының  білімге  қажеттілігін  өз  бетінше  бағыттауға 
мүмкіндік  береді.  Сабақта  оқыту  үшін  бағалау  тәжірибесін  қолдану 
оқушыларды  белсенді  оқу  әрекетіне  тартуға  және  материалды  толық 
меңгеруіне көмектеседі. 
Оқыту  үшін  бағалау  базалық  қағидаларына  сәйкес,  үлгерімді  жақсарту 
жоғарғы дәрежеде болады, егер оқушылар келесі жайттарды түсінетін болса: 
1) нақты оқу мақсаттары, атап айтқанда: нені оқу және не үшін оқу;  
2) белгіленген оқу мақсаттарының шегінде ол «қай жерде»;  
3) бұл мақсаттарға жету үшін оқу үлгерімін қалай жақсарта алады. 
Оқыту үшін бағалаудың негізгі әдістері. 
Оқу  мақсаттары  мен  жетістіктердің  нақты  критерийлерін  беру.  Оқу 
әрекетін орындаудың нәтижесінде оқушының нені біліп, түсініп және қолдана 
алатынын  оқу  мақсаты  тура  сипаттайды.  Сонымен  қатар,  оқушылар  оқу 
тапсырмалары  (не  істеу  керектігі)  мен  оқу  мақсаттарының  (нені  үйренетіні) 
арасындағы айырмашылықты ұғынулары тиіс. 
Оқу  мақсаттары  мен  жетістік  критерийлері  оқушыға  түсінікті  тілде 
тұжырымдалуы керек. Сапалы кері байланыс арқылы оқушылар өзінің үлгерім 
деңгейін қалай көтеруге болатынын түсінеді.  
Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Оқу әрекетіне оқушыларды белсенді 
тарту олардың академиялық үлгерімдерін арттыруға оң ықпал ететіні ғылыми 
дәлелденген. Басқаша айтқанда, егер олар нені оқу керектігін білсе, материалды 
түсініп, жұмыс жасау үшін керекті аспектілерін ажырата алса, оқу мақсаттарын 
білмей пассив қабылдаушы болып және мағынасын ұғынбастан тапсырмаларды 
механикалық орындаумен салыстырғанда меңгерулері толығырақ болады. 
Өзара  бағалау  жолдасының  орындаған  жұмысын  зерделеу  барысында 
балаға мақсат пен жетістік критерийлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.  
Оқушының  оқу  әрекетінің  тағы  бір  іргелі  құраушысы  өзін-өзі  бағалау 
болып  табылады.  Өзінің  жұмысын  бағалау  технологиясын  түсініп,  оқушылар 
соның  көмегімен  тиімді  оқып  және  алға  жылжи  алады.  Мұғалімдер  оқу 
мақсаттарын  оқушылармен  бірге  анықтаулары  керек.  Әрі  қарай  оқушы  өзінің 
оқу әрекеттерін дербес реттейді, ал мұғалім қажетті қолдау көрсетеді.  
Білім  сапасын  көтеруге  қорытынды  тестілеуді  қолдану.  Қорытынды 
тестілеу, көбіне жалпы мемлекеттік, оқыту үшін бағалау қолдану тәжірибесіне 
сәйкес келмейді деп есептеледі.  
Дегенмен, оның қорытындысын қалыптастырушы бағалау құралы ретінде 
қолдануға болады. Ол үшін тест қорытындыларына терең талдау жасай отырып, 
әріптестермен  бірге  талқылау  керек.  Тест  қорытындыларына  терең  талдау 
жасау, жалпы балл қоюмен шектелмейді, білім сапасын жақсартуға бағыт беріп, 
жол ашады.  
Сондықтан  инклюзивті  сыныптағы  оқу  жетістіктерін  бағалау,  білімді 
меңгеруді  қанағаттандыратын,  оқу  пәндері  бойынша  игерген  біліктіліктерін 
және  мектепте  оқуға  психологиялық  тұрғыдан  дайындығын  айқындайтын 
құрамдас  бөлігімен  бірге  алғанда  түзете  дамыту  нәтижесін  көрсететін    оқу 
процесінің  құрамдас  бөлігі  болуы  тиіс,  сонымен  қатар  оқу  әрекетін  табысты 
дамытуға жағдай туғызады.  
 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау