Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет18/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46

 
41 
Портфолиоға  оқушының  оқу  әрекетіндегі  қиындықтары  мен  оны  түзету 
процесін  көрсететін  ғана  емес,  сонымен  қоса  баланың  мықты  жақтарын 
айқындайтын материалдар да салыну керек.  
Жалпы  алғанда,  мұғалім  портфолиосы  псифизикалық  дамуында 
ерекшеліктері  бар  оқушының  белгілі  бір  оқыту  мерзімі  барысында  жеке 
жетістіктерін  тіркеу,  жинақтау  және  бағалау  әдісі  ретінде  қарастырылады. 
Порфолио әзірлеу мұғалімге:  

баланың жеке мүмкіндіктерін ашуға;  

белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  оқушының  оқу  жетістіктері  динамикасын 
қадағалауға;  

жеке оқу жоспарының бала мүмкіндіктеріне сәйкестігі мен нәтижелігін 
анықтау, соған сай түзетулер енгізуге; 

оқушы  тұлғасының  қалыптасуы  мен  әлеуметтенуінің  дамуын 
қадағалауға; 

бала,  ата-ана,  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты  жүзеге  асыруға 
көмектеседі.  
Инклюзивті сыныпта оқушы өз бетімен жасайтындай портфолио енгізген 
жөн.  Бұл  мұғалімге  бірқатар  түзету  міндеттерін  шешуге  мүмкіндік  береді. 
Осылайша  портфолио  бойынша  жұмыс  әрбір  баланың  жеке  мүмкіндіктерін 
барынша ашуға көмектеседі.  
Оқушы портфолиосының мақсаты келесіде:  

оқушыда оқуға деген жауапкершілікті және дербестікті қалыптастыру;  

өзінің  оқуы  мен  әрекетінің  нәтижелеріне  сапалы  баға  бере  алуын 
дамыту;  

өзіндік  қызығушылықтары,  бейімдері,  қажеттіліктерін  талдау  және 
оларды өз мүмкіндіктерімен сәйкестендіре алуын дамыту. Ерекше білім беруге 
қажеттіліктері  бар  балада  өзінің  дене  жағдайын,  зерде  мүмкіндіктерін 
адекватты  бағалау  қабілетінің  нашарлығын,  қалыптылармен  салыстырғанда 
біршама  жоғары  немесе  төмен  өзін-өзі  бағалауын  ескерсек,  бұл  фактор 
тұлғаның жағымды қасиеттерін дамытуға көмектеседі;  

танымдық  қызығушылықтар  мен  өздігінен  біліп  тануға  дайындығын 
қалыптастыру;  

портфолионың  материалдарын  өздігінен  іріктеу  табыс  жағдайын 
туындатып, өзін-өзі бағалауды және өз мүмкіндіктеріне сенімділікті арттыруға 
әкеледі. 
Оқушылардың  портфолиосын  іріктеуді  бастауыш  сыныптарда  бастауға 
және бұл жұмысқа сыныптың барлық оқушыларын тартуға болады. 
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар немесе қалыпты дамыған баланың 
портфолиосы  бойынша  жұмыс  ата-аналар  тарапынан  белсенді  көмекті  талап 
етеді. Мұғалім ата-анаға оның пайдалылығын көрсетуі қажет. 
Портфолио  материалдарын  бағалау  сандық  және  сапалық  бағаларды 
қатыстырумен олар бағытталған міндеттерге сәйкес іске асырылады.  
Бағалау құралдары. 
Соңғы нәтижелердің негізіндегі бағалау. Инклюзия жағдайында тестілеу  


 
42 
Инклюзивті оқытуда бағалау өткізу барысында сәйкес құралдарды таңдау 
мәселесі  туындайды.  Мақсаттарға  байланысты  әртүрлі  әдістер  таңдалып 
алынады. Инклюзивті оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын талдау, жұмыс 
үлгілерін талдау, сыныпта бақылау және сұхбат жүргізу, тестілеуді қолданады.  
Оқу бағдарламасын талдау оқушы игеруге тиіс білім көлемін анықтаудан 
тұрады. Талдаудың нәтижелері оқушының жеке оқу жоспарына енгізілетін оқу, 
түзете-дамыту және тәрбиелік мақсаттарды анықтауда есепке алынады. Мұндай 
талдау біздің жағдайларда жалпы білім беретін орта мектептер мен жалпы білім 
беретін  арнайы  мектептердің  оқу  бағдарламаларына  жүргізіледі.  Дегенмен, 
зерде дамуының бұзылыстары, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары, сенсорлы 
бұзылыстары (есту қабілеті бұзылған), күрделі ауытқулары бар (мысалы, БЦП 
және  психикалық  дамуының  тежелісі  бар)  балаларға  арналған  оқу 
бағдарламаларында  пәнді  (саланы)  оқытуда  білім  сабақтастығын  қамтамасыз 
ететін материалдың минималды көлемі белгіленеді.  
Сондай-ақ,  алып  тасталған  материал  бөлігі  оқытуға  міндетті  емес  және 
пәннің  логикасын  бұзбайды.  Білім,  білік,  дағдыларды  меңгеру  сабақтастығы 
курс  барысында  жүргізіледі.  Алғашқы  немесе  екінші  генезді  зерде  төмендеуі 
бар  оқушылардың  ойлау  әрекетінің  ерекшеліктеріне  бағдарланған  және 
жеңілдетілген  оқу  жетістіктері  (бағдарламалық  материалды  оқу  процесінде 
оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім,  білік  пен  дағдылар  деңгейі)  сатылап 
күрделену  сипатына  және  айқын  тәжірибелік  бағытқа  ие.  Сонымен  қатар, 
арнайы  мектептің  оқу  бағдарламаларына  түзете-дамыту  міндеттері  енгізілген 
және  ол  оқытылатын  материал  негізінде  іске  асырылатын  және  танымдық 
әрекет  процестері  (қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау),  тілдік  әрекет,  тұлғаның 
эмоционалды-еріктік  салаларын  қамтитын  түзете-дамыту  жұмысының 
бағыттарымен нақтыланады. Сондай-ақ, түзете-дамытудың мазмұндық бағыты 
оқу  материалының  мазмұндық-әдістемелік  бағытымен  органикалық  үйлесуі 
орын алады. 
Осылайша,  мұғалім  екі  түрдегі  оқу  бағдарламаларын  талдау  жолымен 
жеке оқу жоспарын әзірлеуге негіз болатын бағдарламаны таңдайды.  
Жұмыс үлгілерінің сараптамасы оқу әрекеттерінің нәтижесін саралаудан 
тұрады: жазу, есептеу, оқу және тағы басқалары. Жұмыс үлгілері жеке пәннен, 
жалпы  пәндерден  білімінің,  танымдық  әрекеттерінің  қаншалықты 
қалыптасқандығы туралы мәлімет көзі бола алады.  
Жұмыс  үлгілерін  сараптауда  психикалық  даму  ерекшеліктерімен 
байланысты,  грамматиканы  меңгеріп  қолданудағы  қиындықтарға  байланысты, 
математикалық білімі мен дағдыларының қалыптасуы, басқа да факторлардың 
әсерін,  мысалы,  ақыл-ой  дамуының  жалпы  төмендеуі,  оқуға  құлшынысының 
болмауы,  төмен  нәтиже  көрсетуі  және  тағы  басқа  спецификалық  қателерді 
жіктеу өте маңызды. Баланы оқытуда тиімсіз әдістер қолданылып келген болуы 
да  мүмкін,  мысалы,  жеткілікті  дәрежеде  бейімделмеген  оқу  құралдарын 
пайдалану. Сондықтан жұмыс үлгілерінің сараптамалары бұдан кейінгі зерттеу 
жұмыстарының бастамасы және баланың оқу әрекетінің бағасы болып табылуы 
қажет.  


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау