Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет10/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46

 
22 
тұжырымдама  негізінде  жобалау  технологиясын  практикалық  меңгеру  болып 
табылады [20].  
Инклюзивті білім беру құқығын тану барлық педагогтар, оқушылар мен 
олардың ата-аналары ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың жалпы 
білім беретін мектептерде оқуға құқығы бар екенін түсінулеріне және ол үшін 
қосымша  ресурстар  қажет  екеніне  негізделген.  Инклюзивті  білім  беру 
жағдайында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  критериалдық  бағалау  жеке  бағытталған  жүйе  бола  тұра,  осы 
санаттағы  оқушыларды  дамытуға  және  олардың  құқтарын  жүзеге  асыруға 
ықпал етеді. 
 
 
 
 


 
23 

Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері 
бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  педагогикалық  бағалаудың 
міндеттері мен функциялары 
 
Жалпы  орта  білімді  жетілдіру  оқытуды  қайта  бағдарлауға,  оқушының 
жеке  басын  дамытуға,  оны  өздігінен  жаңа  білімді  меңгеруге  үйретуге 
бағытталған. Заманауи жас адам тым ұтқыр, хабардар, шығармашылықпен және 
сыни  тұрғыда  ойлайтын,  демек  өздігінен  дамуға  және  өз  бетімен  оқуға  тым 
ынталы тұлға болуға шындығында мәжбүр. 
Заманауи қоғам жаһандану жағдайында дами отырып көп дағдарыстарды 
өткеруде.  Бұл  мемлекеттерде  жаңа  әлеуметтік  моделдер  іздеуге,  адам 
ресурсына  қатты  назар  салуға  алып  келеді.  Барлық  әлемдегі  заманауи  білім 
беру  жүйесі  алдында,  уақыт  талабына  лайықты  төтеп  беруі  үшін  XXI  ғасыр 
адамы қандай болуы керек деген маңызды сұрақ тұр. 
Бір  жағынан  заманауи  адам  –  ол,  еңбек  нарығында  табысты  бәсекелесе 
алатын  жоғары  білікті  кәсіпқой,  екінші  жағынан  –  ол,  әлемнің  әртүрлілігіне 
бейімделуге икемді, басқалармен араласа алатын, сабырлы, іскер, еңбекқор, өз 
бетімен ойлайтын және бірге күйзеле алатын адам. Дәстүрлі білім беру жүйесі 
осы  сияқты  міндеттерді  орындай  алмағандықтан  жаңа  өркениетті  сын-
қатерлерге  жауап  беретін  едәуір  түрлендірулерге  мұқтаж.  Осы  сияқты 
өзгерістер  алдымен,  көпшілігі  арнаулы  білім  беру  жағдайы  жасалуын  қажет 
ететін,  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларға  білім  беру  саласында 
болуы  керек.  Білім  беру  мекемесінде  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балалардың  сапалы  білім  алу  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  инклюзивті 
білім беру моделін құру, барлық оқушыларға соның ішінде ерекше білім беруге 
қажеттілігі  бар  балаларға  да  білім  беру  мекемесі  ұжымының  өміріне  толық 
көлемде араласуына көмектеседі.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушылардың  оқу  нәтижелері 
мектептік  білім  берудің  барлық  кезеңдерінде  білім,  білік  және  дағдылармен 
шектеле  алмайды,  оқыту  мақсаты  тұлғаның  білімі,  тәжірибесі  мен 
құндылығына  негізделген  жалпы  қабілет  сияқты  құзыреттіліктің  қалыптасуы 
болуы тиіс [2]. 
Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер 
бұларды  саналы  пайдалануды  көздейді.  Құзыреттілік  тәсілін  ескере  отырып 
білім  беру  процесін  жетілдіру,  оқушыларды  алған  білімдері  мен  біліктерін 
нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. 
Құзыреттілік  оқушының  жеке  оқуының  кіріктірілген  нәтижесі  ретінде 
олардың  мағыналық,  іс  жүргізу  және  дәлелдемелік  компоненттерді  меңгеруі 
негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі [25]. 
Оқушылардың  білімдерін  бағалаудың  негізгі  функциялары  болып 
табылатындар: 
бақылаушылық  –  мұғалімге  оқу  материалын  сәйкесінше  жоспарлауға 
және  баяндауға  мүмкіндік  береді,  оқушының  жаңа  материалды  игеруге 
дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды; 
оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, 


 
24 
біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. 
диагностикалық-түзетушілік  –  оқушыда  оқыту  процесінде  туындайтын 
қиндықтардың  себептерін  анықтайды;  игерілгеннің  кемшіліктерін  анықтаса 
оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді; 
ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады; 
тәрбиелеушілік  –  жауапкершілікпен  және  жұмыла  жұмыс  істей  білуді 
қалыптастыруға,  бақылау  мен  өзін-өзі  бақылау  тәсілдерін,  оқу  рефлексиясын 
қолдануға ықпал етеді [26].  
 
Қазіргі бағалау жүйесінің кемшіліктері де бар: 

оқушыларға,  ата-аналарға  және  педагогтарға  түсінікті  болатындай 
оқытудың  жоспарланған  нәтижелері  жетістіктерін  бағалаудың  нақты 
критерийлері жоқ; 

педагог  бірыңғай  критерийлерге  әрбір  оқушының  жетістігімен  емес, 
тұтастай  алғандағы  сыныптың  орташа  білім  деңгейіне  сүйене  отырып  баға 
қояды; 

оқушыларға  қойылған  бағалар  оқу  бағдарламасының  жеке  бөлімдері 
бойынша білім, білік, дағдыларының нақты элементтерін меңгергендігі туралы 
түсінік  бермейді,  бұл  әрбір  оқушының  жеке  оқыту  траекториясын  анықтауға 
мүмкіндік бермейді; 

оқыту процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, 
бұл оқушыларды оқуға барынша ынталандыруға мүмкіндік бермейді; 

түзету-дамытушылық  жұмысты  және  балаларды  қоғамдағы  дербес, 
тәуелсіз  өмірге  дайындау  сапасын  қоса  алғандағы  оқушыларды  оқыту  сапасы 
туралы пайымдай алмайды; 

жұмысшы мамандықтары түрлерінің бірі бойынша мамандық алу үшін 
арнайы  мектептің  түлегі  өз  білімін  жалғастыру  мүмкіндігі  туралы  әділ 
пайымдай алмайды; 

бір  бөлігінің  мүгедектігі  бар  балалардың  өмір  сапасын,  оқу  үдерісі 
сапасын жетілдіруге мүмкіндік бермейді. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың мақсаты: 

қысқа  мерзімді  мақсаттарға  және  оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқыту 
нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау; 

оқу  материалын  меңгеру  және  оқу  үдерісін  ұйымдастырудағы 
ерекшеліктерді  анықтау  үшін  мұғалім  мен  оқушы  арасында  жедел  өзара 
байланысты орнату; 

оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; 

жалпы  білім  беру  мекемесі  жағдайында  мүмкіндіктері  әртүрлі  
балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу. 
Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды: 

оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды 
ынталандыру; 

оқытудың  жоспарланған  нәтижелеріне  қол  жеткізу  үшін  оқушының 
жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету; 

оқу  үдерісінің  әрбір  кезеңіндегі  әрбір  оқушының  дайындық  деңгейін 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау