Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет6/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

 
14 
Педагог-психолог  өз  қызметінде  психологиялық  оңалтудың  келесі 
әдістерін қолданады: әңгіме, жеке психологиялық кеңес, психологиялық көмек, 
рөлдік  ойындар,  тренингтік  жаттығуларды,  сабақта  туындағын  түрлі 
жағдайларда  қажет  психологиялық  өзара  көмек  пен  өзара  қолдау  тобын 
қолданады [18]. 
Критериалды  бағалау  тұтас  педагогикалық  процестің  құрамдасы  болып 
табылады  және  оны  тек  осындай  мәнмәтінінде  қарастыру  қажет.  Баға 
оқушылармен оқу процесінің сапасын арттыру мақсатымен анағұрлым ұтымды 
әдістерді  таңдау  үшін  қажетті  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Баға 
оқушыларды  «сұрыптау»  құралы  емес,  бейімделген  болуы  тиіс.  Инклюзивті 
мектепте  баға  шынайылық,  ақпараттылық,  кері  байланысты  қамтамасыз  ету 
сияқты  критерилерге  сәйкес  болуы  тиіс.  Бағалаудың  кез  келген  әдістері  мен 
технологиялары оқушы мүгедектігінің нақты түрін немесе проблемасын ескеруі 
тиіс.  Бұл  бейімдей  оқытуды  да:  инклюзивті  оқыту  педагогтан  оқыту 
стратегиясының  үлкен  жинағы  мен  әдістерін  меңгеруді  талап  етеді.  Бұл 
көпшілік мектепке ғана емес, сонымен қатар, дамуында мүмкіндіктері шектеулі 
және  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар    балаларды  оқытудың  арнайы 
әдістерін білдіреді.  
«Оқушылардың  алған  білім  нәтижелері  оқушының  әлеуетті  даму 
зонасына  бағдарланған  операционалды  қойылған  мақсаттарына  сәйкес  болған 
кезде ғана сапалы болып саналады ...» [21]. Сондықтан зерде бұзылыстары бар 
оқушыларды  критериалды  бағалау  вариативтілігімен  ерекшеленуі  тиіс.  В.В. 
Воронкованың  жетекшілігімен  жүргізілген  КСРО  Педагогикалық  ғылымдар 
Академиясы  дефектология  ғылыми-зерттеу  институты  қызметкерлерінің 
көпжылдық  зерттеулері  нәтижесінде  алынған  төрт  типологиялық 
ерекшеліктерге сәйкес зерде бұзылыстары бар балаларды анықтау мүмкіндігін 
берді  [22].  Жүргізілген  зерттеулердің  нәтижесінде  авторлармен  мектеп 
оқушыларын  4  типологиялық  топқа  бөлетін  оқушылардың  білім  алу 
мүмкіндіктері бойынша оқушылардың педагогикалық жіктемесі жасалды. 
Егер  мұғалім  бұл  оқушыларды  пәндік-практикалық  қызметтерге  үнемі 
үйретсе, болып жатқан шынайы әрекеттердің, өзгерістердің мағынасын, мәнін 
түсінікті  түрде  жеткізсе  оқыту  нәтижелі  болады.  Инклюзивті  білім  беру 
жағдайында  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқудағы 
жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі  мұны  ескеруі  және  оқушыларды 
тиімді ынталандыруы тиіс. 
Бірінші  типологиялық  топты  жаппай  оқу  процесінде  бағдарламалық 
материалды  анағұрлым  сәтті  меңгеретін  оқушылар  құрайды.  Олар  оқу 
материалын  өз  бетінше  орындауға  қабілетті,  өзгерген  тапсырманы  орындауда 
үлкен  қиыншылық  көрмейді,  жаңа  жұмысты  орындау  барысында  бар 
тәжірибесін  негізінде  дұрыс  қолданады.  Бұл  балалар  есептеу  тәсілдерін, 
есептерді шығару амалдарын, жылдам есінде сақтап, пәндік көрнекілікті сирек 
қажет  етеді.  Әдетте  оларға  белгілі  бақылауға,  құбылысқа  сөзбен  ауызша 
сілтегеннің  өзі  жеткілікті.  Олардың  алған  білімдерінің  жеткілікті  дәрежеде 


 
15 
берік және икемді болуын атауға болады. Бұл мектеп оқушылары сөз өрбітудің 
кері  жүрісін  игеруге  қабілетті.  Олардың  сөз  саптау  қолданысында  сөйлемдер 
қалыптасқан,  олар  өз  әрекеттерін  еркін  түсіндіреді,  келешек  жұмысын, 
тапсырма орындау  тәсілдерін  жоспарлай  алады.  Бұл  топтың  оқушылары  үшін 
өзіне  қойылған  баға  не  үшін,  қандай  критерилер  бойынша  қойылғанын  білу 
маңызды. 
Екінші  типологиялық  топтың  оқушылары  да  сыныпта  білім  алуда 
жеткілікті табысты.  Олар  негізінен, мұғалімнің  жаппай түсіндіруін  ұғынады, 
зерделеніп  отырған  материалды  есте  сақтауы  біршама  жақсы,  бірақ  педагог 
көмегінсіз  қарапайым  қорытындылар  мен  жинақтаулар  жасауға  қабілетсіз. 
Оларды  жұмыстың  барлық  түрін  орындауда  едәуір  төмен  дербестігімен 
ерекшеленеді,  олар  мұғалімнің  белсендіруші,  әрі  ұйымдастырушы  көмегіне 
мұқтаж.  Бұл  оқушылар  оларға  хабарланып  отырған  құбылыстар,  заттар, 
оқиғаларды  көзіне  елестете  алмайды.  Тапсырманы  заттардың  көмегімен 
бейнелеген  кезде  ғана  саналы  түрде  орындайды.  Сөзбен  ауызша  жеткізілген 
мәліметтер оларда қажет түсінікті үнемі тудыра бермейді. Бұл балалар бірінші 
топтағы оқушыларға қарағанда баяу меңгереді, дегенмен қандай да бір бағаны 
қоюдың негізгі критерилерін білуі тиіс.   
Үшінші  типологиялық  топқа  түрлі  көмекке  мұқтаж,  бағдарламалық 
материалды  қиналып  меңгеретін оқушылар  жатады.  Бұл  оқушыларға  жаңадан 
беріліп отырған материалды жеткіліксіз ұғыну тән.  Олар негізгіні анықтауда, 
бөлімдердің қисынды байланысын белгілеуде, екінші дәрежедегі ойды бөлуде 
қиналады. Жаппай сабақтарда оларға материалды түсінуде қиналып, қосымша 
түсіндіруді  қажет  етеді.  Олар  төмен  дербестікпен  ерекшеленеді.  Пәндік-
практикалық  қызметтің  ұйымдастырылуы,  көрнекі  құралдардың  қолданылуы 
оларда  толыққанды  білімдердің  қалыптасуына  кепілдік  бере  алмайды. 
Байланыстарды,  себепті-  салдар  тәуелділіктерді  олар  ұғынбайды.  Олар  жеке 
фактілерді,  тапсырмаларды  орындауға  қойылатын  талаптарды,  берілетін 
ұсыныстарды  есте  сақтайды,  бірақ  есте  сақтау  тиесілі  ұғынусыз  өтетіндіктен, 
балалар  ойлы  және  шынайы  әрекеттердің  кезектестігін  бұзып,  зерделеніп 
отырған  фактілердің  елеулі  және  елеусіз  белгілерін  шатастырады.  Үшінші 
типологиялық  топтағы  оқушылар  сөйлемді  саптап,  байланысқан  сөзді 
меңгеруде үлкен қиыншылық көреді. 
Төртінші  типологиялық  топқа  оқу  материалын  үлкен  қиыншылықпен 
меңгеретін оқушылар жатады. Оларға тек жаппай оқыту түрі жеткіліксіз. Олар 
жаттығулардың үлкен санын орындауды, оқытудың қосымша әдістерін енгізуді, 
жұмыстарды  орындау  барысында  ұдайы  қадағалауды  және  көмек  сөзді 
қажетсінеді.  Дербестіктің  әлдебір  үлесімен  қорытынды  жасау,  өткен 
тәжірибесін  қолдану  оларға  қолжетімсіз.  Тікелей  көмек  сөзімен  берілген 
көмекті  бір  оқушылар  дұрыс  қолданады,  ал  біреулері  бұл  шарттармен  қатеге 
жол  береді.  Бұл  оқушылар  өзінің  жұмыстағы  қателерін  көрмейді,  ол  үшін  
оларға осы қателерді нақты көрсетіп, оларды түзетуге түсініктеме беру қажет. 
Әрбір  келесі  тапсырманы  олар  жаңа  нәрсе  ретінде  қабылдайды.  Білім 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау