Тапсырма үлгілері
АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Стандартты аксонометрия проекциялары. 3D модельдеу элементтері. Берілген көріністер бойынша аксонометрия құру.
Стандартты аксонометрия проекциялары
Аксонометрия (грек. axon – өсь және metreo - өлшем) – тік бұрышты координаталар жүйесімен байланыстырылған бұйымның жазықтықтағы кескіні.
Бұрмалану көрсеткіші – аксонометриялық кескінде бұйымның қаншалықты кішірейетінін немесе ұлғаятынын анықтайды. Аксонометриялық өсьтер бағытындағы бұрмалану көрсеткіштері сәйкес аксонометриялық масштабтың натурал масштабқа қатынасына тең болады.
Изометрия (грек.isos –бірдей (тең) және metreo - өлшем) – бұрмалану көрсеткіштері барлық бағытта өзара тең (бірдей) аксонометрия.
Диметрия (грек.di – екі және metreo - өлшем) – абцисса және аппликата өсьтері бағытындағы бұрмалану көрсеткіштері өз ара тең, ал ордината өсінің бағытындағы бұрмалану көрсеткішін олардың жартысына тең деп қарастырады.
AutoCAD жүйеде аксонометрия тұрғызу
Қажетті денелердің кескіндерін тұрғызу 2D деп аталып жүр. Ал сол кескіндер арқылы дененің аксонометриясын тұрғызу 3D деп аталады.
Алдымен тұрғызылатын дененің кескіндерінің көмегі арқылы, кеңістікте ойша құрастырып жалпы тұрқын анықтап алыңыз. Бұны дененің жалпы көрінісі деуге болады. Жалпы көрініс жәй геометриялық фигуралар: төртбұрыш, шаршы, цилиндр деп қарастырылады.
Енді 3D тұрғызуға қажет төмендегі жүзу мәзірлерді экраныңызға шығарып, экранның оң жағына қондырып алыңыз. Олар: 1- Вид; 2 – Моделирование; 3 – ПСК; 4 – Визуальные стили; 5 – Орбита (1 – сурет).
1 – сурет
Сонда экраныңыздың сол жағында көбіне 2Dда, оң жақта 3Dда қолданылатын мәзірлер орналасады. Мәзірлердің бұлай орналасуы жұмыс кезінде өте ыңғайлы болады.
Енді құлау мәзірінен файлды ашып, создатьты қабылдайсыз. Ашылған выбор шаблона терезесінен acadiso таңдалып, открытьты басқанда жаңа бет ашылады.
2 – суреттегі денені өлшемі 76х31х42 мм төртбұрыш деп қарастырайық. Орто және объектная привязка қосылады.
2 – сурет
Видтен ЮЗ изометрия пиктограмманы қосамыз. Моделированиеден ящикті қабылдағанда ӘЖ. Первый угол или [Центр]: Жауап: Экранның қалаған жеріне тұрып, тінтіуірдің сол жағын басқанда ӘЖ. Другой угол или [Куб Длина]: Жауап: Д Enterді береміз. ӘЖ. Длинаны сұрайды. Жауап: 76 Enterді бересіз. ӘЖ. Ширина. Жауап: 31 Enterді бересіз. ӘЖ. Высота. Жауап: 42 Enterді бергенде ящигіңіз шығады (3 – сурет). Дененің арт жақ екі бұрышын өлшемі 7х9х42 мм ящик тұрғызып, бірінші ящигіңізден алып тастау керек. Ол үшін ПСК мәзірінен начало пиктограмманы қабылдап, ящиктің артқы бұрышына қойып тағы да ящик тұрғызып аласыз. Моделирование мәзірінен вычитание пиктограмманы қабылдайсыз. Сонда ӘЖ. Выберите объекты: Жауап: Бірінші ящикті көрсетіп, Enterді басасыз. ӘЖ. Выберите объекты: Жауап: Екінші ящикті көрсетіп, Enterді басасыз.
Осы тұрғызуларды, ящиктің артқы екінші бұрышымен де, орындап шығасыз. Сонда сызбаңыз 4 – суреттей болады.
Енді ПСК мәзірінен начало пиктограмманы қабылдап, ящиктің алдыңғы бұрышына қойып, тағы да ящик тұрғызып аласыз. Оның өлшемі 49х31х32мм. Моделированиеден вычитание пиктограмманы қабылдайсыз. Сонда ӘЖ. Выберите объекты: Жауап: Бірінші ящикті көрсетіп, Enterді басасыз. ӘЖ. Выберите объекты: Жауап:
3 – сурет 4 – сурет
5 сурет 6 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |