Лекциялық кешен. Лекциялардың қысқаша конспектісі. Әрбір лекцияның тақырыбы, сұрақтардың тізімі және олардың қысқаша мазмұны көрсетілуі тиіс. Лекцияның мақсаттары мен міндеттері, негізгі және қосымша әдебиеттері көрсетіледі. Әрбір лекцияның көлемі 0,5 беттен аспауы керек.
Демонстрациялық (көрсетілім) және қосымша материалдардың кешеніне слайдтар, таратылым материалдары, иллюстрациялар, көрнекі құралдар, электрондық нұсқалар, видеофильмдер, оқытудың техникалық құралдарының кешені және т.б. жатады. Иллюстрациялардың мынадай түрлері бар: диаграммалар, графиктер, таблицалар (кестелер), карталар, сызулар, фотосуреттер, сюжеттік суреттер және т.б.
6. Оқытушы әрбір тақырып бойынша семинарлық және зертханалық сабақтардың жоспарын, семинарлық сабақтардың тапсырмаларын, оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды дайындайды. Әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
7. Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқауда оқытудың әдістері, құралдары және формалары көрсетіледі.
8. «Тараз мемлекеттік педагогикалық институтындағы курстық жұмыс Ережесіне» сәйкес курстық жұмыс жүргізетін кафедра курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау дайындайды.
Әдістемелік нұсқауда курстық жұмысты орындаудың толық алгоритмі, жұмыстың міндеттері, жұмыстың әрбір бөлімінің және түсініктеме хатының көлемі мен мазмұны, ұсынылған әдебиеттер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі көрсетіледі. Түсініктеме хаты мен графикалық материалдарды рәсімдеу жұмыстары, әрбір бөлімнің еңбек сыйымдылығы көрсетілген жұмысты орындаудың календарлық графигі беріледі.
9. Білімгердің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда («Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білімгерлердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы Ереже») БӨЖ түрлерін орындау бойынша қысқаша нұсқаулар беріледі (курстық жұмыс, эссе, реферат және т.б.).
10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы өту жөніндегі әдістемелік нұсқауда практика бойынша тапсырмалар, оларды орындау әдістемесі, алған материалдарды практика барысында өңдеу, практика есебінің, сабақты талдаудың, сыныптың, оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесінің, тәрбие іс-шараларының схемасының үлгілері беріледі.
11. Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктері және бақылау
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
|
Ф 02/036
|
ЕРЕЖЕ
Оқу-әдістемелік басқарма
14 беттің 7 беті
|
СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07-2011
Баспа 1. Дана №1
|
Достарыңызбен бөлісу: |