Методические рекомендации по срм (срмп)


Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деген не?Халықты институционалдық, институционалдық емес, экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес деп бөлу қандай критерия бойынша жүзеге асырылады?



жүктеу 0,91 Mb.
бет4/5
Дата25.11.2017
өлшемі0,91 Mb.
#1791
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық деген не?Халықты институционалдық, институционалдық емес, экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес деп бөлу қандай критерия бойынша жүзеге асырылады?
  • Жұмыссыздық типтері мен түрлері қандай?
  • Жұмыссыздықтың мүлдем болмауы мүмкін бе? Табиғи жұмыссыздық және толық жұмыспен қамтылу деген не және олар қалай өлшенеді? Толық жұмыспен қамтылу кезіндегі өндіріс көлемі қалай аталады (жұмыссыздықтың табиғи нормасы)?

  • Балық аулау және туристтік аймақтарда жұмыссыздықтың орташа деңгейлері ұзақ мерзімдік кезеңде индустриалды аймақтарға қарағанда жоғары болады. Осыны қалай түсіндіруге болады?

  • Оукен заңы қалай әрекет етеді?

  • Мемлекеттің тұрақтылығы үшін Сіздің ойыңызша не қауіпті: жұмыссыздық немесе инфляция?

  • Сіздің ойыңызша, қазіргі Қазақстанда қандай жұмыссыздық түрлері басым? Өз пікіріңізді негіздеуге тырысыңыз.

  • Жұмыссыздықты қысқарту үшін Сіз қандай нақты саясатты ұсынар едіңіз?


    Есептер:

    1. Жұмысбастылық пен жүмыс күші тұрғысынан алғанда төмендегі тұлғалардың статусын анықтаңдар, олар былай жіктелген:

    — жұмысбастылар (ЖБ);

    — жұмыссыздар (ЖС);

    — жұмыс күшіне қосылмайтындар (ЖКҚ).

    а) Өзінің қалауымен жұмыстан босатылған жұмысшы

    ә) Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы

    б) Өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамайтын мұғалім.

    в) Ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, оны іздеуді қойған жұмыстан босатылған жұмысшы.

    г) Күндізгі оқуда оқитын студент.

    д) Кешкі мезгілде оқитын автокөлік жөндеушісі.

    е) Үй шаруасындағы адам.

    ж)Белгілі бір уақытын кітапханашы болып жұмыс істеумен өткізетін үй шаруасындағы адам.


    2. Төмендегі кестеде белгілі бір кезеңнің 1-ші және 5-ші жылдарындағы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылғандықтың көрсеткіштері берілген.



    Бірінші жыл

    Бесінші жыл

    Жұмыс күші

    84889

    95453

    Жұмыспен қамтамасыз етілгендер

    80796

    87524

    Жұмыссыздар

    -

    -

    Жұмыссыздық көлемі (%)

    -

    -

    а) Бірінші және бесінші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық көлемін анықтаңдар;

    ә) Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының бірдей өсуін қалай түсіндіруге болады?

    б) Қарастырылып отырған кезеңнің бесінші жылында адамдар толық жұмыспен қамтылған деуге бола ма?


    3. Келесідей деректер бар:

    Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн адам.

    Жұмыссыздар саны 10 млн адам.

    Жұмыссыздық көлемін анықтаңдар.

    90 млн жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн адам жұмыстан шығарылған еді; 1 млн ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыздар:

    а) жұмыспен қамтылғандардың санын;

    ә) жұмыссыздар санын;

    б) жұмыссыздық көлемін.


    4. Нақты табыс қалай өзгереді, егер:

    а) атаулы табыс 10%, баға көлемі 7% өссе;

    ә) атаулы табыс 30 мың долл., ал баға индексі сол жылы 106-ға тең болған.
    5. а) Экономикада х және у тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар табысының жартысын х тауарын және қалған жартысын у тауарын сатып алуға жұмсайды. Бір жыл ішінде х тауарының бағасы 5%, ал у тауарының бағасы 15% өсті. Тұтыну тауарларының баға индексін анықтаңдар (өткен жылғы баға индексі = 100).

    ә) Дәл сондай өндірістік және бағалық шарттарда х тауарын сатып алу үшін тұтынушылар табысының жартысынан көбі жұмсалады. Тұтыну тауарларының баға индексін анықтандар.


    Тесттер:

    1.Инфляция - бұл:

    A) өнеркәсіп шығындары мен бағанын түсуі;

    B) баға өсімі, нақтыға байланысты ақшаның құнсыздануы;

    C) баға өсімінін баяндауы;

    D) бір данаға келетін жалпы табыс;

    Е) салық ставкаларынын көбеюі.
    2.Инфляция қарқыны - бұл:

    A) белгілі бір уақыт ішінде пайыздық түрде жалпы баға деңгеінін өсуінін көрсетілуі;

    B) жұмысы жоқ, бірақ жұмысты іздеп жүрген еңбекке қабілетті аймақтық бөлігін пайыздық түрде айтылуы;

    C) белгілі бір уақыт ішінде ЖҰӨ нақты өсуін пайызбен айтылуы;



    1. жинақтау өсіміне қатысты тұтыну өсімі;

    2. ресурстардың шектеулігі.

    3.Инфляцияның өсу темпі бірдей 10% және қалада А, және қалада В номиналды пайыз ставканы құру 10 % және қалада А және 12% және қалада В. Сонда басқа жағдайы қалай болады:

    A) А және В қалада капитал үзілісі болады;

    B) В және А қалада капитал үзілісі болады;

    C) қалалар арасында А және В капитал үзілісі болады.

    D) мемлекеттік шығындарды қысқартып;

    Е) А және В елдері арасындағы капитал ағымы тоқтатылады.
    4.Сеньораж - ол:

    A) қолма қол ақша;

    B) несиелік ақша;

    C) мемлекеттен қосымша ақша мөлшерінен келетін кіріс;

    D) нақты банк жүйесі;

    Е) чектік депозиттер.


    5.Дефляция - бұл:

    1. баға деңгейінін орташа жоғарылауы тұрақты тенденция;

    2. баға деңгеінін орташа төмендеуіне тұрақы тенденция;

    3. баға деңгеінін орташа өзгеруінін қатынасы;

    4. инфляция сатысының түсуі;

    5. ғылыми-техникалық бәсеке.

    6.Филлипстің құндылығының қисық сызығы байланыстарын көрсетеді:

    A) инфляцияның қарқыны мен ақша.

    B) жұмыссыздық пен инфляцияның қарқыны;

    C) сұраныс пен ұсыныс

    D) пайыздын мөлшері мен инфляцияның қарқыны;

    Е) проценттік ставкасы және ақша арасындағы өзара байланысты.
    7.Капитал қозғалысы шоты бойынша жағымды сальдо бар болса, онда:

    А) мемлекеттік жинақтаулар жеке инвестициялардан асып кетуі;

    В) жеке инвестициялар мемлекеттік жинақтаулардан асып кетуі;

    С) ағымдағы операция шотында жағымды сальдо бар;

    D) таза экспорт жағымсыз шама болып табылады;

    Е) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі төмендейді.


    8.Инфляцияға қарсы саясат - бұл:

    А) мемлекеттің шығындардың азаюы;

    B) салық салу деңгейінін көтерілуі және есептік ставка пайызын азаюы;

    C) бағаның жалпы деңгейін тұрақтандару мақсатында жасалатын өзара байланысқан шаралар кешені;

    D) бағаның жалпы деңгейін төмендету саясаты;

    E) минималды резерв шамасын жоғарылату саясаты.


    9.Қандай жұмыссыздықтын түрлерінің бөлігі табиғи жұмыссыздықтың денгейін құрайды:

    A) фрикциондық және құрылымдық;

    B) циклдық және инститционалдық;

    C) фрикциондық және циклдық;

    D) құрылымдық және инститционалдық;

    E) инститционалдық және фрикциондық.


    10.Жұмыс бастылықтың Кейнсиандық теориясы нені бекітеді:

    А) халық санын реттеудің табиғи әдістерін қажеттілігін;

    В) нарық өзін өзі реттеуші жүйе болып табылады, онда мәжбүрлі жұмыссыздыққа орын жоқ;

    С) еркін бісеке нарығы өзін өзі реттеуші болып табылмайды;

    D) нарық тепе-теңдігі толық жұмыс бастылықты кепілдемейді;

    Е) жұмыссыздық – ішкі, капитализмге тән құбылыс.


    Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында ХЕҰ-ның анықтамасы бойынша жұмыссыздық – бұл жұмыстары жоқ, нақты уақытта жұмысқа қабілетті және нақты уақытта жұмыс іздеп жүрген белгілі жас аралығынан жоғары жастағы тұлғалар контингентінің болуын ескере кету керек. Жұмыссыздық кезеңінде еңбек ұсынысы сұраныстан жоғары болады. Фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейін немесе толық жұмыспен қамтылу деңгейін білдіреді. Конъюнктуралық жұмыссыздық деңгейі мен нақты ұлттық табыстың толық жұмыспен қамтылудан ауытқуы арасындағы өзара байланыс сипаты Оукен қисығынан байқалады. Екінші семинарлық сабақта инфляцияға ақшаның құнсыздануы мен сатып алу қабілетінің төмендеуінің тұрақты процесі ретінде анықтама беріңдер. Инфляция түрлерін қарастырыңдар. ашық және жабық, баланстанған және баланстанбаған, күтілетін және күтілмейтін, жылжымалы, галопирленген, гиперинфляция. Дефляция, стагфляция, дезинфляция түсініктеріне анықтама беріңдер. Содан кейін инфляция сұранысының жиынтық сұраныстың автономды ұлғаюы есебінен болған бағалардың жалпы деңгейінің өсімі ретіндегі мәнін ашыңдар. Сұраныс инфляциясының монетарлық және монетарлық емес факторларын көрсетіңдер. Нақты табыс пен еңбек өнімділігінің өсімінен басым түсетін шығындар өсімі ретіндегі ұсыныс инфляциясын сипаттаңдар. Ұсыныс инфляциясының себептерін қарастырыңдар: еңбекақы өсімімен байланысты инфляция; ұсыныс шоктары және оның зардаптары; жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тарапынан инфляциялық процестердің үйлесуі ретіндегі инфляциялық спиральдің механизміне талдау жасаңдар. 3 сабаққа дайындалу барысында қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысын негіздеңдер. Осыған байланысты қысқа және ұзақ мерзімдегі Филипс қисығы мен оның модификациясын қарастырыңдар. Инфляцияға қарсы саясаттың мәні мен түрлерін ашу керек: белсенді және бейімделушілік. Сұраныс пен шығындар инфляциясына қарсы бағытталған белсенді инфляциялық саясаттың монетарлық және фискалдық құралдарын негіздеңдер. Сондай – ақ бейімделушілік инфляцияға қарсы саясаттың құралдарына назар аударыңдар: табыстар индексациясы, бағалар мен еңбекақы өсімінің қарқыны жайлы кәсіпкерлермен және кәсіподақтармен келісімдер, «табыстар - бағалар» саясаты.
    Тақырып 9. Бюджет тапшылығы және инфляция
    СӨЖ тапсырмалары:

    1. Тақырыптың сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

    2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

    3. Тест сұрақтарына жауап беру

    4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

    5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

    «ҚР-ғы қаржы саясаты», «Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы», «Мемлекеттік қарыз және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары»

    6. «Қазақстан Республикасындағы бюджет – салық саясаты және бюджет тапшылығының мәселесі» тақырыбына топтық жобаны дайындау.

    7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
    Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


    1. Бюдже тапшылығының және оны қаржыландырудың қандай түрлерін сіз білесіз?

    2. Бюджет тапшылығына қандай факторлар әсер етеді?

    3. Лаффер қисығы нені көрсетеді?

    4. Мемлекеттік қарыз түсінігін түсіндіріңдер.

    5. Қазақстандағы ішкі мемлекеттік қарыздың негізгі формалары қандай?

    6. Мемлекеттік қарызды басқару деген не және оның негізгі әдістері қандай?

    7. Мемлекеттік ішкі қарызды өтеу инфляция деңгейінің жоғарылауына ықпал ете ала ма?

    8. Мемлекеттік бюджет тапшылығының қысқаруы мыналарғақалайша ықпал ете алатынын түсіндіріңдер: сауда тапшылығы көлемінің төмендеуіне; сыртқы қарыздың жалпы сомасының қысқаруына; шетелдіктердің отандық кәсіпорындарды сатып алу санының қысқаруына.

    9. Үкімет өз шығындарын бөкет салуға ұлғайтады. Шығындар борыштық тәсілмен қаржыландырылады. Аталмыш жағдайда борыштық ауыртпашылықты құру жайлы сөз қозғауға бола ма? Егер мемшығындар әскери көліктерді сатып алу шығындары өсетін болса, осы сұрақ жауабы өзгере ме?


    Есептер:

    1. Экономика келесі мәліметтермен бейнеленген:

    • мемлекеттік шығындар көлемі – 800;

    • бюджетке салықтық түсімдер – 200;

    • мемлекеттік трансферттер – 100;

    • тұтыну шығындары – 2300;

    • таза экспорт – (-200);

    • мемлекеттік қарыздың жалпы тапшылығы?

    Бұл жағдайда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету бойынша бюджеттік төлемдер көлемі қандай болады?
    2. Үкімет жылдық 8 % ставкамен 1 млрд. доллар мөлшерінде шетелен қарыз алды. Бұл қаражаттар алдыңғы бірнеше жылдарға 300 млн. Доллар көлемінде ЖҰӨ - нің жыл сайынғы өсімін алуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларға салынады. Есептеңдер:

    а) мемлкеттік қарыз қандай көлемге ұлғайады?

    б) аталмыш елдің азаматтарына жүктелетін таза борыштық ауыртпашылық өсе ме?
    3. Экономика келесі мәліметтермен сипатталған:


    • пайыздың нақты ставкасы 3%;

    • нақты ЖҰӨ өсім қарқыны 7%;

    • қарыз бен ЖҰӨ - нің ара – қатынасы 50%;

    • мемлекеттік бюджеттің алғашқы тапшылығы ЖҰӨ - ден 5% құрайды.

    Қарыз бен ЖҰӨ - нің ара-қатынасының өсетінін не төмендейтінін есептеу керек.
    Тесттер:

    1.Елдегі төлем балансы тапшылығының өсуі:

    A) орталық банктың валюталық резервін көбейтеді;

    B) орталық банктың валюталық резервін азайтады;

    C) елдегі ақша массасынын көлемін жоғарлатады;

    D) елдегі ақша массасынын көлемін төмендетеді;

    E) елдегі ақша массасынын көлеміне әсер етпейді.
    2.Төменде берілген элементтердің қайсысы елдің төлем балансындағы ағымдық операциялар шотына жатпайды:

    A) тауарлық экспорт;

    B) ел аумақтарындағы шетел банктерінің активтірінің өзгеруі;

    C) шетел мемлекеттеріне транспорттық қызмет көрсету;

    D) жер сілкісінен зиян шеккендерге көмек беру үшін басқа елдерден әкелінген тағам өнімдердің құны.

    E) жұмысшы күшінің құны.


    3. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы нені көрсетеді:

    A) ЖҰӨ өзгеруінің ҰТ қатынасы, яғни мемлекеттік шығындардың 1 долларға өсуіне жауап ретінде табыстың қаншаға өсуін ;

    B) мемлекеттік шығындардың өсуін;

    C) салық салудың деңгейінің жоғарлауы және проценттің ставкасының азаюын;

    D) мемлекеттік шығындардың минималды резервтер нормасына қатынасын;

    E) инфляция қарқынының жоғарлауын.


    4. Салық ставкасы және мемлекеттік бюджетке түсетін салық шамаларының арасындағы өзара байланыс неде көрінеді:

    А) Фишер заңында;

    В) Оукен қисығында;

    С) Лаффер қисығында;

    D) Фридман заңында;

    Е) Филлипс қисығымен.


    5.Қазіргі замаңғы жағдайларда қаржылық жүйені құру нені қарастымайды:

    А) құралдарды орталықтандыра бөлу;

    В) мемлекеттегі барлық деңгейдегі бюджеттің экономикалық дербестігі: нормативтік негізде бөліп қалыптастыру, дербес бекіту және орындау;

    С) мемлекет ішінде әр түрлі деңгейлердегі бюджет арасындағы өзара әрекет жаппай келісім бойынша жүзеге асырылады;

    D) аумақтың өзіндік басқаруын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттердің табыстарын тұрақтандыру;

    Е) жалпы республикалық пен аумақ аралық бағдарламалар және шараларды жүзеге асыру үшін мақсатты бюджетті қорлар жасау.


    6.Мемлекеттік бюжджет тапшылығы – бұл:

    А) мемлекет табыстарынан кірістерінің жоғарлауы;

    В) мемлекет шығындардың ұлғаюы;

    С) мемлект шығындарынан кірістерінің жоғарлауы;

    D) бюджетке салық түсімдерінің азаюы;

    Е) нақтыға байланысты ақшаның құнсыздануы.


    7.Бюджет қайда болады:

    А) тек мемлекетте ғана;

    В) мемлекетте және экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда;

    С) барлық экономикалық субьектілерінде;

    D) ұлттық дейгейіндің маңызды құрылымында;

    Е) тек кәсіпорындарда.


    8. Мемлекеттік бюджет тапшылығы – бұл қандай құбылыс:

    А) негативті:

    В) позитивті:

    С) бейтарап;

    D) әр түрлі бағалаулар болады;

    Е) балансттық.


    9.Қарыздың ұзақ ауыртпалық көрсеткіші ІЖӨ жоғарлайды, мына шарттар арқылы:

    А) Мемлекеттік бюджеттің нақты тапшылығы жоғарлайды.

    В) ІЖӨ құрылымдық бюджеттік артық үлесі төмендейді.

    С) Шығару мен жұмыспен қамтылу өсім қарқыны төмендейді.

    D) Тосу инфляциясы төмендейді.

    Е) Импорт.


    10. Мемлекеттік қарыз мемлекетті банкротқа ұшыратпайды, себебі:

    А) Борышты қайта қаржыландыру мүмкін.

    В) Ақша ұсынысы жоғарлауы мүмкін.

    С) Бюджеттің салықтық табыстары жоғарлауы мүмкін.

    D) Өзгеріссіз қалады.

    Е) Ақша базасы көбейеді.


    Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1 семинарлық сабаққа дайындалу барысында мемлекеттік қарыз бен бюджеттік тапшылық сұрағы бойынша периодикалық әдебиетті қарастырыңдар. Мемлекеттік бюджеттің мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару мәселелері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған ақша қаражаттарын құру және жұмсау формасы болып табылатынын ескеру қажет. Бюджет тапшылығы бұл кірістер мен шығындар арасындағы айырмашылық. Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру тәсілдерін атаңдар – жаңа ақшалар шығару және займдар. Жинақталған профициттерді шегергендегі бюджеттік тапшылықтардың белгілі кезеңінде елде жинақталған сома ретінде мемлекеттік қарызға түсінік беру. 2 семинарлық сабаққа дайындалу барысында тұрақты бюджеттік тапшылық пен мемлекеттік қарыздың артуы себептерін ашыңдар. 3 семинарлық сабаққа дайындалу барысында егер мемлекеттік қарыз алу экономикалық өсіммен қатар жүрмесе, онда мемлекеттік қарызға қызмет көрсетумен байланысты қиындықтар туындайды. Қарыздың үздіксіз өсуі және ол бойынша пайыздарды төлеу кезекті қайта қаржыландырудың мүмкін болмауына әкелуі мүмкін. Мемлекеттің өз міндеттемелерін қызмет көрсетіп, өтеуден бас тартуы егеменді дефолтты білдіреді. Ұзақ мерзімді кезеңде ығыстыру әсерінен борыштық қаржыландыру елде капитал көлемінің төмендеп, экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің азаюына әкелуі мүмкін.

    Тақырып 10. Экономикалық өсу
    СӨЖ тапсырмалары:

    1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

    2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

    3. Тест сұрақтарына жауап беру

    4. Тақырыпқа қатысты есептерді шығару

    5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау: «Экономикалық өсім модельдері: теориялар және олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы», «Макроэкономикалық саясат және ҚР-да тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселесі».

    6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

    7. «Макроэкономикалық саясат және ҚР-да тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселесі» тақырыбы бойынша мақсаттар бұтағын өңдеу.

    8. Оқытушының қалауы бойынша «Макроэкономикалық саясат және ҚР-да тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселесі» тақырыбына эссе құру.
    Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:


    1. Экономикалық өсім деген не және ол экономикалық дамудан немен ерекшеленеді?

    2. Экономикалық өсімнің экстенсивті және интенсивті типтерінің мәні неде? Экономикалық өсімнің интенсивті типінің басымдылықтары неден тұрады?

    3. Экономикалық өсімді реттеудің мемлекеттік саясатындағы кейнсиандық, неокейнсиандық және неоклассикалық бағыттардың айырмашылықтары мен мәні қандай?

    4. Экономикалық өсім мен өмір сапасы арасындағы өзара байланыс неден тұрады?

    5. Жапониядағы жылдам экономикалық өсімді қандай құрылымдық алға жылжулар қамтамасыз етті?

    6. Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін Қазақстанға қандай құрылымдық өзгерістер қажет?

    7. Харрод пен Домар экономикалық өсім модельдерінің мәні неде?



    Есептер:

    1. Елдің экономикасы Кобба – Дуглас функциясымен Y= A*K0,4 * L 0,6 деп сипатталады. Капиталдың өсу қарқыны жылына 3 %, ал жұмысшылар санының өсуі - 2 %. Факторлардың жалпы өнімділігі жылына 1,5 %. Өндіріс көлемі қалай өзгереді?
    2. Өндіріс функциясы Y = K1/2 * L1/2 түрінде берілген. Қор жинағының мөлшері 0,3, ығысу нормасы d= 6%, халықтың өсу қарқыны n= 1 %, тхникалық прогресс қарқыны g= 3 %.Экономиканың тұрақты жағдайында бір жұмысшыға шаққандағы капитал қоры және өнім көлемі қандай болады?

    Тұрақты жағдайдағы қормен қамтамасыз ету тұтыну көлемі максимум деңгейге жеткендегі кездегімен сәйкес бола ма? («Алтын ереже» бойынша). «Алтын ереже» бойынша жинақтау мөлшері қандай болу керек?

    3. Солоу үлгісінде өндіріс функциясы Y = 0,64 √k капиталдың ығысу мөлшері 6%. Халық жылына 1%-ға өседі, технологиялық прогресс қарқыны 9%. «Алтын ережеге» сәйкес жинақтау қоры неге тең?
    4. Өндіріс функциясы Y= 2* K0,5 * L 0,5 . Халықтың өсуі жылына1 %. Жыл сайы ел өнім өндірудің 10%-ын жинақтайды. Істен шығу мөлшері жылына 3 %. Технологиялық прогресс қарқыны жылына 2 %. Берілген жағдайдағы бір жұмысшыға келетін тұтынудың тұрақты деңгейі неге тең?
    Тесттер:

    1.Экономикалық өсіудің индустриалдық сатысы немен сипатталады:

    А) ҒТП дамуымен, тірі еңбкті заттықпен алмастыру;

    В) ҒТП болмауы, халықтың өсуімен еңбекке қабілетті халықтың толық жұмыс бастылығымен;

    С) халықтың өсуімен;

    D) өндіріс факторларының өзара алмасуымен;

    Е) жинақ қоры нормасының жоғарлауымен.
    2.Р.Солоу моделіндегі тепе-тең экономикалық өсудің тұрақты сипаты немен қамтамасыз етіледі:

    А) халықтың өсуімен;

    В) жинақ қоры нормасының жоғарлауымен;

    С) өндіріс факторларының өзара алмасуымен;

    D) ҒТП;

    Е) жинақ қоры нормасының төмендеуімен.


    3.Экономикалық өсудің моделінде:

    A)Экономикалық белсенділіктің ауытқу себептері және толық жұмыс бастылықпен динамикалық тепе-теңдіктің келісуін қамтамсыз ететін факторларды ашады;

    B)мемлекеттің талап етушілері қандай жағдайда фирманың планымен келісетінің түсіндіріңіз

    C)экономиканың тұрақты тепе-тең өсу траекториясынан ауытқу себептерін көрсетеді.

    D)фискалды саясаттың қолдану мүмкінділігі қарастырылады.

    E) үкіметтің өзінің шаруашылық субьектілері алдындағы борыштар мәселесі қарастырылады.


    4.Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі неде негізделген:

    A) жоспарланған қор жинау мен жоспарланаған инвестиция теңдігіне;

    B) еңбек ақы және пайда арасында табысты бөлу әдісіне;

    С) агрегатталған өндірістік қызметті зерттеудегі факторлық тәсілдеріне;

    D) жиынтық сұранысқа қатысты кәсіпкерлердің күтіміне;

    E) бәсекеге.


    5.Р.Солоудың өсім моделінде не көрсетілмейді:

    А) экономикалық саясаттың халықтың өмір сүру дәрежесіне әсері

    B) экономикалық саясаттың ЖҰӨ нақты өсім динамикасына әсері;

    C) халықтың өсім қарқыны ЖҰӨ-не әсері;

    D) технологиялық процестің ЖҰӨ-нің қарқынына әсері;

    Е) сұрақтарды микродәрежеде қарастыру;


    6.Экономиканың өсуі - бұл:

    A) ЖҰӨ нақты және потенциалды жоғарлауы;

    B) жалпы қоғам азық-түлігінің потенциалының және нақты өнімінің жоғарлауы;

    C) ЖҚӨ нақты және потенциалды жоғарлауы;

    D) соңғы қоғамдық өнімнің нақты және потенциалды жоғарлауы.

    E) номиналды мөлшердің пайызының жоғарлауы.


    7.Экономикалық өсімнің көрсеткіштеріне жататыңдар:

    A) еңбек өндірісінің денгейі, ҰТ пен ЖҰӨ-нің өсуі, тұтынудың қажеттілігінің денгейі, халықтың өмір сүру денгейі;

    B) МТБ-нің жағдайы, квалификациондық жұмыс күші, ҒТП, мемлекетің экономикалық саясат, табиғи ресурстар;

    C) елдің экономикалық потенциалы, елдің экономикалық куші, елдің экономикалық дәрижесінің дамуы;

    D) өнімнің матиалды сыймдылығы;

    E) қор қайтарымдылығы.


    8.Капиталдың "алтын қоры" сатысы қалай аталады:

    А) капиталдың жинақтақталу дәрижесі, тұтынудың асажоғары дәрижесінің жағдайын қамтамасыз ету;

    B) еңбек өнімдерілігінің дәрижесі;

    C) жинақтау денгейі;

    D) бағаның жалпы өсімінің денгейі;

    E) халықтың нақты табыс өсімінің денгейі.


    9.Төмеде көрсетілгендердің қайсысы экономикалық өсу факторларына жатпайды:

    А) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

    В) еңбек рессурстарының саны мен сапасы;

    С) технологияларды өндіріске қолдану;

    D) капитал;

    Е) рента.


    10.Экономикадағы капитал қорының "алтын денгейден" төмен. Соңда қордың төмендеуің көруге болады:

    A) капитал қорының "алтын денгейге дейін" жайлап өсуі;

    B) капитал қорлардың оптималды және нақтылық арасындағы өрлеуі;

    C) тұтыну шығындардың ұзақ мерізімдегі өсімі;

    D) пайыз ставкасының нормасын өсуі;

    E) нақты ЖІӨ өсуі.


    Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. 1семинарлық сабаққа дайындалу барысында Экономикалық өсімге жалпы сипаттама беріңдер. Экономикалық өсім факторларын қарастырыңдар: 1) ұсыныс факторлары (табиғи ресурстардың, қолданылатын капиталдың, еңбек ресурстарының, технологиялық ресурстардың саны мен сапасы; институционалды – ұйымдастыру және ақпараттық факторлар); 2) сұраныс факторлары (жиынтық шығындар деңгейінің өсімін қамтамасыз ететін факторлар); 3) бөлу факторлары (ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін). Экономикадағы өндіріс факторларының шығындарымен шығару көлемі арасындағы өзара байланысты көрсететін өндірістік функцияны агрегирлеу арқылы оның факторлық моделін бейнелеңдер. Содан кейін қазіргі экономикалық өсімнің алғышарттары мен сипатты белгілерін қарастырыңдар.

    2 сабақта алдымен Солоу экономикалық өсімінің факторлық моделін қарастырып, оның негізгі қорыындыларына назар аударыңдар: 1) өндіріс технологиясы өзгермегенде экономикалық өсім қарқыны халықтың өсу қарқынымен анықталады; 2) технологиялық өзгерістер экономикалық өсім қарқынының артуына әкеледі; 3) жинақтардың үлес салмағының өсімі ұзақ мерзімдік кезеңде экономикалық өсім қарқынына ықпал етпейді; 4) экономикалық өсім тиімділігінің критерийі – орташа жан басына шаққандағы тұтынуды максимизациялау («жинақтаудың алтын ережесі»). Содан кейін экономикалық өсімнің кейнсиандық модельдеріне сипаттама беріңдер. Домардың экономикалық өсім моделіне талдау жасап, оның негізгі қорытындыларына назар аударыңдар: 1) динамикалық тепе – теңдіктің тұрақтылығы кәсіпкерлердің инвестициялық жоспарларынан тәуелді болады; 2) инвестициялық сұраныс тұрақсыз болғандықтан, динамикалық тепе – теңдікке мемлекеттің араласуынсыз жету мүмкін емес. Сондай – ақ Э. Харродтың экономикалық өсім моделін қарастырыңдар, кепілдендірілген, табиғи және нақты өсім қарқыны түсініктеріне анықтама беріп, олардың арасындағы өзара байланысты негіздеп, Харродтың экономикалық дамуы тұрақсыздығы мен мемлекеттің араласу қажеттілігіне қатысты қорытындысына назар аударыңдар.



    3 сабаққа дайындалу барысында экономикалық өсім мен экономикалық дамудың өзара байланысын, сондай – ақ қазіргі экономикалық өсімнің алғышарттары мен сипатты белгілерін қарастырыңдар.
    «Макроэкономика» курсы бойынша рефераттар тақырыптары


    1. Макроэкономикалық ғылым: пәні, мақсаттары және әдістемесі

    2. Макроэкономикалық теорияның даму кезеңдері

    3. Макроэкономикалық теория мен тәжірибедегі күтілістердің ролі. Рационалды күтілістер теориясы және оны сынау.

    4. Макроэкономикалық модельдер және олардың жалпы сипаттамасы

    5. Макроэкономикалық теория және экономикалық саясат

    6. Ұлттық шоттар жүйесі және оның мәні

    7. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу

    8. Бағалар индексі. түсінігі, негізгі түрлері және оларды есептеу

    9. Ұлттық тұтыну және жинақтау: мәні және олардың деңгейінанықтайтын факторлар

    10. Тұтыну мен жинақтаудың классикалық және неоклассикалық тұжырымдамалары: негізгі постулаттар және олардың эмпирикалық негіздемесі

    11. Тұтыну мен жинақтаудың кейнсиандық тұжырымдамасы: негізгі постулаттар және олардың эмпирикалық негіздемесі

    12. Түрлі теориялық модельдердегі тұтынудың кейнсиандық функциясына қатысты сын

    13. Инвестициялық сұраныс жиынтық сұраныс құраушысы ретінде

    14. Мультипликатор – акселератор моделі: мәні және әрекет ету механизмі

    15. ҚР-ғы инвестициялық саясат

    16. Жиынтық сұраныс және оның макроэкономикалық шаруашылықтағы параметрлері

    17. Жиынтық ұсыныс және оның макроэкономикалық шаруашылықтағы параметрлері

    18. Макроэкономикалық тепе – теңдік және экономиканың оның бұзылуына әсері

    19. Фискалдық саясат және экономика тұрақтануындағы оның ролі

    20. ҚР-ғы қаржылық саясат: мәні, бағыттары және құралдары

    21. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз: мәні, пайда болу себептері және оларды реттеу тұжырымдамалары

    22. Қазақстан Республикасындағы бюджет – салық саясаты және бюджеттік тапшылық мәселесі

    23. Ақша нарығы: макроэкономикадағы ақшаға сұраныс пен ұсыныс функциялары

    24. Ақшаға сұраныс теориялары: неоклассикалық, кейнсиандық, монетаристік және қазіргі тәсілдемелер

    25. Ақша – несие саясаты: мазмұны, мақсаттары, теоретико – тәжірибелік модельдер және құралдар

    26. ҚР-ғы монетарлық саясаттың ерекшеліктері және оның тиімділігін арттыру мәселелері

    27. Игіліктер мен ақша нарығындағы бірлескен тепе – теңдік және оны IS-LM моделінің көмегімен талдау

    28. IS-LM моделі шегіндегі фискалдық және монетарлық саясат: неоклассикалық және кейнсиандық

    29. Қазіргі еңбек нарығының ерекшеліктері және ҚР-ғы жұмыссыздық мәселесі

    30. Қазіргі таңдағы инфляцияның тұжырымдамалары мен модельдері

    31. Инфляцияға қарсы саясат: мәні, түрлері, кейнсиандық және монетаристік құралдар

    32. Экономикалық циклдің кейнстік және неокейнсиандық теориялары

    33. Мемлекеттің антициклдық саясаты: мәні, құралдары, неоклассикалық және кейнсиандық құралдар

    34. Экономикалық өсім модельдері: теориясы және оларды тәжірибеде жүзеге асыру

    35. Макроэкономикалық саясат және ҚР-ғы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселесі

    36. Төлем балансы және оның тапшылық мәселесі

    37. Төлем балансы және айырбас валюта курстары

    38. Ашық экономикадағы фискалдық және монетарлық саясат және ішкі мен сыртқы тепе – теңдікті қамтамасыз етудегі олардың мәселелері


    СӨЖО сапасын бағалау саясаты:

    Рейтинг-шкала


    Бақылау формалары

    Балдар

    1. Ағымдық бақылау

    10-20

    2. Аралық бақылау

    15-35

    3. Үй жұмысына қатысты бақылау

    5-10

    4. Қорытынды бақылау

    20-35

    Барлығы

    50-100

    жүктеу 0,91 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау