Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями



жүктеу 0,86 Mb.
Pdf просмотр
бет19/49
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36870
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Қорытынды  
 
Зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін біздің елде басқа балалармен қатар 
білім  қолжетімді.  Оларды  оқыту  ісі  осы  санаттағы  балалардың  танымдық 
дамуындағы  ерекшеліктерді  ескеретін  арнаулы  оқу  жоспарларымен, 
бағдарламаларымен,  оқулықтармен,  оқу  әдістерімен  және  амалдарымен 
сәйкестікте  ұйымдастырылған.  Алайда,  осы  күнге  дейін  олардың  танымдық 
қызметіне  сайма-сай  келетін  бағалау  критерийлері  де,  оқу  процесін 
ұйымдастыру ерекшелігін ескеретін бағалау рәсімдері де әзірленбеген.  
Оған  қоса  қарастырылып  отырған  балалардың  санатына  арналған 
мектептердің  жұмыс  тәжірибесінде  соңғы  20  жылда  В.В.  Воронкованың 
педагогикалық жіктемесіне сәйкес түрлі типологиялық топтардағы оқушыларға 
саралау көзқарасымен келу идеясы іске асырылып отыр.  
2010  жылдан  бастап  арнаулы  мектептер  операционалды  деңгейлік 
мақсатты тұжырымдауға негізделген
 
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылармен 
оқу  процесін  жобалаудың  технологиясы  игерілуде.  Орташа  ақыл-ой  кемістігі 
бар  оқушыларды  оқыту  жеке  бағдарламаларға  сәйкес  орындалады.  Қазіргі 
таңда  бес  балдық  жүйе  түрлі  типологиялық  топтардағы  ақыл-ойы  кем 
оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  деңгейлерін  тиесілі  түрде  қадағалауды 
қамтамасыз  етуге  қабілетсіз.  Ақыл-ойы  кем  оқушылардың  мектептегі 
табыстылығын  бағалаудың  қолданыстағы  жүйесі  оларды  оқыту  практикасын 
ілгерілмелі  дамыту  процестеріне  терең  қарама-қайшылықта.  Зерде 
бұзылыстары  бар  мектеп  оқушыларының  жетістіктерін  критериалды 
сипаттаумен  бағалауға  өтуді  жүзеге  асыру  қажеттігі  туындады.  Критериалды 
сипаттаумен  бағалаудың  психологиялық-педагогикалық  негіздемесі  ретінде 
арнайы  мектептерде  әзірленген  және  олардың  тәжірибесінде  апробациядан 
өткен  бағалау  рәсімдерін  де  құрайтын  оқу  процесін  жобалау 
технологиясы шығады.  
Аталған  әдістемелік  ұсынымда  зерде  бұзылыстары  бар  оқушыларды
 
критериалды сипаттаумен бағалаудың ғылыми негіздері мен практикалық іске 
асырудағы  амалдары  ашылған.  Жеңіл  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар 
оқушыларды  бағалаудың  ұсынылған  рәсімдерінің  алгоритмі  құрамына 
енетіндері:  

 
бағалау қызметінің мақсаттарын анықтау;  

 
бағалау  объектісін  сипаттау  (күтілетін  нәтижелер,  оқу  нәтижелерін 
бағалау критерийлері болып табылатын нақты көрсеткіштер мен индикаторлар 
түрінде);  

 
бағалау шкаласын (жетудің түрлі деңгейлерін) анықтау;  

 
бағалау құралдарын әзірлеу;  

 
бағалау нәтижелерін ұсыну нұсқалары (педагогикалық құжаттама);  

 
бағалау жүйесін қолдану шарттарын анықтау.  
Зерде  бұзылыстары  бар  оқушыларды  оқытуда  қызметті  бағалау 
көріністерінің әр түрлілігі, оның тек академиялық білімдерге ғана емес, өмірлік 
дағдыларға  қатысты  да  қолданысы  [18],  оның  сипаттамасының  өзгеруіне 
48 


жетелейді. Бір уақыттық өлшемнен бас тарту байқалуда, түзеуші оқу-тәрбиелік 
процесінің сапасын үздіксіз кешенді бағалауға ауысу өтуде.  
Арнайы  мектептердің  мұғалімдері  мен  әкімшілігіне  арналған  әдістемелік 
нұсқаулар  оқушылардың  жеке  жетістіктерін  оқу  процесінде  бағалауға  және 
тұтас оқу орнының қызметін жалғастыруы үшін практикалық нұсқама болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
49 



жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау