85
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қозғалысты сипаттайтын негізгі физикалық шамаларды және
олардың өлшем бірліктерін біледі;
s-
тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар
осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілей
алады;
дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен
дененің тыныштық күйін, тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
анықтай алады;
бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа
тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтай алады.
Бағалау критерийлері
1.Кестедегі мәндері бойынша жылдамдықтың, орын
ауыстырудың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғыза алады.
2. Координаталар осьтерінде және кестелерде физикалық
шамалар және өлшем бірліктерін қатесіз белгілейді.
3.Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигі бойынша
дененің тыныштық күйін анықтай алады.
4.Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигі бойынша
дененің қозғалыс жылдамдығын анықтай алады.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Тығыздық
Тақырыбы
Масса және денелердің массасын өлшеу
Оқу мақсаты
7.2.2.11-
электронды, серіппелі, иінді, таразылардың көмегімен
дененің массасын өлшеу
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Масса ұғымы туралы түсінігі қалыптасқан және нені
сипаттайтынын түсіндіре алады. Арнайы құралдардың,
аспаптардың көмегімен дененің массасын өлшеуді біледі.
Әртүрлі денелердің массаларын салыстыра алады. Алған
білімін өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийлері
1.Масса ұғымы нені сипаттайтынын түсіндіре алады.
2.Электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен
дененің массасын өлшеп, мәнін анықтай алады.
3.Денелердің массаларын салыстыра алады және өз бетінше
тұжырым жасай алады.
4. Алған білімін өмірде қолдана алатынын кемінде 2-3
мысалмен дәлелдейді.
5.Масса ұғымы туралы білімнің маңыздылығын тұрмыс-
тіршілікпен байланысты зерделей алады.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Тығыздық
Тақырыбы
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу
Оқу мақсаты
7.2.2.12-
әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың
көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тәжірибе жасау арқылы әртүрлі пішіндегі денелердің көлемін
өлшей алады. Денелердің көлемдерін өлшеудің бірнеше
тәсілдерін біледі. Әртүрлі пішінді денелердің көлемін өлшеуге
цилиндрді (мензурканы) қолданудың тиімділігін түсіндіре
алады.
Бағалау критерийлері
1.Денелердің көлемін өлшеуге қажетті құралдардың аттарын,
қолдану ережелерін біледі.
2.Тәжірибе жүргізгенде қажетті құралдарды мақсатты және
дұрыс пайдаланады.
3.Тәжірибе жасау арқылы әртүрлі пішіндегі денелердің
86
көлемін өлшеп, мәнін анықтай алады.
4.Денелердің көлемін өлшеудің кемінде 1-2 тәсілін біледі.
5. Әртүрлі пішінді денелердің көлемін өлшеуге цилиндрді
(мензурканы) қолданудың кемінде 2 артықшылығын айта
алады.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Тығыздық
Тақырыбы
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
№3 лабораториялық жұмыс. Сұйықтар мен қатты денелердің
тығыздығын анықтау
Оқу мақсаты
7.2.2.13-
тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.2.14-
сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе
арқылы анықтау;
7.1.3.3-
физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және
сақтау
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Заттың тығыздығы деген не екенін біледі. Заттың тығыздығын
қалай анықтауға болатынын түсінеді,тығыздығы мен көлемі
бойынша дененің массасын, массасы мен тығыздығы бойынша
дененің көлемін қалай есептеуге болатынын үйренеді және
есептер шығаруда қолдана алады.
Бағалау критерийлері
1.Тығыздықтың физикалық мағынасын түсінеді.
2.Тығыздықты анықтайтын шамаларды және олардың өлшем
бірліктерін біледі.
3.Шамалардың өлшем бірліктерін SI жүйесіне түрлендіре
алады.
4. Тығыздықты өлшеуге арналған құралдардың атын, қолдану
ережесін біледі.
5.Тәжірибеде пайдаланылатын құралдарды дұрыс қолданады.
6. Тәжірибе арқылы тығыздықты есептей алады.
7. Тәжірибе арқылы тығыздықты есептеудің басқа да
тәсілдерін біледі.
8.Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және
сақтайды.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Тығыздық
Тақырыбы
Тығыздықты есептеу
Оқу мақсаты
7.2.2.15-
тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тығыздықты есептеу формуласын біледі және тығыздықты
есептей алады. Формуланы түрлендіру арқылы көлемді және
массаны да есептей алады. Формулаға кіретін физикалық
шамаларды және олардың өлшем бірліктерін біледі.
Бағалау критерийлері
1.Тығыздықты есептеу формуласын біледі.
2. Формуладағы барлық физикалық шамалардың мағынасын
түсіндіре алады.
3.Тығыздықты сипаттауға қажетті физикалық шамалардың
өлшем бірліктерін біледі.
4.Қажетті жағдайда физикалық шамаларды SI жүйесіне
түрлендіре алады.
5.Физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін қатесіз
жазады.
6. Берілген мәндерін қойып, формуламен тығыздықты есептей
алады.
87
7.Формуланы қолданып, дененің тығыздығы мен көлемі белгілі
болған жағдайда массасын есептей алады.
8. Формуланы қолданып, дененің тығыздығы мен массасы
белгілі болған жағдайда көлемін есептей алады.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Денелердің өзара әрекеттесуі
Тақырыбы
Инерция құбылысы
Оқу мақсаты
7.2.2.1-
инерция құбылысын түсіндіру
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Инерция сөзінің мағынасын жете біледі. Дененің жылдамдығы,
басқа денемен әсерлесуі туралы білімі инерция құбылысын
түсіндіруге жеткілікті. Инерция құбылысына мысалдар
келтіре алады. Өмірде инерция құбылысы жайындағы білімін
қолдана білудің маңыздылығын түсінеді.
Бағалау критерийлері
1.Инерция құбылысының анықтамасын береді.
2.Құбылыстың мәнін түсінеді.
2.Инерция құбылысына өмірден мысалдар келтіреді.
3.Өмірдегі инерция құбылысының көріністерін түсіндіре
алады.
4.Жағдайды саралай алады.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Денелердің өзара әрекеттесуі
Тақырыбы
Күш
Оқу мақсаты
7.2.2.2-
күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар
келтіру
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Күш денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама екенін
түсіндіре алады. Күш шамасының белгіленуін, өлшем бірлігін
біледі. Күш бірлігіне не алынғанын айта алады. Күнделікті
өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіреді.
Бағалау критерийлері
1.Күш ұғымының физикалық мәнін дұрыс түсінетінін
көрсетеді.
2.Күш ұғымының дәл анықтамасы мен түсіндірмесін береді.
3.Күш дененің қозғалыс сипатын қалай өзгертетінін түсіндіре
алады.
4.Өз ойын жаңа мысалдармен толықтырып жеткізе алады.
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Денелердің өзара әрекеттесуі
Тақырыбы
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ
Оқу мақсаты
7.2.2.10 -
масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын
ажырату
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарының
анықтамаларын біледі, ажыратады. Белгіленуін және өлшем
бірлігін көрсете алады. Ауырлық күші мен салмақтың
бағыттарын графикалық түрде көрсете алады. Өмірден мысал
келтіреді.
Бағалау критерийлері
1.
Білім алушы тартылыс құбылысы және ауырлық күші,
салмақ ұғымдарының физикалық мәнін дұрыс түсінетіндігін
көрсетеді.
2. Барлық денелер үшін ауырлық күшінің дене массасына
қатынасы тұрақты болатындығын дәлелдей алады.
3. Ауырлық күшінің формуласын біледі және есеп шығаруға
қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |