Орындауды бағалау:
1) жауабы толығымен қабылданады:
Екі сызбаның бір бөлігін белгілеу қажет артуын немесе төмендеуі. Оған тиісті түсініктеме беру керек.
1900 ж. - 1910 ж. (шамамен) CO2 артуы байқалады, ал температура төмендейді.
1980 ж. - 1983 ж. CO2 газ төмендеп, ал температура жоғарылаған.
Температура 1880 жылы көп өзгермеген, ал бірінші сызбада ұлғаюы байқалады.
1950 ж. және 1980 ж. температура жоғарламайды,ал CO2 жоғарлайды.
1940 ж.- 1975 ж. температура көп өзгермейді, ал көмірқышқыл газының шығарыңдысы күрт жоғарлайды.
1940 ж. температура әлде қайда жоғары, 1920 ж.,ал көмірқышқыл газының шығарындысы бірдей.
2) жауаптар жартылай қабылданады:
Дұрыс жылдар көрсетілген, бірақ түсініктеме берілмеген.
1930-1933.
1910 жылға дейін.
Бір жыл аталған (уақыт мерзімінің орынына), негізгі түсініктеме беріледі.
1980 ж. шығарындысы төмендесе, ал температура үнемі өседі.
Екі сызықтың айырмашылығына назар аударып жыл мерзімдерін көрсетпеген.
Графиктің кейбір бөліктерінде температура артады,шығарыңдысы төмендеседе.
Бұрын шығарыңдысы көп болған емес, бірақ температура жоғарлады.
1 сызба үнемі артады, ал 2 сызба артпайды өзгеріссіз қалады.
Себебі басында температура жоғары, ал көмірқышқыл газы шығарыңдысы өте төмен.
Бір сызбаның тұрақты еместігі көрсетілген .
1910 жылы шамасында температура басында азаяды, сосын бір уақыт мерзімінде көбейеді.
Екінші сызбада байқалады температураның төмендеуі жердің атмосферасында 1910 жылға дейін.
Екі сызбаның айырмашылықтарына назар аударады,бірақ түсініктемесі толық емес.
40-шы жылдары ауа райы ыстық,ал көмірқышқыл газы көп емес.
Сұрақ түрі: Еркін-сыңдарлы жауап.
Құзыреттілік: Ғылыми дәлелдерге сүйенген.
Мазмұны: Түсіндіруінің ғылымилығы (Ғылым туралы білім).
Қолдану аймағы: Қоршаған орта.
Контекст: Глобалдық.
Күрделік деңгейі: 4 және 5 деңгейі.
5-сұрақ: Андрей өзінің кортындысы жердің атмосфера қабатының орташа температурасының жоғарлауы шынымен атмосферада көмірқышқыл газының артуына байланысты деп тұжырымдайды. Ал Вика бұл асығыс жасалған қорытынды деп есептейді. "Нақты тұжырымдама жасау үшін жылыжай эффектісіне басқада факторларға көңіл бөлу қажет деп санаймын, кейбір жағдайда жылыжай эффектісі тұрақты" -деді Вика .
Виканың назар аударған фактілерді атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |