Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет5/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127

11 
 
оқушыларының  эмоциялық  құндылықтарын  қалыптастырудың  және 
интеллектуалды дамуының қуатты көзі болып табылады. 
Қазақстан Республикасының МЖМБС талаптары [16] ақпарат ағымында 
еркін  бағытталған,  конструктивті  қарым-қатынас,  өзара  әрекеттестік  жасауға 
қабілетті, өмірлік қызметте білім беру және танымдық міндеттерді тиімді шеше 
алатын  ақпараттық  қоғамның,  тұлғаның  талаптарына  сәйкес  жеке  қасиеттерді 
қалыптастыру  және  дамыту  болып  табылады.  Бұл  барлық  оқушылар  оқу 
мәдениетін меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. 
Бүгінгі  таңда  тұлғаның  оқу  мәдениетін  әлемдік  қоғамдастық  жоғары 
бағалайды:  2003-2013  жж.  БҰҰ-ы  сауаттылықтың  онжылдығын  жариялады. 
Бірақ, Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, халықтың оқу мәдениеті 
деңгейінің  төмендеуі  байқалады.  Бұл  жағымсыз  үрдісті  еңсеру  үшін  елімізде 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  бірқатар  базалық  жобалары  әзірленіп, 
жүзеге  асырылуда.  Аталған  жағдайды  өзгерту  барысында  патриоттық, 
адамгершілік-эстетикалық  тәрбиелеудің  толыққанды  негізі  ретіндегі 
оқушылардың  оқу  құзыреттілігін  мемлекеттік  органдар  және  мемлекеттік 
құрылымдармен бірлесе отырып қалыптастыруда мектепке үлкен рөл беріледі. 
Телевизия,  компьютер  және  бейне  ойындар  басым  болған  ғылыми-
техникалық ғасырда балалар оқуға қызығушылықтарын жоғалтып алды, бірақ, 
әлемдегі  ақпарат  көлемі  әр  онжылдықта  екі  еселеніп  отырады.  Осыған 
байланысты  дұрыс,  саналы  және  көркем  (мәнерлеп)  оқуды  қалыптастыру 
мәселесі  пайда  болды.  Ол  әр  мұғалімді  алаңдатады,  себебі,  оқылым  бала 
тұлғасының дамуы мен білім алуында өте маңызды рөл атқарады, мағыналық 
оқуды қалыптастыру, Қазақстан Республикасының МЖМБС жүзеге асырудың 
басым бағыттарының бірі болып табылады. 
Мұғалім міндеті – балалардың мәтіндегі барлық ақпаратты қабылдауын, 
терең  және  толыққанды  түсінуін  ұйымдастыру,  автормен  бейнеленген  суретті 
өз ойында салуына көмектесу, автор мен кейіпкердің сезімдеріне эмоционалды 
жауап  қайтару,  автордың  оқырмандарға  бергісі  келген  ойын  мүмкіндігінше 
көре  білу.  Басқаша  айтқанда  -  оқу  біліктілігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру, 
маңыздылары:  
•  
шығарма авторымен суреттелген бейнені өз алдына елестету білігі; 
•  
кейіпкерлер мен авторға қолдау көрсету;  
•  
шығарманың негізгі ойын, оның идеясын түсіну;  
•  
өз көзқарасын түсіну және ауызша немесе жазбаша түрде оны жеткізу. 
Мәтінмен  жұмыс  істеудің  негізі  «Мектеп:  2100»    ОЖ-де  қолданылатын 
дұрыс  оқылым  іс-әрекетін  қалыптастыру  технологиясы  болып  табылады.  Бұл, 
мақсатты  жеке  түсіну  және  балалардың  кітаптарды  меңгеруі  түріндегі  үш 
қадамды  процесс.  Бірінші  кезеңде  оқылымға  дейінгі  (5-10  минут)  мәтінмен 
жұмыс,  екіншісінде  оқылым  барысындағы  мәтінмен  жұмыс  (15-20  мин),  ал 
үшінші - оқылымнан кейін мәтінмен жұмыс (10-15 мин.). 
Баяу  оқитын  балалардың  қызығушылығын  арттыру  және  жақсы  оқитын 
балалардың  түрлі  шығармашылық  сабақтар  арқылы  мағыналық  оқу 


12 
 
дағдыларын  дамыту:  жарыстар,  викториналар,  мейрам-сабақтар,  ертегілерге 
саяхат және т.б. 
Оқу-танымдық және әдеби мәтіндерді, оқылған мәтін мазмұны бойынша 
шығармашылық  тапсырмаларды  орындау  арқылы  өздігінен  үйде  оқу,  мектеп 
оқушыларының  жеке  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Аталған  іс-әрекетті  бақылау 
формасы  болып,  балалардың  оқыған  мәтінді  қаншалықты  түсінгендіктерін 
анықтауға  мүмкіндік  беретін,  тестілеу  және  сауалнама  жүргізу  болып 
табылады. 
Мәтінді  түсінудің  негізгі  әдістерінің  бірі,  білім  алушылардың  өздігінен 
сұрақтар қоюы және оған жауап іздеуі болып табылады. Сұрақ қою барысында 
оқушы  материалды  талдап,  оны  мұқият  зерделейді,  бастысы  ақпаратты  бөліп 
алып,  оған  үнемі  түсінікті  болып  табыла  бермейтін  жаңа  байланыстарды 
байқайды, өзінің әлсіз жақтарын тауып, олардың орнын толтыруға тырысады. 
Жұмыста  мәтінді  түсіну  үшін  келесі  негізгі  сұрақтар  пайдаланылуы 
мүмкін [17;42 бет]: 
1. 
Қарапайым  сұрақтар.  Оларға  жауап  беру  барысында  білім  алушылар 
мәтіндік ақпараттарды шығарады.  
2. 
Нақтылау  сұрақтары.  «Сіз  мынаны  айтасыз....?»,  «Егер,  мен  дұрыс 
түсінсем, онда ...» деген сөздерден басталады. Әңгімелесушіге өз айтқандарына 
қатысты кері байланыс ұсынады.  
3. 
Түсіндірме  сұрақтар.  «Неге?»  деген  сөздерден  басталады.  Себеп-
салдарлық байланысты анықтауға бағытталған. 
4.  Шығармашылық  сұрақтар.  «Егер,.....не  өзгерер  еді?»,  «Сіз  қалай 
ойлайсыз,  оқиғалар  қалай  дамитын  (өрби  түседі)  болады?»  сөздерінен 
басталады.  
5.
Бағалау  сұрақтары.  «Неге  бір  нәрсе  жақсы,  бір  нәрсе  жаман?»,  «Бір 
кейіпкердің екіншісінен қандай айырмашылығы бар?». Аталған немесе өзге де 
оқиғаларды,  құбылыстарды,  фактілерді  бағалау  өлшемдерін  (критерийлерін) 
анықтауға бағытталған.  
6. 
Тәжірибелік  сұрақтар.  «Кейіпкердің  орнында  сіз  қалай  әрекет  етер 
едіңіз?»  Теория  мен  практика  (тәжірибе)  арасындағы  қарым-қатынасты 
орнатуға бағытталған.  
Оқу  іс-әрекеттерінің  деңгейінен  балалардың  болашақта  оқуға 
қабілеттілігінен бүкіл оқу үдерісінің сапасы байланысты болып келеді. 
Бірақ,  баланы  кітаппен  қалай  қызықтыруға  болады?  Баланы  кітапты 
жақсы  көруге  қалай  үйретуге  болады?  Себебі,  қазіргі  заманғы  балалар 
оқығанды  ұнатпайды,  олар  өте  аз  көлемде  және  құлықсыз  оқиды.  Бірақ, 
олардың  оқу  біліктілігіне  әрі  қарайғы  барлық  білім  беру  процесінің  сапасы 
байланысты  болып  табылады.  Жақсы  оқуды  меңгермеген  бала,  математика 
бойынша  тапсырманы  оқи  алмайды,  реферат  немесе  кез  келген  тақырып 
бойынша  хабарламаны  дайындай  алмайды,  ал  баяу  оқитын  балалар  үшін  ол 
қиын  тапсырма  болып  табылады.  Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  егер,  бала 
тиісті деңгейде оқи алмайтын жағдайда, оның сауаттылығы мен ауызша сөйлеуі 
жеткілікті  түрде  дамымайды.  Осы  себепті,  баланы  оқуға,  кітапты  білім  мен 
ақпарат  көзі  ретінде  пайдалануға  үйрету,  білім  алушыларды  кітап  әлеміне 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау