Металдар мен қорытпалар
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: металдар және қорытпалар жайлы түсінік беру
ә) Дамытушылық мақсаты: металдардың түрлері, бұйымдар мен олардың физикалық қасиеттерін анықтауға үйрету
б) Тәрбиелік мақсаты: металдармен жұмыс істеу принциптері мен қарапайым бұйымдарды жасауға қызықтыру
ІІІ. Сабақтың типі мен түрі: түсіндірмелі - иллюстративті сабақ
ІҮ. Көрнекілік құралдар, әдістемелік дидактика.
1. Технология 6 (2015). §8
2. Бейне слайд.
3. Үлгі мен бұйымдар.
Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушы білімін анықтау.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Өзіндік жұмыс.
5. Сабақты бекіту бөлімі, сергіту сәті.
6. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.
ҮІ. Оқушы білімін анықтау.
1. Металдар қандай материалдар?
2. Металдардың физикалық және механикалық қасиеттерін атаңдар.
3. Металдардың түсі қандай?
ҮІІ. Жаңа тақырып.
Металдар - металдық жылтыры бар, электр тогін және жылуды жақсы өткізетін, сонымен қатар соғуға, балқытып пісіруге болатын мөлдір емес заттарды айтады. Әдетте металдар практикада таза түрінде емес, көбінесе қорытпалар түрінде пайдаланылады. Барлық металдар мен қорытпалар жалпы қара металдар және түсті металдар болып екі топқа бөлінеді.
Кристалдық құрылымы бар заттар металдар деп аталады, оған иілгіштік, майысушылық, жылу өткізгіштік, жоғары электр өткізгіштік пен ерекше металл жалтыры тәрізді белгілер тән.
Техникада кеңінен қолданылатын металдар техникалық металдар деп аталады. Атап айтқанда, бұл - темір, алюминий, магний, мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, никель, титан. Элементтердің үлкен бөлігі сирек кездесетін металдарды құрайды. Қазіргі техникаға керекті аса маңызды металдардың жер қыртысында үлкен қоры жоқ, демек бұл оның көп еместігін білдіреді. Оған жататындар; алюминий жер қыртысы массасының 8, 8/, темір 5, 5/, магний2, 1/, титан 0, 6/. Мыс, марганец, хром, ванадий, цирконий тәрізді металдар жер қыртысында пайызды жүзге шаққандағы бөлігіндейі ғана. Қалған металдар болса одан да аз кездеседі.
Металдар - техникалық прогрестің негізі. Металдар олардың қасиеттеріне байланысты қолданылады.
Металдар мен қорытпалардың қаттылығы. Металдар мен қорытпалардың көптеген механикалық қасиеттері бар (мысалы: беріктігі, сырттан түскен күшке шыдамдылығы, қажалуға төзімділігі, серпімділігі, салыстырмалы ұзаруы мен қысқаруы, деформациялық өзгеріске бейімділігі және тағы басқа қасиеттері). Сонымен қатар конструкциялық материалдардың негізгі қасиеттерінің бірі болып олардың қаттылығы саналады.
Қаттылық деп металдың өзінен қаттырақ дененің енуіне қарсылық көрсету қабілетін айтады. Машина, прибор жасау және басқа өнеркәсіптерде әр түрлі қондырғылар, аспаптар, тағы басқа бұйымдар дайындауға металдар мен конструкциялық материалдардың ең басты қасиетінің бірі – қаттылығы – жөніндегі алынған мәліметтер жиі пайдаланылады. Металдың немесе конструкциялық материалдардың қаттылық қасиеті әр түрлі тәсілдермен анықталады.
ҮІІІ. Өзіндік жұмыс. Металдардың қасиеттерін анықтау.
Құралдар: метал қиындысы, егеу, жұмыс парағы
Жұмыс барысы:
Кестеге металл қасиеттерін анықтап жазу
1. Металл атауы Сыртқы бейнесі, физикалық қасиеті Механикалық қасиеті
ІХ. Негізгі бөлім.
Металдар мен қорытпалардан жасалынатын бұйымдар жайлы жазу.
Сергіту сәті. Темір жайлы мақал - мәтелдер айтып 2 топтың жарысы
Итке темір не керек.
Болған іске болаттай бол.
Х. Сабақты бекіту.
1. Металл дегеніміз не?
2. Қорытпалардан не алынады?
3. Темірді қатты ететін қандай зат?
ХІ. Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |