МәШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том



жүктеу 0,75 Mb.
бет1/5
Дата21.11.2018
өлшемі0,75 Mb.
#22704
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталығы


МӘШҺҮР ТАҒЫЛЫМЫ

Жинақ


2 Том

Павлодар

Кереку

2009


ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81 2.Каз-923

Т 84
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті филология, журналистика және өнер факультетінің оқу -әдістемелік кеңесі ұсынған

Пікірсарапшылар:

Н.Қ. Жүсіпов - С.Торайғыров атындағы ПМУ, Филология, журналистика және өнер факультеті, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор.

Б.Қ. Қапасова – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент

Т 84 Мәшһүр тағылымы: жинақ /құраст : Тұрышев А.Қ., Кәрібжанова А.О., Оралова М.О – Павлодар : Кереку, 2009. – Т.2. – 112 б.


ISBN 9965-583-70-6
«Мәшһүр тағылымы»- атты жинақта еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғалымдардың, академиктердің атақты ғұлама, ақын, философ, тарихшы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жайлы, оның өмірі, шығармашылығы және тағы да басқа деректер көп жылдар бұрын газет, журнал беттеріне жариялаған мақалалары, естеліктері жинақталынып, бір жүйеге келтіріліп жинақ ретінде қамтылды.

ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 21 2.Каз-923

ISBN 9965-583-70-6




© Тұрышев А.Қ. және т.б., 2009

© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Материалдардың дұрыс болуына және грамматикалық, орфографиялық қателерге авторлар жауапты


Алғы сөз

Ғұлама ғалым, әулие – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 73 жыл ғұмырында артына мол мұра қалтырды, 5 жасынан хат танып, 7 жасынан жаза бастаған болашақ дарын иесі ең алдымен ауыз әдебиетінен сусындап, одан кейін шығыс, орыс (еуропа) әдебиетіне ден қойды. Мәшһүр – Жүсіп қазақ өмірін ғана жырлап қойған жоқ, ислам мәдениетін де насихаттады.

Ең алғаш шығармалары «Дала уалаяты» газетінде, «Айқап» журналында жариялана бастады. Жазғандары қазақ өмірінің түрлі кезеңдеріне арналады. Соның ішінде кәсіп мәселесі ерекше орын алады. Орыс мәдениетінен үйренетін жайттар көп екендігін айтады. Баянауылдағы бал арасын асырап омарта ашқан орыс мұжығын үлгі қылады.

Мәшһүр – Жүсіп Абайды өзіне ұстаз тұтып, оның өлеңдерінен мысал алып, үлгі - өнеге қылып отырған. Жалпы, Мәшһүр – Жүсіп Абайдың үрім – бұтағын ата - тегін өте жақсы білген. Шәкәрім қажы туралы жазғаны да қолжазбаларында кездеседі.

Мәшһүр – Жүсіп патшалық ресей кезеңінде «Сарыарқаның кімдікі екендігі?», «Хал - ахуал», «Тіршілікте көп жасағаннан көрген тамашамыз» (1907) кітабтары үшін Қазан жандармеясының сотымен жазаға кесілген. Одан кейін Кеңестер дәуірінде де шығармалары басылмаған, қазақ – ақын жазушылары қуғын – сүргін көргенде ақының да шығармалары өртелді. Моласы бұзылды. Дегенмен, қанша қарсылық болса да, ақын туралы бірді – екілі жылы пікірлер айтылып қалып жүрді. 1990 - 1992 жылдары Мәшһүр – Жүсіптің 2 томдық шығармалар жинағы басылып шықты.

Еліміздің егемендік алуымен ақын қолжазбаларын зерттеп, кітап етіп шығару ісі шындап қолға алынды. Жалпы «мәшһүртану» - деген ғылыми ұғым қалыптасты. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ректоры Е.Арынның басшылығымен Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталығы құрылып, ақынның мол мұрасын зерттеп, ғылыми айналымға енгізу мәселесі түпкілікті шешімін тапты.

Орталыққа ақынның қолжазбаларын, құнды жазба деректер беріп отырған немересі ф.ғ.д., профессор Қуандық Жүсіптің көмегі зор болды. Бүгінгі күнге орталықта Мәшһүр Жүсіп туралы әр жылдары жазылған жадығаттар жиыны жеті папка көлемінде болады. Бүгінгі күні осы жадығаттарды реттеп, бір жүйеге келтіріп, алдарыңызға «Мәшһүр тағылымы» деп аталатын мақалар жинағының 2 томын ұсынып отырмыз.

Құрастырушылар: «Мәшһүр тағылымы» 2 томына С.Дәуітовтың «Асыл мұра», Баянауылдық жерлесіміз Кәрімтай атамыздың «Менің естіп білгендерім Мәшһүр-Жүсіптің зираты туралы» және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы ақын жерлесіміз С.Баязитовтың «Нар тәуекел» атты мақаласы, филология ғылымдарының докторы Н.Қ. Жүсіповтың 1993 жылдары ізденуші ретінде «Ақ орда» журналына басылып шыққан «Атасының аты білінбей өз аты шыққан ерлер Мәшһүр-Жүсіп Көпеев»- атты мақалаларын және басқа да мақалаларды жаңартып, бір жүйеге келтіріп өз алдына бір үлкен еңбек жасалғаны көрініп тұр. Жылдар өте бұл – жадығаттар іздесе таптырмайтын құндылықтарға айналатына кәміл сенеміз. Жинаққа кейбір авторлардың жазған мақалаларының құндылығын ескеріп бірнешеуін жіберіп отырмыз.

Түйін. Мұрағатта сақталған деректердің ішінде Мәшһүр – Жүсіп жөнінде бір – екі ғана сөз ретінде айтып өткен жадығаттар өте көп, біз оларды ұсынбадық. Келешекте бұларды теріп алып, жеке жинақ етіп шығару ойымызда бар. Сол сияқты, кезінде ақынды ақтап түрлі мекемелерге арнап жазылған хаттар да сақталған. «Мәшһүр тағылымы» - атты жинақ өзінің заңды жалғасын табатыны сөзсіз. Жоғарыдағы айтылған жайттарға қарағанда, болашақта жинақты жазылған мақалалардың мәні мен мазмұнына, мәтіннің сипатына қарай топтап, жүйелеу керектігі де еске алынатын болады.


Асыл мұра
С. Дәуітов

«Егеменді Қазақстан» 1991


Мәшһүр Жүсіп Көпейулының меруерттей тізіп жинаған халық ауыз әдебиетінің үлгілері сан алуан. Ол эпостан бастап, мақал-мәтелге дейін, ертегіден бастап, жаңылтпашқа дейін тізтірнектеп қаттай берген, еш толассыз еңбек еткен. Бір қызығы, бір рет көшірген деректер мен мағлүматтарын бірнеше дәптерге қайта-қайта жазған. Бір ғана Бүқар жыраудың өлең-жырларын, оған қатысты мәліметтерді ол үш топқа (№ 1170 а,1170 б, 1177) жинақтаған. Әрине, жинаушының бұл бөлек - бөлек үш дүниесінде аздаған толықтыру, кейбір жеке сөз, сөйлемдер кездескені болмаса, негізінен өзгешелік онша көп байқалмайды. Бұл жағдайды бір ғана Бұқар емес, басқа да шығармаларға

қатысты айтуға болады. Оларда сонымен бірге өмір мен өнер туралы, адам мен тағдыр жайында да мәселелер аз емес. Адамгершілік хақында тебірене айта келіп: «төсі жалпақ, басы жұмыр пенде болған соң, ұстамалы бір аурусыз тіпті болмайды. Сол аурудың баршасына да дауа бар, не үшін десеңіз, дерт жіберген қүдірет болмашы бір нәрседен дауасын да өзі жібереді. Бірақ екі түрлі ауруларға дауа жоқ, бірі жалқаулардың жалқаулығына, еріншектің еріншегіне дауа жоқ. Ақымақтықтан жалқаулық көп жаман» деп жалқау кісіге ем жоқтығын айтады. Сондықтан шамаң келгенше, жатпай-тұрмай еңбек ет, еңбек етсең бақыт та, байлық та, құт та, береке де өзі келеді, өзі іздеп табады деген терең пәлсафалық ой қорытады.

Мәшһүр көп жылдар бала оқытып, «Дала уәлаяты» үнжарнясына, «Айқап» журналына үзбей мақала, өлең жазып тұрды. Ақын сонымен бірге, өзінен бұрын өткен батырлар мен ақындардың, ел қамын жеген билердің өміріне байланысты қазынаны мол жинап, назарынан тыс қалдырмай хатқа түсіріп кетіпті: «Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ. Бұл екеуі де Абылай заманында қарттық басып, тұғырдан түскен кісілер» дейді. Ал Бұқар жырау туралы жан - жақты толғай отырып: «Біреуден-біреу ауызша айтудан ұғынып, жаттап алып айтумен осы заманға келіп тұр. Үш жүздің баласы қазақта жаттап айтушы (Бұқар өлеңдерін айтады - (С. Д.). осы жазып отырған Мәшһүрден басқа ойлаған жоқ. Бала би Досбол айтқан екен:

Хан алдында сөйледім,

Хан кеспеді тілімді.

Халық алдында сөйледім,

Халық таппады мінімді.

Өз үйіме келген соң,

Итке берсін күнімді, - деп.

Сол айтқандай «үш жүзден шыққан жүйріктердің ортасында сөйледім, сөзімнен мін, өзімнен кір таппады» десе, ұлы жырау Бұқардың өлең, толғауын қалай қастерлеп хатқа түсіргенін, кейінгі ұрпаққа төкпей - шашпай, бір сөзін де мүлт жібермей сол күйінде жеткізгенін, өзінен басқа бірде - бір адамның жатқа білмейтінін ғылыми тұрғыда өте дәл айтқан.

Мәшһүр Жүсіп әрбір ақын, немесе батыр туралы жинаған деректердің түп - төркінің қайдан, кімнен жазып алғанына дейін нақты деректермен таратып, айтып береді. Осы тұрғыдан алғанда, жинаушының Ұлбике ақын жайындағы пікірі де ғылым үшін өте бағалы дүние. М. Көпейұлы ақын қыздың талантын жоғары бағалай отырып, оның өмірбаянын былай шолып кетіпді:

Ұлбикенің өзін жүн жеп, жабағы тышқан бір байдың баласы қағындыққа алған екен. Қатын болып қолына түскен соң, тойға барушы болма, өлең айтушы болма, тойға барсаң, өлең айтсаң, көзіңді жоғалтамын, қарашығыңды батырамын деп қорқытып қойыпты.

Жаман шірік иті үйде жоқ болған қарсаңда, бір той болып, ауыл - аймағы, қайын-қайнағалары: «Сені біз сабатпаймыз» деп тойға алып барып, тойдан қайтып келсе, иті келіп қалып: «Сені ме» деп кіжініп отырған үстіне оқтай ұшырап, қойдың бір қатқан санымен қақ бастан періп қалғанда, мұрттай ұшып, тіл тартпай кете беріпті.

Жұрт жиылып қалды, төркіні де аралас - құралас екен. Құн сұрады. Сонда төркініне таңдау берді: «Бидің бишігіне бересің бе, пайғамбар шариғатына көнесің бе» деп. «Пайғамбар шариғатына салдық» деді. Шариғат айтатұғын Күдері қожа екен, айтқан шариғаты: «Өлер Ұлбике өлді, аяр да ас жоқ, тояр да ас жоқ. Мұны сойыңдар өкпесін алып көріңдер, екпесінде жазу жоқ болса, тойға бару, өлең айту әйел жынысына дұрыс емес. Бұған құн бұйырмайды, егерім өкпесінде жазу болса, онда ғұзыр айтпаса, ішін жарып кетеді».

Күдерінің жарлығымен Ұлбикенің ішін жарады, өйткені ол кезде шариғат бұйрығы ені болмайды, бұл да қазіргі жастардың жадында ұстайтын бір сыры болуға тиіс. М. Көпейұлы былай дейді: «Ұлбикені сойып, өкпесін алып керсе, өкпесі жыбырлап тұрған жазу екен, көрген жұрт ботадай боздап, қойдай маңырап, сиырша өкіріп жыласты дейді. Көзімен көрген жұрт күйігендіктен Ұлбикені өлтірген байы Бойтан серіні бас жетімі үшін құнына беріпті. Сүйек құны үшін елу жылқы, алты жақсы беріпті. Өнер құны үшін және елу жылқы, алты жақсы беріпті. Қара құны үшін «тоқал құн» деп тоғыз жақсы беріпті» десе: Ә. Диваев дәл осы оқиғаны айнытпай қайталайды. Әрине, оқиға желісінде аздаған өзгешеліктер бар: «Ұлбике Күдерімен айтысып, тойдан қайтып бара жатыпты. Атасы кү-йеуі жоғында жіберген екен. Байы ашуланып, қолына айбалтасын алып, қалың шеңгелдің арасында жол тосып жатқан екен, шыға келіп, маңдайынан айбалтамен шауыпты. Ұлбике үш күн жатып, айбалтасын сүйретпей үш биге сәлем жазыпты.

Үш жүздің биі: «Бұл өзі әйеп де болса, үш ерге арзитұғын әйел еді» деп жалпы Сіргеліден үш ердің құнын алыпты деседі. Ол қүнде Сіргелілер сансыраған екен деуші еді. Сонда жұрттың айтқан мақалы мынау:

Сіргелім-ау, Сіргелі,

Жақсы жұрт едің іргелі.

Ұлбикені өлтіріп,

Көр таппадың кіргелі, - депті.

Жоғарыдағы М. Көпейұлының да, Ә. Диваевтің де жазбаларында Ұлбикені өз күйеуі Бойтанның өлтіргені, үш ердің құнын төлегені айтылады. Екеуіндегі дәлел - деректің бірдей шығуына қарағанда, бұл мәселені біз шын болған тарихи оқиға деп білеміз.

М. Көпейұлы адам баласының бойынан үш қасиетті затты ерекше бағалайды. Олардың қадыр - қасиетін де атап - атап айтады. Ақын былай дейді: «Адамның қара бойында үш асыл бар. Асылдығы бірінен - бірі өтеді. Сол үш асыл болған нәрсесіне ие болған жанға екі дүниеде еш пәле жоқ. Бірі - көз, бірі - тіл, бірі - көңіл деп таратып айтса, біз бұл пікірдің дұрыстығына еш күмән келтірмейміз.

Өз халқының асыл сөзін, мақал - мәтел, эпостарын мұқият мол жинаған М. Көпейұлы өз ана тілі жөнінде жан - жақты толғайды: «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата - бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым - білім де осында, әулиешілік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата - бабаларымыздың бәрі жақсы болып, әулие болып өтті» дейді.

Біздіңше, М. Көпейұлының бұл пікірі әлі ез құндылығын жойған жоқ. Егер ол өз ана тілін соншама беріліп сүймесе, осыншалық ауыз әдебиет жауһарларын жинамаған болар еді.

Біз «Егеменді Қазақстан» газетіне М. Көпейұлының бұрын еш жерде жарияланбаған (ол Қазақ КСР Ғылым академиясының кітапханасы, (папка № 1170) шешендік толғауын ұсынып отырмыз.

Менің естіп білгендерім Мәшһүр-Жүсіптің зираты туралы
Өкпеннің Кәрімтайы

«Сарыарқа самалы»1995 ж

«Сарыарқа самалы газетінің» газетінің осы жылғы 8 қараша санындағы № 128 санына Көпеев Сүйіндіктің Мәшһүр-Жүсіп зираты жөніндегі мақаласын оқып, мен де өзім көрген және нағыз білетіндерден естіген Мәшһүр-Жүсіптің ерекше бір қасиетті істерін оқушы қауымға ұсынуды мақұл көріп, соны жолдап отырмн.

Мәшһүр-Жүсіп қазіргі Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы кеңшардың Айдос деген жеріне мешіт салғызып, сонда бірнеше жыл отырған. Сол жерде бәйбішесі қайтыс болып, сонда қойып басына орнаттқан тасқа:

Тастан соққан моламыз,

Тәуір емес жорамыз.

Жолаушының жолында,

Дұға күтіп тұрамыз,-


деп жазыпты. Одан кейін сол жердегі Айдабол Қарақозы атасының Бабыр ұрпағынан Нұрмағанбет Сопы деген адамның қызына үйленген, тұрмыс құрған. Осы қайьін жұртында Займолда деген дәулетті қажы болғзн. Осы қажының бір қойын Мәшһүр -Жүсіптің аң алатын иті талап жаралапты. Мұны қойшылар Баймолда қажыға айтқан. Баймолда итті ұстатып алып, артқы тірсегін қиғызып тастапты. Иттің жағдайын Мәшһүр Жүсіпке айтқанда, не дейін итке осынша бейнет берген. Баймолдаға тек кәріліктің бейнетін берсін депті. Осы қажы 102 жасқа жетіп, кәрілік бейнетін көріп, ұмытпасам 1952 жылы қайтыс болды.

Октябрь төңкерісінен кейін ауыл белсенділері бай, молдамен алыса келді ғой. Үш - төрт белсенді бір ауылдан шығып екінші ауылға келе жатса, алдарынан трашбенкеге ат жеккен Мәшһүр - Жүсіп кездеседі. Жаңағы белсенділердің басшысы (Атын білем, өзім көргем, бірақ атын жазбадым). Молданың дәуірі өткен, арбадағы жегулі атымды алыңдар деп бұйырады. Қасындағылар бізге Мәшекең-нен басқа да жетер, қоя берейік дегенге көнбей атын алып, МәшҺүр Жүсіпті жолға тастап кетіп өздері екінші ауылға барып бір үйге түседі, Сол жерде әлгі белсенділердік басшысы жынданып ауырады. Қасындағы жолдастары. Мәшһүрмен болған уақиғаны айтады, үй иесі қолма - қол Мәшһүрдің атын анып барып үйіне алып келіп, Мәшеке кешіріңіз бір қателік болған шығар, дел жалыңған соң, сен жанымды қоймадың ғой, жарайды тәуір болсын, жалғыз – ақ Мәшһүрден қалған еді дейтін белгі қалсын депті. Осы адам сол сағатында тәуір болып жазылады. Айтқан белгісі де қалды. Ол әңгімелесіп болмаса қатар отыра қалсаңыз оң жақ қолымен қасындағысын түртіп отырушы еді. Соғыс жылдары «Одақ» колхозында қазіргі Шанин атындағьі кеңшар Қапашов Ақанай деген адам завферма болған. Сонда үлкендермен Мәшһүр Жүсіптің менің жамбас топырағым ең болмаса желіні іскен малға ем болмас дейсің ба дейді екен дегенді естіп зиратынан орамаға орап топырақ алады. Кейін осы Ақанай ақсақал менің қарамағымда орманшы болып көп жыл істеді. 1964 жылы болу керек «Сарөлең» деген учаскедегі малға құтырған қасқыр тиіп бірталай мал өлді, сол жолы Ақанай ақсақал-дың қара көк атын да қасқыр талайды. Мал дәрігерлері мына атты өлтіріп көміңіз депті. Сонда Ақанай ақсақал екі - үш күн байқайын деп дәрігерлерді қайырып жіберт, Мәшһүр Жүсіптің жамбасынан алған топырақпен заттың денесіндегі жараны жуыпты. Осыдан Қаракөк ат жазылды. Кейін бірнеше жылдан кейін соғымына сойып жейді.

Баянауыл ауданының Сталин атындағы колхозда тұрушы руы Қозған Күзеков Рахмет деген ақсақал 1954 жылы өзімнің үйімде қонып отырғанда өзінің ашаршылық жылдары «Кузнецстройға» барғанын айтып, Кәрімтай қарағым, мен саған Мәшһүр Жүсіптің бір кереметін айтайын: «Рахмет айтып еді деп жүрерсің» деген еді. Кузнецстройда жұмыс істеп жүр едім, бір күні түрі орыс, сөзі қазақша бір жігіт келіп, «ассалаумағалейкүм» деп екі қолын кеудесіне қойып, сәлем беріп қасына келді. Сіз Баянауылдан екенсіз, сыртыңыздан естіп біліп, Сізге әдейі сәлемдесе келдім. Мен де Баянауылдікімін» деді. Мен оған сондай рудансын дегенімде, ол Сіз Мәшһүр Жүсіпті білесіз бе, мен соның баласымын деді. Сонда мен сенін атың кім дегенде, аға асықпаңыз. Қазір мен сізге бәрін түсіндіремін деді ғой, Мен шынында Баянның орталығында тұратын өзінің әкесінің атын атап мен сол орыстың баласының (Рахмет ақсақал әкесінің өзінің аты-жөнін толық айтып еді, мен ұмытып қалыппын). Ал Мәшһүр Жүсіптің баласымын дейтім себебім, менің әкем Мәшһүрмен өте сыйлас екен, бірақ шешем бала көтермейді. Әкем әдейі Мәшһүрді үйіне қонаққа шақырып, Сіз бізге тұмар беріңіз, біз бір балаға зармыз ғой, деп жалынған соң, қағазға жазып тұмар беріпті. Содан кейін мен туыппын. Содан әке - шешем сен Мәшһүр берген ұлсың, Мәшһүрдің баласысын деп кетті және әке-шешем сен мұсылмансың, мұсылман жолынан тайма, мынау Мәшһүрдің тұмары деп қағазды маған берді. Әке - шешемді үкімет конфескелеп көзін жойды. Мен енді қашып келіп мұнда жүрмін. Алда не боларын бір Алла біледі. Рахмет аға, сізді іздеп келгенім осы жағдайыды айтып танысу еді. Мәшһүрдің тұмары өзімде сақтаулы. Егер мен өліп қалғандай болсам, қазан тәртібімен мұсылман зиратына қойыңыз, бір Баянауламыз ғой. Сізге айтарым сол». Мағам сенсеңіз міне Мәшһүрдің тұмары деп маған ұсынды. Қандай дұға жазды екен деп қарасам:
Ұл берсең Маяма,

Қыз берсең аяма.

Мына орыс артымнан қалмады-ау

Құдай-ау бір ұлыңды аяма,-


деп жазған екен. Оқып көріп таң қалдым. Кейін осы жігіт қайтыс болып, мен өз қолымнан айтқан аманатын орындап қойдым деді.

Міне, біз Мәшһүр-Жүсіптің ақындығымен, лепесінің қабылдығын, қаксиетінің ерекшелігіне бас игеніміз жөн сияқты.



Атасының аты білінбей өз аты шыққан ерлер Мәшһүр-Жүсіп
Н.Қ. Жүсіпов

Филология ғылымдарының докторы, профессор

«Ақ орда» журналы №2, 1993
Әуелі - Адам ата, оның атасының атын білуші жоқ, қайдан білсін?! Первый человек болып топырақтан жаратылды. Екінші - хазірет Ғайса пайғамбар, оның атасының атын білуші жоқ, қайдан білсін?! Құдірет шеберлігін көрсету үшін, он үш жасар қыздан атасыз туғызды. Үшінші - Қызыр пайғамбардың атасыньщ атын білуші жоқ. Атасы бар шығар, бірақ анық біліп сарт еткізіп айтушы жоқ. Төртінші - Ескендір Зұлқарнайының атасының атын білуші жоқ. Бесінші - Шыңғыс ханның атасының атын білуші жоқ. Бағзы бір ата білемін дегендер Есугей Баһадүрдің баласы дейді. Олбекер. Есугей (писугей) - қалмақ. Бір қалмақтың баласын осынша жұрт қалай төбесіне көтереді. Стамбұлдағы Османи нәсілінен басқа, бұл Азиядағы хандардың көбі Шыңғыс нәсілінен. Россияда - граф, ноғайда - князь, қазақта төре - бәрі Шыңғыс нәсілінен.

Есугей Баһадүрден қыз туып, ол қыз он бес жасқа жеткенде, отырған үйінің ішіне сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып, бір ұл туыпты. Ол бала он үш жаста жетімдікпен жиһан кезіп, жиырма жеті жаста алла тағала бақталайын өзгеден артылтып, шүршітке хан болып жүріс қылып, дүние жүзін алып Шыңғыс деп ат атанды. Мағынасы «хандардың ханы» деген сөз. Сондай атасыз құдайдың құдіретінің шеберлігімен сағымнан пайда болғанына заманындағы халықтың көзі жетіп, соның үшін, тұқым-тұқымын жұрт басына көтеріп кетті. Кеше Әмір Темір көреген қанша жұртты алғанда, бұл Шыңғыс нәсілінен болған хандарды өлтіргенде, орнына сол Шыңғыс нәсілінен екінші біреуін хан сайлап жүрді. Бұл Шыңғыстан бері қарай бір кітапта мәшһүр болған хандар, - баршасы - Шыңгыс ханның нәсілі. Дүниені алған Батый-һүлагудің немересі, заты қарадаң болғандықтан Әмір Темір қанша жұртты алса да, хан аталған жоқ. Жақсы көргендер: «Әмір Темір көреген», - дейді. Жек көргендер: «Темірлің», - дейді. Кім болсын, ол болсын, жаман кісі болған жоқ. Жүрт аузында аты қалды. Дүниеде қанша қылған жақсылықтары қалды.Алтыншы -Алаша ханның атасының атын білуші жоқ. Жетінші-Асан қайғының атасының атын білуші жоқ. Сегізінші - Жиренше шешеннің атасының атын білуші жоқ. Тоғызыншы - Абылай ханның атасының атын білуші жоқ. Өз басына қойдырған тасында Абылай бин Сүйеніш хан деп жазыпты. Ол Сүйеніш қай жерге хан болғанын, қайда жүріп хандық қылғанын ешкім білмейді. Осындай атасының атын адам білмей, аты жұртқа шығып кеткен жандар көп болады. Бағзы біреуден сұрасаң, білмеймін деуді өлім есепті көреді де, бәріне де ата табады. Қыпшақ Қорлыбай бидің баласы Досболдан, атаға жүйрік дегенмен күншығыс жұртының біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда, «Адам атасы кім?» - дегенде.



- Адам атасы - Арсалаң! -депті.

Естіп тұрган ғауамдар:

- Жарықтықтың атаға жүйрігі-ай! Адам атаның атасының атын да біледі, -деген: «Мұндай атаға жүйрік жан тумас», - десіп, дүркірей-ақ жөнеліпті. Ол кісінің айтуы:

- Қазақ, қалмақ, қарақалпақ, естек, орыс - бәрі бір ағайынды екен. Ең кенжесі - орыс екен. Баланың кішісі болған соң, еркелетіп басы ауырады деп, шашын алдырмаған екен. Шөметейі ауырады деп, кестірмеген екен. Сол себептен орыс жұртының шашын алдырмай, кестірусіз кеткені, - депті. Білімі жеткендікпен тауып айтты деп, бірсыпыра жұрт ұрып алғандықтан, жұрт аузында бұ да сөз болып қалды. Пәленнің атасы пәлен, түгеннің атасы - түген. Сонымен Адам атаға - Арсалаң» деушімен бір мектептен оқып шыққандар болады.

Қазақ жұртында бір сөз бар: «Ерден нәзір тимей, есек базарына делдал болуға жарамайды», - десіп келеді. Оның мәнісі: кім-кім болса, әулиелердің жәрдемі тиіп, қолдауыменен кісі болады дегенге келтіреді және мұнысына орын табады. Бұрынғы замандарда Бұхарай Шәріфте бір Қатиф әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп азамат болған жалғыз баласы болыпты. Күндерде бір күн Бұхар ханының ақ таяқтары Қатифтің баласын бір жаман іс қылған орынынан ұстап алып, патшаға алып бармақшы болғанда:

- Әуелі тақсырдың өзіне алып барып, алдынан өтейік. Сонан соң ханға алып барайық. Тұрсадан тұрса бұл жерден альш кетсек, баласының мінезін білмей, бізді қарғар, - деп, баланы атасына алып барыпты.

- Бала, қылғаның рас па? — дегенде, танбай мойнына алыпты. Сонан соң Қатиф мұны:

- Бүгін маған беріп кетіңдер, ертең қолдарыңа берейін, - деп, ақтаяқтардан алып қалыпты.

Ақтаяқтар кеткен соң, Қатиф қырық шілтенді түгелімен жинап алыпты.

- Бұхардың осы түрған ханы өлген соң, орнына хан сайлауға қолтықтап, колдап жүрген кісілерінді маған қазір алып келіндер, көремін, - депті.

Сөйтсе қырық шілтеннің он бесі сол тұрған ханның бір баласын қолтықтап, қолдап хан болуға осы лайықты десіп жүреді екен. Он төрті бір қазының баласын қолтықтап қолдап, хан болуға осы лайықты десіп жүреді екен. Енді қалған он бірі Әмір Темірді қолтықтап қолдап, хан болуға осы лайықты десіп жүреді екен. Ол Әмір Темір өзі Самарқандық, Қыпшақ Әміртагай деген батырдың баласы екен. Бұхарада оқу оқып жүрген күні екен.

Әуелі он бесі ханның баласын Қатифка алып келді. Қатиф ханның баласын оңаша алып:

- Мынау отырған менің жалғыз балам. Жаман іс қылып, өзі мойнына алды. Осыған не бұйырасың? - дейді.

Ханның баласы:

- Өзіңіз білесіз де, тақсыр, - дейді.

- Өзім білген нәрсені сенен сұраймын ба? Кет көзіме көрінбей, жоғал, шыққың-шыққың! - деп, қуалап шығарды. Онан соң он төрті қазының баласын алып келді. Оны да оңаша алып, хан баласына айтқанындай айтып еді.

-Тақсыр, шариғат біледі де, - дейді.

- Шариғат жүмысын сенен сұраушы ма едім? Шариғат иесі сен бе едің? Отырма, жоғал! - деп, оны да қуып шығарады.

Сонан соң оның бірі Әмір Темірді алып келді. Әлгі екеуіне айтқан сөзді бастан аяқ бұған айтып еді.

- Сіздей жақсының баласы мұндай істі қылған болса, өзі мойнына алса, атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, ата жолын қумаса, барынан да жоғы игі. Мұның төресі - осы сөз! — деп, ұшып тұра келіп, Қатифтің ілулі тұрған қылышын жалма-жан суырып алып, баланы көк желкесінен бір-ақ шауып, басын жерге түсірді дейді. Қатиф:

- Африн қолыңа, рахмет сені тапқан қатынға! - деп, қырық шілтенді шақырып алып:

- Жай қолдарыңды! Бер бұған баталарыңды!

Балам, аяғың жеткенінше жүр, қолың жеткенінше тұт. Дүниенің төрт бұрышын қарышта, бетіңе жан келмесін - деп, бата берді дейді. Қырық шілтеннің он бесі мен он төртіне айтты:

- Сендердің адам болады, іске жарайды дегендерің қуыс қурай екен. Біреуі: «Өзің білесің», - дейді. Ол адамның барып тұрған жаманы, ар жағында айтарлық дәнемесі жоқ болған соң, өзің білесің», - дей салады. Біреу адам деп ақылдасқан соң, тисе-тимесе де бір төте сөзді айтып қалу керек: тисе, алады, тимесе, сол жерде қалады. Екіншісі: «Шариғат біледі», - дейді. Шариғат білетұғынын кім білмейді. Оның да бөтегесінде дәнеме жоқтығы: өзі біреуге сүйенейін деп тұрған жасық жұрт ұстауға жарай ма? «Би ғайратқа бағасы жоқ», - деген. Міне, ғайратты ердің жұмысы халыққа әшкере қылмай, жұртқа масқара қылмай, көпке өлтірткенше, өзің өлтір деп, өлтірді де салды. «Әмір Тсмірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен. Қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен», - десіп келеді.

Дүниеде қылған еш ісінде салдырғаны - мешіт, медіресе, шаһынша әулие хазірет сұлтан Алғарфин Қожа Ахмет Яссауидің үстіне күмбез салдырған. Ташкентте Зеңгі ата деген әулиенің үстіне күмбез салдырған. Сонда ол екі күмбездің кірпішін Сауран деген жерден койдырған. Әр екісіне жаяу кісі қаз-қатар тұра қалып, бір қолдан бір қолға беріп кірпішін солай жеткізген... Бұхарат Шарифтың осы күнгі қорғанын Әмір Темір салдырған. Һүлагу заманында Қазыхан хазіреттері фулант қылып кетуі бойынша, Түркістан һәм қадимнен келе жатқан зор шаһар еді: бір шеті - Алатауда, бір шеті Қаратауда. Осы күнде Сайрам суының күнбатысында «Ат бұлағы» деген жер ат базары еді. Түркістанның күнбатысында «Теке суы» деген жер қой базары бар еді: «Қырық қақпалы қарашық» - атанып еді. Сол Түркіс-танды харап қылып, быт-шыт қылып жіберген Һүлагу. Мұның зардабынан Қондыгір, Құбаң деген елден исламның шегесі, мұсылманның паналайтұғын жері деп халифа жұртына ауып кетті. Ол заманда халифа Аббасияның (Ғатбасия) сарқыншағы серке (сірке) жияр сықылды сұлтан Ғұлаалдин халифа заманы еді. Ер Тоғырыл барып, қол басы болып, жауын жаулап, жұрталып беріп; ЕрТоғырылдан соң, мұның баласы Осман қазы қолбасы болып, ақырында сұлтан Ғұлаалдин өлген соң, Осман қазы халифа болды. Сонан осы күнге шейін халифалық Осман қазы әулетінде қалды: Османия деп айтылатұгын себебі - бұл. Бұл кісінің асыл нәсілі түркі жұртынан екендігіне Османия түркісі деген сөз айғақ.

Қазақ халқының қариялары: «Біз үш ханның баласымыз, - десіп сөйлейді, - Сейіл хан, Жайыл хан, Ел хан. Сейіл ханнан - сегіз арыс түрікпен. Жайыл ханнан - Майқы, Майқыдан туған өзбек. Елден - Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: үлкені -Мың, ортаншысы - Жүз, кішісінің аты - «Қырық», - дейді. Сыбанның Қазақ пенен Созақ. Созақ баласы - Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы: «Қазақтың атасы осы үшеуі екен», - деп айтысады. Ел ханның балалары - Қондыкер жұрты. Ол қайда десең, халифа қол астында «Қондыкердің ауыл қолы» деп айтылатұғын бұрынғының сөзінде бар емес пе дейді. Түрікмен (Турікпен) дегеннің мәнісі Қондыкер жұрты ауып кеткенде, бұлар мұнда қалғаны үшін, маңайындағы сарт-сауан: «Түрік менде!» - деп, «Түркілерден қалғандар», - деп, сонан түрікмен атанып кеткен деседі. «Мал - арыстанның ауызында, түрікпеннің түбінде» деп айтылатұғынлығы түрікпеннің жігітлері аса ер, мықты болып, басқа жұртқа мал сіңіртпесе керек, Сол себептен түрікпеннің түбінде деп сөйлесе керек деседі. Және қазақ жұрты ескіден бір сөз сөйленсе, бұрынғы ноғай, қазақ заманында десіп келеді. «Бұл ноғай, қазақ демектің мәнісі немене?» - деп, қариялардан сұрасақ, «ноғай, казақ әуелде бір тұқымдас болған, - дейді. Сол қазақпен тұқымы бірге болған ноғайлар Қызлар ноғайы, Қондырау ноғайы, Астархан ноғайы, қара ноғай, қырым ноғайы, Орал тауындағы Естек қырымнан келе жатқан ноғайлар - осылар дейді.

Онан соң мынау Қазандық Көшер ауылы, Мышар аулымыз дегендер - бұлар татар. «Татар қолына дәнеме түспесе бір нәрсені сатар» деген сөзден қашып, біз де ноғаймыз десіп келеді.

Аспан, жер, және адам жаратылысы туралы (Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қолжазбасы)
Н.Қ. Жүсіпов

Филология ғылымдарының докторы, профессор

«Қазақ тарихы» журналы №2, 1995 ж
1810-1848 жылдардың арасында тіршілік қылған Виссарион Белинс­кий - өз тұсында замандастарынан басы озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы. Ол айтқан пәлсапа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар,- дейді,- жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді,- дейді.

- Бірақ тіршілік еш уақыт ө.чмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдер я әлі күнге орнында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады».

Осы сөзгеге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» - деп сөйлеу керек. Екінші сөз Дарвин айтады: «Талай замандар өткенде, биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдіктер шығады» - деген. Үшінші сөз Михаил Баскин сөйлеген: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып түрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа келген»-дейді. Бұлардың сөзін айтып жатқаным: «Бұрынғыны айтпай, соңғы сөз ойға түспейді» делінген. Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туа­ды?! «Су анасы - бұлақ, сөз анасы - қүлақ». Айдай әлем атын білген жүйріктердің сөзі атасы болды да, менің құлағым анасы болды да, балалап, өрбіп өсті.

Алпыс сегіз жаста отырған бір шал айтады. Әуел баста көк те жоқ, жер де жоқ еді. Ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең, ұшы - қиыры жоқ: от, су, жел, топырақ - төрт түрлі заттан басы құралып, астаң-кестең мидай араласып, сапырылысып қайнап жатқан бір дария еді. Соның оты ұшқын болып жоғарылай берді. Жел бірге қабаттасып жоғары көтере берді. Сол ұшқындар ай болды, күн болды, жұлдыз болды, су, бу болып жоғары көтерілді. Жерде дария қандай зор болса, онан шыққан бу да ұшан-теңіз көп болмақ, ол булар аспан, көк болды. Төртеуінің ішінде топырақ ауыр болғандықтан, төмен ұша алмай қалып жер болды. Не арман өрлей алмай, не жатып қала алмай екі аралықта қалғаны бұлт болды.



Аспан, көк деген кигіз емес, кілем емес, тақтай емес, бу мен су. Сол булар, сулар қабат - қабат жеті қат көк деп сөйленді. Көп жұлдыздар жетеуінен де әрі, соншама алыста тұрғандығынан бізге жылт-жылт етіп көзін қысқан қара қатындай қылмындап тұрады. Күн төртінші қат көкте, оты күшті: айдай әлемді отының сәулесімен жарық қылып тұрады. Айда от та жоқ, сәуле де жоқ. Күн сәулесі оған түсіп, айнаға түскен күннің екінші бір жерге түскен сәулесі сықылды. Күннен көтерме алған сәулемен түнде жарық болғансып тұрады. Айдай әлемді де, он сегіз мың әлемді де, көк пен жердің ортасында болғанды айтады. Мұның атын аударыс, төңкеріс әлемі дейді. Біресе олай, біресе бұлай құбылып өзгеріп тұрмақ, көз алдымызда толық бір қазан су қайнаттық: шашылған жоқ, төгілген жоқ, қайнап - қайнап суалып таусылды. Су қайда кетті: бу болып көтеріліп жоғарыдағы өзінің жынысы - суга кетті. Қанша отынды өртеп жақтық, жаққан отынымыздың мөлшеріне қарағанда күл шақтылы азғантай-ақ. Ол қайда кетті? Түтін болып жоғарыдағы өзінің жынысы отқа кетті. Жоғарыда су барлығын, от барлығын мұнан білу керек. Бірі түтін, бірі бу - екеуі жоғарыда байланысып, айланысып әлем тапырық болып жүреді, біз оны бұлт дейміз. Қысты күні күн жоғары көтеріліп кеткендіктен, қар жауады. Жазды күні күннің қызуына жылынып жаңбыр болып жауады. Су деген тоңса, мұз болады, жылылық күшейсе, бу болады. Ауаның суықтығы күшейсе, су қар, бұршақ болады да, жылулығы күшейсе, тұман болады, дүниені қаптап тұрған тұман-судың жылылыққа айланған буы. От пен су араласып жүретұғындығы сондай: екеуінің соқтыққан ұрыс, төбелесінен көк күркірейді, нажағай жалтылдайды. Судың әлі жетіп сөндіре алмағаны: күн құйып себелеп жауып тұрғанда ұшқан ұшқыны от қалпымен жерге түседі. Аспандағы оттан, судан қар жауды, жаңбыр жауды. Ол жерге түсті: топырақ болды. Топырақ болып сол бойымен қалмайды: шөп болады, ағаш болады. Сонан келіп отын болады, отыннан түтін болып тағы аспанға кетеді. Не нәрсе болсын, бәрі осындай түрі басқа болғанмен түбі бірге. Біз өзіміз де сол айтылғандардың біріміз. Көктің асты, жердің үсті - осы екеуінің арасы. Бұрқырап тұрған тозаң, шаң, от, су, жел, топырақ мидай араласып, әлем ғапырық болып тұрған - осы төртеуі. Жанды - жансыз бәрінің жаратылысы осы төртеуінен. Терезеден түскен күннің жольшан жыбыр-жыбыр бұрқырап ұйлығып тұрған шаңдар солар микроб. Оларды жыбырлатып қозғап тұрған - күннін көзінен түскен ыстықтық. Уақ тозаңдарды қозғайтұғын бір қуат. Уақ тозаңдарды ыстықтық қозғай бастаған соң, арасындағы жабысу қуаты нашарланып, тозаңдар бірінен- бірі алыстап тарала бастайды. Біз жаратылып бұл дүниеге келместен бұрын, сол жыбырлап тұрған микробтардың бірі едік. Ол жерге, түседі, топырак, болады. Топырақтан бірігіп тас болады. Тас болғанда, кен тас болады, өседі, үлғаяды. Өсуі жердің астына қарай тырмысып, әрі беттеи өседі. Сол тастан тамырланып, шөп болып жер үстіне шығады. Әуел басы микроб едік, онан кейін тас болдық, онан шөп болдық. Ол шепті хайуан мал жеді, енді хайуан жынысына айландық. Ол хайуанның етін ата-анамыз жейді. Олардың денесіне келдік. Сол жүрген жүрістің бәрінде де микробтығымыз жоғалған жоқ. Бірақ біздің не болып, не қылып, не етіп жүргенімізді көрген - білген жан жоқ. Ата-анамыздың денесінде де микроб болғанда жай жүргеніміз жоқ, жыбырлап, қыбырлап тынышын кетірдік. Бала жататұғын жерде түбіршік-түбіршік болып жыбырладық. Қан ішінде жортып жүріп бала жасап шығаратұғын машиналардай жыбырладық. Екі жасты ерік әліне поймай түйістіріп, үйтіп-бүйтіп жарған жарық дүниенің жүзіне келіп кісі болып отырмыз. Кен тас болғанда әр микроб әр түрлі кен тас болған. Алтьн тас болған да бар шығар, күміс тас болған да бар шығар, біреуі мыс, біреуі қалайы, біреу бор тас, біреу темір тас болған да бар шығар. Қазақта айтады жібімейтұгын тас сараңды: «Осы іиіркін, темірден жаралған ба?! Қаттылығы: темірдей-ақ бар-ау!»-дейді. Бозаң бос белбеу біреуді: «Бордан жаралған ба?!»- деседі. Неден жаралғанын білмесе де, әркімді түрінен, мінезінен әр нәрсеге ұйғарады. Адам бір калыпта бір түрде болмайтұғыны - сол жаралуында. Қатыспаған, араласпаған нәрсесі жоқ. Кімде - кім болсын туа болмайды, жүре болады. Баз баз жандар болады: ұрлық қылған емес, қарлық қылған емес, кісі өлтірген емес, мехнат-машақатты басынан көп кешіріп, қайғы - ғамның қалың ортасында жүріп, табиғат жазасымен жазаланып, жәбір - жапаны көп көріп қорытылуы жеткен соң, алтын болып тазарып шығады. Мұны бізге бұрынғылар оқыттырып кеткен. «Жердің кені қазса, шығады; адам кені жүрсе, шығады!'» - деген. Және айтқан: «Жігіт күніңде жаннан кеш те іс қыл: өлсең, өлесің, өлмесең, кісі болып шығасың! Үйде өскен бұзау өгіз болмайды!» - деген. Торайғыр би айтқан деседі:

Асың барда ер таны беріп жүріп,

Атың барда жер таны желіп жүріп!

Бұ дүниенің өтерін білген сырбаз,

Малың бер де, сұлуды ал көріп жүріп!
Жастықта жүріп, тұрып, не нәрсені болса да көзден көріп, басынан кешіріп, тұрмыс тартысынан тамақ жемеген кісі болмайды. Мұндай болып жетілген жандарды бұрынғы көзі қырағы танушылар «көшпелі алтын» деуші еді. Бұл күнде кісі дерлік кісі жоқ, кісіні кім танысын?

Мұхтар Әуезов айтқан: «Босқа еріп жүрген ылғи соқыр». Михаил Баскин айтқан: «Басы жоқ мұжықтар қша жетілді, білді дегенмен, пайда мен тамақтың, ұсақ мақтанның қүлы болған жандарды кісі есебіне санауға жарамайды!»



Дене - бір қараңғы үй. Жан - сол үйді жарық қылып тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады: «Арық пенен семіздің басы бір ме, жақсы менен жаманның жаны бір ме?» - дейді. Дене үй сықылды болғанда, жан ол үйге түскен сәуле жарық сықылды болғанда, әркімнің түндігіне, терезесіне қарай жарық сәуле болмақ. Түндіксіз, терезесіз уйлерге жер мен көктің арасын толтырып тұрған жарық сәуледен не пайда? Түндіксіз, терезесіз үй сықылды сәулесіз жандар көп болады. Қазақ айтады: бір ұнатпаған, жақтырмаған кісісін: «шіркін, өзі сәулесіз, санасыз неме ғой!» - деп. Бұл жанның көріп тұрғаны, кіріп тұрған-жалғыз біздің денеміз емес. Бізден бұрын талай мақұлықтың денесінде жүрді. Малдың да, аңның да, ұшқан құстың да денесінде жүрді, бұрынғы өлген, өткен адамдардың да денесінде жүрді. Өл-гендерден, өткендерден кете беріп, туғандарға келе береді. Өлсе, дене өледі, жанға өлім жоқ. Бізде түрлі мінез, түрлі табиғат болатындығы сондықтан. Бұл әлем ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең, ұшы - қиыры жоқ тасылмайтын, құрымайтын дария дедік. Әуел басы - Адам ата, ақыры - осы отырған өзіміз. Сол дарияда толқын біз дедік, ұшкан құс, жүгірген аң, төрт аяқты хайуан, екі аяқты адам, ай мен күн, күндіз бен түн, аққан су, ескен жел, жанған от, бұрқыраған топырақ, тау, тас, ағаш, шөп - бәрі толқын. Толқында тұрақ бар ма, қалай айдаса, солай кете береді. Бұл дүниенің ағымы - дарияның толқыны. Толқында жүрген жан өз басына өзі ие бола ала ма? Толқынның айдап кетуіне қаңбақ та бір, дөңбек те бір. Ойлаған ойыма жетемін деуші, өз дегеніммен боламын деуші толқынға қарсы малтимын деген - ондай жан «әлін білмеген әлек» деген атқа үшырайды. Қазақ байғүс та айтады - ойлаған ойын тындыра алмай, ісі орнына келмей қалған біреуді: «Мына шіркіннің силы суға кетіп, иығы түсіп, жүдеп тұрғанын!»- деп. Солай деп сөйлеуі: «Кім - кім болсын, толқында жүр ғой!»- деп ойлағаны. Толқында жүргеніміз шек күмәнсіз. Сол толқында жүргенде, біз толқынның үстінде жүрген бір күмпиген отау тіккен көбік көмпиіп дүрдей болып келеміз. Кейінгі жағымыздан бір толқын келіп соғып кетсе, аман бол, қайда кетіп, қайда жоғалғанымызды жан білмейді. Жан білгені, білмегені не керек, дарияның өзіне кеттік, көкке ұшып, я болмаса, жерге кіріп кеткен жоқпыз. Міне, қазақтың: «Өлді - құдайын тапты!»- деген сөзінің мәнісі - осы! Ай, қазақ байғұс - ай, айтуын айтады, мәнісін білмейді. «Ертегі байсыз болмайды» - дегендей, Мәшһүр сөзі ертегісіз болмайды. «Ұры қартайси, сопы бола­ды; қары қартайса, бибі болады; бүркіт қартайса, тышқаншы болады». Сондай сөздер бекер бола ма? Міне, біз де қартайған соң, ертегішіл болдық. Бұрынғы заманда бір жосын көп балықтар өздері ұшан - теңіз дарияда жүріп су іздепті. Өзді - өзі әңгіме қылысады дейді - Жұрт айтады: «Балықтың жаны суда!» - дейді. «Сусыз балықтың тіршілігі жоқ» - дейді. Су деген өзі қандай болады екен, түрі - түсі қандай екен? Егер қорек бо-ларлық нәрсе болса, демі, тәттілігі қандай екен? Оны біздің іздеп тауып алуымыз керек екен - деп, алас ұрыпты. «Осы дарияда көп жасаған бір кәрі балық бар дейді. Сонан сұрап үйреніп, біліп алуымыз керек!» - деп, кәрі балықты іздеп, алас ұрды дейді. Суда журген балық бір орнынан табыла қоя ма?! «Ес кетті, жан шықты» - дегендей болғанда, кәрі балықты тауып, жүрген - тұрған мән - жайларын айтып: - Су қайда, қандай орында болады, соны бізге тауып берсеңіз екені - деген соң, ол кәрі балық ойлапты: «Бұлар өзі өздерінің қайда жүргенін білмей жүрген миғұлалар екен. Көрініп тұрған жер үстінде жүретұғын жолынан адасқандарды жөнге салып, сөзге түсіру оңай көрінбеген. Ақыл-ес, зейін, пікірден ойлай - ойлай ойы адасқанды жөнге салу, сөзге түсіру ешкімнің қолынан келмейтұғын». «Барлық дәнемені білдірмейді, жоқтық өзі үйретеді» - делінген еді. «Мен сендердің көрмеген, білмеген нәрселеріңді көрген, білген емеспін, білсем, айтпаймын ба? Мына жақта осы дария жаралғаннан бірге жаралып, өлмей, талмай, жас жасап келе жатқан менен он есе, жүз есе бір балық бар. Сол айдан анық, күннен жарық біледі. Соған барыңдар. Көкте тұрған темірқазықтан беттеріңді аудармай жүре берсеңдер, табасыңдар!» - деп, жөн еілтеді. Бұлар да «қатықтай қатып, сүттей ұйып» жөнеліп берді. Сөйтсе бұлардың бұл бара жатқан бетінде жүз жылда бір қатты соға тұгын дауылдың жүргінші жолы бар екен. Тарбағатай тауының алабындағы Ебінің желіндей бөлек бір жел екен. Бұлар соған килігіп қалып жел аспанға ұшырьш, дариядан лақтырып далаға, шөлге шығарып тастады. Кәне, енді бұларга су қайда, өлетұғынын анық білді. Қазақ айтады: «Тірліктің қадірін өліп көрде жатңан біледі. Денсаулықтың қадірін ауырып төсек тартқан біледі. Жан тыныштықтыц қадірін толғатып, бала тапқан біледі. Сары атанның қадірін ел қыдырған сарт біледі. Сеңсең тонның қадірін сексенге келгең қарт біледі. Төс айылдың батқанын иесі білмейді, ит біледі. Ер жігіттің қадірін ағайын білмейді, жат біледі. Кімнің жақсы-жаманын жаратқышы хақ біледі».

Мың сөзден - бір сөз, қиссадан - қисса, қисса мәнісі - әңгімеден үлес сыбаға алу керек дегені. Құдай, құдай деп жүрген құдай - он сегіз мың әлем жаратып, өзі бір үй салып алып, оңаша бөлек тұрған қүдай жоқ. Өзіміз кайда болсақ, құдай сонда болды. Адамда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен - бірі жасырын емес, бірақ жан деген нәрсені ешкім керген емес. Адамның денесі өзіне де, басқаға да көріністе тұр. Жанның өзі көрінбейді, барлық белгісі көрінеді, жанның барлығы сонан танылады. Барлық белгісі - адамда бір нәрсені ойына салып ойлану бар, сезу бар. Ойланып, сезген нәрсесін орындап, орынға келтіру бар. Жалығады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді. Міне, осындайлар - жанның барлық белгісі. Адамның денесі - машина, құрал - сайман. Сол құралдармен, сол машиналармен денедегі барлық нәрселерді жасап шығарып түрған жан бір ұста ісмер. Бұл әлем жүзінде барлық өнер, құлақ естімеген, көз көрмеген ғажайып тамашалар, баршасы да осы адамның қара бойынан тауып алынған. «Дене бір қараңғы үй, жан сол үйде жарық қылып тұрған сәуле!» дегенде, сәуле отсыз болмайды. От болса, оның екінші бір нәрсені қыздыратұғын қызуы болады. Ол қызу денедегі қанды қыздырады. Сонан соң денеге жүмыстардың бәрін қан жұмыс істетеді. Денедегі жанға серік болуға жарайтүғын нәрсе - қан. Жан сәуле дедік, жүрек айна дедік. Айнаға түскен сәуле ойнақшып тұра-ды, жүректіц лүплімелі ойнақшып тұратүғындығы сөзі. Жүрек айна болуға жараған жан өз бойындағы ерік ықтиярды өзі билейді. Жүрегі айна болуға жарамаған жанды қан билейді, қан бұзыла бастайды. Бұзықтық табылған адамды «Қаны бұзылған шіркін ғой»- дейтіні сондыктан.

Адамда екі демалыс бар. Бірі танаудан ішке қарай кіреді, бірі екінші танаудан далаға қарай шығады. Осы екі демалыстың бірі тоқтап қалса, кісі дереу өледі. Қазақтың: «бір дем - әрі, бір дем - бері!» дегенінің мәнісі -осы. Ішке қарай кірген демалыс ал дегеннен жүрекке барады, жүректі қозғайды, онан даму, ұлғаю жолымен өкпе мен бауырға барады. Ол екеуі - жүректің қызметкері: қан тазалап тұратұғын машиналары. Онан әрі күллі денені түгел аралап, қара ба-қайға шейін барып қайта қайтады. Бара жатқан бетінде қызыл қан еді, кайтуында қара қан болып кайтты. Бұл екі қанның қозылып, ұйқы-тұйқы қылуынан қарақұрым болғаны талақта қалып, зерде болғаны іигте қалып, қақырық болғаны өкпеде қа­лып, бүйректе калғаны зәр болып қуыққа барып, соның бәрінен қорытылып қайта жүрекке келгені демалыс болып далаға кетеді. Денемізде жан бар деп білеміз, бірақ сол жан денеміздің қай жерінде тұрғанын білмейміз. Түрі қандай, өзі не нәрсе екенін сезбейміз. Көрмегенмен, сезбегенмен, денемізде жан жок, деп айтпаймыз да, ойламаймыз. Ол жан деген - колға түспейтұғын, еккенмен бітпейтүғын, куғанмен жетпейтүғын, кісі өзі жасап ала алмайтұғын бір зор күшті куат. Ол өздігінен өзі болған болса, кетпей түра алар еді. Өзіненде күшті ар жағында бір зор күшті куат бар - ау деп ойлаймыз. Адамда жан барлығын, қан барлығын айттық. Екеуі басы біріккенмен, адамды адам деп айтқызуға жарамайды.

Бір «ақыл» деген: айтуға аты бар да, өзінің бар - жоғы белгісіз сәуле бар. Мөлшерсіз нәрсе жоқ. «Қаралдысы тарыдай» деп сөйленеді. Біреуде тарыдай ақыл бар болса, өзін - өзі бейнеттен, зорлықтан құтқаруға тырысуды біледі. Кім болсын, ол болсын, тары-дай ақылы жоктықтан өзін - өзі бейнетте, қорлықта қалдырады. Мұны қайдан біліп отырсың десең, қазақтың айтқан сөзінен аңғарып отырмын. Жақтырмаған біреуді: «Осы шіркіннің тарыдай ақылы жоқ»- деседі. Осы тарыдай ақылды өз бойына өзі егіп өсіріп, өндіріп молайтып алушылар болады. Ондай болған жандардың ақылы көк пен жердің арасын толтырарлық тары болуға толық. «Ақылды өзің білмесең, сатып ал!» - дейді. «Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс!» дейді. Не нәрсе адамның өз талабымен болатұғын болды. «Жорға жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады». Өзгем өтірік болса да, осы сөзім - шын, сен бұған иманыңдай иланып сені! «Ақылсыз бас - аяқтың әлегі». Сол ақыл деген нәрсе өз бойымызда барлығын, қаралдысын көрумен біліп, қарасын көрумен танып тұрғанымыз жоқ. Өзімізге қылдырған жұмысынан, істеткен ісінен барлығын біліп тұрмыз. «Ақылдың тұрағы бас-ау, баста болса мида болады - ау!» - деп ойлаймыз. «Ақылсыз бас -аяқтың әлегі» -деп айтылғандықтан, ақылсыздықтан аяғын ауыртпаған жан кемде - кем-ақ шығар. Аспанда тұрған күнді көреміз, өзінің жоқ нәрсе емес, бар нәрсе екендігіне шек - шүбамыз жоқ. Бірақ ол өзі неден жасалған, не түрлі нәрсе деушіге шешіп айтып бере алмаймыз. Кімде - кім күнді көз айырмай қараумен немене екенін білемін деп қараса, көзінен айырылады, соқыр болады. Кигіз туырлықты қазақтың кигіз үйінің төрінде отыр едік, есік ашық тұр еді. Есік алдына үйдің көлеңкесі түсті. Сонан білдік үйде отырып далағы шықпай-ақ күннің барлығын, көлеңке күн барлығынан болды. Күн жоқ болса, көлеңке қайда? Күннің барлығын көлеңкені көрумен таныған есепті, ақыл барлығын білген соң, ол ақыл да өзінен жарық бір сәуледен түсіп тұрған көлеңке ғой дейміз. Көлеңке өзінің көрінгені болмаса, бір ңәрсені көрсетуге жарай ма? Көлеңкені көрген соң, Күн барлығын білген соң болды да, осы да қанағат. Не нәрсені болсын, жеріне жетіп білемін деу ақымақтық, адасқандық болады.

Осы тетрадтың үшінші бетінде топырақ ауырлығынан төменде қалып жер аталды дедік. Ол жер отсыз, сусыз, желсіз қалған жоқ. Оларда арасында бөлініп - бөлініп тозғындап қалды. Солай болғаны үшін күні бұл күнге шейін оты таусылмай жанып тұрған таулар бар. Ол тауларды «жанар тау» дейді, Үш - төрт жыл болды Жапон жұртын-да жер астынан от та шығып, су да шығып көп жанды нәуіт қылғанын есіттіңдер. Баяғыдан қалған жер астындағы от һәм су, осы отырған денеміз -топырак, су, от, жел - осы төртеуінен басы құралып, бізге дене болып отыр. Бармақтың көлеміндей көзден сол төрт нәрсенің түгелдігі танылып тұр. Жып-жып етіп ашылып-жабылып тұрғандығы - желі барлығы. Айдай әлемді көрсетіп тұрғаны - оты барлығы. Жас ағады - суы барлығы. Қозғалмай тұрғаны - топырағы барлығы. Күллі дене сондай. Өлу деген - осы дененің әуел оты таусы­лады, аяғын ұстап, «мұздап кетіпті» - деп, күдер үзе бастайды. Онан соратын суы таусылады, онан кейін желі таусылады, құр топырақ қалады. Артта тірі қалғандар итке тастауға қимайды, өртеп жіберуге аяйды, көзден таса қылу үшін шүбірекке орап топыраққа апарып көмеді. От отына кетті, су суына кетті, жел желіне кетті, топырақ өзінің топырағына қосылды. Айдай әлемді жарық қылып түрған күннен түскен сәуле сықылды. Жақ бір сәуле, ол өзі қайдан шыққан болса, сол шыққан жайына кетті. Қолдарыңнан көмген денені үш күн өткен соң, ашып қараңдар, өздерің салған қалыпта жатыр. Оған жердің жыбырлаған құрт - құмырсқасы болмаса, басқа дәнеме тимейді. Сөйлей берсе, сөз таусыла ма? Сарт құрымай боз таусыла ма? Құлақтың қарыны бар ма тоятүғын?! Мұсабековтің рақмет ғүмұмия дегені, Дарвиннің тұрмыс-тартысын сөйлегені, Виссарион Билинскийдің: «Толқынды толқын қуады» - дегені, Мұхтар Әуезовтің осы жүрген жандарды: «Босқа еріп жүрген соқыр» - дегені оның ішінде «Ақын - жынды қатын» - деген Михаил Баскиннің: «Бұл жүрген жанның көбі басы жоқ мұжық»- дегені, Затаевичтің қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені. Бұл сөздерге қол қойған - Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы.

Айту керек, айтқаннан қайту керек. Құдай көкті, жерді, айды, күнді, он сегіз мың әлемді жаратты. Адам ата, Хауа ананы жаратты. Отты, желді, суды, топырақты жаратты. Бұлардың бәрі құдайдан басқаның қолынан келмейтін жұмыстар. Үстіміздегі үйді, осы үйдің ішінде болған, көрініп тұрған нәрсенің бәрін кім жаратты? Құдай жаратты ма, жоқ - жоқ, оттың, судың, топырақтың, желдің арала-суымен адам жасады. Пенденің күші, қолы, ақыл, зейіні, өнері араласқан нәрсе құдай жаратқан болмайды, адам жасаған болады. Құдай жаратқан нәрседе айыбы мен кемдік - кетіктік болмайды. Өзі қандай болса, жаратқам нәрсесі де сондай болады. Я өзі жаратты, ата - анамызға жасатты. Жоқтан бар болдык, көзге түстік, қыршын жас бүлдіршіндей жігіт болып өстік, сол бойымызбен неге қоя бермеді? Өзі өсірген құдай енді, міне, картайтып, өшіруге тақап келе жатыр. Жоқтан бар қылған құдай, барды жоқ қылады. Ол жұмысына пенденің ақыл - ойы жетпейді. Бір хикметі, ден уақиф ермүстір кісі болмады. Бұ іс кішіліктің ісі деп қоя қою керек. Олай болса, «Менің зейінім, пікірім жеткен екен, - деп, ақылға, білімге сеніп, - білдік, жетілдік, болдық!» - деп, әуеленіп, өршеленіп далаға жаққан оттай шалқи бермей: «Қой, бұл ақылды да, білімді де жоқтан бар қылып бізге берген біреу бар, оны бізге пайда тапсын деп берді ме, жоқ, зилилиә қылсын деп берді ме?» - ойлау керек. Түлкінің жүнінің қызылдығы басына сор болмады ма? Оны білсек, аққан бойымен ағып жүре бермей, аттың басын тарту керек. Шапқан атты басын тартпай, кұр шаба береді екен деп қоя берсең, қаңғып кетіп, айдалада аштан өліп қалуың айдай жарық, сүттен аппақ. Ендеше ақыл билігімен, зеректік зейін күшімен: «Қараңғы көрде тірілтпейді, ұрмайды, соқпайды, қинамайды!» - дедің. Сенің ақылың күшті ме, кұдай күшті ме, ойла, абайла! Құдай күшті, құдай күшті, ендеше оның күштілігіне сенсең не қыламын десе ерік, ықтияр өзінде екенін білсең, мен айттым, болды. «Төрде дұрыс осы деме, үй менікі деме, үй артында кісі бар», - деген сөзді естіген болсаң, тілің далаға жаққан оттай шалкыи сөйлеп былшылдап отырғанда, жан тәніңмен, шын жүрегіңмен десе, мен рәббік екі ғабдүрге тілемекке жары қапыл. Рәббім алла! Ғазазіл құдайға қылған құлшылығына сенді. Білғам бағұр дұғасының қабылдығына сенді. Анлатон (Платон) хакім ақылына сенді: «Өлмеймін»— деді, кәне, өлмей қалғандығы?! Ендеше сен маған құдай ақыл берген екен, ғылым, білім берген екен деп, ақылыңа, ғылым, біліміңе сенбеі Сенгіш болсаң, құдайға сен!

Бұхарай Шәріпте болған ұстаздың дөкөйі Қожа баласы Хамза қожа сөйлепті: «Бір бала келді, алдымда тоғыз ай тұрып қайтты. Өзгенің тоғыз жыл тұрып, алып қайтқанын алып қайтты!» - депті. Бес жасында Нәжімалдин хазірет: «Сопы балаң Бұхарай Шәріптің баласындай екен!» - депті. Онысы: «Балаң зерек екен!» - дегені екен. Ол зерекілік қайдан келіенін білесің бе? Зерекілік шайтан ғалай- лағынадан келген. Фаһымге уаһымды жағаластыру үшін. Фаһым -қазақша байым: «мынаның байымы бар бала екен» - дейді. Уаһым деген - уайым: ылғи уайымда қалатұғын жұмысқа баулыды. Бұл уаһымның күштілігі: ғалияаллағынаны білген екен. Онан сұратып, Фарғун қалия мастыхақ не білген екен. Екеуі де осының күшімен кетіп ырыққа көнбеген екен. Ан хазіретіміз Мұхаммед Мұстафа ғалияалсылуд уассалам нығуз балламен ғылбата аллуһым ғәлі әлфім деп сыйынады екен. Осы айтып отырған сөздерді жетпіске келгенде біреуден сабақ алып үйреніп отырғаным жоқ. Құлын жастан, бала бастан естіп, оқыған сөздер. «Шапқанда байдың ұлы тоқтағанда есіңе түседі - демеді ме?! Жастық шауып бара жатқан сықылды, кәрілік - тоқтағандық. Адамның көңілі бір медресе, онда айтылатұғын дәріс: « Я алһам, я жатсуса!» Көрініп тұрған ешкім жоқ болған соң, кім айтып отырғанын қайдан білейік, үйрене беріппіз, ұға беріппіз, біле беріппіз. Үйренбеген, ұқпаған, білмеген еркіңе зерекілік қоя ма? Зерекіліктен маңдайына тас тиген бір сабаз айтқан: «Зерекілікті сат, надандықты сатып ал, зерекілік - зәһір, наданлық - қант» - депті. Осы сөзді құрттай күнімізде үйрендік, қане, онда мәнісін біліп түсінгеніміз жоқ. Енді міне, маңдайға тас тиген соң, мәнісіне жаңа түсініп біліп отырған болып отырмыз. Енді сабақты өзіміздің қарақан басымыздан алуға кірістік, құдай не берсе, өз бойымыздан берсін. Біз араб тілін білмейміз, сарт тілін білмейміз, қазақ тілінің өзін жете білмейміз. Егер жете білсек, әулиешілік қазақ тілінде тұр. «Ассыққан қалар ұятқа», «сабыр түбі –сары алын», «сарғая сақтаған, қызара жетер мұратқа» - деген сөзді ұстап тұра қалмағандықтан, тұрмыстан талай таяқ жедік. Табансыз, тұрақсыз, көшпелі болғандықтан, бүгін жеген таяқты ертең ұмытып кетеміз де, баяғы әуре - әуре, құр әурешілікпен өмір өткіздік.


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау