Мұхаметжан Сералин шығармаларының өзіндік ерекшеліктері Ж о с п а р : - 1. Мұхаметжан Сералиннің өмір мен атқарған қызметі
- 2. Мұхаметжан Сералин шығармаларының тақырыбы мен идеясы.
- 3.Мұхаметжан Сералин - журналист, аудармашы
- 4. Қорытынды
Пайдаланылатын әдебиеттер: - Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Алматы, Білім, 1993 ж. 63-98-беттер.
- Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат, 1994 ж. 229-236-беттер
- Қазақ әдебиеті газеті. 43-саны, 2008.
Тірек ұғымдар: - СЫНШЫЛ РЕАЛИЗМ – әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез бітімін, характерін типтік жағжайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу.
- Аударма – әдеби шығарманы бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
- Поэма – (грекше poiema – туынды, шығарма деген мағынада) оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма.
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті –ұлы дәуірдің әдебиеті Ағартушы демократ ақын жазушылар - Бұл ақын жазушылар қазақша жаңаша, орысша білім алды. Дүниелік білім, ғылым алды. Қазақтың Орта Азия халықтарының бұрынғы, өз тұсындағы мәдениеті мен әдебиетін үйренді, орыс халқының бұрынғы және өз тұсындағы мәдениеті мен әдебиетінен нәр алды. Ағартушы демократ ақындардың бәрі де мектепте мұғалім, оқытушы болып бала оқытты. Бірқатары газет, журналдарда жұмыс істеді, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарды. Мемлекет қайраткері болды.
М.Сералиннің өмірі мен атқарған қызметі - 1871 жыл – Қостанай обылысы, Қарабалақ ауданы, «Өрнек» ауылында туған.
- 1887 жыл – 16 жасында Бестөбе деген жердегі бай жездесінің қызметінде болады.
- 1891 жыл – Қостанайдағы екі класты орысша-қазақша мектепті үздік бағамен бітіреді.
- 1891 жылы – Орынбор қаласына барады.
- 1891-1900 жылдар арасында ауылында болады.
- 1900 жылы – Троицкі қаласына барады.
- 1906 жылы – мемлекеттік бірінші Думаға депутаттар сайлауы болады.
- 1911 жылы – «Айқап» журналын шығарады.
- 1919 жылы – Орынбор қаласына барады. Ол жерде болыстық атқару комитетінде бірнеше лауызмдарда жұмыс істейді.
- 1928 жылы – денсаулығы нашарлап, туған жеріне оралады.
- 1929 жылы – ежелгі кеселі қайта қозып, ұзақ ауырып, солы жылы қайтыс болады.
М. Сералиннің бізгі жеткен әдеби мұрасы онша көп емес. Рустем-Зорап поэмасы - Орыс тілінен аударған. «Айқап» журналының 1914 жылғы 22,23,24-сандары, 1915-жылғы 2,3,4,5,9-сандарында басылды, жеке кітап болып жарыққа шықпады.
| | | | | | | | | | | | | | - Рустем-Зорап (бірінші ұрыс)
| | - Рустем-Зорап (екінші ұрыс)
| | - Рустем-Зорап (үшінші ұрыс)
| | | | «Айқап» журналы - 1911 жылы Троицкі қаласында қаңтар айынан бастап шыға бастады. Айқап журналының шығарушысы да, редакторы да белгілі жазушы М.Сералин. Журналдың «Айқап» деп аталуы жайлы сөз етсек, «Айқап» қазақтың төл сөзі. Яғни қазақ халқының мәдениеттен, білімнен кенже қалғаны, өкінген бейнесі ретінде алынды. «Ай, қап!» деп санамызды соқтық. Енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.
- Өз дәуірінде «Айқап» қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өміріндегі көптеген көкейкесті мәселелерін сөз етті. Ол үнемі «Бізге не істеу керек?», «Қайтсек біз тез ілгері басып, ел қатарына қосыла аламыз?» деген сұраулар қойды, солардың жауабын табуға тырысты.
Бұл сұрауларға тапқан жауабын, 1911 жылғы 6-санындағы «Бізге не істеу керек?» деген бас мақаласынан көруімізге болады. Онда: - 1. халықты отырықшы болуға үйрету, қала салу, жерден қол үзіп қалмау керек;
- 2. мектеп, медреселер салып, халықты оқу, мәдениетке жетелеу керек;
- 3. дін жұмысын өз қолымызға алуымыз – мүфті сайлауымыз керек;
- 4. мемлекет думасында мүддемізді айтып, сөзімізді өкіметке жеткізіп отыратын депутаттарымыз болуы керек деді.
М.Сералиннің ірілі-уақты қырықтан аса мақаласы басылған. - Оның «Жер әңгімесі», «Қазақ халқы мұқтаждығы», «Ескі жыр», «Отырықшы болған қазақтар туралы», «Келешек заманымыздың һәлі», «Біздің бұрынғы һәм қазіргі һәліміз», «Шаһар Троицк, март 1912 жыл», «Басқармадан» тағы басқа да мақалалары бар. Мәселен; «Қазақ халқы мұқтаждығы» атты мақаласында қала, мектеп, медресе құру туралы, «Құрметті оқушыларға» мақаласында оқу жайы, «Басқармадан» мақаласында соғыс, қымбатшылық себептері айтылса, «Біздің бұрынғы һәм қазіргі һәліміз» атты мақаласында халықты отырықшы болуға, кәсіпке, оянуға үгіттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |