Менеджменттің интеграцияланған жүйесі



жүктеу 3,22 Mb.
бет1/3
Дата23.11.2018
өлшемі3,22 Mb.
#23876
  1   2   3



«Астана медицина университеті» АҚ

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі

АстМУ-13
беттің -беті

«Астана медицина университеті» АҚ

студентіне арналған анықтамалық-жол көрсеткіш

2013-2014 оқу жылы





Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

«Астана медицина университеті» АҚ


«Астана медицина университеті» АҚ

студентіне арналған анықтамалық-жолкөрсеткіш

2013-2014 оқу жылы



Астана 2013
І. «Астана медицина университеті» АҚ

студентінің ар-намыс кодексі
Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – әнұранды, туды, елтаңбаны құрметтейді.

Студент өнегелі жоғары медицина мектебінің өкілі екенін әрқашан есте ұстайды, оның ар-намысы мен имиджін қадірлейді, оның абыройына кір келтірмеу үшін қолынан келгенін істейді.

Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығында кәсіби шебер болуға, өз бойындағы үздік шығармашылық қасиеттерді дамытуға ұмтылады.

Студент үлкенді сыйлайды, қасындағыларға дөрекі мінез көрсетпейді.

Студент парасаттылықтың, мәдениеттіліктің, адамгершіліктің үлгісі, ол адагершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшеліге қарай кемсітуге жол бермейді.

Студент саламатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады.

Студент жоғары оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды, студенттер жатақханасында тазалық пен тәртіпті сақтайды.

Студент шығармашылық (ғылыми-біліми, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, корпоративтік мәдениетті және ЖОО беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды.

Студент академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды.

Студент студенттік ынтымақтастықтың интернационалдығының және көптілділіктің қажеттігін мойындайды.

Студент «Астана медицина университеті» АҚ негізгі этикалық құжаты – Ар-намыс кодексін қалтқысыз орындайды.

ІІ. «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫ
2.1 «Астана медицина университеті» АҚ миссиясы:
«Астана медицина университеті» АҚ (бұдан әрі – Университет) – Халықаралық және ұлттық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес білім беретін және ғылыми-клиникалық қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының білім беру, инновациялық ғылыми-клиникалық орталығы. Университет білім беру саласы мен медицина саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады, қоғам мен мемлекеттің қазіргі және перспективалық талаптарына сәйкес медицина саласында интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік деңгейі жоғары, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар мен ғалым-педагог кадрларды даярлайды, сондай-ақ Солтүстік аймақтағы және тұтастай еліміздегі халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған серіктестік – Университет, қоғам, денсаулық сақтау жүйесі, аймақ арасындағы – әлеуметтік серіктестіктің тиімді моделін жүзеге асырады.
2.2 Университеттің болашақты болжауы – Университет болашақта:


  • Қазақстан Республикасының жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз медициналық білім беру жүйесіндегі лидер.

  • Медициналық озық технологиялардың, интеллектуалдық жұмыстардың ғылыми-клиникалық орталығы.

  • Қазақстан Республикасының және ҚР солтүстік аймағының саяси, әлеуметтік-экономикалық саласын және мәдениетін дамытуға белсене қатысатын оқу орны.

  • Менеджменттің инновациялық жүйесін және сапаны басқару жүйесін жоғары медициналық білім беру саласына енгізетін орталық.

  • Әлемнің жетекші медициналық ЖОО-ларымен және ғылыми орталықтармен тең құқықты серіктес.

  • Білім беру жобаларын, ғылыми, мәдени жобаларды орындау үшін аймақтық, республикалық, шетелдік ұйымдармен және қоғамдастықтармен серіктестік қарым-қатынас орнатуға дайын жоғары оқу орны.

  • Білім беру процесінде ең заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және «ғылым арқылы білім беру» принципін қолданатын, мамандарды даярлауда дәстүрлі әдістер мен инновациялық әдістерді ұтымды үйлестіре білетін жоғары оқу орны.

  • Университет өзі жинақтаған білім беру тәжірибесі, ресурстары мен құндылықтарының арқасында Қазақстан Республикасының және Астана қаласының мақтанышы болады.

  • Университеттің миссиялары мен болжауларын орындауға жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлер мен білім алушылардың қауымдастығы және қызметкерлердің оны дамытуға қосқан үлестерін мойындайтын университет.


2.3 Университеттің құндылықтары:


  • Заң талаптарын сақтау

  • Кәсіби шеберлік

  • Көшбасшылық

  • Сапаға бейілділік

  • Инновацияда және шығармашылықта белсенділік

  • Қызметкерлер мен студенттерді ынталандыру

  • Демократиялық рух және корпоративтік мәдениет

  • Іскерлер командасымен жұмыс

  • Тиімділік

  • Өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестік

  • Тәртіп

  • Үнемі даму және оқу

  • Сабақтастық

  • Ұлт денсаулығын ойлау

  • Әдептілік пен адамгершілік

  • Сыйластық

  • Дәстүрді жалғастыру

  • Әлеуметтік патернализм, ардагерлерді қамқорлау және жастарды қолдау


2.4 Университеттің басты мақсаттары мен міндеттемелері:


  • қоғам мен мемлекеттің қазіргі және перспективалық талаптарына сәйкес еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті мамандар мен ғалым-педагог кадрларды даярлау;

  • жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру арқылы, таңдаған қызмет саласы бойынша біліктілігін арттыру, үздіксіз кәсіптік жетілдіру арқылы тұлғаның адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуға сұранысын қанағаттандыру;

  • денсаулық сақтау саласының ғылыми әлеуетін дамыту;

  • ұйымды үнемі дамытып, жетілдіру үшін, ұйымның және оның персоналының экономикалық әл-ауқатын жақсарту үшін ішкі әлеуетін (жинақталғаен кәсіптік білім мен тәжірибе), сондай-ақ менеджменттің интеграцияланған жүйесі саласындағы білімін толығымен қолданатын технологиялық, ұйымдық, экономикалық тұрғыдан тиімді ұйымды құру.


ІІІ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Анықтамалық-жол көрсеткіш «Астана медицина университеті» АҚ-тың 1-курс студенттеріне арналған.

2. Анықтамалық-жол көрсеткіште «Астана медицина университеті» АҚ , университеттегі оқу процесін ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, пәндер бойынша тіркеу тәртібі, білім алушылардың үлгерімін ағымдық, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібі, ауыстыру тәртібі, студенттерді қайта қабылдау және оқудан шығару, студенттердің өздік жұмысы, материалдық және ақпараттық құралдарды пайдалану тәртібі туралы жалпы мағлұматтар берілген.

3. Анықтамалық-жол көрсеткіш 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Жоғары білім беру. Бакалавриат»; ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білім беруді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер»; ҚР МЖМБС 5.03.007-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік білім беру бағдарламалары. Негізгі ережелер»; ҚР МЖМБС 5.03.009-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы оқу-материалдық активтер. Негізгі ережелер»; ҚР МЖМБС 5.03.0010-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры. Негізгі ережелер»; ҚР МЖМБС 3.08.388-2006; ҚР МЖМБС 3.07.485-2006 «051301 – Жалпы медицина»; ҚР МЖМБС 3.07.476-2006 «051302 – Стоматология»; ҚР МЖМБС 3.08.389-2006 «051102 – Қоғамдық денсаулық сақтау»; ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 «051103 – Фармация»; ҚР МЖМБС 3.08.388-2006 «051101 – Мейірбике ісі»; ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» №125 бұйрығы (2011 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 «Білім беру ұйымдарының типі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау қағаидалары туралы» қаулысы; «Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелерін бекіту туралы» 18.03.2008ж. №124 бұйрығы, ҚР Үкіметінің №116 «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысы (2012 жылғы 28 ақпандағы өзгерістермен); 2011 жылғы 20 сәуірдегі «Оқытудың кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру ережелері» №152 бұйрығы негізінде әзірленді.
3.1 Университет туралы мағлұмат

1964 жылы Қазақстан КП Орталық комитетінің және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1964 жылғы 26 қазандағы №729 қаулысына сәйкес Целиноград мемлекеттік медицина институтының негізі қаланды. 1993 жылдың наурыз айында қала атының өзгертілуіне байланысты институт Ақмола мемлекеттік медицина институты деп аталды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263 қаулысына сәйкес ЖОО академия болып өзгертілді. ҚР Үкіметінің


2003 жылғы 14 наурыздағы №249 қаулысына және ҚР ДСМ 2003 жылғы 20 наурыздағы №232 бұйрығына сәйкес Ақмола мемлекеттік медицина академиясы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы деп аталды.

2006 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Мәскеуде Халықаралық Саммит шеңберіндегі халықаралық сыйлықтың «Ұлттық Экономика Лидері – 2006» Құрмет белгісін алды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы «‘‘Ұлттық медициналық холдинг’’ акционерлік қоғамын құру туралы» №451 қаулысына сәйкес Қазақ мемлекеттік медицина академиясы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың құрамына кірді және «Қазақ медицина академиясы» АҚ болып қайта ұйымдастырылды. «Ұлттық медициналық холдинг» Басқармасының 2009 жылғы 6 қаңтардағы №81 бұйрығы негізінде «Қазақ медицина академиясы» АҚ «Астана медицина университеті» АҚ болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі №710 қаулысымен "Астана медицина университеті" АҚ "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ құрамынан шығарылып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстылығына берілді.


3.1.1 ЖОО-ның басшылары және құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат




Ректорат


Телефон

Аты-жөні




Ректор-Басқарма төрағасы

Қабылдау бөлмесі 539424

Шайдаров Мажит Зейнуллаұлы




Ғылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі 539431

Галицкий Франц Антонович




Білім беру қызметі жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі 539428

Жаксылыкова Гүлнар Әділханқызы




Тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі

539443


Хайрли Гафур Зинурұлы




Әкімшілік және экономикалық қызметтер жөніндегі проректор

Қабылдау бөлмесі

436130


Нұржаубай Марғұлан Оңталапұлы

Жалпы медицина факультетінің деканаты



курс

Декан

539437

Махамбетов

Қайыргелді Омбайұлы





Деканның орынбасары

539437

Тайжанова

Ляззат Евгеньевна





Деканның орынбасары

539437

Игенбаева

Бахыт Балкенқызы





Деканның орынбасары

539440

Нұрхан

Бакшагүл Кәрібайқызы





Деканның орынбасары

539440

Габбасова

Анар Мейрамқызы





Деканның орынбасары

539437

Байканова

Раушан Карабайқызы



Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі,

медициналық-профилактикалық іс факультетінің деканаты




Декан

539572

Карибжанов

Айтбек Әнуарбекович






Деканның орынбасары

539432

Аджибаева Ботагөз Жорқаевна




Деканның орынбасары

539432

Нұрмұханов

Алтынбек Амангелдіұлы






Интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты




Декан

539445

Сыздыкова

Айнұр Сайлаубайқызы






Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты




Декан

539450


Жарлығанова

Динара Сарқыбекқызы






Үздіксіз кәсіптік дамыту және қосымша білім беру факультетінің деканаты




Декан

539438

53-95-45


Сапарова

Ләйлім Тасболатқызы






Жастар ісі жөніндегі деканат




Декан

539542

Мухамметкалиева Гүлжан Абайқызы




Радиобиологиялық зерттеу институты




Директор

539439

Казымбет

Полат Казымбетұлы






Директордың орынбасары

539448

Бахтин

Мейрат Мұхамедкәрімұлы






ЖОО-ның бөлімшелері




Кітапхана

539533

Кенжебаева

Ляйля Саимбекқызы






Оқу процесін жоспарлау бөлімінің бастығы

539436

Досанова

Багдат Рахимқызы






Оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі

539461

Букеева

Жанар Каналбайқызы






Сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөлімі

53-95-27

Жумашева Захира Сраждинқызы




Студенттерді есепке алу бөлімінің бастығы

539435

Алиева

Мухаббат Байтемірқызы






Офис-тіркеуші бөлімінің бастығы

539641

Жукина Динара Қамидоллақызы




Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды психологиялық бейімдеу бөлімінің бастығы

53-95-47

Ақполатова

Гүлнұр Момынқызы






Оқытудың инновациялық технологиялары және қашықтықтан оқыту орталығы

56-98-64

Исабаев Эльдар Сағидоллаұлы




Ғылым бөлімінің бастығы

539528

Ақанов Аманғали Балтабекұлы




Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің бастығы

539548

Ахметов Мұхамбедия




Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

539454

Дүйсенбекова

Дариға Нүкенқызы






Оқу-клиникалық орталықтың жетекшісі

539521

Жумадилов

Даулет Шаймарданұлы






Компьютерлік тестілеу бөлімінің бастығы

539573

Тлешова

Нұргүл Серікқызы






Университеттің спорт клубының жетекшісі

539535

Саттыклышов

Берік Сапарбайұлы






«Студенттер қалашығы» бөлімінің бастығы

539520

Ысқақова Сәуле Амангелдіқызы




АҚ және ТЖ бөлімінің бастығы

539446

Бектұрсынов

Нұрдәулет Ташкенбайұлы






"Астана медицина университеті" АҚ медициналық орталығы

239284

Регистратура




Бас бухгалтер

539539

539540


Искакова Жансая Тұяққызы


3.2 АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау