Конкурс жариялайды Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары



жүктеу 148,5 Kb.
Дата27.01.2020
өлшемі148,5 Kb.
#27436
түріКонкурс

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;



жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

D-О-4


195 895

255 514


«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, 262-16-09 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы Тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 11.10.2021 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаждар есебіне қою бойынша құжаттарды, кезекке алу және пәтер беру негізін және заңдылығын тексереді; Алматы қаласы әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй тарату (беру) туралы ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік қызметтерді одан әрі оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізеді; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың кезегін толық электрондық түгендеуді жүргізеді; тұрғын үйді бөлу процедураларында азаматтық қоғам өкілдерін, БАҚ және басқа да тәуелсіз адамдарды тартуды қамтамасыз етеді; берілген тұрғын үйлерді есепке алады; тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің немесе Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы жеке тұлғаларға мәліметтер береді; жаңа салынған тұрғын үйлерден берілген пәтерлерді, босаған пәтерлерді, бұрынғы жатақханалардағы тұрғын алаңдарды таратуға берілуін заңды және негізді болуын тексереді; аудан әкімдігінің қаулыларының (өкімдерінің) жобасын дайындайды; аудан әкімдіктерінде кезекте тұрғандар бойынша тоқсандық (6 және 9 айлар бойынша) және жылдық есептерді дайындайды; өз құзыреті шегінде және Басқарма басшылығының тапсырмасына сәйкес тұрғын жайлардың бар-жоғы туралы қалалық қызметтерге сұрау хаттар дайындайды; коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің жалдау шартын, меншік құқығына куәліктер, тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы (тегін немесе қалдық құнымен сатып алу жолымен) шарттарды ресімдейді; тұрғын үй қатынастарына байланысты мәселелер бойынша Басқарма бөлімдерімен, аудан әкімдіктерінің бөлімдері және қызметтерімен өзара қарым-қатынас жасайды; басшының және жетекші орынбасарының тапсырмалары бойынша басқа да қызметтерді атқарады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); заң (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); өнер (сәулет) саласында жоғары білімі.

2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Корпоративтік басқару бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 04.09.2021 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: "Алматы-2020" даму бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Алматы қаласының аудандық әкімдік аппараттарына қарасты әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелеріндегі жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттарға, мүгедектерге арнайы әлеуметтік әдістемелік көмек көрсету. Көп балалы, алты немесе одан көп бала босанған аналарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» наградаларымен марапаттауға ұсыну құжаттарын рәсімдеу. Қарттарға, мүгедектерге, мұқтаж азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуге бақылау жасайды. Медициналық - әлеуметтік мекемелерде тұратындарға материалдық - тұрмыс, медициналық қызмет көрсетуге ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасайды. Мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады. Басқармаға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын тексеруге қатысу. Ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін тексеруге қатысу. Бағыттайтын бөлімдерде мамандардың мемлекеттік қызметтер көрсетуіне бақылауды қамтамасыз етеді. Бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік стандарттарға сәйкес регламенттерді әзірлейді және бекітуге жолдайды. Алматы қаласы әл ауқат басқармасы басқару органы болып табылатын ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың, Алматы қаласы аудан әкімі аппараттары жанындағы жалғыз басты мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің және Алмалы, Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталықтарының әлеуметтік қызметкерлерін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткізуге бақылау жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау); білім (құқық және экономика негіздері); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

3. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Отбасылық әл-ауқат бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: "Алматы-2020" арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру. Халықтың тұрмыс деңгейін анықтайтын сипаттамаларға талдау жасау. 6,5 АЕК, 7 АЕК, 7,5 АЕК, 12 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті, тұрғын-үй көмегін газбен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмегін, 9 мамыр, 16 желтоқсан мерекелік әлеуметтік көмектерін, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қоршауының тұрғындары болған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті тағайындап, төлеу сұрақтары бойынша түсіндірме және әдістемелік жұмыс жүргізу және газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтері мен тұтыну нормаларының мониторингі. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін ұсынатын заңды тұлғалардың тарифтерін бекіту жөніндегі жұмысқа қатысу. Азаматтардың әлеуметтік көмек пен жәрдемақы жөніндегі мемлекеттік қызметтерді алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың төленген сомалары бойынша салыстырып тексеру актілерін құрастыру. Әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларды жеткізу үшін аудандық бөлімдерінің дер кезінде ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік көмек пен жәрдемақыны төлеуге арналған өтінімдерді қабылдау және жинақтау. Жинақтық есеп құрастыру. Жетекшілік ететін бағыттарда аудандық бөлім мамандарының мемлекеттік қызмет көрсетуін бақылауды қамтамасыз ету. Бірыңғай ақпараттық әлеуметтік-еңбек сферасы жүйесінде (Е-собес) жұмыс жүргізу. Бөлімнің қызметіне кіретін регламенттерді мемлекеттік стандарттарға сәйкес жасау және бекітуге жіберу. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе математика және/немесе информатика); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (информатика).

4. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 04.02.2022 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ұйымдастырушылық бақылауды қамтамасыз ету. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тоқсандық, жылдық жоспарын құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. «Азаматтарға арналған Үкімет» арқылы мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен сұранымдарды өңдеуді бақылайды. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электрондық түрде 30 пайызға мемлекеттік қызмет үлесін ұлғайтуды бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық мониторингі бойынша есептік мағлұматтарды уақытылы және сапалы өткізуді бақылайды. Құжаттарды қабылдау және беруге электрондық кезектің еншізілуін бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында бизнес-процестердің қадамдық алгоритімін сипаттайтын кітапшалар (жадынама) орналастыруды басқарады. Қызметкерлермен құзыреттілік деңгей мәнін анықтауға және кәсіби әдептілік пен коммуникатифтік дағдыларын кейінгі оқытуларына ішкі тестілеу жүргізуді (әңгімелесу, сұхбаттасу) бақылайды. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы көрсеткішінің жоғары деңгейіне қанағаттанған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу мүмкіндігі сұрағын қарастыруды бақылау. Күту залдарында қолайлы жағдай жасауды бақылайды (тегін әжетхана, су, үстел, тіреулер, отыруға арналған жеткілікті орындар және т.б.). Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайды қамтамасыз етуді бақылайды (подъезд, пандус, көтергіштер). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында шағым беру тәртібін жеңілдетуге, қарапайым әрі жылдам кері байланыс әдісін алуды қамтамасыз етуді (шағымдармен ұсыныстарға арналған жәшіктер) бақылайды. Бірыңғай байланыс орталық операторларына көрсетілетін қызмет бойынша өзекті мағлұматтарды жібереді, сонымен қатар, қызметтер бойынша кеңес беру мүмкіндігі үшін, ББО-1414 телефон номерін ресми сайтта көрсетілуін бақылайды. Ресми сайтта қызметтің көрсетілу реті, қызмет алушылаардың міндеттері мен құқығы, өзекті мемлекетік қызмет стандарттары мен регламенті, қызмет куәлігі, қажетті құжат пакеті check-list пен қызмет берушілердің байланыс деректері туралы мағлұматтардың жариялануын бақылайды. Мемлекеттік қызметті алу кезінде толтыруға қажетті құжаттарды алдын-ала word түрінде ресми сайттан көшіріп алу үшін орналастырылуын бақылайды (арыз, өтініш, сауалнама). Ресми сайтта жиі қойылатын сұрақ-жауап үлгілерін орналастырылуын бақылайды (робот-жауаптар, live-chat, онлайн кеңес беру). Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің қызметін ҚР Заңнамасына сәйкес тексеруді іске асырады. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілерді, құжат жобаларын әзірлеуді жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Басқарманың басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу); әскери ісі және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); білім (математика және/немесе информатика); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (информатика).

5. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 18.10.2020 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қайырымдылық көмек көрсету қажеттілігін және аумақтың әлеуметтік паспортын құру жөнінде әлеуметтік зерттеу өткізу; Меценаттардың бірыңғай құру және жүргізу базасын (жеке және заңды тұлғалардың әр-түрлі меншіктегі формалары) жүргізу және тұрақты жаңарту; Жеке капитал мен бизнесті қайырымдылыққа қосу үшін жасалатын іс-шаралар; Меценаттармен бірлескен PR компанияларды жүргізу; Қайырымдылық саласында бизнес жобаларын үйлестіру; Кәсіби тренерлердің қатысуымен семинарлар және ортақ кездесулер өткізу арқылы қайырымдылық саласындағы қызметтердің тиімсіз нәтижелерін анықтау және шешу; Қайырымдылық саласын жүзеге асыру үшін волонтерлар мен басқа да ұйымдарды тарту; Ұсыныстар енгізу арқылы өткен іс-шараларға талдама нәтижелерін жасау(тоқсан сайын); Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік шегінде жобаларды жүзеге асыру тізімін жасау; Қайырымдылық көмек көрсету сұрақтары бойынша үкіметтік емес ұйымдармен әрекет жасау; Қайырымдылық көмек көрсетуге байланысты жобаларды жүзеге асыру және жасау; Басқарма және Алматы қаласы әкімдігінің Ғаламтор-ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметінің ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету; Қайырымдылар мен мемлекеттік ұйымдардың өзара әрекекттесу тәжірибесі мен басқа да аймақтар мен шетелдің қызметтік тәжірибелерін зерттеу; Мецинаттар мен қайырымдылық субьектілерге кеңес беру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларын қарастыру. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе педагогика және психология); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

6. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Жетісу аудандық Әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 29.10.2021 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Мүгедектерді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерді, тыл еңбеккерлерін, көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді, мүгедек балаларды, жағдайы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды жүргізеді. «Алматы-2020» даму бағдарламасын жүзеге асырады. Ардагерлер үйіне, Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған Интернат-үйіне, Әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды орналастыру барысында көмек көрсетеді. Үйде көмек көрсету жағдайында, арнайы әлеуметтік көмекті көрсетуге құжаттарды қабылдайды. Ерекше немесе мереке күндерінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Стандарттар мен регламенттерге сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Арнайы қозғалыс құралдарына, протездік - ортопедиялық құралдарына, сурдо-тифло-техникалық жабдықтарына, санаторлық - курорттық еммен және көмектің басқа түрлерімен қамтамасыз етілуіне мұқтаж мүгедектердің, мүгедек-балалардың саны туралы мәліметті дайындап, береді. Учаскелік комиссияның отырысына құжаттарды қабылдап, тіркеп, дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе информатика және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс және/немесе бағалау); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе филология және/немесе шетелдік филологиясы); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика және/немесе информатика).

7. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Еңбек нарығын дамыту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, «Алматы 2020» даму бағдарламасы және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырады, бостандыққа шыққан тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша қылмыстық-орындау жүйесінің мекемелерімен өзара байланысады. Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған тапсырысы негізінде әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастырылған ұйымдар тізімін құрастырып, оны бекіту бойынша Басқарма басшысы бұйрығының жобасын дайындайды, пробация қызметін есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған тұлғаларға, ата-анасынан айырылған, кәмелетке толмай қамқоршысынан айырылған жастарға, білім беру орындарының түлектеріне жұмыс орындар бөлу жеңілдігін бекіту туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды. Еңбек делдалдығымен айналысатын, жұмыс берушілермен, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ – мен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара байланыс жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады Алматы.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;



5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.



 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.


Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.





"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

      

__________________________


(мемлекеттік орган)


Өтініш


      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))



      "___"_______________ 20 __ ж.


 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма


"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ




Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

жүктеу 148,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау