«менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата22.05.2018
өлшемі0,88 Mb.
#16245
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

 

42 


Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің 

жалпы концептуалды моделін.  

Тәуекелділіктің  бірнеше  түрі  бар:  өндірістік,  коммерциялық,  қаржылық, 

инвестициялық, нарықтық.  

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл 

тәуекелге  өнімнің  өнімнің  белгіленген  көлемінің  өзгеруі  және  өткізу  қарқыны, 

материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің 

кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.  

Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде 

пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде 

кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.  

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық 

келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен 

пайда болуы, т.б. 

Инвестициялық  тәуекел  –  бұл  кәсіпорынның  өзінің  және  сатып  алған  құнды 

қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.  

Нарықтық  тәуекел  –  бұл  ұлттық  ақша  бірлігінің  нарықтағы  процент 

ставкасының  немесе  шет  ел  келісім  серіктестіктерінің  валюта  курсының  өзгеруімен 

байланысты.  

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым 

көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.  

Тәуекелді талдаудың схемасы: 

1.

Нақты  тәуекел  түрлерінің  ішкі  және  сыртқы  факторларының  ықпалдарын 



айқындау. 

2.

Айқындалған факторларды талдау. 



3.

Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:  

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;  

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау. 

4.

Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау. 



5.

Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау. 

6.

Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау. 



Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау. 

1. 


Материалдық  зиян  –  бұл  жобада  қаралмаған  өндірістік  шығындар,  немесе 

тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту. 



2. 

Еңбек  зияны  –  жұмыс  уақытын  жою,  кехдейсоқ  немесе  болжамсыз 

себептермен болған жағдайда. 

3. 

Қаржылық  зиян  –  бұл  тікелей  ақшалай  зиянмен  байланысты:  төлемдер, 

айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б. 

4. 

Уақытты  жою  –  бұл  егер  кәсіпкерлік  іс  жобалы  уақыттан  кейін  қалатын 

болса пайда болады.  

5. 

Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, 

қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар. 

6. 

Саяси  факторларға  байланысты:  іскерлік  белсенділіктің  бәсеңдеуі,  еңбек 

және  орындау  тәртібінің  деңгейінің  бәсеңдеуі,  төлем  мен  өзара  есептесудің  бұзылуы, 

салық ставкасының тұрақсыздығы т.б. 

 

Тақырып № 9 

Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы 



 

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік 

саясаты  жоғары  қосымша  құны  бар  жаңа  жоғары  технологиялық  өндірістерді  құруға 

ұмтылған  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  арқылы  орта  классты  қалыптастыруға 

бағытталған.  

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 




 

43 


Қойылған  мақсатты  орындау  үшін  Қазақстан  Республикасының  индустриалды- 

инновациялық  даму  страегиясын  жүзеге  асырудың  бір  кезеңі  ретінде  кәсіпкерлікті 

қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.  

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы 

жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.  

Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :  

• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;  

• үкіметтік емес мекемелер ;  

• коммер циялық мекемелер кіреді .  

Функционалды  бағытына  қарай  инфрақұрылымның  институттық  құрылымы  былай 

анықталады :  

•  бизнестің  қалыптасуы,  әрекет  етуі  және  дамуы  кзеңінде  көрсетілетін  мемлекеттік 

қолдау ;  

• қаржылық қолдау ;  

• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;  

• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;  

• материал ды -техни калық жағынан қолдау .  

Ұйымдастыру  және  функционалдық  құрылымдарды  салыстыра  отырып  біз 

инфрақұрылым  институттарының  Қазақстандағы  кәсіпкерлікті  дамыту  процессіне 

қатысу матрицасын құрастыра аламыз.  

Әрбір  кәсіпкерлікті  дамытуға  жәрдем  беретін  мекемелердің  өзіндік  артықшылықтары 

мен  кемшіліктері  болады.  Олардың  барлығы  әр  түрлі  факторларға  байланысты. 

Кәсіпкерлерге  тиісті  шешімдер  қабылданған  кезде  кейбір  мекемелер  әлеуметтік 

мақсаттарға  аса  назар  аударады,  ал  басқалардың  басшылары  бәлкім  жеке  басының 

қамын ойлайды.  

Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер  

Қазақстан  Респуликасының  Индустрия  және  Сауда  Министрлігі  -  жеке  кәсіпкерлікті 

дамытуға  және  тиісті  саясатты  жүргізуге  жауапты  жоғарғы  мемлекеттік  орган. 

Министрлік  орталық  атқарушы  органдарына  тиісті  және  ел  Президенті  мен  Үкімет 

алдында есеп береді.  

ИжСМ  құрамына  кіретін 



Кәсіпкерлікті  дамыту  Департаменті  кәсіпкерлікті  қолдау 

және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен 

қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.  

Департамент  қызметін  реттейтін  негізгі  құжаттарда  оның  негізгі  мақсаттары  былай 

белгіленген:  

• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;  

• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;  

• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;  

•  Департамент  құзырына  кіретін  сұрақтар  бойынша  мемлекеттік  органдарының 

қызметін үйлестіру.  

Жоғарыда  айтылған  функцияларға  қоса  Департамент  кәсіпкерлікті  дамытуға  кедергі 

болатын  кейбір  шенеуниктердің  заңға  қайшы  әрекеттеріне  қатысты  түскен  арыз  бен 

өтініштерді  қарастырып,  және  сол  арыз  бойынша  қажетті  шаралардың  орындалуын 

қадағалауға міндетті  

Қазақстан  Республикасының  кәсіпкерлікті  қолдау  саласындағы  мемлекеттік 

құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, 



облыстық және 

Алматы  мен  Астана  қалалары  Әкімдерінің  аппараттары.  Кәсіпкерлікті  дамыту 

және  қолдау  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыру  үшін  Әкімшіліктердің 

жанынан 

Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. 

Олардың құрамына 



Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан 

бастап  ҚР  үкіметінің  2004  ж.  4  қазанындағы  №  1022  қаулысымен  жергілікті 

мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген).  

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 




жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау