3. Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері.
Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын; негізгі міндеттерін; шектеулерді; кепілдіктерді; көтермелеуді; еңбек ақы төлеуді; зейнетақымен қамсыздандыруды; жауапкершілікті.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, біріншіден,оларға ҚР-ның азаматы ретінде Конституциямен және заңдармен берілген; екіншіден, олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын; үшіншіден, мемлекеттік – қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалатын құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттелуі.
Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейінгі атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрніс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірнен бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады. Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін ( ережелерін, шарттарын ) белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді. Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызтын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. |