Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.**
* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.
** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-4 |
138 248
|
186 551
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, 340 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-24-52, электрондық адрес kadry_ak@mdai.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Ғылыми-техникалық әзірлемелер басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) № 16-5-3.
Функционалды міндеттері: Ғарыш саласын дамытудың басым бағыттары бойынша ғарыш қызметін дамытудың ғылыми-техникалық және технологиялық бөлігінде ұсыныстар әзірлеу; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бөлігінде экономика саласының міндеттерін шешуге және ғарыш өнімдерін қолдануын кеңейтуге және соңғы тұтынушыға қызмет үшін ғылымның, техниканың және өндірістің барлық салаларында жаңа білімді қолдану және қолдануға бағытталғанғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету (астрономия, геофизика, геодезия және картография, экология, ауыл шарушылығы, қоғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқалары); жоғарыдағы экономика саласының міндеттерін шешу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді және әзірлейді (ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, тау-кен өндірісі саласында, геодезия, маркшейдер және басқа салаларда соңғы қолданушы үшін ғарыштық техника және технологиялар, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық құралдар), ғарыштық техника мен технологиялардың әлемдік даму үрдістерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының ғарыш жобалары мен бағдарламаларының ғылыми зерттеулерін дамытудың жай-күйін талдау және болжау; ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың және салалық бюджеттік бағдарламалардың тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға қатысу; авиағарыштық техника мен технологиялар құру бойынша жобалардың техникалық спецификасын (техникалық тапсырма) әзірлеуге қатысу; ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындау бөлігіндегі Министрліктің Стратегиялық жоспарының іс-шараларын іске асыруды үйлестіру және сүйемелдеу; ғарыштық жобалар мен бағдарламаларды қабылдауға, салалық сараптамаға және сараптама нәтижелеріне, ғарыш қызметі саласындағы салааралық жұмыстарды үйлестіруге қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің, Комитеттің отырыстарына ақпараттық-талдамалық анықтамаларды, ақпараттарды, есептерді, материалдарды дайындау; ғарыш қызметі аяасында салааралық үйлестіруді, ғарыштық бағдарламалар мен жобалардағы салалық сараптамалар мен сараптамалар нәтижелеріне қатысу; Комитеттегі Ғылыми-техникалық кеңестің жұмысын қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (ғарыш техникасы және технологиялары; авиациялық техника және технологиялар; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; есептеу техникасы және бағдарламалақ қамтамасыз ету; математикалық және компьютерлік модельдеу;қолданбалы математика, геодезия және картография; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; техникалық физика; стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша); ғарыш аппараттарын өндіру); жаратылыстану ғылымдары (математика; ядролық физика); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс мекен-жайы бойынша өтеді.
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |