Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 120,86 Kb.
Дата22.02.2018
өлшемі120,86 Kb.
#10492
түріКонкурс



Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551


Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-18-45, e-mail: g.kopinova@diakom.gov.kz «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

  1. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің Мемлекеттік саясатты үйлестіру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру; Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілерге, құқықтық актілерге басқарма құзіреті шегінде мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізу; мемлекеттің ішкі саясатының негізгі мәселелері бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету; Департамент құзіретіне кіретітні сұрақтар бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру; Департаменттің жетекшілік ететін саласы бойынша жинақтау талдау баяндамаларын, жазбахат, таныстыру материалдарын әзірлеу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық-саяси мәселелері бойынша деректерін жинау және өңдеуді ұйымдастыру; қоғамдық-саяси салада нормативтік құқықтық құжаттардың, стратегиялардың, бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жасауды ұйымдастыру; қоғамдық-саяси салада нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламаларды және басқа құжаттарды іске асыруға қатысу; Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламаларды және басқа құжаттарды дайындауға қатысу; Құжаттардың, жобалардың, басшылықтың жеке тапсырмаларының уақытында орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру және үйлестіру; Департамент, Министрлік өткізетін конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа іс –шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; Қоғамдық-саяси жағдайларды талдау саласында саяси партиялармен, саясиландырылған қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, филология) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, экономика, демография) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.

2. Жастар саясаты департаментінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (2019 жылғы 29 қарашаға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде), С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына талдау мен болжауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырыстарына материалдар дайыдау, сонымен қатар, Кеңес құрамына өзгерістерді дер кезінде енгізу, кеңес шешімінің орындалуын ұйымдастыру; басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет отырыстарының және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жиналыстарының материалдарын дайындау; Басқарма құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара жұмыс жасау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _____________________
____________________________________________________________

      


__________                ____________________________________

(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 120,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау