Мемлекеттік орган



жүктеу 59,75 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі59,75 Kb.
#17318

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы


Мемлекеттік орган

ҚР Ұлттық экономика министрлігі



Қызметті алушылар

ҚР азаматтары*



Қызмет көрсету орны

www.egov.kz порталы

ХҚКО

Астана және Алматы қалаларының Тұрғын үй басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері



Қызмет көрсету құны және төлеу тәртібі

Тегін


Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күн



Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу.

Қоса берілетін құжаттардың тізімі


  1. Егер куәлік 2007 жылғы 13 тамызға дейін берілсе, некені тіркеу/бұзу туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болғаны туралы, балалардың туу туралы куәлік. 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туған балалардың куәліктері, сондай-ақ 2008 жылдан бастап некені тіркеу/бұзу туралы куәліктерді тіркеу керек емес. Мәліметтер автоматты түрде толтырылады.   

  2. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы анықтаманы (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.және/немесе соңғы 12 ай үшін стипендия төленгені туралы анықтама және/немесе жеке кәсіпкердің табыстары туралы анықтама). Әлеуметтік төлемдер, зейнетақы аударымдары және алименттер туралы мәліметтер автоматты түрде толтырылады.

  3. Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орынынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметімен берілген мәртебесін растайтын құжаттарын ұсынады.

  4. Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;

  5. Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.

  6. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын азаматтар қосымша осы тиістілікті растайтын құжатты ұсынады. Атап айтқанда:

    • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар Экологиялық апаттар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылу туралы жергілікті атқарушы органның немесе ТЖ департаментінің шешімі қосымша ұсынады;

    • азаматтар оралман мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

    • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық немесе оны жүзеге асыру, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болуын растайтын жұмыс орнынан анықтама көшірмесін қосымша ұсынады

    • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар тұрақты тұратын жерiнде 1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылған нысандар бойынша тиiстi органдар берген куәлiктер, сондай-ақ әскери комиссариаттар, әскери бөлiмдер, архив мекемелерi әскери қызметшiнiң, партизанның және өзге адамның қаза тапқандағы (хабар-ошарсыз кеткенi), қайтыс болғаны туралы берген хабарламалары, анықтамалары, немесе зейнетақы тағайындаған органдар растаған (жеңiлдiктер беру үшiн негiз болып табылады) зейнеткерлiк куәлiктерiнің  көшірмесін қосымша ұсынады.

  1. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" тарауында) сіздің кезегіңіз келгенде келіп түсетін, өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

  2. Әкімдікке көрсетілген күні шығарылған хабарламамен бару. Өтінімді бергенде көрсетілген мәліметтердің өзектілігін қосымша тексергеннен кейін сізбен үлгілік шарт жасалады.

*Қазіргі сәтте қызмет мына қалалардың тұрғындары үшін қолжетімді: Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен.

Қызметті ХҚКО-да немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінде алу

  1. Өтініш.

  2. Өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі.

  3. Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмесі.

  4. Аумақтық әділет органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы).

  5. Жергілікті атқарушы органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің жоқтығы туралы);

  6. Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (құжатты салыстыру үшін) не мекенжай анықтамасын немесе ауылдық округ әкімнің анықтамасы;

  7. Басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;

  8. Әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жататынын растайтын құжат;

  9. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы анықтама;

  10. Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орынынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер ҚР Үкіметімен берілген мәртебесін растайтын құжаттарын ұсынады;

  11. Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;

  12. Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.

Тұрғын үй алуға кезекке кім тұра алады


Мемлекеттік қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

  • тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына көрсетіледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды;

  • мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

  • жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын ҚР азаматтарына көрсетіледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама немесе есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап
жүктеу 59,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау